Кітапхананың студентке көмегі
Қарағанды Бөкетов университеті ғылыми кітапханасы университеттің мәдени және ақпараттық орталығы болып есептеледі, әрі жоғары оқу орнының ғылыми және білім беру жұмысына көмек беру үшін ашылған. Профессорлық-оқытушы құрамды (ПОҚ), PhD докторанттарды, магистранттар мен студенттерді оқыту бейініне, ғылыми-зерттеу жұмысының бағытына және рухани сұраныстарына сәйкес ақпараттармен қамтамасыз ету кітапхананың негізгі міндеті болып табылады. Сонымен қатар, кітапхана студенттерге тәрбие беру жұмысына да ықпал етеді. Осы мақсатта кітапхана кітап қорын қалыптастырады, электрондық кітапхана және машина оқитын каталогтарды құрайды, ақпараттық және кітапханалық қызмет көрсетудің қазіргі заманғы жүйесін дамытады, Ғаламтор арқылы ғылым мен білім берудің өзекті ресурстарына қол жеткізуге жағдай жасайды.
Кітапханаға жазылу қызметкерлер басқармасының (ПОҚ және қызметкерлер үшін) берген мәліметтері бойынша және оқуға қабылдау бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Қолданушыға барлық оқу залдарына және ғылыми кітапхананың электрондық ресурстар залдарына кіруге рұқсат беретін бірыңғай оқырман билеті беріледі.
Университеттің кітапханалық қызмет көрсету жүйесі:
оқу залы (10 зал, 1000-нан аса орын);
электрондық ресурстар залы (1,3,4,6,8,9,11- ғимараттар-дағы 7 зал);
абонементтер (12);
каталогтар залы;
құжаттарды Интернет арқылы электронды жеткізу.
Залдар мен абонементтер үзіліссіз, дүйсенбіден сенбіге дейін кесте бойынша жұмыс жасайды. Жексенбі күні бас ғимараттың кітапханасы – оқу залы мен электрондық ресурстар кітапханасы жұмыс істейді (202 және 302 ауд.). Кітапхана қорын пайдалану ережесі мен жұмыс тәртібі туралы мәліметтер кітапхананың веб-сайтында (http://library.ksu.kz) орналастырылған. Студенттердің ақпараттық сауаттылығын дамыту мақсатында кітапхана экскурсия, дәрістер, кураторлық сағаттар және т.б. сияқты ақпараттық шаралар өткізіп отырады.
Электрондық ресурстар залында Ғаламторды тегін пайдалануға, жазылған және жеке мәліметтер базасын қолдануға мүмкіндік берілген, сонымен қатар мұнда білім беру телехабарларын, кітапхана қорынан фильмдер көру, аудиоматериалдарды тыңдау, ақпараттарды көшіру, құжаттарды ламинаттау, түптеу қызметтері көрсетіледі. Проекторлармен және интерактивті панельдермен жабдықталған залдарда стационарлық және веб-семинарлар, электрондық ресурстардың тұсаукесерлері және Ғаламтор-конференциялар өткізіледі.
Оқу залдарында кітапханада бар міндетті баспалар нұсқаларына және басқа да кітап қорларына еркін қолжетімділік мүмкіндігі ұсынылады. Бас ғимараттың оқу залында RFiD-технологиясы енгізілген. Жатақханаларда негізгі оқу әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен жұмыс істеу үшін оқу залдары ұйымдастырылған.
Оқу залдарында жаңа кітаптар көрмелері, кітаптардың тақырыптық көрмелері, мерейтой және мерекелік күндерге арналған кітапхана қоры баспаларының ашық көрмелері безендіріледі.
Кітапханада жаңа түсімдердің бюллетеньдері, электронды ресурстардың баспа каталогы, жедел-ақпараттар, жаңа ақпараттарды бақылауға арналған ақпараттық парақшалар, сонымен қатар пайдаланушыларға көмек көрсететін әдістемелік материалдар басылып шығарылады. Әрбір оқу корпусында орналасқан абонементтерденәдебиеттерді үйге алуға болады
Қызмет көрсетудің барлық орындарында кітапханалық-библиографиялық анықтамалар және кеңестер беріледі. Профессорлық-оқытушы құрам, магистранттар, студенттер үшін ақпарат күні, бірінші курс студенттерінің күні, кафедралар күні, диплом алушылар күні, ғылым күні, кітаптар мен электрондық оқулықтар күні өткізіледі.
Қарағанды Бөкетов университеті ғылыми кітапханасының кітап қоры университеттің маңызды ақпараттық ресурсы болып табылады. Оның көлемі қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, қытай, поляк және әлемнің басқа тілдерінде шығарылған 1 млн.700 мың дана кітаптан астам. Қор бакалавриат, магистратура, PhD докторантураның бағдарламаларына, ғылыми-зерттеу жұмыстары жобаларына, сонымен қатар пайдаланушылардың рухани сұраныстарына сәйкес қалыптасады.
Кітапхана қорынан ғылымның барлық бағыттары бойынша әдебиеттерді қағаз және электронды тасымалдағыштарда табуға болады. Бұған ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік, көркем әдебиет, анықтамалық және мерзімдік және жарияланбаған материалдар жатады.
Кітапхана қоры факультеттердің бейініне сәйкес оқу кітапханалары бойынша орналастырылған және кітап сөрелерінде ғылымды жіктеудің халықаралық кестесі бойынша қойылған. Әр басылымның міндетті даналары, сонымен қатар жалғыз, таралымы аз және құнды құжаттарыментек кітапхананың оқу залдарында пайдалануға болады.
Кітапханалық каталогтар кітапхана қорында бар кітаптар және де өзге де құжаттар тізімінен тұрады, ол кітаптарды іздеуге және алуға ыңғайлы болу үшін жүргізіледі. Каталогтар екі түрлі болады: карталық (дәстүрлі) және электрондық (машина оқитын). Қарағанды Бөкетов университеті кітапханасына 1996 жылдан бастап электрондық технологияның енгізілуіне байланысты ИРБИС – кітапханалық-ақпараттық кіріктірілген жүйе бағдарламасымен қамсыздандырылған электрондық каталог (ЭК) жүргізіледі.
ЭК кітапты, мақалаларды, оқу-әдістемелік кешендерді және басқа да құжаттарды келесі іздестіру элементтері: авторы, тақырыбы (кітап, мақала немесе басқа құжаттар атауы) жылы және баспа орны, басылым редакторы, кілт сөздер, құрастырушы, тақырыбы, пәні бойынша іздеуге, таңдауға арналған. ЭК ақпараттық массиві қолдануға ыңғайлы болу үшін «Кітаптар», «Мақалалар», «Оқу-әдістемелік кешендер», «Типтік бағдарламалар», «Эдектрондық кітапхана» және т.б. бірнеше каталогтарда берілген.
Каталогқа тікелей оқу залдарындағы, электрондық ресурстар залдарындағы, абонементтердегі, деканаттардағы, кафедралардағы және университеттің құрылымдық бөлімшелеріндегі дербес компьютерлерден корпоративтік желі бойынша, сондай-ақ, Ғаламтор бойынша кітапхана сайты арқылы (http//www.library.ksu.kz) қосылуға болады
Электрондық кітапхана (ЭК) толық мәтінді, мазмұны бойынша әмбебап оқу және ғылыми материалдардың мәліметтер базасы болып табылады. Оқыту үдерісін электрондық ақпараттармен жедел қамтамасыз етумақсатында құрылған. ЭК университетте 2005 жылы бекітілген арнайы жобаға сәйкес жасалған. ЭК құруға университеттің профессорлық-оқытушы құрамы, кітапхана, тіркеу кеңсесінің қызметкерлері ат салысады.
Студенттер үшін кітапханада "Академик Е.А. Бөкетов" деректер базасы құрылған, соның арқасында көрнекті қазақ ғалымының өмірі мен қызметі туралы, оның университеттің дамуы үшін қосқан үлесі туралы жан-жақты білуге болады. Қарағанды университеті туралы деректі "Alma mater Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ"мәліметтер базасынан алуға болады.
ЭК-ға профессорлық-оқытушы құрам дәрістерінің көшірмелері, оқу-әдістемелік кешендер, оқу презентациялары, «Қарағанды университеті хабаршысы» барлық сериялары (2000 жылдан бастап), «Жастар әлемі» газеті (1996 жылдан бастап), университет профессорлық-оқытушы құрамының ғылыми мақалаларының көшірмелері, сирек кітаптардың электрондық нұсқалары енгізілген. ЭК-да профессорлық-оқытушы құрам әзірлеген электрондық оқулықтары мен өзге де сырттан алынған электрондық оқулықтар (отандық және шетелдік) бар. Оқыту бағдарламалары, тест тапсырмалары, электрондық анықтамалық жүйе, жол көрсеткіш бар.
ЭК-ға электрондық ресурстар залдарында және кітапхананың сайты (http//www.library.ksu.kz) арқылы авторизация режимінде электрондық каталог аясында (тіркелген қолданушылар, яғни студенттер мен оқытушылар логин және пароль арқылы) кіруге болады. ЭК күн сайын жаңартылып, іздеу мүмкіндіктері артып отырады (контент-іздеу, автор, тақырып, тірек сөз, пән, мамандық бойынша іздеу).
Кітапхананың Ғаламторда http//www.library.ksu.kz сайты жұмыс істейді. Онда толық мәтіндік және кітапханалық ақпараттар, қолданушы сұранысына орай материалдар, кітапхананың қызмет көрсету түрлері берілген.
Кітапханада жоғары жылдамдықты ғаламторға тегін қол жеткізуге мүмкіндік берілген. Оның аясында сайттар мен интернет-порталдарда орналастырылған әлемнің жоғары оқу орындарының, ұлттық, университеттік кітапханалардың және ірі ақпараттық орталықтар мен компаниялардың, жеке ұйымдардың, шығармашылық ұжымдардың, ғылыми қоғамдастықтардың, желілік басылымдардың, ғалымдардың жеке қорларының білім беру, ғылыми және фактографиялық ақпараттарын алуға болады.
Университетке белгілі бір аралыққа жасалған шартқа сәйкес тегін және ақылы негізде ұсынылатын жазылып алатынмәліметтер базасына (бұдан әрі – МБ) электронды қор залдарында және кафедраларда да қолжетімділік беріледі. Жазылып алатын МБ – бұл белгілі мақсаттағы арнайы мәтіндік және басқа ақпараттар базасы, соған сәйкес библиографиялық немесе толықмәтінді, онлайн-журналдар, анықтама-іздеуші, ғылыми, нормативтік-құқықтық болып бөлінеді.
Кітапханада келесі жазылып алатын МБ-ға қол жеткізуге мүмкіндік берілген:
- «Параграф», «Республикалық жоғары оқу орны аралық электронды кітапхана», Е-library, ИВИС, Elsevier, Clarivate Analitics.
Ғаламтордың ашық қоры электронды қор залдарында, оқу залдарында, Wi-Fi сымсыз байланыс арналары бойынша кафедраларда, ғылыми зертханаларда, компьютер сыныптарында тегін болады. Студенттер үшін заманауи маңызды білім беру порталдары материалдарымен және пайдалы сайттар каталогы құрылады. Катологтар оқырмандарға қызмет ету орындарында болады. Желілік ақпаратты іздеу әдісі мен анықтама-ізденуші жүйені үйретуде Ғаламтор пайдаланушыларына көмек көрсетіледі. Пайдаланушыларға «жеке кабинет» құруға мүмкіндік бар.
Достарыңызбен бөлісу: |