Page 15
Ф-ОБ-001/033
16
3) Қазақстан Республикасы туралы туризм үшiн қолайлы ел деген түсiнiктi
қалыптастыру;
4) Қазақстан Республикасының туристерi мен туристік қызметті жүзеге
асыратын тұлғаларының және олардың бiрлестiктерiнiң қауiпсiздiгiн,
құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мүдделерi мен
мүлкiн қорғау [2].
Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган (Қазақстан
республикасының индустрия және жаңа технологиялар министрлігі), жергілікті
атқарушы органдар (әртүрлі деңгейлердегі) сияқты мемлекеттік органдардың
роьдері мен жауапкершілік дәрежесі олардың туризм саласындағы құзіреттерін
айқындайды.
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР Заңының 10-
бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзіретіне мыналар кіреді:
- туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты айқындайды және іске
асырады;
- өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін
нормативтік құқықтық актілерді шығарады;
- туристік қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін
құрады;
- туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
- туристік қызмет көрсетудің үлгі шартын бекітеді;
- уәкілетті органның ұсынуы бойынша туризм жөніндегі кеңестің дербес
құрамын және ол туралы ережені бекітеді;
- шет мемлекеттермен туризм саласындағы ынтымақтастықты және өзара іс-
қимыл жасасуды жүзеге асырады;
- туристік қызмет көрсету ережелерін бекітеді;
- туристік ақпарат орталықтарын құрады;
- туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және
олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды [2].
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР Заңының 11-
бабына сәйкес уәкілетті орган:
- Қазақстан Республикасында туристік саланы дамыту бағдарламасын
әзірлейді;
- туристік салаға инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты
қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
- туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты, туризм мен туристік
индустрияны дамытудың стратегиясын, мемлекеттік, салалық (секторлық)
бағдарламаларын іске асырады;
- өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді,
заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтайды және оны жетілдіру жөнінде
ұсыныстар енгізеді;
- Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес
туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
Достарыңызбен бөлісу: |