Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет58/126
Дата24.04.2016
өлшемі2.72 Mb.
#79035
түріАнықтамалық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   126

Біліктілікке қойылатын талаптар.

I санатты сапа жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм, II санатты сапа жөніндегі инженер лауазымында жұмыс стажы кемiнде 2 жыл болуы тиіс.


II санатты сапа жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, санатсыз сапа жөніндегі инженер лауазымында жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы тиіс.

Сапа жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, жұмыс стажына талаптар көрсетілмейді немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және І санатты техник лауазымында кемінде 3 жыл стажы болуы керек.



Жабдықты жинақтау жөніндегі инженер
Лауазымдық міндеттері. Ұйымның жөндеу-пайдалану қажеттіліктерінің және түбегейлі жөндеуін жинақтау бұйымдары және жабдықпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындайды. Ұйым бөлімшелерінің тапсырыстардағы жабдықтар мен жинақтаушы бұйымдардағы қажеттіліктерін анықтаудың дұрыстығын тексереді және соның негізінде, сондай-ақ жобалау құжаттамасы мен титул парақтарына сәйкес қажетті есептер және негіздемелері бар тапсырыстарды құрады. Құрылыстық-монтаждау жұмыстарының бекітілген аяқтау мерзімдерінің негізінде жабдықтарды жеткізу кестелерін әзірлейді. Жабдықтаушылармен стандартталмаған жабдықты дайындауға тапсырыс келісімдер жобаларын, оларды орындауға техникалық шарттарда жобалау ұйымдарымен бірлесе келістіру үшін материалдар дайындайды. Ұйымның материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспарларының орындалуын, жабдықтаушылардың жеткізілімнің бекітілген кестелерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Актілерді құрады, жабдықтаушылардың келісімдік міндеттемелерді бұзуы кезінде талаптар бойынша хат жазысады, жеткізілім мерзімдерінің өзгеруін, жабдықтың және жинақтаушы бұйымдардың алмастырылуын келістіреді. Жабдық пен жинақтаушы бұйымдардың сапалы және сандық қабылдауын бақылайды, оларды қоймалау, консерванттау, құрылыстық-монтаждық ұйымдар мен ұйымдар бөлімшелеріне уақтылы берілуін бақылайды. Жабдық және жинақтаушы бұйым, орнатылмаған және қолданылмайтын жабдықтың нормадан тыс запастарын анықтау бойынша жұмыстарды жүргізеді, оны жүзеге асыру бойынша ұсыныстар енгізеді. Ұйымның материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспарының орындалуы туралы есептілікті құру үшін қажетті деректерді дайындайды.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері, материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша әдістемелік және басқа материалдар; ұйымның техникалық даму келешегі; ұйымның материалды-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру; жинақтаушы бұйымдар мен жабдықты ұйымдастырудың номенклатурасы; жабдықтың, жинақтаушы бұйымдардың техникалық ерекшеліктері, сындарлы сипаттамалары; жобалау барысында еңбекті ұйымдастырудың негізгі талаптары; жаңа әдістер мен өлшеуіш құралдарын енгізудің экономикалық тиімділігін анықтау тәртібі; экономика, еңбек, басқару, өндірісті басқару негіздері; Қазақстан Республикасы еңбек туралы заңнама негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

I санатты жабдықты жинақтау жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм, II санатты жабдықты жинақтау жөніндегі инженер лауазымында жұмыс стажы кемiнде 2 жыл болуы тиіс.



II санатты жабдықты жинақтау жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм, санатсыз жабдықты жинақтау жөніндегі инженер лауазымында жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы тиіс.

Жабдықты жинақтау жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және жұмыс стажына талаптар көрсетілмейді немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және І санатты техник лауазымында кемінде 3 жыл стажы болуы тиіс.

Метрология жөніндегі инженер
Лауазымдық міндеттері. Өндірілген өнімнің сапасын арттыру үшін ұйымның шығаратын өнімдерін шығару, қолдану, сынақтан өткізуге бағытталған метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады. Жаңа өлшеуіш техниканы ендірудің ағымдағы және болашақтағы жоспарларын жасауға қатысады, өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жоспарларына және экономикалық қызмет түріне байланысты метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық жоспарларына ұсыныстар жасайды, құралдар мен өлшеу әдістеріне, өнімнің сапасын және бәсекелестігін, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін арттыру жөніндегі шараларға қатысу. Өлшем түріне қарай жергілікті тексеру сызбаларын жасайды, өлшеу құралдарын тексеру жиілігін бекітеді және оларды өткізудің календарлық тізімін жасайды. Ұйымда жасалатын және өзге ұйымдардан түсетін конструкторлық және технологиялық құжаттарға метрологиялық экспертиза жасайды, стандартталмайтын өлшеуіш құралдарға метрологиялық сараптама жүргізеді. Құралдарды және өлшеу әдістерін таңдау жұмыстарын атқарады, оларды атқару әдістемесін жасап шығарады. Арнайы мақсаттағы өлшеу құралдарын жобалау мен жасау үшін техникалық тапсырма дайындауға қатысады, ұйымның шығарған өнімдерін аттестациялау мен сертификаттауды дайындауға қатысу, өнімнің жаңа түрлеріне сынақ жасау, сондай-ақ, өлшеу құралдарының жағдайына, бақылау және сынаққа қатысты өнім жарамсыздығын, шикізаттың, материалдардың, энергияның және өндірістегі өзге де өндірістік емес шығындардың себептерін сараптамада технологиялық режимдердің бұзылу себептерін көрсетуге тиісті. Күрделі өлшеуіш құралдарын, технологиялық жабдықтардың бекітілген дәлдіктерге сәйкестігін тексереді, технологиялық процесстер мен өнімдерді сынау барысында күрделі өлшемдерді жүзеге асырады, және де ұйымның бөлімдері арасында құралды таңдау мен өлшеу әдісін таңдауға және дәлдікті бағалауға қатысты қарсылықтар туындағанда, оларды шешуге қатысу, және олардың нәтижесі бойынша қорытындылар жасайды. Мемлекеттік стандарттар, экономикалық қызмет түріне орай стандарттар, ұйымдардың стандарттарын және өлшемдердің дәлдігін реттейтін өзге де нормативтік құжаттарды негіздеуге қатысады. Жаңа өлшеу құралдары мен әдістемелерін енгізудің экономикалық тиімділік есептерін жасайды. Ұйым бөлімдерінің өлшеу құралдарына қажеттілігін анықтайды, оларды сатып алуға өтініштер жасайды. Өлшеу құралдарын монтаждау, орнату және қолдануға міндетті бақылау жасайды, ұйымға қайта түскен құрылғыларды техникалық қабылдауды жүзеге асырады. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің еліміздегі және шет елдердегі алдыңғы қатарлы тәжірибесін зерттейді. Метрологияға қатысты стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттарды жасау мен келісім беруге қатысу. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жоспарларының орындалуы туралы есептер жасайды.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері; өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелер мен өзге де материалдар, өнімдерді метрологиялық аттестациялау, пайдалану, жөндеу, тексеру, юстировка және өлшеуіш құралдарын сақтау жөніндегі стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттар; ұйымның шығарған өніміне қойылатын техникалық талаптар мен оны шығарудың технологиясы; өлшеуіш құралдарының техникалық сипаттамасы, конструктивті ерекшелігі; олардың жұмыс жасау қағидалары, оларды жөндеу технологиясы; өлшеу әдістері; өнімдерді аттестациялау мен сертификаттаудың тәртібі; метрологиялық бақылау мен өндірісті қамтамасыз ету облысындағы еліміздің және шет елдің алдыңғы қатарлы тәжірибесін білу; жобалау барысында еңбекті ұйымдастырудың негізгі талаптары; жаңа әдістер мен өлшеуіш құралдарын енгізудің экономикалық тиімділігін анықтау тәртібі; экономика, еңбек, басқару, өндірісті басқару негіздері; Қазақстан Республикасы еңбек туралы заңнама негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет