Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет6/126
Дата24.04.2016
өлшемі2.72 Mb.
#79035
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126

Бас металлург



Лауазымдық міндеттері. Тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметіне бөлімшенің жұмысын бағыттау және үйлестіру, қолданылатын технологияларды қалыптастыру мен реттеу бойынша басшылықты жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді, бөлімше қызметінің нәтижелері үшін жауап береді. Ұйымның бірінші басшысының жалпы басқаруымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара байланыста өзінің міндеттерін орындайды. Металлургиялық өндірісті технологиялық дайындау бойынша барлық жұмыс кешенінің орындалуын басқарады. Белгіленген ассортиментте және белгілі бір техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен бәсекеге қабілетті өнім шығарудың өндірістік бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ете отырып, өндірістің технологиялық дайындығын қамтамасыз етеді. Озық отандық және шетелдік үлгілер деңгейінде шығарылатын өнімнің сапасы мен өнімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін прогрессивті, экономикалық және экологиялық негізделген технологиялық процестерді әзірлеу және өндіріске енгізуді ұйымдастырады. Өндірісті технологиялық дайындаудың перспективалы және жедел бағдарламаларын және оларға негіздер мен есептер әзірлеуге қатысады. Жаңа техниканы, өндірістік процестің кешенді механизациясы мен автоматтандыруды енгізуді, жаңа өнім түрлеріне стандарттарды, техникалық жағдайларды және технологияны әзірлеуді ұйымдастырады. Металлургиялық агрегаттардың өндірістік қуатының есебін жасау және жабдықты жүктеу бойынша, негізгі және көмекші материалдардың шығын нормаларын және металлургия өндірісі бойынша басқа да техникалық-экономикалық нормативтерді әзірлеу бойынша жұмысты басқарады. Технологиялық құжаттаманы әзірлеуді басқарады және онымен өндірісті қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады. Өндірістің, ішкі шаруашылық кооперацияның тиімділігін арттыру мәселелерін шешуге, негізгі агрегаттар мен жабдықтарына жоспарлы алдын алу және күрделі жөндеу жүргізудің кестесін әзірлеуге, сонымен қатар оларды жөндеуден кейін қабылдауға қатысады. Өндіріс қуатын толық пайдалану мен дамытуды, қоршаған ортаны қорғау талаптарын, жабдықты пайдалану ережелерін, қауіпсіздік техникасының ережелерін, сонымен қатар шикізатқа, материалдар мен дайын өнімге қойылатын талаптарды ескере отырып, белгіленген технологиялар мен жұмыс кестесінің қатаң сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді. Агрегаттар мен жабдықтарды реконструкциялау мен жаңартуға техникалық тапсырма жасауды, жаңадан құрылатын және реконструкцияланатын объектілерді іске қосуға дайындықты басқарады және жобалық қуаттың уақтылы игерілуін қамтамасыз етеді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарын жасауға, жаңа техниканы, озық технология мен көп еңбекті қажет ететін процесті механикаландыруды енгізуге, қолданыстағы өндірісті техникалық қайта жасақтау мен реконструкциялау бойынша ұйымдастырушылық техникалық іс-шараларына, өндірісті техникалық бақылау әдістерін жетілдіруге, өнімнің сапасын жақсартуға, еңбекті ұйымдастыруға қатысады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Қайта әзірленетін технологиялық процестерді және өндіріс режимдерін игеру бойынша зерттемелік және эксперименталды жұмыстарды жүргізуге басшылық етеді. Жабдыққа, металлургиялық өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуына қатысты ұтымды ұсыныстар мен өнер табыстарын қарастырады және оларға қорытынды береді, көрсетілген саладағы озық техникалық отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу мен енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Металлургиялық өндірістің технологиялық дайындығын жүзеге асыратын ұйым бөлімшелері мен қызметкерлерінің қызметін үйлестіреді, олардың біліктілігін жоғарлату бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілері, өндірісті технологиялық дайындау бойынша әдістемелік материалдар; ұйымның ұйымдастырушылық-технологиялық құрылымының бағыты, саласы мен ерекшеліктері, оның даму перспективасы; металлургиялық өндірістің және ұйым шығаратын өнімнің технологиясы; ұйымда және экономикалық қызмет түрінде өндірістің технологиялық дайындығын ұйымдастыру; ұйым жабдығының жұмыс режимі мен өндірістік қуаты, техникалық сипаттамасы, құрылымдық ерекшеліктері, оларды пайдалану ережелері; өндірісті технологиялық дайындау тәртібі мен жоспарлау әдістері; шикізатқа, материалдарға, жартылай дайын шикізатқа және дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар; техникалық есепті жүргізу әдістері; техникалық құжаттаманы әзірлеу мен рәсімдеу бойынша стандарттар, техникалық жағдайлар және басқа да басқарушы материалдар; патенттеу, стандарттау және сертификаттау негіздері; технологиялық процестерді жоспарлау кезінде еңбекті ұтымды ұйымдастырудың талаптары; өндірісті жобалау мен технологиялық дайындаудың алдынғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибесі; экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек пен басқару негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.


Бас метролог (стандарттау, метрология және сертификаттау қызметінің бастығы)



Лауазымдық міндеттері. Тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметіне бөлімшенің жұмысын бағыттау мен үйлестіруге, қолданыстағы стандарттардың сақталуына және реттелуіне, жаңасын әзірлеуге басшылықты жүзеге асырады және бөлімше қызметінің нәтижелері үшін жауап береді. Өз құзыреті шеңберінде әкімшілік мәселелерді шешеді, өзінің міндеттерін ұйымның бірінші басшысының жалпы басқаруымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара байланыста орындайды. Стандарттау, сертификаттау және метрология аясында, стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша халықаралық ұйымдардың рәсімін, стандарттары мен ережелерінің алдынғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибесін зерттеп біледі және жүйелейді. Стандарттау объектілерін анықтайды, жаңа стандарттардың әзірленуін және қолданыстағылардың қайта қаралуын ұйымдастырады, нормативтік және техникалық құжаттаманың сараптамасын жүргізеді. Ұйым шығаратын өнімнің әзірленуін, өндірілуін, сыналуын және пайдалануын метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жаңа өлшеу техникасы бойынша жобаларды және жоспарлы тапсырмаларды, өндірістің тиімділігін арттыру, метрологиялық қамтамасыз етуді, өлшеу құралдары мен әдістерін, бақылау мен сынақты жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды дайындауға басшылық жасайды. Жергілікті тексеру схемаларын құрастыруды, оңтайлы мерзімділігін орнатуды және өлшеу құралдарын тексерудің күнтізбелік кестесін әзірлеуді қамтамасыз етеді. Ұйымда әзірленетін конструкторлық және басқа да техникалық, сонымен қатар басқа ұйымдардан келіп түсетін құжаттаманың метрологиялық сараптамасын жүргізу бойынша жұмысты басқарады. Өлшеу құралдарын қолданумен байланысты өндірістік процестерді автоматтандыру жөнінде жүргізілетін зерттеулерге, ұйымның бұл құралдарға қажеттілігін анықтау бойынша жұмыстарға қатысады. Заманауи өлшеу әдістері мен құралдарының енгізілуін, сонымен қатар өлшем қателіктерін бағалау бойынша жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етеді. Метрологиялық қамтамасыз ету жағдайларын талдау бойынша, стандартталмаған өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау жүргізу бойынша жұмыстарды, оларды тексеру бойынша әдістемелерді, нұсқаулықтарды және басқа да нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуді, келісуді және бекітуді, сонымен қатар өлшеу құралдарын қалпына келтіру, жөндеу және тексеруден кейін аттестаттауды ұйымдастырады. Өлшеу құралдарының барлық қарастырылған регламенттермен технологиялық процестердің жабдықталуы үшін, ұйым бөлімшелерінде қолданылатын өлшеу құралдары мен әдістерінің өндірістің белгіленген режимі мен өнім сапасының сақталуы бойынша талаптарға сәйкес келуі үшін бақылауды жүзеге асырады. Арнайы мақсаттағы өлшеу құралдарын жобалау мен әзірлеуге техникалық тапсырманы дайындауды ұйымдастырады. Өлшеу құралдары, сынақ пен бақылаудың айырбас қорының жинақталуын, орнатылған тәртіпте жұмыс эталондарының сақталуын, өлшеу құралдарының үлгілерін тиісті жағдайда күтіп ұстау мен жөндеуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік стандарттарды, ұйымның стандарттарын және өлшеудің нақтылығын, тексеру құралдарының әдістері мен құралдарын регламенттейтін нормалары бар басқа да нормативті-техникалық құжаттаманы ендіруге жәрдемдеседі. Белгіленген есепті жасау мен оны мемлекеттік метрологиялық қызмет органына ұсыну бойынша жұмысқа басшылық етеді. Метрологиялық қызмет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Метрологиялық бақылау мен өндірістің метрологиялық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын ұйым қызметкерлеріне басшылық жасайды.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілер, өндірісті стандарттау, сертификаттау және метрологиялық қамтамасыз ету бойынша әдістемелік материалдар; ұйымның ұйымдық-технологиялық құрылымының бағыты, саласы мен ерекшеліктерін, оның даму перспективасы; метрологиялық бақылау мен өндірісті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жоспарлау тәртібі мен әдістері; ұйымда және экономикалық қызмет түрінде өндірістің метрологиялық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру; жабдықтың жұмыс режимі мен өндірістік қуаты, техникалық сипаттамасы, құрылымдық ерекшеліктері, оларды пайдалану ережелері; ұйым өнімін өндіру технологиясының негіздері; техникалық құжаттаманы әзірлеу және рәсімдеу бойынша ережелер, нұсқаулар және өзге басқарушы материалдар; өлшеу құралдарының құрылысы және пайдалану ережелері, оларды жөндеуді ұйымдастыру; метрологиялық қамтамасыз етуді және өлшеу құралдарын жетілдіру саласында зерттеулер мен әзірлеуді жүргізу әдістері; бөтен ұйымдармен шарт жасасу тәртібі; өндірісті қамтамасыз ету мен метрологиялық бақылау, сертификаттау, стандарттау саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе; экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек пен басқару негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және мамандығы бойынша өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет