Ќанипа Бітібаева


КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА



бет6/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141
адеб окыт адис техн

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСКЕРУ

Мектептегі оқу мен тәрбие, сыныптан тыс жұмыстардың барлығы да оқушылардың жас ерекшелігі, психолгиясына байланысты ұйымдастырылады. Сондай-ақ, балаларға көркем шығарманы оқыту, кітапқа деген құмарлығы, сөз өнеріне деген ынтасы мен құлшынысын дамыту мектептерде әдебиетті оқыту – білім берудің аса маңызды, әрі күрделі жұмыстарының бірі. Бұл мәселелерде де оқушылардың психологиялық ерекшелігі, жасы, оқып жүрген сыныбы ескеріледі. Тиімділік идеялары, саралап-даралап оқыту, оқушылардың бүкіл ой еңбегін, оған ерекше күш түсірмейтіндей, қонымды, қолайлы, нақтылы, белгілі бір уақыттарды нәтижелі, жемісті болатындай етіп ұйымдастыру, жүргізу туралы сөз етеді. Көптеген ғалымдар, психологтер, мұғалімдер зерттеулері, пікірлері бойынша, оқушыларды көркем шығарманы оқытуға баулу, оны оқырман ретінде қалыптастыру бірнеше сатыдан тұрады.



  1. Кіші жастағыларға 5-7 сыныптардағы 10-12-дегі жас өспірімдер.

  2. Ересек жастағыларға 8-9 сыныптардағы 13-14-тегі жас өспірімдер.

  3. Үлкен жастағыларға 9-11 сыныптардағы 15-17-дегі жастар жатқызылды.

Балаларды топқа бөлу, әрине, қатып қалған дүние емес. Қабілеті, дарыны, ынтасы, еске ұстауы, алғырлығы, ойлылығы жағынан бір сыныптағы бір жастағы балалардың өзі әр түрлі болып келетіні тәжірибеден белгілі.
Кіші жастағылар – психологиясы, мінез-құлқы, физиологиялық жағынан балалықтан кетсе де, әлі де қалыптасып, толысып жетпегендер. Олар – қимыл-қозғалысы жағынан шапшаң, өте әсершіл, әрі не нәрсеге де сенгіш, барлығын шындық деп қабылдайтын, жақсылыққа да, жамандыққа да құлай берілетіндер. Бұл жастағыларды ертегілер әлі қызықтырады, фантастикалық, қиял-ғажайып оқиғалары бар шығармаларды беріле оқиды. Кино, көгілдір экран алдынан кетпейтіндер де осылар. Қиялдары ұшқыр, қабылдаудары алғыр. Дегенмен, алаңғасарлық, тез қабылдап, тез ұмытуда осыларда жиі кездеседі. Мектепте көп шулайтындар да, тез қимылдап, тез шешім қабылдайтындар да 10-12 жастағылар. Әдеби шығармаларды оқу, қабылдау ерекшеліктеріне келсек, поэзиядан, драмалық туындылардан гөрі әңгімелерді, қара сөзбен жазған шығармаларды оқуға ынталы. Әсіресе, оларды соғыс, шпиондар ерекше қызықтырады. Оқыған шығармаларының мазмұнына қарай әр түрлі эмоциялық көңіл күйдә бастарынан кешіріп, соны ұмыта алмай, дел-салдыққа түсушілік, алаңдаушылық оларда өте жиі кездеседі. Жалпы осы үш топтағы оқушылар ішінен кітапты көп оқитындар да, ондағы бас кейіпкерлерге, әсіресе, барлаушыларға, батырларға еліктеушілер де осы жастағылар. Олар оқып отырған кітаптарына, ондағы оқиғаларға толық сенеді, дегенмен, «шіркін, ол неге былай істеледі екен, әттең, олай істегенде» деген сияқты өз қиял-ойларына да ерік беріп, толғанып жүреді, бірақ ол толғаныстары уақытша болады, тез ұмытады,себебі келесі кітапты оқығанда, ол басқаша талпынысқа тап болады. Әрине, 10-12 жастағылар оқығандарының барлығын, одан алған әсерлерінің барлығын тез ұмытып кетеді деуден аулақпыз. Оқыған дүниелерін, әсерлерін 2-3 айдан кейін қайта сұрағанда, олар басыңқы дауыспен, байыпты баяндай бастайды. Кейіпкерлер тағдырына да мойынсұнушылықпен қарауды сезуге болады. Мұның барлығы, яғни, сондай «тұрақсыздық» - баланың жас ерекшелігі, психологиясынан туып отырған дүниелер М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» деген шығармасынан 6-сыныпта үзінді беріледі. Осы әңгімеде, әсіресе, оқушылардың эмоциясына әсер ететін екі үлкен жағдаят бар.
Бірінші, Ертай мен Нартайдың бір-бірін жібермей, бөлек кеткісі келмегендері (балаларды үй-үйге бөліп жатқанда), сонан соң ата-аналарын іздеп, үсіп өлулері. «Ертай мен Нартайды бірге асырап алу керек еді, бөлмеу керек еді, солай болғанда, олар өлмес еді» деп, балалар бір ауыздан осындай пікір айтып, шулап жатады. Балалар өліміне келіскісі келмейді. «Жазушы болсаң, әңгімені өзің қалай аяқтар едің» деген сұраққ олар түгелдей қатысып, бір-ақ шешімге келеді. Яғни тірі қалдыру. Біреуі өз қиялына ерік беріп, оларды ауыл адамдары құтқарып қалады десе, екіншілері үлкендер сезіп қап, оларды жолға шығармай қояды дегендей, өз аңсауларынан туған «солай болса екен» деген пікірлерін айтып жатады. Олар осы кезде сезімге беріліп, балалар өліміне шынында да кім кінәлі екенін ажырата алмайды, әңгіме негізіндегі идеяны да, авторлық шешімді де аңғара алмайды.
Оқушылардың осы шығарманы қабылдауларын, шығарма әсерін, оқырмандық дүниетанымын байқау мақсатында оларға шағын шығарма – толғаныс жаздырылды.Жұмысты тексеру барысында барлығы да Ертай мен Нартай өліміне қайғырғандарын жазады, қыздар «жылағымыз келді», не «жыладық» дейді. Ал олардың қайғылы тағдырларына кім кінәлі екенін ашып жаза алмаған. Көпшілігі, жоғарыда айтып кеттік, балалардың өздерін кінәлайды, асырап алған адамдарды кінәлайды т.с.с. Бұдан шығатын қорытынды не? Қорытынды: 10-12 жастағы балалар көркем туынды негізінде белгілі бір идея жататынын, ол авторға байланысты болатынын ойлана бермейді. Тіпті, оның көркем туынды екенінде де шаруасы жоқ. Олар оқып отырған дүниесін өмірдің өзі деп қабылдайды. Сонымен осы жастағы балаларды кітап оқуға баулуда, оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда мына мәселелерді басшылыққа алған жөн:

  1. Кітапты қалай оқу керек, оқып отырып, неге назар аудару керек, яғни оқырмандық мәдениетін дамыту мақсатында үнемі басшылық жасау, ақыл-кеңес беру. Төмендегі үлгіде көмекші нұсқау жазып, оны кабинетке іліп қою (үлестірме қағаз түрінде де қолдарына беруге болады).

Мына мәселелерге көңіл бөл:

    • Кітапты ұқыпты, асықпай-саспай, жыртпай, кірлетпей оқы, бүктеме, белгілеме.

    • Басты кейіпкерлерін, оқиғаларын ұмытпау үшін дәптерің жазып ал.

    • Оқып отырғаның көркем шығарма екенін, оны белгілі бір адам жазғанын ұмытпа.

    • Шығарма не айтпақшы, нені үлгі етпекші, жазушы оны жазуда нені мақсат еткен, соны үнемі ойла. Өзің қандай үлгі алдың? Жолдастарың қандай үлгі алады деп ойлайсың?

    • Әр оқыған кітабыңның тек қызықты оқиғасын, қуанышты, қайғылы жерлерін, не кейіпкердің басынан өткендерін ғана еске сақтамай, ең бастысы, кітап саған ұнады ма, ұнанмады ма, соған ой жүгірт. Неге ұнады, неге ұнамады, дәлелдеуге тырыс. Жазушы осы кітапта оқырмандарға не айтпақшы болған, соған үңіл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет