Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі әкімгер



бет50/126
Дата24.04.2016
өлшемі2.72 Mb.
#79035
түріАнықтамалық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   126

Ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі әкімгер

Лауазымдық міндеттері. Пайдаланушылардың өкілеттігіне шектеуді, ақпараттық ресурстарға қол жетімділік тәртібін, және негізгі және қосалқы техникалық құралдар мен жүйелерді қолдану тәртібін орнатады. Жұмысшылардың ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар тізіміне сәйкес жұмыстарды ұйымдастыруды орындауына бақылауды жүргізеді, штаттан тыс жағдайлардың есебін жүргізеді. Басшылықты және қауіпсіздік қызметтің өкілетті қызметкерлерін басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің элементтеріне, ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттері мен оқиғалары туралы ақпараттандырады. Басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің қауіпсіздік механизмдері мен сервистерін, ақпарат пен бақылауды техникалық қорғаудың құралдары мен кешендерін басқаруды жүзеге асырады. Ақпаратты өңдеудің орнатылған технологиясын сақтамау және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындамау кезінде жұмысты тоқтатады, ақпаратты қорғаудың технологиялық шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды. Аппаратты және бағдарламалық құралдардың жетілдіру және орнату бойынша жұмыстарды бақылайды; электронды құжаттар мен деректер массивтерінің мұрағаттық және резервтік көшірмелерін жасау, есепке алу, пайдалану және сақтау бойынша жұмысты бақылайды. Басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің бағдарламалық-аппараттық кескініне өзгерістер енгізу бойынша жұмыстарға қатысады және оның ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына сәйкес болуын бақылайды. Ақпаратты электрондық жеткізгіштердің есебін жүргізеді, оларды қабылдауды, жауапты орындаушыларға беруді, сақтауды жүзеге асырады, олардың дұрыс пайдаланылуын бақылайды.

Білуге тиіс: Мемлекеттік құпия немесе басқа да қол жетімділігі шектеулі ақпаратты қорғаумен байланысты қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңдар және басқа да нормативтік құқықтық актілері; ақпаратты техникалық қорғауды қамтамасыз етумен байланысты сұрақтар бойынша нормативті және әдістемелік құжаттар; қорғалуға тиіс ақпараттандыру объектілері; ұйымның және оның бөлімшелері қызметінің бағыттары мен мамандануы, қолданылатын ақпараттық технологиялар мен жүйелер, басқару, байланыс және автоматтандыру құрылымы; техникалық барлау әдістері және олардың мүмкіндіктерін бағалау әдістері, ақпарат қауіпсіздігінің қауіптері және бұзушылықтардың жіктелуі (санаттары); ақпараттандыру объектілерінің техникалық құралдармен, ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары және кешендерімен, басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің қауіпсіздік механизмдері және сервистерімен жарақталуы; қол жетімділікті шектеу ішкі жүйелері, қасақана ықпал етуден қорғанудың ішкі жүйелері; ақпараттың тұтастығын бақылау, олардың дамыту және жаңғырту перспективасы; қауіпсіздік жүйелерінің жай-күйін бағалау, ақпараттың таралу каналдарын анықтау, сыни есептеуіш және ақпарат ресурстарын көшіру және резервтеу процесін бақылаудың нәтижелерін бағалау әдістері; бақылау және ақпаратты қорғаудың техникалық, бағдарламалық бағдарламалық-аппараттық құралдарымен, басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің қауіпсіздік механизмдері және сервистерімен жұмыс жасау тәртібі; экономика, басқару және еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздігі талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және ақпаратты қорғау бойынша маманның лауазымында жұмыс стажы кемінде 2 жыл болуы тиіс.




Аудитор (ревизор)

Лауазымдық міндеттері. Бизнестің түрлі аспектілеріне байланысты бухгалтерлік қызметтер көрсетеді. Меншік нысанына қарамастан мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның қаржылық қызметін талдайды. Бухгалтерлік құжаттарды және есептілікті тексеруді, оның шынайылығын бағалауды, сондай-ақ жүргізілген қаржылық операциялардың заңдылығын, олардың заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкестілігін, салық салудың белгіленген тәртібін ішкі және сыртқы бақылауды жүзеге асырады. Айыппұл және басқа санкциялар қолдануға, пайданың төмендеуіне әкеп соғуы және кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның беделіне теріс әсер етуі мүмкін қате есептеулердің және қателердің алдын алу мақсатында қажетті ұсыныстар береді. Заңды және жеке тұлғаларға шаруашылық және қаржы қызметінің, бухгалтерлік есептіліктің мәселелері, салық салу, заңсыз ұсынылған талап-шағымдарды даулаудың қолданылып жүрген тәртібінің проблемалары және оның құзыретіне кіретін басқа мәселелер бойынша кеңес береді. Төрелік соттарда төлем жасауға қабілетсіздік туралы талап-шағымдарды қарауға қатысады. Нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қадағалайды, мемлекеттің және клиенттің мүдделерін келісу жөнінде шаралар қабылдайды.

Білуге тиіс: кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның өндірістік және шаруашылық қызметіне қатысты заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік материалдар; шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістерін, экономиканың заңдылығы және ерекшеліктері; еңбек, қаржы, салық және шаруашылық заңнамасы; бухгалтерлік есеп жүргізу және есептілік жасау жүргізу тәртібі; кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның шаруашылық-қаржы қызметін талдау әдістері; тексерулер және құжаттамалық тексерулер жүргізу тәртібі; ақша айналысын, кредитті, баға құру тәртібі; заңды және жеке тұлғаларға салық салу талаптары; бизнесті ұйымдастыру және жүргізу ережелері; іскерлік қатынас этикасы; экономиканы, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру; қаржылық операцияларды ресімдеу және құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, қосымша арнайы дайындығы және бухгалтерлік жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және қосымша арнайы дайындығы, бухгалтерлік жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет