ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ПРОБЛЕМАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖОЛДАРЫ
Тәжірибеде кеңінен тараған, әрі тиімділігімен, нәтижелілігімен көпшілік ұстаздар еңбегіне мол кірген талдаудың түрі - проблемалық талдау. Проблемалық талдау оқушылардың танымын арттыру, ойлау белсенділігін жетілдіруде үлкен рөл атқарады және өзіндік ізденістеріне мол мүмкіндік ашады, әрі дамыта оқытудың негізгі бір жолы ретінде де пайдалы. Проблемалық талдау сол көркем шығарма негізіндегі проблеманы дәл тауып, нақты проблемалық сұрақтар әзірлеуді талап етеді. Ол үшін проблемалық жағдаят тууы керек. Кез келген «Неге?» деген сұрақтарды проблемалық сұрақтармен шатыстыру мектеп тәжірибесінде кездесіп жатады. Проблемалық сұрақ негізінде оқушыға «бейтаныс, шешуді керек ететін мәселе, проблема болады. Проблемалық жағдаят проблемалық сұрақтар, сол көркем туынды негізінде жатқан, көркем туынды көтерген проблемалар арқылы туындайды. Мысалы, жай сұрақтар мен проблемалық сұрақтар арасындағы айырмашылықты төмендегі баған арқылы көруге болады (М.Әуезов. «Қараш-Қараш оқиғасы», Бақтығұл бейнесі бойынша).
Жай сұрақтар:
|
Проблемалық сипаттағы сұрақтар:
|
Бақтығұл қандай кейіпкер? Ол неге Жарасбайды барып паналайды? Осы іс-әрекеті дұрыс па?
Бақтығұл Жарасбайды неге өлтіреді?
Ұрлыққа, барымтаға бару себебін түсіндіріңдер. Оны мұндай әрекетке кім жұмсайды?
Бақтығұлдың іс-әрекетін түсіндіріңдер. Ұрлық жасауы, кісі өлтіруі дұрыс па?
Бақтығұлдың Сәлменнен кетіп, Жарасбайдан пана іздеуі дұрыс па?
Бақтығұл арқылы жазушы не айтпақ болған? Ол Бақтығұлды жақтай ма, жоқ па?
|
Қалай ойлайсыңдар, Бақтығұл кім? Ол Сәлмен мен Жараасбайдың «құрбаны» ма, әлде кек алушы күрескер ме? Немесе қорғансыз сорлы ма?
Бақтығұлдың Жарасбайды өлтіруінде қылмыстық іс-әрекет бар ма?
Жаратылысында ары таза Бақтығұл соншама азғындап, ұрлық жолына неге түседі? Кінәлі кім?
Бақтығұлдың іс-әрекеті, мақсатты саналы іс-әрекет пе, әлде кектен, өш алудан туған іс-әрекет пе?
Қалай ойлайсыңдар, Бақтығұлдың ең басты қателігі, адасуы деп, нені айтар едіңдер?
Бақтығұл бейнесінің негізінде жатқан проблема туралы не айтар едің? Автордың оған көзқарасы туралы қандай ойдасың?
|
Проблемалық сұрақтар қызықты, әрі әдеби айтыс туғызатындай дәрежеде қойылады. Сондай-ақ бұл сұрақтардың басты ерекшелігі - олар бір ғана шектеулі мәселеге құрылмай, көркем туындыны кеңірек, тереңірек қамтитын мазмұнда құрастырылады. Проблемалық сұрақ коямьн деп, «қолдан» проблема жасаудың түк те керегі жоғын тағы да қайталап айтамын, проблемалық сұрақтар көркем туынды негізінде жатқан, шешуді талап ететін проблема айналасын қамтиды Мысалы,жоғарыдағы екі баған бойынша сұрақтар мазмұнына назар аударсақ, бірінші бағандағы сұрақтарда проблемадан гөрі, басы ашық мәселелер қамтылған, сұрақ та солай қойылған. «Бақтығұл кандай кейіпкер?» деген дәстүрлі сұраққа олар дәстүрлі жауап береді. Яғни «ұнамды, не ұнамсыз» дегендей, ары қарай түсінік береді. Ал «Бақтығұл кім, құрбан ба, кек алушы ма?» деген сұрақ түбінде оқушыға, «бейтаныс» шешуді керек ететін мәселе жатыр. Бұл сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп, жауап бере салу мүмкін емес. Сұрақ жазушының осы бейнені жасаудағы мақсаты, соның негізінде жатқан проблеманы қамтып тұр.
Бақтығұл арқылы жазушы қорғансыздар проблемасын көтереді. Қорғансыз күйін түсінген Бақтығұл қорған іздеп, Жарасбайды паналайды, ол жолда қатты адасады. Ары да, қолы да таза Бақтығұл белшесінен қылмысқа батады. Тәні де, жаны да сау, еңбекқор Бақтығүл Сәлмен, Жарасбай сияқты дала жауыздарының құрбанына айналғанымен, әңгіменің аяғьнда ол құрсауды тас-талқан етеді. Ары, ұяты, кегі оянған Бақтығұл өзіне сонша қиянат жасаған, сезім, сенімін алдаған Жарасбайға өлім үкімін шығарады. Ез, қор құрбан емес, жаулары күшін таптағанмен, ары, жанын толық таптай алмағандарын ісімен көрсетеді. Сөйтіп, Бақтығұл екі жүзді, іші тар, сатқын, мал соңында мал болып кеткен жауызға өз қолымен үкім шығарады. Екінші бағандағы қай сұрақ болсын, оның негізінде «шешуді» тілеп жатқан (айтуды, мазмұндауды емес) проблема бар.
Айтыс туғызатын сұрақтардың барлығын немесе оқушыларды ойландыруға, іздендіруге негізделген сұрақтардың барлығын проблемалық сұрақтар деу де қате. Мысалы, М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы әйелдер бейнесін өту барысында: «Салтанат қандай кейіпкер?», «Абаймен екеуінің арақатынасында достық басым ба, махаббат басым ба?» деген мазмұндағы сұрақтар - оқушыларды ойландыратын, іздендіретін, әрі айтыс та тудыратын сұрақтар. Дегенмен бұл сұрақта проблема жоқ. Оның себебі, эпопеяда Салтанат пен Абайдың таза достығы ашық жазылған, айқын айтылған. Көркем туындыны проблемалық талдау ең алдымен оқушылар алдында проблемалық жағдаят (ситуация) арқылы жүзеге асады. Ал проблемалық жағдаят деген не? Проблемалық жағдаят деген - шешуді талап ететін, іздендіретін, ойландыратын күрделі жяғдайдың тууы. Ол оқушылардьң ойлауына, ізденуіне ғана әсер етпейді, оларды болжам жасауға, өздерінше қорытынды жасауға да жетектейді. Проблемалық жағдаятты туғызу бар да, оны шешуге, болжам жасатуға жетелеу тағы бар. Мысалы, «Абай жолы» эпопеясын оқыту барысында оқушылар алдына эпопея көтерген «әкелер мен балалар», «Аналар мен балалар» проблемалары бойынша проблемалық жағдаят туады. Мұғалім жағдаятты шешуге жетелеу үшін, мынадай жұмыстар жүргізеді (салыстырмалы жұмыс);
Достарыңызбен бөлісу: |