Анықтамалық-КӨрсеткіш қарағанды 2022 мазмұНЫ


Үлгерімнің аралық бақылауы (Midterm Examination)



бет10/35
Дата18.11.2022
өлшемі3.95 Mb.
#465148
түріАнықтамалық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
АНЫҚТАМАЛЫҚ-КӨРСЕТКІШ

Үлгерімнің аралық бақылауы (Midterm Examination) – білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру, ол оқытушының бекітілген академиялық күнтізбесіне сәйкес жүзеге асады.

Үлгерімнің ағымдық бақылауы – білім беруші оқытушымен жүргізілетін оқу пәнінің әр тақырыбы мен бөлімі бойынша жүргізілетін жүйелік тексеріс.

Үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average – GPA) – білім алушының бір жыл ішіндегі таңдалған бағдарлама бойынша оқу жетістіктерінің орташа салмақтандырылған бағасы.

Форум – қатысушылардың барлығына немесе бір бөлігіне талқылау үшін Интернет желісінде ұсынылған тақырып.

Чат – бұл араласу түрі, әдетте «мәтіндік» болады, шынайы уақыт тәртібінде қолданушылар өздерінің хабарламаларын барлығына түсінікті тілде, яғни «виртуалды тақтада» көрсетеді.

Эдвайзер (Advisor) – белгілі мамандық бойынша оқу траекториясын таңдау (жеке оқу жоспарын құрастыруда) көмектесетін және білім беру бағдарламасын оқу кезеңінде меңгертуді қамтамасыз ететін, академиялық жетекші қызметін атқаратын оқытушы.
Internet-тің ақпараттық ресурстарыэлектронды пошта, телеконференциялар, алшақтатылған оқу каталогтары, виртуалды (желілік-электрондық) кітапханалар, онлайн журналдары, ақпараттық базалар, білім базалары және т.б.


оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері ЖӘНЕ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ



  1. Бір кредиттің академиялық көлемі 50 минут дәрісханалық уақытты құрайды.

  2. Бакалавриатта әрбір дәрістік, практикалық (семинарлық) және студиялық сабақтар міндетті түрде 2 сағаттық студенттің өзіндік жұмысымен (СӨЖ) қамтылады.

  3. Бір оқу семестрінің академиялық көлемі 15 аптаны құрайды.

  4. Күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер үшін бір оқу жылының академиялық көлемі 30 апта теориялық оқуды құрайды (немесе 2 семестр), 4 апта – студенттің қорытынды бақылауына, 7 апта – демалыс уақытына арналған.

  5. Академиялық сағат 1 контактілік сағатына (50минут) тең.

  6. Оқу жылының академиялық көлемі жазғы семестрдің есебінен 6 аптаға ұзартылуы мүмкін.

  7. Жазғы семестр студенттің жеке қалауы бойынша қосымша оқу қажеттілігін қанағаттандыру үшін және академиялық қарыздарын немесе оқу жоспарындағы айырмашылықты тапсыру мақсатында ұйымдастырылады.

  8. Қорытынды бақылау емтихан түрінде өтеді.

  9. Білім алушы «FX» белгісіне сай «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда академиялық пәндер бағдарламасын қайта оқымай-ақ, ақылы негізде жазғы семестрдің ұйымдастырылуынсыз қорытынды бақылауды қайта тапсыра алады. Емтихан тапсыру аралық аттестациялау кезеңінде жүргізіледі.

  10. Аралық аттестаттау кезеңінде оқу жоспарындағы пән (модуль) бойынша емтиханды қайта тапсыру «FX» белгісіне сәйкес «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда бір рет, қайта тапсыра алады, екінші рет қайта «FX» белгісіне сәйкес «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда жазғы семестрге жіберіледі.

  11. Үшінші мүмкіндікте білім алушы «FХ» және «F», эквивалентіне сай «қанағаттанарлықсыз» баға алатын болса, оқу орынан шығарылады және пәнді қайта тапсыру құқығынан айрылады. Сонымен қатар, студент өз қалауы бойынша басқа бағдарламаға немесе басқа университетке ауысады.

  12. Білім алушы «F» белгісіне сәйкес «қанағаттанарлықсыз» баға алатын болса, аталмыш пәнге қайта жазылып, сабақтың барлық түрлеріне қатысады, оқу жұмыстарының барлық тапсырмаларын орындайды және жазғы семестрде ақылы негізде қорытынды бақылауды қайтадан өтеді.

  13. Білім алушы қорытынды бақылауда оң баға алған жағдайда сол кезеңде бағаны көтеру мақсатында қайта аттестациялауды жүргізуге жол берілмейді.

  14. Оқу траекториясы және пәндер реестрін демалыс уақытында студенттің өзі анықтайды.

  15. Оқу траекториясы және пәндер реестрі ағымдық семестрдің аяғына дейін бекітілетін студенттің жеке жұмыс жоспарында(жоғарғы курс студенттері үшін),1 қыркүйекке дейін (І курс студенттері үшін) көрсетіледі. Жеке жұмыс жоспарында өзгерістер оқу жылы кезінде жасалмайды.

  16. Жеке жұмыс жоспарын декан немесе деканның оқу ісі жөніндегі көмекшісі бекітеді және ол деканатта сақталады.

  17. Жеке оқу жоспары эдвайзердің, яғни шығарушы кафедра оқытушыларының арасынан академиялық ұстаздың жетекшілігімен жүзеге асырылады.

  18. Оқу үдерісінің әдістемелік қамтамасыз етілуі шығарушы және қызмет көрсетуші кафедралардың күшімен жүзеге асырылады. Олар студенттерге мыналарды ұсынады:

  • пән бойынша силлабустар;

  • оқу жоспарындағы әрбір пәндер бойынша дәрісханалық жұмысқа арналған материалдар, оның ішінде дәріс тезистері, семинарлық сабақтардың жоспары, т.с.с.;

  • студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған материалдар, оның ішінде әрбір пән бойынша өзін-өзі бақылау материалдары, жаттығушы тестер, бақылау тапсырмалары, әрбір пән бойынша емтихан сұрақтары;

  • іс-тәжірибеден өтуге арналған материалдар, сонымен қатар іс-тәжірибенің барлық түріне арналған жоспарлар мен бағдарламалар;

  • дәрістердің элективті курсы.

  1. Студенттерді бір курстан екінші курсқа академиялық ауыстыру бекітілген орташа өту балымен жүзеге асырылады (GPA).

  2. Білім алушы "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, ол ақылы түрде келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде қайта тапсыра алады. Студент осы пәнге қайта жазылып оның барлық оқу сабақтарына қайта қатысып, ағымдық бақылау талаптарын орындап, мемлекеттік емтиханға рұқсат алады және оны тапсырады.

  3. "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан алған оң бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыру осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес ұқсас рәсім бойынша жүзеге асырылады.

  4. Жазғы семетр нәтижелерін қоса алғанда, оқу жылының қорытындысы бойынша барлық пәндерден оң баға ала алмаған білім алушы қайталап оқу курсына қалдырылады.

  5. Қайта оқу курсын қаржыландыру тек студенттердің өз қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет