Отбасымен бірге сапар шегу
Сіз, патронаж қызметкері ретінде, отбасымен ұзақ уақыт бойы – жүктіліктен бастап, баланың бүкіл ерте балалық шағы бойы - жұмыс жасайсыз (4-сурет). Сіз балаларын оқытып-үйрететін және даму кезеңдерінен өтуге көмектесетін ата-аналарға қолдау көрсету үшін өз қызметтеріңізді ұсынатын боласыз.
Рис. 4. Отбасы сапары фотосуреттер түрінде
ҮЛГІ
Отбасының мықты тұстарын анықтау және активтер (мықты тұстар) негізіндегі әдістеме. Келесі мысалды талдаңыз – нақты жағдайды зерттеу
Кейс стади 1
10 жасқа толмаған төрт баласы бар (жаңа туылған сәбиін қоса) отбасы үш бөлмелі үйді (екі жатын бөлмесі бар) жалдап тұрады. Кішкентай балалардың біреуінің (2,5 жаста) арқасына және аяқтарына экзема (қышыма) шыққан. Ата-анасы дәріханадан жақпа май сатып алған, бірақ, экзема қышытуын тоқтатар емес, баланың ұйықтауына кедергі келтіреді. Анасы негізі толық емес жұмыс күні жұмыс істейді, бірақ, қазір нәресте күтіміне байланысты демалыста отыр. Әкесі жақында 5 апта бойы жұмыс істемеген, себебі, оған ота жасалған, дегенмен, ол әйеліне үй шаруасына көмектесе алған. Әйеліне оған дән риза, себебі, оған «бүкіл үй шаруасын орындау қиын болған, бір жағынан – нәресте, екінші жағынан – қышымасынан ұйықтай алмайты екінші бала». Отбасында төрт бала болғандықтан, оларды мектепке жөнелту үшін «әріл-берлі тынымсыз жүгіруге тура келеді», сонда да балалар мектепке жиі кешігіп барады.
Патронаж мейірбикесі нәрестеге әдеттегі тексеру жүргізіп, эмоциялық қолдау көрсетті. Балалардың үлкені отбасылық дәрігердің қабылдауында болған, ал ата-анаға мектепте орын алған оқиғаға байланысты заңгерге баруға тура келген. Осы уақыт ішінде ата-ана мен мектептегі мұғалім арасында бірнеше рет жайсыз әңгіме болған, солардың бірінде ата-ана қызбалыққа салынған. Отбасы осы ауданға жақында ғана көшіп келген, енді туыстарының қолдауы да азайған. Анасының бір-екі құрбысы пайда болған, олар бір-біріне көмек ретінде бір-бірінің балаларына қарап бере алады.
Патронаж мейірбикесі соңғы рет келгенде, анасы көз жасына ерік беріп, сәбиіне жақсы ана болмағанынан өзін нашар сезінетінін айтқан. Бала жылағанда, ол не істерін, оны қалай жұбатарын білмейді және баласына тиісінше қамқорлық көрсету үшін шыдамдылық жетіспейді деп ойлайды.
Осы сипаттамада біз қиын жағдайда өмір сүретін отбасыны көріп тұрмыз, әсіресе, анасына артылған жүк тым ауыр. Патронаж қызметкері қиын жағдайда қалған ата-анамен кездескенде, әңгіме түйіткілді мәселелер және қиындықтар айналасында өрбитіні анық, ал отбасының жетістіктері мен мықты тұстары сөз болары екіталай. Мұндай әдістеме «кемшіліктерге көп мән беретін» әдістеме болып табылады және түйіткілді мәселелер айналасында шоғырландырылатын әңгімелерге алып келеді. Балама әдістеме болып отбасында бар мықты тұстарға және ресурстарға, оларды мәселелерді ретету кезінде пайдалануға ерекше мән беретін «активтерді басты назарға алатын» әдістеме табылады. Денсаулық активтері деген не екенін егжей-тегжейлі талдай отырып, (Rotegård et al., 2010)xv жұмысының авторлары оларға
«емделушінің тәжірибесі, қалауы және білімі» деген анықтама берген. Осы авторлардың түсіндіруінше, мейірбикелер әрбір жағдайда активтер міндетті түрде болатынын түсінгенде, көрсетілетін қолдау жекелеген адамның және отбасының қажеттіліктеріне сай келуін қамтамасыз ете алады. Бұл адамдардың мықты қасиеттерін бағалауға және оларды пайдалануға мүмкіндік бередіxvi.
Патронаж қызметкері активтерге көңіл бөлуі үшін оған ата-аналарда бардың барлығын, олардың құндылықтарын және олар өздеріне отбасы үшін ненің маңызды деп санайтынын түсінетінін және бағалайтынын көрсететін әңгіме жүргізу қажет. Патронаж қызметкері ретінде сіз ата-аналарға өздерінің мықты қасиеттерін түсінуге және оларды шешім іздеу үшін және өмірлеріндегі қиындықтарды жеңетін іс-қимылдар жоспарын жасау үшін пайдалануға көмектесе аласыз. (Whiting et al, 2012)xvii жұмысының авторлары көрсеткендей, бұл әдіс ата- аналарға:
өз жағдайы туралы оң көзқараспен ойлануға,
қолдарында бары туралы ойланғанда, шындыққа жақын болуға,
жағдайын жалпы қалай түсінетінімен бөлісуге,
өздері және өз әлеуеті туралы көбірек білуге көмектеседі.
Жоғарыдағы кейс стадиде сипатталған оқиғадан активтерді анықтаңыз және патронаж қызметкерінің іс-әрекеттерін атаңыз (не айта және істей аласыз).
Достарыңызбен бөлісу: |