Үйге барып қарау әмбебап (жалпыға ортақ) озық қызметтер көрсетуге негіз болады. Отбасылармен олардың өз үйінде танысу сіздің рөліңіздің негізгі шарты және сізге әр отбасымен танысу және қарым-қатынас құру мүмкіндігін береді ( 4-ші Ақпараттық картаны қараңыз).
Үй – өте маңызды кеңістік, онда отбасының денсаулыққа қатысты қажеттіліктерін, әлеуметтік
мұқтаждықтарын білгуе болады, қиын сұрақтар қоюға
болады, сонымен қатар, отбасында баланың өсуіне және дамуына септесетін қанадй ресурстар бар екенін байқауға болады. Алайда, сіз қонақ болғандықтан, отбасының мәдени ерекшеліктеріне және дәстүрлеріне құрметпен қарауға міндеттісіз.
Рефлексия: Қоғамда желілер құру
Патронаж қызметкерінің маңызды рөлі балалардың және отбасылардың өмірін жақсартуды көздейді. Ішінара осы мақсатқа отбасылар арасында бір-бірімен байланыс орнатуға көмектесу арқылы жетуге болады. Осы мақсатты орындау үшін Жергілікті қоғамда желілер құру 3-ші Ақпараттық картасын қараңыз.
ІС ЖҮЗІНДЕГІ ЖҰМЫС НЕГІЗДЕРІ – ӘМБЕБАП ОЗЫҚ МОДЕЛЬ
Патронаж қызметкерлері өз қызметтерін әртүрлі жолмен әр отбасының жағдайына және анықталған қажеттілігіне қарай ұсынады. Жасы үшке толмаған балалары бар барлық отбасыларға баланы тәрбиелеу және дамыту, баланың ата-анасына бауыр басуын қалыптастыру, отбасында қауіпсіз орта болуы қамтамасыз ету және қоғамда көрсетілетін басқа қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету тұрғысынан отбасыға қолдау көрсетуге бағытталған бірқатар әмбебап (жалпыға бірдей) қызметтер ұсынылады.
сурет. ЮНИСЕФ: Патронаж қызметінің әмбебап озық моделінің нобайы
Кейде отбасының және балалардың аман-саулығы балалардың ерекшеліктерімен, ата- анасымен байланысты немесе отбасының жағдайынан туындаған факторлар қауіп төндіреді. Біз
оларды «ұрымталдық» факторлары деп атаймыз. Бұл бала, ата-ана немесе отбасы үшін әлдене нашар физикалық немесе психикалық денсаулық болу қаупін төндіреді, баланың дамуына немесе өз-өзінің қамын ойлауына қауіп төндіреді деген сөз. Егер шара қолданбаса, осындай ұрымталдық факторлары балалардың толық әлеуетін іске асыра алмау жағдайына алып келуі мүмкін. Мұндай жағдайларда кеңейтілген қызметтер ұсынылады. Күрделі қиындықтар анықталған жағдайда патронаж қызметкері отбасымен басқа мамандармен кәсіпаралық ұжымда бірлесе отырып жұмыс жасайды, осылайша, мамандардың көмегіне қолжетімділікті арттырады.
Айта кеткен жөн, патронаж қызметкері отбасыны керекті маманға жіберген күнде де, әмбебап (жалпыға бірдей) қызметтерге үздіксіз қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін онымен үнемі байланыста болады. Яғни, отбасы басқа ұйымдардың қызметтерін пайдаланатын болса да, сіз отбасымен қарым-қатынастарда тұрақты орталық байланыстырушы буын болатыныңызды білдіреді.
Патронаж қызметіне арналған өңірлік ұсынымдармен танысып шығу үшін ЮНИСЕФ әзірлеген «ОШЕ/ТМД елдеріндегі патронаж қызметінің кеңес етілген стандарттарын» оқып шығыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |