Ќанипа Бітібаева



бет44/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   141
адеб окыт адис техн

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Тектіғұл өлімінің негізінде қандай саяси-әлеуметтік мән жатыр? Ол өлімнің шығармадағы орны?

  2. Бақтығұлдың барымтаға аттануы, ұрлық жасауына қалай карайсың? Ақтайсың ба, қаралайсың ба?

а) Қуғыншылар ізге қалай түсті? Бақтығұл неге ұсталып қалды?
3. Жарасбай болысқа баруын құптайсың ба, жоқ па?
4. Бақтығұлдың басты-басты қателіктерін, адасуларын ата.
5. Адасуларға тек Сәлмен, Жарасбайлар ғана кінәлы ма? Өзіңе кінә қояр ма едің?
а) Жарасбай мен Сәлменге салыстырмалы мінездеме бер.
6. Жарасбайды өлтіру қылмыс па? («Иә» десең де, «жоқ» десең де, оиыңды дәлелдеуге тырыс.)
7. Билер алдындағы «Неде болса да ақпын», «Менде айып жоқ» деген ойынан бастап, Бактығұл монологін қайта оқып шық. Осы монологтің маңызы неде деп ойлайсың?
8. Сол билер алдындағы «Егер осы Қокыш сөзіндей Жарасбайдың айтқаны шын болса,...» деп басталатын Бақтығұл сөзінің мәнін түсіндір Осы абзацтың Бақтығұл бейнесін ашуда маңызы бар ма?
9. Ақылды, әрі күшті рухы бар Бақтығұл неге қол шоқпар барымташы, сорлы малайға айналады?

  1. «Қараш-Қараш оқиғасы» арқылы жазушы қандай мәселелерді көтерген? Шығарма неге «Қараш-Қараш оқиғасы» деп аталған?

  2. Автордың бас кейіпкері Бақтығұлға деген сезімі, қарым- қатынасы қалай? (Мәтіннен үзінді оқи отырып дәлелдеу.)

  3. Қазақ даласындағы партия, съезд, қақтығыс, күншілдік бақталас, ырду-дырду шығармада қалай берілген? Олардың бас кейіпкер тағдырындағы орны бар ма? Шығармадағы Бақтығұл, болыстар, жуандар бейнесі туралы сөз қозғағанда, тағы да мынадай тапсырмалар орындатуга болады:

- Бақтығұлдың монологтерін тауып оқы. Ол монологтерде Бақтығүл бейнесін, іс-әрекетін, жан дүниесі, психологиясын көрсетудегі рөлін ашуға тырыс.
- Шығармада осы монологтерге неге кеп орын берілген? Жазушының осы көркемдік тәсілінің маңызын қалай түсіндірер едің?
Сабаққа Бақтығұл бейнесін ашатын, онын адасып-адасып келіп, кек алуын, сол жолдағы азапты да аянышты тағдырын тұжырымды түрде көрсететін көрнекілік - сызба пайдалануға болады.
Үлгі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет