Қорытынды .................................................................................................. 80
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............................................................ 82
Қосымша ......………………………………………………….................... 83
Ф-ОБ-001/033
3
КІРІСПЕ
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдердің бірін атқарады. БҰҰ шешімі
бойынша 1975 ж. Дүниежүзілік Туристік Ұйым құрылды. Оның штаб-пәтері 1977
ж. бастап Мадрид қаласында. Қазіргі кезде бұл ұйымға 154 ел мүше. Ұйымның
басты мақсаты – экономика дамуына әсер ету үшін туризмді дамыту,
халықаралық түсіністік, бейбітшілік, жалпы сыйластық және адам құқығын,
адамдардың негізгі бостандығын қадағалау, тілге, дінге, ұлтқа бөлмеу.
Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы
ұлттық өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан
астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9-шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993
жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Туристік Ұйымға нақты мүше
болып кірді.Туризмнің тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға,
экономиканың барлық саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын
назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды
секторы деп анықтады [1]. Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта
басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи
алғы шарттары болып табылады. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым
салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің
тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында
шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің,
халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз
байланысты. Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен
халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды[1].
Туризм дамуының тарихы 4 кезеңнен тұрады:1-кезең. Ежелгі заманда
саяхаттың уәждері: сауда, білім алу, емделу, қажылық болды. Ежелгі Грецияда
спорттық сапарлар болған. Орта ғасырларды саяхаттың дiни факторы күшейе
түсті - мұсылман және христиан қасиеттеріне табыну басталды. Ағарту кезеңі
діни уәждерді әлсіздендіріп, сапарлардың жеке сипаты мен ағартушылық
бағытын күшейте түсті. ХІХ ғ. ортасына дейін саяхаттың ерекшелігі жылжу
құралдарының қарапайымдылығы болды. 2-кезең таңдаулы тур және көпшілік
туризмнің пайда болуы. Туризм дамуына транспорт дамуындағы төңкерістік
өзгерістер ықпалын тигізді. 1807 ж. Фултон пароход; 1814 ж. Стефенс паровоз
ойлап табуы, пошта байланысының жетілуі, Европадағы жол тораптарының
кеңеюімен жалғасты. Ғылыми техникалық прогресс және еңбеккерлердің
әлеуметтік күресі және қоғамның жұмыс халін жақсартуы жұмыс уақытының
кемуін қамтамасыз етті.1873 ж. Германияда төленетін демалыс енгізілді.
Трансорт тасымалдауының сапасы мен сенімділігінің артуы мен арзандауы
жұмыс уақытының қысқаруы, саяхатшылар санының өсуіне әкелді. Осыған
байланысты уақытша келушілерге қызмет көрсетуге маманданған алғашқы
кәсіпорындар пайда болды. ХІХ ғ. 2-жартысында демалыс индустриясы өз
өндіріс аумағын кеңейтті; қонақ-үй шаруашылық кәсіпорындарында бірінші
саяхат бюролары қосылды. Олардың мақсаты туристік сапарларды
Достарыңызбен бөлісу: |