Анықтамалық АҚпарат: сіздің РӨЛІҢіз және кәсіби ұмтылыстарыңыз 4 III 1-тарау 6



бет27/40
Дата09.09.2022
өлшемі4.75 Mb.
#460482
түріАнықтамалық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40
1, 2 модульдер

Даму кезеңдері деген не?


Алғашқы қадам, алғаш рет күлімсіреу және қолмен «сау бол» деген ишарат білдіру сияқты дағдылар даму кезеңдері деп аталады. Балалар ойнағанда, әлденені үйренгенде, сөйлегенде, түрлі мінез көрсеткенде және қимылдағанда (еңбектегенде, жүргенде және т.с.с.) даму кезеңдерінен өтеді. Балалар түрлі даму салаларындағы даму кезеңдерінен бірдей реттілікпен өтеді. Баланың бойында ірі моторика дамуы әдетте келесі ретпен жүреді: аударылудан отыруға, еңбектеуге, тік тұруға, ал кейін жүруге ұласады.


Толығырақ ақпаратты «Даму мониторингі және скринингі» модулінен таба аласыздар.


    1. Қандай факторлар баланың ерте жаста дамуына әсер етеді




      1. Жақсы тамақтану және тиісті медициналық қызметтер көрсету


Жақсы тамақтанудың баланың өсуі мен дамуы үшін өмірлік маңызы бар. Жүкті әйелдің және кіші жастағы баланың тамағы әртүрлі және құнарлы болуы тиіс. Онда бала ағзасына өсуге көмектесу үшін ақуыздар және қажетті майлар, балаға сырқаттарға қарсы тұруға көмектесетін А дәрумені, баланың миы дұрыс дамуын қамтамасыз ету үшін йод және баланың ақыл-ой және физикалық қабілеттерін қорғау үшін темір сияқты қажетті құнарлы құрамдас бөліктер болуы тиіс.


Алғашқы алты айда талап еткен сайын тек емшекпен емізу, емізуді екі және одан да көп жыл бойы жалғастыру, сонымен қатар, алты айлығынан бастап қауіпсіз және нәрлі өнімдерді уақытылы енгізу кіші жастағы балалардың денсаулығына оңтайлы азықпен және пайдамен қамтамасыз етеді. Тамақтандыру уақыты – баланың бауыр басуы үшін және оны эмоциялық деңгейде ынталандыру үшін маңызды мүмкіндік.
Дұрыс тамақтандыруды және тиісінше медициналық қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету үшін патронаж мейірбикесі ата-аналарға және балаға күтім көрсететін тұлғаларға келесілер туралы айтуы керек:

  1. баланың темір және А дәрумені сияқты қоректі заттектерді жеткілікті алуын қалай қамтамасыз ету керек;

  2. алты айдан асқан балаларда қаназдықты және паразиттік ауруларды қалай болдырмауға болады;

  3. иммунизация және екпе алу кестесін сақтау қажеттілігі туралы;

  4. құрттардан тазарту неліктен маңызды екені туралы;

  5. балалардың арасында кең таралған сырқаттардың қалай алдын алуға және/немесе емдеуге болады.

Екпелерді уақытылы алған, дұрыс тамақтандырылатын, медициналық қызмет көрсетілетін, махаббатқа бөленген, күтушілеріне бауыр басқан нәрестелердің тіршілік ету және өркендеу мүмкіндіктері жоғарырақ болады. Олар зерттеуге, оқу-үйренуге, әлеуметтік, эмоциялық, танымдық, тілдік және моторлық дағдыларды дамытуға зейін қоя алады.


      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет