Сұрақтар мен тапсырмалар:
Балалар, қай мысалда диалог көп пайдаланылған?
Диалогтің атқарып тұрған маңызы туралы не айтар едің?
- Екі мысалдың соңындағы авторлық қорытындыға назар аударындар. Қай мысалда автордың өз пікірі айқын берілген? Қайсысында ол оқырман назарына сілтенген?
Осы екі мысалдағы өзіңе ұнағандар кімдер? Ойыңды мәтіннен үзінді ала отырып, дәлелде. Олардың жақсы қасиеттерін салыстыр.
Өзіңе ұнағандар туралы да пікір айт. Ұнамсыз қсиеттерін салыстыр.
Е с к е р т у. Әрине, мұндай жұмыстарда мұғалім балаларды жетелеп, пікірлесуге, әңгімелесуге ынталандырып отыруы кажет.
Бағдарламада берілген мысалдарды оқып болған соң, қорытынды сабақ өтудің тиімділігі зор. Қорытынды сабақты композициялық сабақ түрінде де, немесе «Мысал кейіпкерлері бізде қонақта» тақырыбында кездесу сабағы түрінде де өткізуге болады. Сабақ-композицияда оқушылар күшімен инсценировкалар көрсетіп, өздері оқыған мысалдарды көріністер арқылы еске түсіріп, қайталау жұмыстары жүрсе, кездесу сабағында есек, бұлбұл, арыстан, түлкімен, т.б. (кейіпкерлер рөлінде балалар болады, әрине), яғни мысалдардың бас кейіпкерлерімен кездесу өтеді. Оларға оқырмандар (сынып оқушылары) сұрақ қояды, жауапты олар мысалдан алып, жатқа айтулары керек.
Мысалы, «Шегіртке мен құмырсқа» ертегісі бойынша мынадай сұрақ қоюға болады.
Шегіртке: «Қарағым, жылыт, тамақ бер, Жаз шыққанша асыра!
- Құмырсқа не деуші еді?
Құмырсқа: Мұның, жаным, сөз емес, Жаз өтерін білмеп пе ең?..
Осындай сабаққа биология, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдерін шақыруға болады. Себебі, биология мұғалімі мысалда кездесетін жануарлар, жәндіктер туралы қысқаша хабарлама жасаса, ал орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қай елдің ертегісінде болмасын «қасқыр», «арыс-тан» - әділетсіздіктің, «қара күштің»; түлкі - қулық, зұлымдықтың; қоян - қорқақтықтың иесі болып суреттелінетінін әңгімелейді. Мысал жанрын оқытудың тиімді жолдарын іздену де әр мұғалімнің білімі, шеберлігіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |