Анықтамалық ақпараттық жүйесін құру


Page 21 Ф-ОБ-001/033



бет20/84
Дата02.12.2022
өлшемі192.89 Kb.
#466270
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   84
туризм диплом

Page 21


Ф-ОБ-001/033
22
ЕҚТА-тың картасынан жасалуы мүмкін. Егер де ЕҚТА бюджетінің өз қаржы
есебінен мұндай картаны əзірлеп, шығаруға мүмкіндігі болмаса, ол бірге
қызмет ететін серіктестеріне – туристік жəне көліктік компанияларға, демалыс
орындарына, отельдер, мейрамханалар мен дəмханаларға жəне т.б. осы
басылымда өзінің модульдік жарнамасын орналастыруға ұсыныс жасауына
болады жəне түскен қаржыға буклет-картасын шығара алады. Басқа нұсқа
есебінде ҮЕҰ қорын қатыстыруға болады.
Инфографика – ақпартты визуалды ұсыну. Интернеттің ізденіс қызметі
арқылы инфографиканы жасау жəне қолданудың сəтті үлгілерін табуға болады.
Алдын ала ақпараттандыру. Бұл кезеңде таратылатын ақпарат əлеуетті
туристті қызықтырып, оны сіздің туристіңіз қылуы керек. Əлеуетті туристке
бағытталған ақпаратта табиғи ландшафттың бірегейлігі жəне демалыстың
ерекшелігі/тартымдылығы туралы ақпарат, негізгі қызметтер тізімі мен
олардың бағасы жайында мəлімет болу керек.
Шетелдік туристке бағытталған ақпаратта келесі мəліметтер болу керек:
- ел жəне онда болу қауіпсіздігі туралы, жергілікті мəдениет жəне
табиғат, баруға қолайлы жыл мезгілі жайында, қызметтер тізімі жəне олардың
АҚШ доллары/ЕВРО баламасымен бағасы жəне т.б.;
- ЕҚТА, жергілікті халық пен сіздің серіктестеріңіздің жауапты туризмді
ұстануы;
- іс-əрекеттің кейбір түрлерін жүзеге асыруды немесе белгілі жерлерге
баруды, ондай жерлер болса, шектеу;
- етсіз қоректенуші туристерді қабылдауға даярлығы, жəне т.б.
Қазақстанда экологиялық туризмді дамыту жөніндегі жетекшілік 42
Коммуникациялық арналар ретінде ЕҚТА тəрізді бюджеттік ұйымға аса
қолайлы жəне ақпараттық кеңістіктің қазіргі даму беталастарында, атап
айтқанда – интернет-ресурстарына көп бағытталған кезде аса тиімді болып
келесілер ұсынылады:
- веб-сайттер:
- арнайы веб-сайттер – www.eco-tourism.kz (Экотуризмнің ақпараттық
ресурстық орталығы), www.fhc.kz (ҚР АШМ Орман жəне аңшылық
шаруашылығы комитетінің веб-сайты), www.etpack.ecotourism.kz (Қарағанды
ЭкоМұражайының «Орталық Қазақстандағы экологиялық туризм» веб-сайты)
жəне т.б.;
- серіктес турагенттіктердің жəне ЕҚТА қызметтесетін басқа да бизнес-
ұйымдарының веб-сайттері;
- веб 2.0–жобалары – мысалы «Википедия» еркін энциклопедиясы
сияқты, vkontakte.ru əлеуметтік желісі жəне т.б;
Веб 2.0 – ресми қабылданбаған, дегенмен 2005 жылдан веб-ресурстарды
белгілеу үшін кең қолданылатын термин. Олар адамдар көп қолданған сайын
жақсара түседі. Веб 2.0 ерекшелігі қолданушыларды интернет-ресурстарды
толтырып, мазмұнын бірнеше рет тексеріске тарту ұстанымы болып табылады.
Негізі: Википедия.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет