Ќанипа Бітібаева


АУЫЗША СУРЕТТЕМЕЛЕР, БЕЙНЕЛЕМЕЛЕР



бет11/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   141
адеб окыт адис техн

АУЫЗША СУРЕТТЕМЕЛЕР, БЕЙНЕЛЕМЕЛЕР, КЕСКІНДЕМЕЛЕР ЖАСАТУ
Бұл жұмыс - оқушыларды әдеби талдау жасауға жетектейтін, әрі шығармашылық қабілеттерін ұштайтын тәсілдердің ең күрделі, әрі маңызды түрі. Ауызша суреттеу үшін, кез келген көрініс, не бейнелерді ала салуға болмайды. Көркем туынды негізіндегі идеяны немесе кейіпкер бейнесін ашатын жерлерді таңдап алып, суреткер стилін, бай поэтикалық тілін талдау мақсаттарында осындай шығармашылық жұмыстар жүргізуге болады. Бұл тәсіл төменгі және жоғары сыныптарда да пайдаланылады. Оқушыларға тапсырма бермес бұрын, мұғалім өзі ондай жұмыстарды орындап, көмек-бағдар беруі керек. Мысалы, «Абай жолы» эпопеясының «Абай аға» бөлімі бойынша «Жастар Еңлік - Кебек қабірі басында» деген тақырыпқа мынандай ауызша сурет «салғызуға» болады. (Яғни ауызша иллюстрациялар.)

  1. Жастар Еңлік - Кебек қабірінің басында. Орталарында Абай сыр шертіп тұр. Дәрменнің қабағы қатулы, ескіліктің қатал салтына лағынет айтып тұрғандай...

  2. Киіз үй. Ортада аласа дөңгелек үстел. Үстінде Чернышевский, Герценнің кітаптары. Әбіш пен Абай әңгіме үстінде. Абайдың қолында кітап.

  3. Дәрмен «Еңлік - Кебек» поэмасын оқуда. Жастар және Абай ұйып тыңдауда. Шұбар ашулы, жүзін теріс каратып алған.

  4. Абай қабірі. Дәрмен шығып келе жатқан күнге қол созып тұр. Қабір үсті кызыл шапаққа бөленген.

Ауызша кескіндеме (портрет) немесе мүсіндеме (скульптура) жасату арқылы да оқушылардың көркем образды қалай қабылдағанын, әрі оны қаншалықты түсіне білгенін байқауға болады. Мұндай жұмыстардың барлығы оқушылардың тек сол көркем туындыға талдау жасай білуі үшін ғана емес, ең алдымен, көркем қиялы, қабілетін дамыту үшін де, көркем туындыны (өнердің басқа салалары сияқты) өнер деп қабылдауы үшін де керек. Ауызша портрет (кескіндеме) жасатумен катар, мүсіндеме жасау да (ескерткіш орнату) тәжірибеге молынан енген. Төменде бір мысал келтірейік:
Оқушы Д-ның жұмысы:
«Мен данышпан М.Әуезовке, Вучетич сияқты мүсінші болсам, мынадай ескерткіш қояр едім. Ескерткішті Мұхтар дүниеге келген Шыңғыс тауының басына орнатар едім. Тас басында биік те алып шынар есіп тұр. Оған сүйеніп, ақ желең Мұхтар тұр. Бұйра шашы желмен толқыған, ашық та ақылға толы маңдайы жарқырап, одан нұр тарағандай. Ойлы да отты жанары күнмен шағылысып, ұшқын шашып тұрғандай, ол алысқа, болашаққа қадалған. Халық арасында мәңгі өмір сүріп келе жатқан өзін көріп тұрғандай. Жазушының аппақ мүсінін тізеге дейін жұпар иісті гүлдер қоршап алған, жазушы гүл арасынан шығып келе жатқандай. Сол қолы жүрек тұсында, халқын, елін, Отанын сүйген жүрегін күзетіп тұрғандай. Оң қолында қаламы, кітабы. Сол калпымен: «Мен өлгем жоқ, әлі каламым қолымда, айтарым да жазарым да көп, бірақ асыл мұрамды сендер оқып жатқанда, мен де еліммен, Отаныммен, ұрпағыммен мәңгі біргемін» дегендей...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет