Page 17
Ф-ОБ-001/033
18
- осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан
Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады [2].
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР Заңының 12-
бабына сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергілікті
атқарушы орган:
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы
мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
- туризмді және туристік индустрияны дамыту стратегиясы, мемлекеттік,
салалық (секторлық) бағдарламалары аясында туризмді дамытудың өңірлік
бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді;
- өңірлік туризмді дамыту бағдарламаларын орындауға бағытталған іс-
шаралардың атқарылуын жүзеге асырады;
- туризмді дамытудың өңірлік бағдарламаларын орындауға бағытталған іс-
шараларды іске асыру жүзеге асырылады;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында; - туристік қызметті жүзеге
асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне;
- туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін
қажетті ақпаратты қалыптастырады және уәкілетті органға тоқсан сайын береді;
- туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және тиісті әкімшілік-
аумақтық бірліктің аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді
уәкілетті органға табыс етеді;
- облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) туристік
ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия
объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
- балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және
өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді;
- туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты
мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
- халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет
саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;
- туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен
туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты береді;
- туристік ақпарат орталығын құрады;
- жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының
заңнамасымен жергілікті атқарушы
органдарға жүктелетін өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады [2].
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР Заңының 13-
бабына сәйкес туризм жөнiндегi кеңес консультациялық-кеңесшi орган ретiнде
Қазақстан Республикасының Үкiметi жанынан құрылады. Туризм жөніндегі
кеңестің құрамына уәкілетті органның және мүдделі мемлекеттік органдардың
өкілдері, сондай-ақ туристік қызмет саласындағы қауымдастықтар мен өзге де
Достарыңызбен бөлісу: |