Ќанипа Бітібаева



бет100/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   141
адеб окыт адис техн

Бақтығұлдың тағдыры
(М.Әуезов. «Қараш-Қараш оқиғасы». 8-сынып)

  1. Кек жолында Сәлменнің жылқысын ұрлауы, сәтсіздік.

  2. Қорған, пана іздеу жолында Жарасбаймен достығы,сенім.

  3. Адасу. Арам іске қол былғау.

  4. Сатқындық, опасыздық.

5. Дерттен, ызадан арылу. Жарасбайдың жазасы.
Сюжеттік жоспар (жай, қарапайым түрі);

  1. Тектіғүлдың Сәлмен текпісінен қаза болуы.

  2. Бақтығұлдың өш алуға кірісуі, ұрлық.

  3. Соққыға жығылуы. Ашыну.

  4. Арқар аулауы, оны Жарасбайға сыйға тартуы.

  5. Ұзаққа созылған іліктестік, достықтың басталуы.

  6. Жарасбайдың адал Бақтығұлды арамдыққа пайдалануы.

  7. Билердің әділетсіз шешімі.

  8. Қашып шығуы.

  9. Өш алу.

Жоспар жасауға дагдыландыру, әсіресе, 5-7-сыныптарда күрделі де маңызды мәселе. Оған үйретудің тиімді деген әдіс-тәсілдерінен мұғалім де үзбей үйренуі керек. Көркем мәтінді оқу, мазмұнын меңгерту кезінде мұғалім ең басты мәселелерді бөліп алып, оқушы назарын үнемі соған аудартып отыру керек. Оған қысқа, тұжырымды тақырып қойып, тақтаға, не дәптерлеріне қолма-қол жаздырып отырады.

  1. Негізгі, маңызды мәселелер баяндалатын абзацтарға көңіл бөліп, оған ат қойғызады.

  1. Эпизодтарға бөлгізеді. Композициялық құрылысын анықтатады (байланыс, шарықтау шегі деген сияқты).

  1. Оқиғаларды рет-ретімен жүйелеп, сол бойынша сұрақтар қойып, мазмұндатады.

4. Шығарманы оку, талдау алдында оның ең негізгі түйінді дәні жазылған («Нені білу керек?» деген атпен жазуға болады) көмекші-нұсқауды кесте-плакатқа іліп қою тиімді. Себебі, жоспар жасауда оқушы оны басшылыққа алады.
Үлгі:
М.Әуезов. «Қараш-Қараш оқиғасы»
Нені міндетті түрде білу керек:

  1. Тектіғұлдын Сәлмен байдың текпісінде ауруға шалдығып, қаза болуы, арманда кетуі.

  2. Бақтығұлдың інісі үшін кек алуға аттануы. Көк биені ұстауы, жасырып, сойып алуы.

  3. Қуғыншыларға ұсталып қалуы, оның себептері.

  4. Қорған, пана іздеп, Жарасбайға баруы.

  1. Жарасбайға сенуі. Адал, басыбайлы малайына айналуы, қылмысқа баруы.

  2. Жарасбайдың Бақтығұлды ел жақсыларына ұстап беруі. Үкім.

  3. Қашып шығып, аңдып жүріп, Жарасбайды атып өлтіруі.

Жоспар жасатқанда, бұл нұскау оқушыға үлкен көмек болады. Әсіресе, 5-сыныпта мұғалім жоспарды көрнекі етіп жазып әкеліп, оны үлгі ретінде окушылардың пайдалануына ұсынады. Бұл тәсіл де өте тиімді болмак.
Дәйексөз жоспар жасату шығармашылық жұмыстың бір саласы. Жоспардың бұл түрі, әсіресе, оқушының көркем тілін дамытуға, мәтінмен жұмыс істей білуге баулиды.
Бейнелік жоспардың маңызы да ерекше, себебі, оқушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, сипатын, мінезін ашатын сөздерді, әшекейлі сөз тіркестерін, бейнелі сөздерді іздейді, оларды жоспарына пайдаланады.
Мысалы, 9-сыныптағы «Біржан-Сара айтысы» бойынша Сараға бейнелік жоспар сөздерді дәйексөз етіп алып, тиімді пайдалануға болады.

  • «Жалынмын жанып тұрған нөсерге өшпес...»

  • «Болатпын екі жүзді алмас кеспес...»

  • «Еркек жоқ өз басыма теңгерілген»

  • «Сайраған жаман Найман бұлбұлымын»

  • «Қамысты терең көлдің сұқсырымын»

  • «Мойыным сұңғағындай жүзген қудың»

Жоспар тезис жасауды 8-сыныптан бастаған жөн. Ол ауызша да, жазбаша да тіл дамытуда өте тиімді болады. Шығарманың негізгі түйініне тұжырымды түрде жоспар жасап, оньщ әр мәселесі бойынша не айту керек, - соны белгілейді. Айтуда да, жазуда да ол жинақылыққа, ойды жүйелі баяндауға дағдыландырады.
9-11-сыныптарда конспект тезистер ғылыми материалдарға, қосымша материалдарға жасалады. Конспектіге қандай талап койылады, бұл жөнінде мынадай көмек-нұсқау беріледі:

  1. Мақаланы оқып шық. Ең негізгі деген мәселелерді белгілеп ал.

  2. Сол бойынша тезис жаса. Әр абзацтағы ойға үңіл.

  3. Конспекті тұжырымды болсын, ең негізгі дегендеріңді ғана жаз. Конспекті тілі мақала тіліне жақын болсын.

  4. Сөйлемдердің шұбалаңкылығынан сақтан.

  5. Ой жүйесін сақтап конспектіле.

6. Ұтымды деген мәселелерден дәйектемелер алып пайдалан.
Оқушыларға бұл жүмыс түрін үйреткенде, мұғалім ең алдымен жеңіл, шағын материалдардан бастайды. Бірте-бірте көлемді мақалалармен, ғылыми еңбектермен жұмыс істеуге де дағдыландыру керек. Шығармашылық іздендіру бағытындағы тапсырмалар жүйесі аркылы тіл дамыту жұмыстарын былай топтауға болады:
а) Суретті үлестірме-тапсырмалар, иллюстрациялар, мүсіндеу өнері, сәулет өнерінің туындылары арқылы суреттемелер, бейнелемелер, сипаттамалар жаздыру (Әрине,
көркем туындыға байланысты, соны бейнелейтіндеріне.)
ә) Музыкалық шығармалар бойынша шығарма-толғаулар жаздыру. Мысалы, «Күй», «Күйші» поэмаларындағы жырланатын күйлерді тыңдата отырып, оның сезім күйлеріне әсерін ақынның сөзбен жеткізе білуі. Сондай-ақ Қ.Аманжоловтың «Туған жер», т.б. әні бар шығармалар негізінде де жазғызуға болады.
б) Ақын, жазушы атынан хат жазу, оларға сөзбен ескерткіштер кою (жазу).
в) Табиғатқа, мұражайға, тарихи орындарға серуендеу арқылы да жазба жұмыстарын орындату.
г) Ақын-жазушылар туралы естелік, баға, пікір, арнау өлеңдері негізінде сыр-толғау, жыр-толғау, ой-толғау
жазғызу.
Төменде осы жұмыстардан қысқаша үлгі берейік. М.Әуезов туралы бірінші сабақты «Ұлан даланың ұлы жазушысы» эпиграфымен өтіп, шығармашылық бағытта, әсіресе, көркем де сұлу тілін дамыту мақсатында мынадай тапсырмалар беруге болады:
Бірінші топқа.
М.Әуезов туралы естеліктерді, мақалаларды оқып, сол бойынша «Даңкы өлмес, даусы сөнбес бұлбұлым» атты сыр толғауға дайындалу. Пайдалануға ұсынылған материалдар: Н.Тихонов. «Дара дарын» (мақала); Камиль Яшен. «Таудай тұлға» (мақала); Олесь Гончар. «Ортақ мақтаныш» (мақала); Ш.Айтматов. «Ұстаз туралы сөз» (мақала); Ә.НҰршайықов «Іні болса да, аға еді»; Ә.Марғұлан. «Жадымда қалған жақсы күндер».
Екінші топқа.
М.Әуезов туралы пікірлер мен ойларды жинақтап, үлестірме қағазға көрнекі етіп жазып келу. Сол бойынша «Арыстан келбетті Мұхтарды сүйемін» атты ой толғауға дайындалу. Пайдалануға ұсынылған материалдар: К.Федин, Л.Соболев, Н.Погодин, В.Иванов, Қ.Сәтбаев, А.Корнейчук, И.Сельвинский, И.Андронников, Б.Кербабаев, Г.Мүсірепов, Н.Тихонов, А.Фадеев, М.Ибрагимов, Б.Момышұлы, Ә.Марғұлан, Қ.Бекхожин, Ш.Айтматов, М.Тұрсынзаде пікірлері; шетел әдебиеті бойынша Мадип Бержер, «Юманите» газеті, А.Курелла, Андре Стиль, А.Арагсн, «Зонтаг» газеті, Жан Спангаро пікірлері.
Үшінші топқа.
М.О.Әуезов туралы өздеріне ұнаған өлең-жырларды жаттап келу, мәнерлеп оқу, сол бойынша «Абайымыз екеу болса, бірі еді» атты жыр толғауға дайындалу. Пайдалануға ұсынылған материалдар: Расул Гамзатов. «Мұхтар аға», С.Мәуленов. «Мұхтар асуы», Д.Әбілов. «Мақтанышымыз еді ғой бәріміздің», Т.Жароков. «Зерен де ерен», Б.Адамбаев. «Ұйықтап кетті ұстазым», Н.Ахметбеков. «Біздің Мұқаң».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет