Анықтамалық ақпараттық жүйесін құру


Page 23 Ф-ОБ-001/033



бет22/84
Дата02.12.2022
өлшемі192.89 Kb.
#466270
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   84
туризм диплом

Page 23


Ф-ОБ-001/033
24
коммуникация арнасы ретінде қарастыра алады. Дегенмен сонымен бірге олар
айтарлықтай шығынды қажет етеді. Сонда да шетелдік жолсілтемелерде
(Lonely Planet’s Code Green, Travel Green Guide жəне т.б.) ақпаратты
орналастыру шетелдік туристерді қызықтыруда аса тиімді.
Орында ақпараттандыру
Егер алдын ала ақпараттандыру кезеңінде сіздің ақпаратыңыз əлеуетті
туристер назарына жетіп, сіздің экотурөніміңіздің бірегейлігі, қолайлығы жəне
сапалылығына көз жеткіздірсе, онда жақын арада сіздерге экотуристер тартыла
бастайды. Экотуристерге ЕҚТА-қа келгенде, қандай ақпаратты жəне оны қалай
ұсыну керек? Келуші экотуристке арналған ақпараттық пакет:
- жергілікті табиғат пен мəдениетті, белсенді демалысқа арналған негізгі
мүмкіндіктерді суреттейтін, сонымен қатар жүріс-тұрыс ережелері баяндалған
материалдар (мысал ретінде 6 Қосымшада 2002 жылы Экотуризм бойынша
халықаралық конференцияның қатысушыларымен əзірленген Қазақстанда
экотуризмді дамыту бойынша Практикалық кодексінен экотуристердің жүріс-
тұрыс ережелерінің Жетекшілік ұстанымдары келтірілген, олардың негізінде
ЕҚТА жергілікті тұрғындармен бірлесіп, жеке өз кодексін əзірлей алады);
- ЕҚТА-да белгіленген шектеуліктерге сəйкес орын алған жағдайда іс-
əрекеттің белгілі түрлеріне немесе белгілі жерлерге баруға тыйым салу;
- қосымша қызмет көрсету туралы ақпарат – ЕҚТА төңірегінде қосымша
қай жерге баруға болады, кəдесыйларды қайдан сатып алуға болады жəне т.б.
- ескерткішке арналған материалдар (ақысыз жəне коммерциялық) –
мысалы, ашық хаттар, «магниттер» жəне т.б.
Бұл кезеңде ақпараттандыру келесі тəсілдер арқылы жүргізіледі:
- туристермен нұсқау жүргізу;
- ЕҚТА-қа тікелей кірер кезде ақпарат ұсыну (мысалы, арнайы
ақпараттық стендтер арқылы);
- жергілікті экотуризмді ұйымдастырудың белгілі ұстанымдарын
интерпретациялау бойынша жұмыс жүргізу;
- қонақ үйлерде сал-дəстүрлерге қатысу арқылы;
- келу орталықтары мен табиғат мұражайларына бару;
- табиғатты қорғау акцияларына қатысу немесе оларды өткізу үшін
ақшалай жəрдем беру (мұндай практика еуропалық елдерде жəне АҚШ-да,
сонымен бірге бұл елдерден келетін туристер баратын мемлекеттерде кең
тараған).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет