Ќанипа Бітібаева


V кезең. Оқулықпен жұмыс. Мақсат



бет132/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   141
адеб окыт адис техн

V кезең.
Оқулықпен жұмыс.
Мақсат:

  • Оқулықтың білім көзі, әрі өз бетімен білім алудың дидактикалық үлгісі екендігін ескеріп, онымен жұмыс арқылы оқушылардың ынтасы, танымдық іс-әрекетін басқару, ұйымдастыру.

  • Олардың түйсіну, түсіну, бекіту, практикада қолдану іс-әрекеттерін дамыту.

  • I, II ,III, IV кезеңдерде алған білімдерін оқулық арқылы байыта түсуге саралау, зерделеуге баулу. Алған білімді оқулықтағы біліммен тиянақтау.

  • Ең негізгі мәселелерді бөліп ала білуге, (негізгі, қосымша) тезистер жасауға, т.б. әр түрлі шығармашылық жұмыстарды орындауға дағдыландыру, жетілдіру.

  • Оқулық туралы (ондағы білімнің берілу жайы) пікір айту, талдау жұмыстарына баулу, «Оқулыққа қояр талабым», «Оқулық маған не береді?» тақырыптарына әңгіме-сұхбаттар, пікір таластырып, сауалнамалар өткізе отырып, оқушыларды сарабдалдыққа, аналитикалық ойлау, қабілеттерін жетелеу.

  • Оқулық жобасы, моделіне конкурс жариялап, олардың қабілеті, іскерлігі, біліктілігі кәсіптік қызығушылығына әсер ету.



Әдіс-тәсілдер:
-Практикалық жұмыстар:
1. Негізгі мәселелерді бөліп алу.
2. Сұрақтар әзірлеу, сұрақтардың ең бастыларын сұрыптау.
3. Оқулықтағы сұрақ-тапсырмалардың өзіне ұнағанын орындау.
4. Өз беттерімен сұрақ-тапсырмалар әзірлеу.
5. I- IV кезеңдер бойынша алған ұғымдарын оқулық материалын қосып баяндау, білімді байыту (өз беттерімен)
VI кезең
Жинақтау, қорытындылау, коррекция.
Мақст:
Жаңа білімді меңгертудің бес кезеңі бойынша алған мәліметтерін саралау, бір-бірінің біліміне анализ беру.

  • Оқушыларды қорытынды, жинақтау, талдау тәсілдеріне баулу.

  • Күрделі мәселелерді бірігіп талқылау.

  • Көмек ұйымдастыру.

  • Мақсат қоя білуге, өздерін-өздері оқытуға, «Жаңалық» ашуға, өздерін-өздеріне танытуға баулу.

  • Осы бес кезеңде алған білімдерін бүкіл ұжым болып мына үлгіде жіктеу, білім деңгейлерін саралау, алған білімдерін өздеріне жүйелету («Нені меңгердім», «Неге үйрендім») сауалнамасын жүргізу.




  • Білім

  • Түсінік репродуктивті деңгей

  • Қолдану

–Анализ
–Синтез шығармашылық деңгей


–Баға




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет