Поэманы талдауда қойылатын сұрақтар жүйесі
1. Поэманың тарихи негізі туралы қандай дәлелді пікір айтар едіңдер?
2. Поэмада Құлагерден гөрі, Ақан жайлы көп айтылған. Солай бола тұрса да, поэма неге «Құлагер деп аталған?»
Поэма негізіндегі ақын ойы, поэманың негізгі проблематикасы туралы не айтар едіндер?
Поэманың ең басындағы «Толғану» бөлімінің поэма проблематикасын ашуда маңызы бар ма?
Лирикалық шегініс арқылы Акан тағдыры, Ақан тарихы туралы сыр шертудегі ақын мақсатын қалай түсінер едің?
Поэмадағы палуандар күресі, сол күрес үстіндегі трагедияның шығарма проблематикасына қатысы бар ма?
Батыраштар бейнесі арқылы ақын нені жырламақшы болған?
8. Қалай ойлайсың, поэманың алтын қазығы ретінде неге Құлагер тағдыры алынған? Оның поэмадағы орны, маңызына тоқтал.
Лирикалық қаһарман туралы не айтар едің? Оның поэмадағы орнын сарала.
Поэманың халықтық рухы, халықтық сипаты туралы қандай ой тастар едің?
Поэмадағы ақынның ең басты стилі, көркемдік тәсілі неде деп ойлайсың?
Поэманың психологиялық мәні туралы не айтар едің?
Ақынның идеялық-эстетикалық табысын немен дәлелдер едің?
Өзіңе Абай сипаттаған ат пен Құлагер сипатының қайсысы ұнайды?
Поэманы талдау барысында үйге берілген топтық, жеке жұмыстарды, жалпы сыныптық жұмыстарды тиімді пайдаланып отыру керек.
Ең алдымен, кестеде көрсетілгендей, тақырыптың ең маңызды, дәнді түйінін бөліп алып, бар назарды соны талқылауға, соны түсіндіруге салған дұрыс. Бүл әдіс, әсіресе, роман, поэма сиякты көлемді шығармаларда өте тиімді болып келеді. Алдын ала берілген тапсырмаларды тақырыптың осы дәнді элементтерін талқылау кезінде пайдалану дұрыс. Әсіресе, ғылыми материалдардан берілген хабарлама немесе салыстыру жұмыстарын өз орнында пайдаланып отыру керек. Балалар жай тыңдаушы емес, мұғаліммен бірге еңбек етуші, білімді өз ынтасы, ізденісі, қатысымен алушы ретінде отырады. Сондай-ақ көрнекілікті пайдаланудың маңызы зор. Поэманы бастамас бұрын, «Құлагер» әнін қойып, оқушылардың эмоциясына, сезіміне әсер ету сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттырады. Жалпы поэма психологиялық тебіреніс сәттеріне құрылған. Ақанның әніне шалқымай, толқымай, өрлігіне сүйсінбей, тағдырына күйінбей, Құлагер өлімін Ақанмен бірге жоқтамай сабақ тындау, сабақ өту мүмкін емес болуы керек. Бұл мақсатта мәнерлеп оқудың, Ақан әндерін күйтабақтан тыңдаудың маңызы зор. Шағын әдеби айтыс ұйымдастырып отырудың да тиімділігі бар. Мысалы, Абайдың аты мен Ілияс Құлагерінің сипатын салыстыра талдатып: «Қай ақын жүйрік ат сипатын ерекше мүсіндей білген?» - деген тақырып айналасында кызық әңгіме өткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |