Page 53
Ф-ОБ-001/033
54
мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды.
Жедел ақпарат дегеніміз – ол объектінің күйін осы уақыт сәтінде
бейнелейтін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте
бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады. Машина ішіндегі ақпарат
базасы – бұл АЖ-ні жұмыс істетуде қолданылатын, машиналық тасығыштарды
мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы
машиналық тасығыш – ДЭЕМ-ға ақпаратты автоматты түрде ендіруде
пайдаланылатын материалдық объект. Оған қатты магниттік табақшалар,
иілгіш магниттік табақшалар, магниттік барабандар, магниттік карталар,
фотохромды тасығыштар, микрофильмдер және басқа да тасығыш түрі жатады.
Ақпараттық жүйелерді жобалау әдістемесі
Компьютерді қолдануы бойынша, мысалы мәтіндерді теру, жобалау,
дизайн өндіріс әдісі ретінде қолданылады. Мұнда оның тиімділігі анық және
айтарлықтай жоғары. Бірақ пайдалану кезінде компьютер өндіріс әдісі болып
емес, ал бизнесте өндірістік ақпараттық-басқармалы процестерді, басқарудың
жергілікті және мемлекеттік
органдарын, денсаулық сақтау, ғылым,
мәдениетте немесе білімді қамтамасыз ету болып табылады.
Кәсіпкерлер үшін шешім қабылдау - іс-әрекеттің тиімді вариантын таңдау,
нақты практикалық қадамдарды анықтау. Шешім таңдау болған жағдайда ғана
қабылданады.
Таңдау оның өнімінің тауар немесе қызмет түрінде және
өндірістің дамуын болжау процесінде дайындалған іс-әрекеттің балама
жиынтығын қамтамасыз етеді. Маңызды шешімдер жеке сұрақтар бойынша
келісілген шешімдерді қабылдау үшін топшылау құратын
компанияның
өндірістік стратегиясын негізге ала отырып қабылдайды. Тиімді вариантты
таңдау негізінде: күтілетін пайда, мүмкін шығынды азайту, күтілетін
табыстарды дамыту мүмкіндіктері, күтілетін теріс оқиғаларды азайту, табысты
бағалау ықтималдығы, «иә» және «жоқ» бағалар, функционалды-бағаланатын
анализ идеясы және т.б. жүзеге асады. Бірақ кез келген әдісті қолдану үшін
бірнеше облыстарда: өнім, қызметтер мен технологиялық әдістер, өнімді
пайдалану ортасы, өткізу әдісі мен сату техникасы, нарықтар, бәселекестер,
мемлекеттің қызмет ортасындағы өзгерістер тенденциясы мен дүниежүзілік
нарық ауқаты және т.б. туралы толық және мағыналы ақпаратты жинау керек.
Компьютерді алу және оның негізінде ақпараттық технологияны құру үшін
келесі сұрақтар бойынша шешім қабылдау керек:
1. Компьютер (компьютерлер) қандай мақсат үшін алынады?
2. Ақпараттың жұмыс істеу жүйесі және құжат айналымы қалай құрылған?
3. Ақпарат жүйесі мен құжат айналымы қалай жақсартылады?
4. Ақпараттық технология тым рационалды (немесе радикалды) болып
қалай құрылу керек?
5. Қандай программалық кешендерді (қолданбалы программалар пакеті)
алу және бизнес-процестер спецификасы негізінде программалау керек?
6. Аппараттық комплекстер құру үшін қандай аппаратты-желілік әдістер
қажет?
Достарыңызбен бөлісу: |