Ќанипа Бітібаева



бет64/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   141
адеб окыт адис техн

П то п
10-сынып әдебиеті бойынша Ақанның «Құлагер» өлеңін поэманың «Бай, бай, Құлагерім» бөлімі бойынша Ақанның Құлагерді жоқтау өлеңімен салыстыру.
Мақсат: Ілияс өз поэмасында Ақанның «Құлагер» өлеңін қалай пайдаланғаны туралы іздендіру.
Ш топ
Абайдың «Аттың сыны» өлеңін поэмадағы «Құлагер» сынымен салыстыру (Күреңбай сыншы берген сипаты).
Мақсат: Екі ақынның ат сынын берудегі шеберлігі, яғни поэтикалық үндестік туралы іздену. Тапсырманы мына үлгіде орындауға болады:



Абай

Ілияс

Поэтикалық үндестік

Тәует бас, қамыс құлақ, қоян жақ

Тәует бас, қамық құлақ, қуарған жақ




Жеке тапсырмалар:
1. «Құлагер поэмасы туралы ғалым-сыншылар, әдебиетшілер пікірі бойынша қысқаша хабарлама жасауға дайындалу.
Ескерту: Материалдарды мұғалім ұсынуы керек, әрі осы жұмыста балаларға басшылық жасайды.
2. 10-сынып оқулығы бойынша Ақан сері туралы қысқаша хабарлама.
IV т о п
Поэма бөлімдері бойынша басты-басты оқиғаларын саралап, сюжеттік-композициялық жоспар жасау, оны сабаққа пайдалану үшін, кестеге жазып қою («Ас» бөлімінен бастап алу).Үлгі:

Бөлім

Басты оқиғалар

Аққанның іс-әрекеті

«Ас»

«Құлагер»



1.Сағынай асы, үш жүздің оған «құйылуы»
1. Аққанның Құласымен асқа келуі
2. Елдің Құланы көруге жүгінуі.
3. Құлагергеберген халық бағасы.
4. Күреңбайдың сыны
5.Батыраштың қызғанышы

1. Халықтың Ақанды құрметтеуі

2.Атын көзінен таса етпеуі


3. Жаршыға айтқан өтініші
4. Ақанның өткір тілмен Батырашты жерге қаратуы.

Поэмалар жоғарыда айтылғандай, көлемі, ауқымы ұзақ шығармалардың қатарына жатады. Бір-екі сағат ішінде оны тұтастай өзінің мәні, мағынасы, әдебиеттен алатын орнына қарай барлық қасиеттерімен оқушыға жеткізе білу үшін, мұғалім ең тиімді деген әдіс-тәсілдер, оқу формалары, оқу жабдықтарын сұрыптап алуы керек. Әдебиетті оқытуда
көрнекіліктің орны ерекше екені белгілі. Әсіресе, көлемді шығармаларды, оның ішінде поэмаларды оқытуда оның маңызы зор. Мүмкіндігіне қарай ол көрнекілік поэманың
көтерген тақырыбы, кейіпкерлері, поэтикалық тілі, ақын стилін тұтастай қамтитын, оқушы алдында жинақы түрде тұжырымды етіп берілетін дәрежеде жасалуы керек.
Көрнекілік үлгісі (үзінді беріліп отыр).

«Құлагер» поэмасы. Сюжеті, композициясы, поэтикалық компоненттері:



Бөлімдері

Поэманың басты оқиғалары

Ақынның көркемдік әдісі мен тәсілі. Поэманың көркем компоненттері

«Тоғану»
«Туған жер»

«Ақан»

«Ас»

«Құлагер»



Ақын толғанысы
Көкшетау туралы толғанысы
Ақан сері, оның басынан өткен жағдайлары. Ақан туралы хабар
Сағынай асы, ас көрінісі, асқа келушілердің сипаты

Ақанның асқа келуі. Құлагер туралы Күреңбай сыны





Көтеріңкі леп, асқақ сезім. Баяндау. Поэтикалық тілі: метафоралар, теңеулер молдығы (бұлбұлым, дүлдүлімін, тұздай, қымыздай, т.с.с.)

Суреттеу, әңгімелеу, мүсіндеу, баяндау, шешендік сұрақтар. Поэтикалық тілі: теңеу, эпитет, метафоралардың келісті келуі (сұлудың көзіндей, «бал бұлақ», бура тас)


Суреттеу, баяндау, әңгімелеу, мінездеу, шешендік сұраулар. Лирикалық шегініс


Баяндау, әңгімелеу, портреттеу, суреттеу. Поэтикалық тілі: теңеу, метафора, эпитет

Әңгімелеу, мүсіндеу, диалог. Поэтикалық тілі: эпитет, метафора, теңеу







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет