1-көрнекілік. Өлеңнің сюжеті, композициясы «Нені білу керек?»
I б ө л і м
Шыңғыс ұрпағының бетіне басылған таңба – Отырарды алты ай бойы ала алмауы. Оның себебі - «рухы - өр, тәні бекем, қайсар халыққа» тап болуларында екені.
Шғатайдың халық ерлігін мойындауы.
Қайсар халықты «осал жерін» іздеп, айла, қулықпен алу туралы Шыңғыстың ұлы Шағатайға ақыл айтуы.
П б ө л і м
Отырардың алты күнде қирауы. Жаудың ойраны.
а) Шыңғыс - Қайыр - сатқын.
- Шыңғыс алдындағы бетпе-бет кездесу. Тұтқындағы екі адам:
«Жүрек шамы ізгіліксіз жанбайтын» Қайыр хан. Ақынның оны аспандата жырлауы.
«Қара түнде қаққан кара қанатын» Қарашоқы -сатқын. Ақынның оған деген жиреніші.
Шыңғыстың Қарашоқыға: «Сенен асқан бар ма бірақ тірі өлік!» деп, сатқынға лағынет айтуы.
Шыңғыстың жаудың екі адамға да әділ баға бере білуі.Сатқынға сенген Қайырдың кінәсын ашық айтуы.
ә) Қария мен Шыңғыс.
- Сатқынның әкесі - «нар текті», «адал», елге қадірменді қарт Шыңғыс пен Қайырдың алдында. Оның: «Өлтіруге міндеттісің мені де», - деп, өзіне үкім жасауы.
б) Қайыр мен қария.
Қайырдың өкініші «әттең, ақыл қалмады-ау» деген ұлы арманы.
Қарияның ақылды шешімі. Отырардан тұяқ қалсын деп, бір баланы құтқаруы.
III бөлім
Поэтикалық талдау (проблематикасы, эстетикалық мәні).
- Өлеңнің негізгі стилі - тілдесу (диалог) екендігі:
а) Шыңғыс пен Шағатай;
ә) Шыңғыс пен Қайыр;
б) Шыңғыс пен сатқын;
в) Шыңғыс пен Қария;
г) Қайыр мен Қария.
Өлеңнің стильдік ерекшеліктерінде:
Сұрақ-жауаптың лепті, көтеріңкі, шалқи айтылған тұстары (Шыңғыс, Қайыр, Қария монологтері).
Өлеңдерде ақыл-нақыл болатын, тағылымы күшті афоризм сөздердің мол келуі. Мысалы: «Жүрек шамы ізгіліксіз жанбайтын», «Қанаттыны талаптыға жалғайтын», «Қара түнде қаққан қара қанатын», «Құм мәңгілік бүркей
алмас асылды».
- Бейнелегіш сөздер, айшықты сөздер байлығы. Мысалы:
«Ойы - дауыл»,
Сезімі - аспан,
Рухы - өр,
Тәні - бекем», т.с.с.
Өлеңдегі көтеріңкі көңіл күй, өршілдік, биік арман,
Отанға, халыққа, туған жерге деген ыстық сезім, отансүйгіштік.
Соғысқа, зұлымдыққа, сатқындыққа деген жиреніш.
Даналық, ұлылық, ізгілікке үндеу.
- Өлең құрылысы, ұйқасы, шумақ ерекшелігі (көп өлеңдердегідей әр шумақтың 4 жолдан тұрмауы, т.б.)-
Өлеңді 2 кезеңге бөліп талдау керек. Бірінші кезең -мазмұнын меңгерту айналасындағы сюжеттік-композициялық талдау;
Екінші кезең - өлең негізіндегі ойлар, көтерген проблематикасы, ақьн стилі, өлеңнің көркем тілі, бейнелегіш сөздері айналасындағы әдеби-поэтикалық талдау.
Өлеңнің мазмұнын меңгертуді мынадай әдіс-тәсілдермен жүргізу керек:
Алдын ала үйден оқып келу. Ол үшін «Нені міндетті түрде білу керек?» деген үлестірме-нұсқау ұсынылады (кестенің мазмұын үлестірме тапсырмаға жазып беру
керек).
Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
Мүмкіндігіне қарай инсценировка көрсету, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу (үйірме мүшелері, жоғары сынып оқушыларының көмегін пайдалану).
Рөлге бөліп оқытқызу (сынып оқушылары).
Негізгі мәселелерге нақты сұрақтар қойып, жауабын өлеңнен тапқызып отыру.
Өлең мазмұнын, оның тарихи негізін, Отырардың гүлденген кезі, өнері, мәдениеті туралы әдебиет, тарих, бейнелеу өнері мұғалімдерінің әңгіме-түсінігі.
Қосымша материалдар пайдалану. Отырар туралы (тарих пәнінің мұғалімі), Отырар мәдениеті, Отырар сәулет өнері туралы (бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі), М.Шаханов
туралы (әдебиетпәнінің мұғалімі).
Әдеби талдау:
Өлең авторы М.Шахановтың шығармашылық тұлғасы жайыңда қысқаша тоқталу. Ақынның өршіл талант иесі екендігі, өлеңдерінің көбі гуманизм, биік мұрат, биік
мақсатты үндейтіндігі жайында айта отырып, оның Отан сүйгіштік іс-әрекеттерін де оқушыларға үлгі ету ләзім. Ол үшін ақын туралы бағалар, пікірлерді оқып берудің маңызы
зор.
Проблемалық сипаттағы сұрақтар бере отырып, әңгімелесу, пікірлесуге жұмылдыру.
Мынадай сұрақ-тапсырмалар беруге болады:
Шыңғыс ханның Шағатайды кінәлауы, оған берген ақылы арқылы Шыңғысқа мінездеме бер.
Шыңғыстың бейнесін, әсіресе, қандай окиғалар ашады деп ойлайсың?
3. Шыңғыстың қандай іс-әрекетін құптауға болады?
4. «Жанын, рухын сарбаздары жеңе алмаған» Қайыр ханның ерлігіне бас иген Шыңғыс оны неге өлімге қияды?
Өзіне көмектескен сатқынды ше? Ол әділ үкім бе?
Шыңғыстың халық ерлігін бағалай білуіне қалай қарайсың?
Сатқынды Қайыр хан неге өлтірді? Оның әкесін шақыртудың мәні неде?
Қайыр ханның бейнесін ашатын қандай сөздер, кандай істер деп ойлайсың?
9. Қандай істеріне сүйсінесің?
Өлім аузында тұрып, халкын, болашағын ойлаған батыр, ханға каңдай мінездеме беруге болады?
Осы өлең арқылы ақын не айткысы келген? Өлеңді «Өрлік пен ерлік жыры» деп атауға бола ма?
Өлең тарихи шындыққа жақын ба? Тарих пәнінен алған білімдеріңмен салыстыр.
Өлең идеясын ашып тұрған, әсіресе, қандай оқиға, өлеңнің қандай жолдары деп ойлайсың?
Өлең неге «Отырар дастаны» деп аталған? Ол арқылы өткен тарихымыз туралы айтуға талаптан.
Әдеби талдауды практикалық жұмыс арқылы да жалғастыруға болады. (Мұндай жұмыс, әсіресе, әдебиетті тереңдетіп оқытатын сыныптарға өте пайдалы.)
1. Өлеңнен халық, халық ерлігі туралы сөздерді тауып,
өлеңдегі бас кейіпкер кім екенін сарала? (Шыңғыс, Шағатай сөздерін де алуға болады.)
2. Шыңғыс зұлымдылығын ашатын сөздерді теріп алып, ол сөздердің мәніне, яғни оның бейнесін ашудағы рөліне, маңызына назар аудар.
3. Қайырды бағалайтын, сатқынды кінәлайтын сөздерге де назар аудар. Осыған орай, Шыңғыс туралы кандай пікір айтар едің?
4. Монологтерді тап. Олардың кейіпкер бейнесін ашудағы орнын сарала. (Мысалы, Қайыр, Шыңғыс, Қария монологтері.)
5. Қайыр бейнесін ашатын сөздерді тап, олардың маңызы мен орнына тоқтал.
Қайырдың арманын баяндайтын жолдарды оқы. Ол арманның негізгі мәнін калай айтып берер едің? '
Осы өлеңдегі өзіңе ұнаған сөздерді белгілеп, ұнау себебін түсіндір.
Түсінбеген сөздерді де белгілеп, ұстазыңнан сұрап, біліп ал.
Достарыңызбен бөлісу: |