Page 52
Ф-ОБ-001/033
53
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жобалы құжаттарының
өңделуі кезінде жүйенің әр түрлі әлементтерінің графикалық суреттелуі
маңызды орынға ие болады, мысалы ақпараттық үлгілердің, блок-схемалық
алгоритмдердің, ақпаратты өңдеудегі технологиялық процестердің, айналым
құжаттарының, ақпараттардың көптігі және т.б.
Тұтас ақпараттық жүйенің негізгі концептуалды схемасы бүтіндей
жүйені құрудың методологиялық аспектілерін көрсетеді және негізгі аспатық
құралдарды анықтайды, сонымен қатар функционалдық ішкі жүйелеріне
кіретін пәндік салалар. Ал функционалдық ішкі жүйелерінің ролінде ЛЕЖ
қолданылуы мүмкін.
Ақпараттың жүйенің жабдықтау бөлімі программалық, техникалық,
ақпараттық жабдықтаумен берілген. Олар бөлек кестелерде берілген.
Ақпараттық жүйенің функционалдық бөлімде мәліметтер базасынан
Депозиттік бөлімінің қызметкерлері және басқа көздердің алынған ақпаратты
қалай өңделетін және қандай құжаттар керек екендігі көрсетілген.
«Жобаларды есепке алу» – ақпараттық жүйенің есептер кешенінің бұл
белгілі бір мекеменің жобасын қабылдау, қадағалау оларды есепке алу және
басқару. Есепке алу базасына
мәліметтерді енгізу керек, егер де мәлімет
уақытысында енгізілмеген жағдайда программа ескерту жасайды және
уақытысында енгізуді талап етеді. Бұл жерде есепке келесі негізгі мәліметтер
енгізіледі:
кәсіпорынның аты;
кәсіпорынның атқаратын қызметі.
Осы топтастырылған мәліметтерді «Моделдеу және басқару бөліміне
өткізу».
«Моделдеу және басқару» - ақпараттық жүйенің есептер кешенінің бұл
есебінде өткен жылдардың көрсеткіштерін пайдалана отырып келесі жылға
болжамдар жасайды. Осы болжамдарды кәсіпорындар бойынша бизнес және
басқада сала бойынша, яғни бюджетке түскен көрсеткіштермен салыстыру.
Алынған нақты мәліметтер бойынша жақсы проектілер алынып, осы ірі
кәсіпорындарға берілген талаптары бойынша жіберіледі.
Ақпарат базасы – бұл АЖ-ні жұмыс істеуде қолданылатын реттелген
ақпараттың бірігуі. Ақпарат базасы машинадан тыс ақпарат базасы және
машинада ішіндегі ақпарат базасы бөлімдерінен тұрады.Машинадан тыс
ақпарат базасы – АЖ-ні жұмыс істетуде құжаттар мен белгілердің
(сигналдардың), мәлімдемелердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз
(ЕТ) адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс
ақпарат базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, мөлшерлік анықтама
құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері
мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді
іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал мөлшерлік анықтама құжаттар
(МАҚ) – шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп
айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әр түрлі тәртіптегіш мөлшерлеулерді,
Достарыңызбен бөлісу: |