Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Бақылау (учаскенің, цехтың) мастері



бет23/126
Дата24.04.2016
өлшемі2.72 Mb.
#79035
түріАнықтамалық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   126

Бақылау (учаскенің, цехтың) мастері



Лауазымдық міндеттері. Бекітілген учаскеде шығарылатын өнімдердің жинағын және ақаулықты есептеу, өнімдер мен қызметтердің сапасын көтеру және бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Өнімдердің (бұйымдар, жартылай өңделген өнім) сорттылығын бекіту дұрыстығын, оның бекітілген үлгілерге (эталонға), стандарттарға, техникалық шарттарға, және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкестігін, өндірістік процестің барлық сатысында техникалық режимдердің сақталуын, жұмыс орындарда техникалық бақылау бойынша әдістер мен нұсқаулықтардың, буып-түю және ыдыс сапасының, жабдықтың техникалық жағдайының және көлік құралының, шикізаттардың, материалдардың, жартылай өңделген өнімдердің, құраушы бұйымдардың, дайын өнімдердің сақталуын бақылайды. Шығарылатын немесе жеткізілетін бұйымдардың (төлқұжаттарын, сертификаттарын) жинағын және сапасын, өнімдер сапасының санаттары бойынша мінездемелерін куәландыратын техникалық құжаттамасын ресімдеу бойынша жұмыстарды басқарады. Өндірістік жабдықтың және құралдарының дәлдігін, бақылау-өлшеу құралдарының жай-күйін тексеру кестесінің сақтауын, олардың жұмыс орындарда болуын, мемлекеттік тексеріс үшін уақытында ұсынылуын қадағалайды. Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерді өндірудің алдын алу, ақаулықтың себептері мен ол үшін айыптыларды анықтау, дайын өнімге рекламацияның түсуін болдырмау, сонымен қатар өнімдер мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін және сапысын көтеруге бағытталған іс-шараларды әзірлеу және енгізу бойынша шаралар қолданады. Өнімдер сапасының аса жетілген басқару жүйесін, бақылау әдісін (бұйымдардың, жартылай өңделген өнімдердің және материалдардың келіп түскен құрамдас бөлшектерінің кіріс бақылауын қосқанда), жаңа және қайта қаралған қолданыстағы стандарттарды, техникалық шарттар мен басқа да нормативтер мен нұсқаулықтарды әзірлеуге және енгізуге қатысады. Бағыныштылардың еңбекті қорғау ережесін, техникалар қауіпсіздігін, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібінің ережесін сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Жаңа өнімдердің шығаруына, тапсырушының орындалған жұмыстарына (қызметтеріне) қатысады. Жұмысшылардың кәсіптік шеберлігін және біліктілігін арттыруға, оларды оқытуға, озық тәжірибелер енгізуге көмектеседі.

Білуге тиіс: өнімдер сапасын басқару бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы және басқа да нормативтік құқықтық актілері; әдістемелік және басқа да материалдар; өндірістің технологиялық процестері және режимдері; шығарылатын өнімдердің негізгі технологиялық және конструктивтік деректері; шикізаттарға, материалдарға, жартылай өңделген өнімдерге, құраушы бұйымдарға және дайын өнімдерге қойылатын техникалық және экономикалық талаптар; экономикалық қызмет түрінде және ұйымдарда қолданыстағы стандарттар, техникалық шарттар, сапалы көрсеткіштердің нормативтері, технологиялық нұсқаулықтар; өндірістің техникалық бақылау құралдары, әдістері және жүйелері; дайын өнімдерді, шикізаттарды, жартылай өңделген өнімдерді, құраушы бұйымдарды қабылдау және сақтау ережелері, сынамаларды сұрыптау әдістері, өнімдерді буып-түю және таңбалау тәртібі; тауарлық белгілер мен кодтар туралы ереже; өнеркәсіп өнімдерінің сапасын аттестациялау тәртібі; өндірістік ақаулықтардың түрлері оларды алдын алу және жою әдістері; өнімдерді қабылдау және сынақтан өткізу ережесі; өнімнің (жұмыстың, қызметтің) сапасын куәландыратын техникалық құжаттаманы рәсімдеу тәртібі; экономика, еңбекті, өндіріс және басқаруды ұйымдастыру; ішкі еңбек тәртібінің ережесі; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және өндірісте жұмыс стажы кемінде 1 жыл немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (арнайы орта, орта кәсіптік) білімі және өндірісте жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.


Учаске мастері



Лауазымдық міндеттері. Қолданыстағы заңнамаға және ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өндірістік учаскеге басшылық жасайды. Учаскенің белгіленген мерзімде өнім (жұмыстар, қызметтер) өндіру көлемі, сапасы, белгіленген номенклатурасы (ассортименті) бойынша өндірістік тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауын, еңбек өнімділігін арттыруды, жабдықты тиімді пайдалану негізінде өнімнің еңбекті көп қажет етуін төмендету, шикізатты, материалдарды, жанар-жағармайды, энергияны үнемді пайдалануды, шығынды азайтуды қамтамасыз етеді. өндірісті уақтылы дайындайды, жұмысшылар мен бригадаларды орналастыруды қамтамасыз етеді, технологиялық процестердің сақталуын бақылайды және олардың бұзылуы себептерін жояды. Жаңа технологиялық процестер мен өндіріс режимдерін, сондай-ақ өндірістік кестелерді жасауға және қолданыстағыларын жетілдіруге қатысады. Шығарылатын өнімнің және орындалатын жұмыстың сапасын тексереді, ақаулықтың алдын алу және өнімнің (жұмыстың, қызметтердің) сапасын жақсарту бойынша іс-шараларды жүзеге асырады. Учаскені реконструкциялау, технологиялық жабдықтарды жөндеу, өндірістік процестерді және қол жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру бойынша аяқталған жұмыстарды қабылдауға қатысады. Еңбектің озық әдістері мен тәсілдерін, сондай-ақ оны ұйымдастыру, аттестаттау және оңтайландыру нысандарын енгізуді ұйымдастырады. Жұмысшының өндіру нормаларын орындауын, өндірістік алаңдарды, ұйымдық-техникалық керек-жарақтар мен құралдарды дұрыс пайдалануын, учаскенің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Бригадаларды қалыптастыруды (олардың санын, кәсіптік-біліктілік құрамын) жүзеге асырады, бригадаларға тиімді қызмет көрсету бойынша іс-шараларды әзірлейді және енгізеді, олардың қызметін үйлестіреді. Бекітілген өндірістік жоспарлар мен кестеге сәйкес өндірістік тапсырмаларды, жабдықтарды, шикізатты, материалдарды, құралдарды, жанар-жағармай мен энергияны пайдалану бойынша нормативтік көрсеткіштерді белгілейді және оларды жекелеген жұмысшыларға (бригадалардың құрамына кірмейтін) уақтылы жеткізеді. Жұмысшыларға өндірістік нұсқау жүргізеді, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария, жабдықтар мен құралдарды техникалық пайдалану ережелерін орындау, сондай-ақ олардың сақталуын бақылау шараларын жүргізеді. Еңбекті ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын енгізуге жәрдемдеседі, өңдеу және бағалау, сондай-ақ Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес жұмысшыларға разряд беру нормаларын қайта қарау туралы ұсыныстарын енгізеді, жұмыстарды тарифтеу, учаске жұмысшыларына біліктілік разрядтарын беруге қатысады. өндірістік қызметтің нәтижесін талдайды, жұмыс уақытын, өнім өндіру және бос тұру уақытын есепке алу бойынша бастапқы құжаттарды уақтылы және дұрыс ресімдеуді қамтамасыз етеді. Озық тәжірибенің таратылуына, бастамашылықтың дамуына, өнертапқыштық ұсыныстар мен өнертабыстарды енгізуге жәрдемдеседі. Еңбек шығындарының нормаларын, техникалық негізделген нормалар мен нормаланған тапсырмаларды белгіленген тәртіппен қайта қаралуын, жалақы мен сыйлықақы беру жүйесінің дұрыс және тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді. Шығарылатын өнімнің саны, сапасы және ассортименті бойынша өндіріс қорын анықтау бойынша, қолайлы еңбек жағдайларын жасау, өндірістік ұйымдастырушылық-техникалық мәдениетін арттыру, жұмыс уақыты мен өндірістік жабдықтарды тиімді пайдалану бойынша жұмыстарды жүзеге асыруға қатысады. Жұмысшылардың еңбекті қорғау ережелері мен техникалық қауіпсіздікті, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібін сақтауын бақылайды. Жұмысшылар мен бригадирлердің біліктілігі мен кәсіптік шеберлігін арттыру жұмыстарын қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс: учаскенің өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік материалдар; учаске шығаратын өнімге қойылатын техникалық сипаттамалар мен талаптар, оны өндіру технологиясы; учаскені жабдықтау және оны техникалық пайдалану ережесі; учаскенің өндірістік-шаруашылық қызметінің әдістері; жұмыстар мен жұмысшыларды тарификациялау тәртібі; жұмыстардың нормалары мен бағалары, оларды қайта қарау тәртібі; еңбекақы төлеу және материалдық ынталандыру туралы қолданыстағы ережелер; өндірісті басқару бойынша озық отандық және шетелдік тәжірибе; экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру; ішкі еңбек тәртібінің ережесі; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасысың негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және өндірісте кемінде 1 жыл жұмыс стажы немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (арнайы орта, орта кәсіптік) білімі және өндірісте жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс. Тиісті мамандық бойынша білімі болмаған жағдайда өндірісте жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Менеджер


Лауазымдық міндеттері. Тұрақты қызмет ету, іскерлік беделді қолдау есебінен және берілген уәкілеттіктер мен бөлінген ресурстарға сәйкес тұтынушылардың талабын қанағаттандыру мен табыс алуға бағытталған кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның <*> кәсіпкерлік немесе коммерциялық қызметін басқаруды жүзеге асырады. Кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына байланысты кәсіпкерлік немесе коммерциялық қызметін жоспарлайды. Бизнес-жоспарлардың және коммерциялық шарттардың, жасалатын келісімдердің, шарттардың және контракттардың даярлануы мен орындалуына бақылау жүргізеді, мүмкін тәуекелді бағалайды. Өндірісті ынталандыру және өнімді өткізу көлемін көбейту, тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасы мен бәсекелестігін арттыру, материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын үнемді және тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастыру-техникалық, экономикалық, кадрлық және әлеуметтік-психологиялық мәселелерді талдайды және шешеді. Кадрларды іріктеуді және орналастыруды, олардың мамандық өсуінің ынталандырылуын, еңбекті бағалау мен оның сапасын ынталандыруды жүзеге асырады. Сыртқы байланыстарды кеңейту және тәжірибемен алмасу үшін іскерлік әріптестермен байланысты, қажетті ақпаратты жинастыру жүйесін ұйымдастырады. Өндірілетін өнімге немесе көрсетілетін қызметтерге деген сұранысты талдауды, сатып алушылардың сұранысын зерттеу және бағалау арқылы сату болжамы мен ынталандырылуын жүзеге асырады. Инновациялық және инвестициялық қызметті, кәсіпкерлік немесе коммерциялық қызметтің одан әрі дамуымен байланысты жарнамалық стратегияны даярлауға қатысады. Табыстылықтың, бәсекелестіктің және тауарлар мен қызметтердің сапасының өсуін, еңбек тиімділігінің ұлғаюын қамтамасыз етеді. Белгілі бір бағыт (учаске) шеңберінде қызметті үйлестіруді, оның тиімділігін талдауды жүзеге асырады, бөлінген ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалану бойынша шешімдер қабылдайды. Түрлі мәселелер (құқықтық, техникалық, қаржылық және т.б.) бойынша міндеттерді шешу үшін кеңесшілер мен сарапшыларды қатыстырады.
<*> Кәсіпкерлік немесе коммерциялық қызметтің ауқымына байланысты менеджер осы қызметтің бір немесе бірнеше бағыттары (учаскелері) бойынша басқаруды жүзеге асырады.

Білуге тиіс: кәсіпкерлік және коммерциялық қызметті реттейтін заңнама және нормативтік құқықтық актілер; нарықтық экономика, кәсіпкерлік және бизнесті жүргізу; нарық конъюнктурасы, баға белгілеу, салық салу тәртібін, маркетинг негіздері; менеджмент, макро- және микроэкономика, іскерлік әкімшілік теориясы, биржалық, сақтандыру, банкілік және қаржылық істің негіздері; персоналмен жұмыс істеу теориясы мен тәжрибесін; жарнамалық кампанияларды жүргізу нысандары мен әдістері; бизнес-жоспарларды және келісімдердің, шарттар мен контракттардың коммерциялық талаптарын даярлау тәртібі; социология, психология және еңбек ынталылығының негіздері; іскерлік қатынас этикасы; өндіріс технологиясының негіздері; кәсіпорынды басқару құрылымы, инновациялық және инвестициялық қызметтің перспективалары; жұмысшылардың іскерлік қасиеттерін бағалау әдістері; іс жүргізу негіздері; қазіргі кезге сай техникалық құралдарды, коммуникациялар мен байланыс құралдарын, есептеу техникасын пайдалана отырып ақпаратты өңдеу әдістері; еңбек туралы заңнаманың негіздері; менеджмент саласындағы алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибе; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі мен мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 2 жыл болуға тиіс.

Жоба менеджері


Лауазымдық міндеттері. Жобалармен басқару жоспарын дайындауға қатысады, жоба құжаттамасын қалыптастырады. Жобаны әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етеді. Жобалар бойынша сату болжамын, жоспарды бақылау және түзетуді дайындайды. Жобалар бойынша шығыстар, кірістер, ақша қаражатының жылжу жоспарларын дайындауды жүзеге асырады. Жобалардың кезеңдері бойынша қажетті құжаттаманы жүргізеді. Өзгерістерді жобаның кураторларымен келіседі. Бекітілген жоспарға (кестеге) сәйкес өнімді шығару мерзімін бақылауды жүзеге асырады. Жобаны іске асырылу барысының орындалуына және мониторингіне қатысады. Техникалық тапсырманы және жобаның жеткізушілері мен қатысушыларының арасындағы келісімшарттарды әзірлейді. Жобаның коммуникациясын, мазмұнын, мерзімін, құнын, тәуекелін, сапасын басқаруға қатысады. Жобалар бойынша жұмыстарды орындау сапасын бақылайды. Жобаның бюджетіне сәйкес қаржы қаражатының мақсатқа сай қолданылуын бақылауды қамтамасыз етеді. Жобалау топтарына қатысушылардың жұмыстарын үйлестіреді. Кеңестерді өткізуге және оларды бекітілген жобаларды орындау мәселелері бойынша жобалауға бастама жасайды. Жобалар бойынша іс-шаралар мен жұмыс нәтижелері туралы ақпараттық шолуды жасайды және оларды жобаның әріптестеріне ұсынады. Жобалар бойынша аралық және қорытынды есептерді қалыптастырады және келіседі және оларды жобалардың жетекшілеріне ұсынады. Құпия ақпаратпен жұмыс ережесін сақтайды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс: ұйымның кәсіпкерлік және коммерциялық қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері; жобаларды басқарудың құралдары және әдістері; құнын, тәуекелдер мен ресурстарды бағалау әдістері мен өлшемдері; жобалау құжаттарын жасау ережесі; іскерлік қарым-қатынас, келіссөздер жүргізу этикасы; жұмыстар құрамын өнім берушілермен келісу тәртібі; маркетинг негіздері; менеджмент теориясы; бизнес-жоспарлар мен келісімдердің, шарттардың, келісімшарттардың коммерциялық талаптарын әзірлеу тәртібі; жобаның команда құрамындағы жұмыстың теориясы мен практикасы; баспа жобалау қызметінің негіздері; редакциялық-баспа процессінің негіздері; жобаны іске асыру бойынша мониторингті ұйымдастыру және есептерді қалыптастыру кезеңдері; жобаны басқаруда ақпараттық жүйелерді қолдану әдістері; экономика негіздері; менеджмент саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және жұмыс стажы кемінде 1 жыл болуы немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсiптік (орта арнайы, орта кәсiптік) бiлiмі және жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс. Тиісті курстарда оқығаны туралы сертификаты немесе кәсіптік сертификаттың болғаны дұрыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет