Ќанипа Бітібаева



бет46/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   141
адеб окыт адис техн

Е с к е р т у: Барлық жауап шығармалардан нақты мысалдар ала отырып, берілуі керек.
Ғылыми еңбектер, сыншы, әдебиетшілер пікірлеріне иек арту, сол арқылы тақырыптың ғылыми жағына назар аударып, білімді тереңдете беру де жоғары сыныптарда әңгіме жанрын өтудің бір маңызды жағы. Салыстыру, өз беттерімен қорытынды жасау, пікір айтыстыра білуде де мұндай жұмыстардың маңызы зор. Мысалы, осы сабақта ғылыми еңбектер, әдеби пікірлерді ұсына отырып, реферат, пікір жаздыруға болады.
Тақырыптар:
1. «Имандылық адамгершілік проблемасы - М.Әуезовтің
алғашқы әңгімелерінде».
2. Алғашқы әңгімелеріндегі жазушы шеберлігі, әңгімелердің тарихи негізі.
Енді оқушыларға берілген тапсырмалар үлгісімен таныстырайық (сабаққа алдын ала берілетін тапсырмалар).
1-нұсқа:
1. «Қорғансыздың күні» әңгімесі бойынша тұжырымды, қысқа ғана аннотация, талдау жазу. Сол бойынша әңгіме оқиғасының ең өзекті, түйінді мәселелерінен хабарлама
жасауға дайындалу. Келесі беттегі үлгіні басшылыққа алу.
Е с к е р т у: Тапсырма осы мазмұнда орындалады. Берілген бағандарды оқушылардын өзі толтырады.
2. Әңгіме бойынша өз пікірлері мен ойларын жинақтап келу (ауызша).
а) Әңгімеде боранның суреттелуі. Оның әңгіме идеясын ашуда маңызы бар ма?
Портреттеуге назар аудар. Оның маңызы, яғни кейіпкерлер іс-әрекетін, жан дүниесін ашудағы маңызы.
б) Жазушы әңгіме кейіпкерлерінің тағдырын дұрыс шешкен бе? Ол шешімге өзің қосыласың ба?
2-нұсқа:

Әңгіменің құрылысы, негізгі оқиғасы

Кейіпкерлер тағдыры

Жазушының көркемдік әдісі мен тәсілі

1. Жолаушылар. Боран

Ақан мен Қалтай қонатын жер іздейді

Баяндау, суреттеу, портреттеу

2. Жолаушылар кәріптер үйінде

13 жасар Ғазиза, оның соқыр анасы, кәрі әжесі. Сорлы көріп қорғансыздар

Портреттеу, баяндау

Кәрі кемпірдің мұңын шағуы

Жалғыз ұлы өлген. Туыстардан қайыр жоқ. Келіні су қараңғы, немересі жас. Жетім, жесір, корған-сыз күйін айтып, жы-лайды

Әңгімелеу, лирикалық шегініс

Шөп қорадағы хайуандық

Қорғансыз Ғазизаның аянышты халі

Баяндау, сипаттау

Азаптан құтылу. Бораннын ашылуы

Арының тапталуы. Ғазизаның өлімі

Суреттеу, баяндау


1. «Оқыған азамат» әңгімесіне аннотация-талдау жасау
(1-нұсқа үлгісімен).


2. Мына сұрақтар айналасында пікірлерін жинақтап келу.
а) Әңгіме неге «Оқыған азамат» деп аталған? Әңгімедегі жазушының мақсаты мен мұратын қалай түсінесің?
ә) Осы әңгімедегі қорғансыздар кімдер? Олардың тағдырын көрсетудегі авторлық шешімге қалай қарайсың?
Жеке-даралап тапсырмалар беруге болады.
1. «Қорғансыздың күні» әңгімесі бойынша портреттеу, пейзаж және суреттеулерді үлестірме қағазға жазып келу.

  1. «Оқыған азамат» әңгімесіндегі пейзаж, портреттеу және мақал-мәтелдерді үлестірме қағазға жазып келу.

  1. М.Әуезовтің «Бала Мұхтар» кітапшасы бойынша «Қорғансыздың күні», «Көксерек» әңгімелерінің жазылу тарихы туралы деректер жинау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет