Page 16
Ф-ОБ-001/033
17
- туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, оның
ішінде облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдіктерінің
туризмді дамыту бағдарламалары мен жоспарларын үйлестіруді, туристік
қызмет саласындағы меншік нысандарына қарамастан, отандық, шетелдік және
халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдар мен туристік қызметті
жүзеге асыратын тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;
- соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар
береді;
- Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының
сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды
әзірлейді, жасасады және орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және
халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүдделерін
білдіреді және олардың жұмысына қатысады;
- туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережелерін бекітеді;
- туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін
арттыру ережелерін бекітеді;
- туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін және
туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру
және жүргізу ережелерін бекітеді;
- техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе
отырып, туристік қызмет саласындағы стандарттау аясындағы қызметті
реттейді;
- Қазақстан мен оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты халықаралық
туристік нарықта және мемлекет ішінде, оның ішінде туристік қызмет
саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер
өткізу жолымен таратады;
- туризм мен туристік индустрияны дамытудың стратегиялық бағыттарын
кешендік талдауды, болжауды жүзеге асырады және туристік саланы
дамытудың жай-күйіне мониторинг жүргізеді;
- туристік нарықты зерттеуге, туристік қызмет саласындағы баспа, жарнамалық
және картографиялық өнімге мемлекеттік тапсырысты орналастырады;
- туристік
саланы
дамытуға
үлес
қосқан
тұлғаларды
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға және құрметті
атақтарын беруге ұсынады;
- жеке құрамды және туризм жөніндегі кеңес туралы ережені әзірлейді және
бекітуге ұсынады;
- «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы»
Қазақстан
Республикасының
Заңына
сәйкес
міндетті
ведомстволық
есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және
бекітеді;
Достарыңызбен бөлісу: |