Ќанипа Бітібаева


Ы.Алтынсарин: Үсенге мінездеме (ауызша)



бет98/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   141
адеб окыт адис техн

Ы.Алтынсарин: Үсенге мінездеме (ауызша)

1. Кіріспе сөзі



Ыбырай атамыздың «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде екі баланың басынан өткендері айтылған. Олар - Асан мен Үсен



2. Негізгі ой мен кіріспе арасындағы байланыс



Асан - бай баласы, Үсен - жарлы баласы. Ел көшіп кеткенде, Асан не істерін білмей, жылай бастайды. Ал Үсен жыламай, дереу іс-әрекетке көшеді.



3. Негізгі ойды баяндау



Еңбекке үйренген кедей баласы Үсен өте тапкыр болып суреттеледі. Ол малдың ізі, тезегі арқылы көш қайда кетті, соны табады. Жұрттан ине, пышақ, қыл тауып алады. Қарны ашқан Асанды тамақтандырады. Ептілігі сондай - үйрек ұстайды, балық аулайды, от жаға біледі

4. Негізгі ойдың шарықтау шегі



Көшті таба алмай, дағдарған кезде молаға тап болады. Әкесінің айтқандары есіне түседі, мола бар жерде су болатынын, ал сулы жерде ел қонатынын аңғарады. Үсеннің ақылдылығымен, еңбекқорлығымен олар жұртты табады

  1. Ойды анықтау

  2. Қорытынды




Егер Үсен болмаса, Асан далада қалар еді. Әңгімеде Үсен байсалды, ақылды, әрі өте епті, сонсоң еңбекке үйір, оған үйренген, тапқыр болып бейнеленеді. Оның бұлай болуы жасынан еңбек етіп үйренуі. Үсен бәрімізге үлгі. Ол маған өте ұнады.

Сондай-ақ мұғалімдер осы әңгіменін мазмұнын жүйелі баяндау үшін, оқушы жауабына мынадай нұсқау-көмек береді:
- Ең алдымен Асан кім, Үсен кім, кімнің балалары? Соны айт (кедей баласы деген сөздің орнына әңгімедегідей жарлы
баласы деген сөзді қолдан).
- Жұртта қалу себебін мазмұнда, екеуінің диалогін мәтінге жуық айтып бер.

  • Үсен көшкен жұрттан керек деп, қандай заттар алушы еді? Соны баянда.

  • Көштің ізін қалай табушы еді? Осы жердегі Асан мен Үсеннің іс-әрекетін, диалогтерін еске түсір. Үсен қарны ашқан Асанды қалай тамақтандырады?

а)Үйректі ұстауын еске түсір.
ә) Үсеннің тапқырлығын, ептілігін айтып бер.
б) Отты қалай жаққанын, алабұғаны ұстау тәсілін ұмытпа.

  • Үсен молаға тап болғанда, есіне кімнің сөзі, не арқылы түсуші еді?

  • Әкесінің сөзін мәтінге жуық айтып бер.

  • Үсендердің қырға шыққан кездегі ауыл сипатын, ауыл көрінісін әңгімеде суреттегендей айтып беруге тырыс. «Жібектей жапырылған көкорай шалғын» деген сияқты әдемі сөздерді пайдалан.

  • Елді тауып, қуанышкқ кенелулерін баянда.

Әине, бұ көмек-нұсқау балаларды дағдыландыру, үйрету кездерінде, сондай-ақ күрделі тақырыптарда беріледі. Әсіресе бұл көмектің білімі «орташадан нашарларға» тиімділігі, маңызы ерекше. Үнемі осындай нұсқау беріп отыру балалардың өзіндік ойлауын, ынтасын, белсенділігін тежейді, тіпті еркін сөйлеуіне де, ойын еркін жеткізуіне де нүқсан келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет