Ќанипа Бітібаева



бет124/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   141
адеб окыт адис техн

Тақырып:

  1. «Бір жақсымен дос болсаң...» (Шалкиіз.)

  2. «Кеңессіз сөз бастама...» (Асан қайғы.)

  3. «Болат қылыш алынып...» (Доспамбет жырау.)

  4. «Қайран да менің Еділім...» (Қазтуған.)

  5. «Ханға қарсы тұрам деп...» (Жиембет жырау.)

  6. «Ел шетіне жау келсе...» (Ақтамберді жырау.)

  7. «Болат тудың Бөгембай» (Үмбетей жырау.)

«Ей, Абылай, Абылай...» (Бұхар жырау.)
Ескерту: Өздерің қалаған жырауларды алуға болады.

Б5 бағыты бойынша ұсынылатын тапсырмалар:


1. «Жыраулар сөзі - тарих шежіресі» тақырыбына баяндама әзірлеу.
Үлгі - нұсқау:
а) Тарихтан алған білімді пайдалану.
ә) Тарихи жағдайлардың жыраулар сөзіндегі көрінісіне назар аудару, дәлеледеу.
б) Баяндаманы жоспар-тезис үлгісінде де орындауға болады.
2. Жыраулардағы шешендік сөздер, ақыл-нақылдарды ауыз әдебиетінің басқа үлгілерінен іздестіру, салыстырмалы талдау жасау.
Үлгі:

Жыраулар

Ертегілер

Мақал-мәтелдер

Шешендік сөздер

Батырлар жыры

Айтыстар



















3. Мағауиннің «Қобыз сарыны» кітабы бойынша жыраулар туралы деректерді жинақтау. Аңыз бен шындықты саралау.
Үлгі:


Жыраулар

Аңыз

Шындық

Қорытынды













Б5 ,Б6 бағыттары бойынша:
1. Тарихта ғалымдардың жонғар шапқыншылығы туралы ғылыми зерттеуі, әдебиетші ғалымдардың жыраулар туралы еңбектері бойынша зерттеу жүргізу (модельде еңбектер ұсынылған).
Мына мәселелерді анықтауға талаптану –
а) жоңғар шапқыншылығы туралы ғалымдар пікірінін үндестігі, өзіндік ерекшелігін саралау;
ә) Жыраулар туралы да осындай жұмыс жүргізу. М.Жолдасбековтын «Асыл арналар», т.б еңбектерді пайдалануға болады.
Ескерту: Бұл тапсырманы топқа бөліне отырып орындау тиімді. Ұсынылған әдебиеттін барлығы емес, мұғалім басшылығымен саралап алуға болады.
1. «Жырау кім?» тақырыбы бойынша реферат жазу
(әдебиеттің тізімі, мазмұны берілген).
Реферат жазу үлгісі:

  1. Такырыбы;

  2. Мақсаты мен міндеті;

  3. Болжам (гипотеза);

  4. Жаңалық (рефераттагы өзіндік жаңалығы, ізденісі);

  5. Қорытынды.

2. Мына бағандарды толтырып, жыраулар туралы мәлімет жинақта.
Үлгі:


Жыраулар

Қай ханның тұсында өмір сүрген

Қандай қызмет атқарған

Басты шығармалары

Даналық, пәлсапалық ойлары
















Б8 бағытындағы әр анықтаманы мысалмен дәлелдеу.
Үлгі:


Жыраулар

Шығар-

Романтика

Оптимис-

Ащы

Мұң,

Айбар-

Үндеу,


малары

лық

тік рух

шындық

зар

лы үн

шақыру







шарықтау
















- Асан
-
-
























  1. «Жыраулар, Егеменді Қазақстан және мен» тақырыбына пікір алмасып, өмірдегі өз мақсаттары, оған жету жолдары туралы сырласу.

Ескерту: Мақсатқа жету шарттарының жобасын жасап әкелуге болады.


Пікірлесу сұрақтары:

  1. Жыраулар шығармашылығынан не алдың?

  2. Менің сүйікті жырауым (неге ұнайды), т.с.с.

  3. Жыраулар мұрасы жөне егеменді Қазақстан.

  4. Мақсатым, оған жету шарттары.

  5. Өнер сайысын өткізу.

а) Толғауларды мәнерлегі жатқа оку;
ә) Аспаптар көмегімен мақамдап айта білу;
б) Инсценировка;
в) Арнау өлендер жазу (Жырауларға арнау).
б.Жыраулар тілінің түсіндірмелі сөздігін жасау:
Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Түсіндірмелі сөздік.

  2. Фразеологиялык сөздіктер.

КОНСТРУКТОРЛЫҚ ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Модельдің тиімділігі сол - берілетін көлемді түсініктерді, ұғымдарды тұжымды түрде, көрнекті түрде ғана жып-жинакы етіп бере білуде. Әдебиет - сөз сабағы, көбінде сөздік әдістер арқылы білім беретін пән. Ал айтылатын сөздің бәрі есте қала ма, жоқ па, ол әрине, ерекше зерттеуді керек ететін мәселе. Ал бұл модель - мұғалімнің оқытуда конструкциялық жобалау технологиясына арқа сүйейтінін көрсетеді. Өйткені, оның өнімді нәтиже берері сөзсіз. Модель - әр оқушының алдында жатады. Ол Абай лирикасынан білім алудың бағдар шамындай, оқушылар оған қарап, әр түрлі іздену, зерттеу жұмыстарын да орындайды. Модель әрі тірек карточкасы, әрі көрнекілік, әрі көмек-нұсқау рөлін де атқарады. Модель оқушы іс-әрекетін де белгілі бір мақсатқа жүйелейді, бағыттайды, тәртіпке салады. Оқулық, ғылыми еңбектермен жұмыс істеуге баулиды. Өз беттерімен де модель жасауға ықпал етеді. Ең бастысы, терең, тиянақты білім алуға(өз беттерімен) өнімді, нәтижелі көмек жасайды. Сызба-модель мұғалім жұмысын да жеңілдетеді. Оның әр тармағы бойынша жеке жұмыстар, топтық жұмыстар беріп, оқушының білім деңгейін шығармашылық деңгейге дейін алып келуге, түсініктен анализ, синтез бағаға дейін көтеру болады. Мұғалім басқа тапсырмалар орындатпай-ак, сызбадағы берілген тұжырымдарға тапсырма берсе де жеткілікті. Модель бойынша жұмыс дұрыс ұйымдастырылса, онда терең де толық білім қамтамасыз етіледі деп болжауға болады.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет