Тура пропорционал шамалар
Егер екі шаманың біреуін бірнеше есе арттырғанда, екіншісі де сонша есе артса, онда мұндай шамалар тура пропорционал шамалар деп аталады.
Мысалы, заттың бағасы тұрақты болғанда, заттың мөлшері артса, оның құны да артады. Мұнда зат мөлшері мен құны тура пропорционал.
Жиі кездесетін тура пропорционал шамалар:
заттың бағасы тұрақты болғандағы құны мен мөлшері;
тұрақты жылдамдықпен жүргендегі жол мен уақыт;
квадраттың қабырғасы мен периметрі;
заттың көлемі мен массасы, т.с.с.
Кері пропорционал шамалар .
Егер бірінші шама бірнеше есе артқанда (кемігенде), екінші шама сонша есе кемитін (артатын) болса, онда мұндай шамалар кері пропорционал шамалар деп аталады.
Мысалы, жұмыс мөлшері тұрақты болғанда, жұмысшы саны мен жұмыстың орындалу уақыты кері пропорционал шамалар болады.
Кері пропорционал шамалардың сәйкес мәндерінің көбейтіндісі тең болады.
Кері пропорционал шамаларға:
тік төртбұрыш ауданы тұрақты болғанда, ені мен ұзындығы;
құны бірдей заттардың мөлшері мен бағасы;
арақашықтық бірдей болғандағы жылдамдық пен уақыт, т.с.с.
Үш тілдегі сөздік математикалық терминдер
№
|
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшынша
|
1
|
қосу
|
плюс
|
add
|
2
|
алу
|
минус
|
subtract
|
3
|
бөлу
|
знак деления
|
divide
|
4
|
көбейту
|
знак умножения
|
multiply
|
5
|
үлкен
|
больше чем
|
is greater than
|
6
|
кіші
|
меньше чем
|
is less than
|
7
|
үлкен немесе тең
|
больше или равняется
|
is more than or equal to
|
8
|
кіші немесе тең
|
меньше или равняется
|
is less than or equal to
|
9
|
тең емес
|
не равняется
|
is not equal to
|
10
|
тең
|
равняется
|
equals / is
|
11
|
жай сан
|
простое число
|
Prime number
|
12
|
тақ сандар
|
нечетное число
|
Odd number
|
13
|
жұп сандар
|
четное число
|
Even number
|
14
|
теңдеу
|
уравнение
|
Equation
|
15
|
пайыз
|
процент
|
percent
|
Қорытынды
Мен, Әскербек Даяна, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің математика-информатика білі беру бағдарламасы бойынша 1-ші курс студенті, 13.03.2023 - 25.03.2023 жыл аралығында оқу практикасынан өттім.
Атқарылған жұмыс барысы:
арифметикалық және алгебралық түрлендіру;
рационал сандар;
иррационал сандар;
нақты сандар;
пайыздар;
пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті;
тура және кері пропорция;
үш тілдегі сөздік математикалық терминдер;
күнделік толтыру.
“ Алдамуратова Т., Байшоланова К., Байшоланов Е. Математика , Атамұра 2018, 6-сыныпқа арналған оқулық ” бойынша жұмыс істедім.
Берілген тапсырмалар уақытылы орындалып, толық менгерілді. Практика алған білімді қайталап, қажет кәсіптік дағдыларды қалыптастыруға, келешек мамандық қыр-сырын түсінуге жағдай жасайды.
Студент : Әскербек Даяна
Практика жетекшісі : Ермаганбетова С.К.
Достарыңызбен бөлісу: |