Анықтамалық АҚпарат: сіздің РӨЛІҢіз және кәсіби ұмтылыстарыңыз 4 III 1-тарау 6



бет15/40
Дата09.09.2022
өлшемі4.75 Mb.
#460482
түріАнықтамалық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40
1, 2 модульдер

Өміршеңдікке септесу

Үйге барып қарау кезінде ана мен баланың денсаулығын жақсарту бойынша әрекеттеріңіздің бір бағыты болып өміршеңдікті дамытуға септесу табылады. Ондай әрекеттер:





  1. Қауіп-қатерге шалдыққышты азайта алады – мысалы, денсаулықты сақтау туралы ақпарат беру және шылым шегуді тоқтату бағдарламасына жаздыру арқылы қолдау көрсету ұрыққа немесе сәбиге токсиндер әсер ету қаупін азайтады. Үйде зорлық-зомбылыққа душар болатын ананың қауіпсіз жерге көшіп, осылайша стрессті ортадан құтылу мүмкіндігін арттыру үшін ақпарат беруге болады. Егер ерлі-зайыпты жұп ұрсысса және бір-біріне «төзе» алмаса, ерлі- зайыптыларға қолдау көрсету бағдарламалары туралы ақпарат және өзін-өзі ұстау әдістері және тиімдірек тілдесуге үйрету туралы ұсынымдар беруге болады.




  1. Ресурстарды және активтерді ұлғайту – ата-аналарға жергілікті қоғамдағы басқа қызметтер туралы ақпарат беру. Оларға келесілер кіруі мүмкін:

    • білім алуды және жұмыспен қамтылуды дамытуға қолдау көрсету;

    • бала тәрбиесіне қатысты тақырыптарда әңгімелесетін ата-аналар тобына немесе балаларға арналған ойын тобына қосылу үшін ата-аналарға көмектесу;

    • отбасының заң жүзінде құқығы бар кез-келген қаржылық көмек құралдарына қолжетімділігін қамтамасыз ету;

    • кішкентай балалары бар отбасыларға лайықты баспана алуға көмектесу.

Мұнда ата-аналарға жергілікті қоғамдағы өзге желілермен немесе аадмдармен байланысқа шығуға мүмкіндік беретін көмек те жатады, аталмыш адам топтары идеяларын және күш- қайратын жұмылдыратын жергілікті қоғамның аса мықты активі болуы мүмкін.

Алдыңғы тарауда айтылып кеткендей, патронаж қызметкері ретінде, сізге өзге мамандармен және ата-аналармен серіктестікті дамыту жауапкершілігі артылады. Осындай серіктестік арқылы басқа мамандармен отбасының мұқтаждықтары және мықты тұстары туралы өзекті ақпаратпен бөлісуге болады. Ұлыбританияда бір-біріне тәуелсіз жүргізілген ұрымтал топтарды зерттеулерде (Munro Review, 2011; Francis Inquiry, 2013) отбасылардың мұқтаждықтары «көрінбейтін» және оларға көңіл бөлінбейтін жағдайларға жол бермеу үшін ақпарат алмасудың төтенше маңыздылығы атап өтіледі. Ата-аналарды ақпарат алмасу үдерісіне араластыру оларға ашылуға және өздері туралы ағынан жарылуға көмектеседі, ал бұл, өз кезегінде, мұқтаждықтары еленбей қалары анық отбасылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге алып келеді (сондай-ақ, өзге секторлармен жұмыс жасау туралы модульді қараңыз).







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет