Ќанипа Бітібаева



бет13/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   141
адеб окыт адис техн

көрініс. Тағы да Шыңғыс хан сарайы. Оны қорша-
ғандар, Шағатайлар жүзінде қуаныш, асқақтай қарайды.


33


Шыңғыс алдында қанға боялып, азапталған Отырар ханы, халық батыры - Қайыр хан. Денесі жеңілсе де, рухы жеңілмеген. Еңсесін түсірмей, тік тұр. Шыңғысқа оқты көзімен тура қарайды. Оның жанында бүк түсіп, Қарашоқы отыр. Жүзін көтере алмайды.
Шыңғыс:
- Иә, Қайыр хан, - деді сосын жай ғана -
Рух елдің өзегі ғой қайда да,
Ең әрісі
Жеңілістің өзін де
Шешкің келіп тұр өзіңнің пайдаңа.
Жігіттерім рухыңа қармақты
Салмақ болып, тәніңді әбден қорлапты.
Қорлапты әбден
Құлағыңды құнтитып,
Мұрныңды да кесіп апты шұнтитып,
Батырлықтан бағың бірақ жанған, ә.
Маған қарап күліп тұрсың сонда да.
Олар сенің жеңгенімен тәніңді,
Амал нешік,
Жеңе алмапты жаныңды.
Мысқыл күлкің салды маған қаншама ой!
Шіркін, сендей бес қолбасшым болса ғой,
Қалың қолым ұқсап дүлей тасқынға,
Бөлеп дарқан күйге мені,
Бүкіл әлем билер еді
Аяғымның астында!
Ха-ха-ха! Ал мына бір сатқынды
Құдай саған қайдан ғана тап кылды?
Ха-ха-ха-ха-ха!
Қайғылы әрі күлкілі,
Қайран аңқау, дара тұлға,
Аңғармапсың қанатыңа жасырынған түлкіні.
Өрлігіңе осы болсын сыйлығым,
Саған қидым бұл сатқынның билігін.
Қарашоқы:
- Ұлы ханым, Әділдік пе, мұныңыз?
Өле-өлгенше
боп өтейін құлыңыз.
Отырарды
Мен қол ұшын бермесем,
Оңай жаулап алар ма еді ұлыңыз?


Ш ы ң ғ ы с:
- Оған дау жоқ,
Сенен асқан бар ма бірақ тірі өлік?
Қастерлінің бәрін жыққан табанға
Азған сен бе,
Әлде мына заман ба?
Тым құрыса
Қасиетті бір сезім
Қалу керек емес пе әрбір адамда?..
Опасыздық жасадың ба еліңе,
Ертең саған мені сату түк емес!..
Кәне, қылыш ұстатыңдар
Қайсар батыр Қайыр ханның қолына!
Қ а й ы р х а н:
- Тоқта, Шыңғыс!
Бұл баланың әкесі бір нар текті
Адам еді елге сыйлы, зиялы,
Адам еді адал, ұшқыр қиялы.
Әкесі үшін перзентіне сеніп ем,
Сатқын болып шықты мына тұяғы.
Оны ойласам, от жүрегім қан болар,
Сеніміме содан түскен таңба бар.
Мақұл көрсең,
Әкесін бұл сатқынның
Осы араға алдырғаның жөн болар.
Қ а р и я:
- Сыйлы басым қуарды,
Жария етіп жалғанымды,
Менің қыран болғанымды
Заман бүгін өтірікке шығарды...
Қағу үшін сенің қайсар басыңды,
Асығып тұр мынау залым Шыңғыс та!
Ш ы ң ғ ы с:
- Өкінгенмен болмайды,
Ешкімге де берілмейді бас сауға,
Бұйрық еттім түгел қырып тастауға,
Отырарда еркек кіндік калмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет