Page 79
Ф-ОБ-001/033
80
Қорытынды
Ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеудің қазіргі индустриясының негізгі
ерекшеліктерін қанағаттандырады. Олар басқару және шешім қабылдауды
ұйымдастырады және қабылданатын шешімнің сапасын, толықтығын,
нақтылығын, дұрыстығын және өз уақытында берілуін әлдеқайда жоғарлатады.
Әлемде көптеген мәліметтер базасын басқару жүйелері бар. Олардың әр
түрлі объектілермен әр түрлі жұмыс істеу мүмкіндігі мен пайдаланушыларға әр
түрлі функциялар мен жабдықтар ұсынатындағына қарамастан МББЖ-нің көбі
ортақ негізгі түсініктердің тұрақты кешеніне негізделеді. Бұл бізге бір жүйені
қарастырып, оның түсініктерін, әдістерін және тәсілдерін МББЖ-нің барлық
классына жалпылауға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманда ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты
әлеуметтік-экономикалық салалар автоматтандырылуда. Соған сәйкес бұл
салаларды басқару орталықтандырылған жүйе бойынша жүзеге асырылуда.
Дипломдық жұмыста: Туристік бағыттар бойынша, қазіргі заманға сай
қонақ-үйлер, турбазалар, кемпингтер және т.б орналасу объектілерін, туристерге
әртүрлі тағамдар мен демалыс ұсына алатын мейрамханалар мен кафелер
құрылысына және реконструкциясына көңіл бөлу және т.б. мәліметтер
сақталады.
Енді, осы Дипломдық жұмысымды аяқтай келе келесідей негізгі
қорытындыларға тоқтала кетуді жөн көрдім:
Туристік фирма қызметінің бәсекеге қабілеттілігі – бұл оның
жетілдіруінің экономикалық және коммерциялық жағдайы сияқты эстетикалық,
техникалық, сапалық мінездеме бойынша тұтынушылардың нақты талаптарына
қызмет көрсетудің нарықтық жағдайға сәйкес келетіндігін көрсететін көп
функционалды сипаттағы экономикалық категория. Оны қызмет көрсетудің
кешенді тұтынушылық және құнық сипаттағы нарықтағы анықтаушы жетістік
деп көрсетуге болады. Кез келген қызметтің бәсекеге қабілеттілігі оның
аналогымен салыстыру нәтижесінде анықтауға болады. Нақты қоғамдық
қажеттілікті қанағаттандыу дәрежесі бойынша бәсекелес қызметтен берілген
қызметтің айырмашылығын көрсете отырып, ол қатысты көрсеткіш болып
табылады. Туристермен ақпараттық жұмыс жүргізу: «Туристер» мақсатты
тыңдаушылар қатарына əлеуетті туристер де жататындықтан, туристермен
ақпараттық жұмыс барысында алдын ала ақпараттандыру жəне орында
ақпараттандыру кезеңдерін қарастырған орынды. Туристерге бағытталған
материалдарда мəтін аз болып, графика немесе инфографиканы көп болғанын
атап өту керек, мысалы, буклет негізінен негізгі бағдарлар, көрнекті жерлер,
қонақ үйлер жəне белсенді демалу орындары белгіленген. Егер де ЕҚТА
бюджетінің өз қаржы есебінен мұндай картаны əзірлеп, шығаруға мүмкіндігі
болмаса, ол бірге қызмет ететін серіктестеріне – туристік жəне көліктік
компанияларға, демалыс орындарына, отельдер, мейрамханалар мен
дəмханаларға жəне т.б. осы басылымда өзінің модульдік жарнамасын
Достарыңызбен бөлісу: |