Ќанипа Бітібаева



бет52/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   141
адеб окыт адис техн

Мақсат: Әсірелеу (гипербола), көтере мадақтау туралы түсінік беру.

  1. Жолбарыс пен Толағай арасындағы айқастан бейнелі сөздер, айшықты сөз тіркестерін таптыру, олардың Толағай бейнесін жасаудағы рөлін анықтату.

  1. Ертегідегі ойды көркемдеп беретін басқа да сөз тіркестерін тауып, олардың маңызымен атқарып тұрған орнына түсінік беру. Мысалы, «Түн қап-қара шашын жайды», т.б.

Сондай-ақ әдеби ертегі мен халық ауыз әдебиетіндегі ертегілерді салыстыру жұмыстары да нәтижелі болмақ.

  1. «Керқұла атты Кендебай», «Қырык өтірік» ертегілерін еске түсіріңдер. «Толағай» ертегісінен айырмашылығын сараптаңдар (мысалы, басталуы, аяқталуы, қиял-ғажайып
    оқиғалары).

  1. Толағай мен Тазшаны, Кендебайды салыстыру.



Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Қайсылары шындыққа жақын бейнелер?

  2. Қайсысы туған елін сүйетін, халқы үшін опат болуға даяр патриот ұлдар?

  3. Үшеуінің ортақ қасиеттері туралы айт.

Ертегілерді оқытудағы ең басты мақсаттың бірі - балалардың өзін қанаттандырып, қиял әлеміне, арман биігіне жетелеп, жақсылыққа, ізгілікке сендіріп, батырлыққа, ерлікке елтіп, халық туындыларына деген қызығушылығын арттыру болып табылады.
Қай ертегіні оқытса да, мұғалім өзінің осы ең басты мақсатын бір сәт те есінен шығармауы керек.


ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ, ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ ЖАНРДЫ ОҚЫТУ
Публицистикалық шығармалар оқу бағдарламасында аз берілген. Әрине, әр ақын-жазушыны оқытқанда, мұғалім өз қалауы бойынша олардың осы жаңрдағы еңбектерін оқуға ұсына алады. Мысалы, Ы.Алтынсариннің оқу-білім жайындағы мақалаларын, С.Торайғыровтың «Қазақ кітаптары жайында» атты мақаласын, М.Дулатовтың мақалаларын, эпистолярлық жанрдың бір түрі - естелік-мақалаларды, хаттарды ұсынуға болады. Ғылыми мақалалардан Ш.Уәлиханов еңбектері бағдарламада көрсетілген. Ал әдеби-сын мақалаларды, әсіресе, М.Әуезовті (оның Абайтану ғылымының негізін салушы екенін) Абай шығармаларын оқытқанда, қосымша материал ретінде ұсынып, оқытуға болады. Сабақтың ғылымилығын арттыруда, білімді тереңдетіп беруде, әсіресе, сын-зерттеу еңбектерінің орны ерекше. Хаттардың да маңызы зор. Хаттар, естеліктер тарихтан сыр шертеді, оқырман қауымға беймәлім мәселелерге назар аудартады, суреткердің жеке өмірлері, қоғамдық іс-әрекеттері, көркем туындыларын қалай жазғаны, оған не итермелегені, т.б. туралы маңызды мағлұматтар береді. Мысалы, Алтынсариннің орыс зиялыларына жазған хаттарынан оның білім беру, ағарту саласындағы ауыр өмірін, сол жолдағы кедергілер, қуаныш-ренішін; Шоқанның орыс достарына жазған хаттарынан оның дала тағыларымен күресі, патшалық самодержавие шенеуніктерінен көрген әділетсіздігі, тіпті қала берсе,демократтық, ағартушылық, гуманистік бетбейнесі туралы біле түсеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет