Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет71/126
Дата24.04.2016
өлшемі2.72 Mb.
#79035
түріАнықтамалық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   126

Кәсіби кеңесші

Лауазымдық міндеттері. Халыққа психологиялық қолдау және кәсіби бағдарлау бойынша қызмет көрсету. Азаматтарға кәсіби өзін-өзі билеуде, кәсіби мансаптарының қалыптасуына және дамуына, кәсіпті таңдауда немесе ауыстыруына негізділік шешім қабылдауына, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты кәсіби білім алуға жіберуге, қажеттілігіне, мүмкіншілігіне, жасына, денсаулығына, кәсіби даму қабілетіне, соңдай-ақ еңбек нарығында қалыптасқан әлеуметтік –экономикалық жағдайларға байланысты көмек көрсетеді. Кәсіби бағдарлау, негізгі мақсатына қол жеткізуге жағдай жасайды, кәсіби жетілдіру сапасын пайдалануға, интелектуалдық (зияткерлік) және қоғамдық шығармашылық әлеует, әлеуметтік және кәсіби қалыптасуға жағдай жасау, азаматтардың кәсіби үздіксіз дамуына, нарықтық қатынас жағдайында бәсекелестік қабілетін дамытуға және әлеуметтік-психологиялық бейімдеуге жағдай жасайды. Бағдарламаларды жасауға және енгізуге қатысады, кәсіби бейімдеу саласында тиімді жұмыс тәсіліне және оқушы жастарға, жұмыссыздарға және бос азаматтарға, кәсіпорындардан босатылған, ұйымдардан, әскер қызметінен босатылғандарға, мүгедектерге және басқа да азаматтар категориясына психологиялық қолдау көрсетеді, кәсіби бағдарлау ақпараттарын және әдістемелік материалдарын жасайды және таратады. Азаматтарға еңбек нарығы туралы хабарлайды, олардың белгілі бір өңірдегі ерекшелігі туралы, кәсіптердің және лауазымдардың ерекшеліктері туралы, олардың тұлғаларға қойатын талаптары, соңын ішінде нақты бір кәсіпорында, ұйымда, мекемеде. Азаматтарды кәсіптермен, мамандықтармен, нақты жұмыс орындарымен таныстырады. Ақпараттық және анықтама материалдарын, профессиограмма, психологиялық және кәсіби диагностика тәсілдерін қолдану арқылы кәсіби кеңес жүргізеді: кіру бақылау тәсілі, алғашқы психодиагностика, тану қабілеттілік диагностикасы (жады, ойлану, назар және т.б) және жеке ерекшеліктері, кәсіби маңызды ерекшеліктер диагностикасы. Нормативтік қойылатын талаптарға сәйкес адамның нақты бір мамандыққа кәсіби сәйкес келетінің анықтайды(жұмыс орнына, лауазымға). Психологиялық келелі мәселенің проблеманың азаматтарға еңбек, кәсіби, әлеуметтік өзін-өзі ұсынуында кедергілердің актуалдығын азайту мақсатында психологиялық қолдау көрсетеді; қажет болған жағдайда жеке адам ерекшелігімен және оның психикалық жай-күйіне түзетілім жасайды. Еңбек нарығы жағдайына байланысты психологиялық және әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмысты ұйымдастырады, тиімді жұмыс іздеу қабілетіне оқытады азаматтардың кәсіби өзін –өзі ұсыну бойынша туындайтын проблемаларды, халықтың осы кәсіби бағдарлау және психологиялық қолдау қызметіне қажеттілігін анықтау бойынша және осы қызметтің тиімділігін бағалауда, отандық және халықаралық тәжірибені ескере отырып олардың дамуына ұсыныс жасайды. Статистикалық деректерге есеп жүргізеді, мемлекеттік және ведомстволық статистикалық нысаналар бойынша есеп беруді даярлайды. Халыққа еңбек, орналасу, кәсіби бейімдеу және халыққа психологиялық қолдау көрсету саласында ҚР заңдарымен және нормативтік құқықтық актілерін қолдану бойынша кеңес береді.


Білуге тиіс: халыққа кәсіби бейімдеу және халыққа психологиялық қолдау көрсету саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құқықтық актілері; кәсіби кеңесшінің этикалық қызмет нормасы; тәжірибелік психология негізі, соңын ішінде қазіргі заманғы психодиагностика; психодиагностикалық тексеруді ұйымдастыру ережесі; психологиялық қолдау көрсету тәсілдері; жүйке-психикалық жай күйінің шекаралас түрлері және симптоматикасы; еңбек психологиясының негізі және басқару; инженерлік және әлеуметтік психология; еңбек физиологиясы, соңын ішінде еңбек қызмет психологиялық ерекшеліктерінің оқыту тәсілдері, адамды психофизиологиялық зерттеу; кәсіби тану негізі және профессиография, соңын ішінде кәсіптермен мамандықтардың жіктелуі; кәсіптің адамға қоятын талабы; кәсіби бейімдеу жұмысының нысанасы мен тәсілін ұйымдастыру және оқу процессінің кәсіби бейімдеумен алып жүру ерекшеліктері; халықтардың түрлі санаттарымен жекеше, топтар және жаппай кәсіби бейімдеу жұмыстарын жүргізу, жұмыс берушілермен; республикалық және өңірлік деңгейдегі кәсіби дифференциалдық кадрларға қажеттілігі; өңірдің әлеуметтік –демографиялық ерекшеліктері; алдыңғы отандық және шетелдік кәсіби бейімдеу жұмысының тәжірибесі; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негізі; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғарғы (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.



Бағдарламашы (веб-шебер, веб-дизайнер)



Лауазымдық міндеттері. Тікелей жетекшісімен бірге жобаның міндеттері мен мақсатын анықтайды және олардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді. Бағдарламалық қамтуға қажетті бағдарлау тілдерін, жасау орталығын таңдауды жүзеге асырады. Веб-серверді және веб-сервердің жұмысын басқаратын операциялық жүйелерді дамыту тұжырымдамасын әзірлейді. Веб-серверге басшылықты жүзеге асырады (қажет болған жағдайда). Ортақ міндеттерді орындау үшін басқа бөлімдердің қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істейді. Веб-серверге орналастыру үшін ақпаратты ұсыну тәртібі мен ұсыну түрлері. Веб-маркетинг ұйымдастырады. Веб-серверлер үшін домендік атауларды және (хостингті) орналастыруға тұрғыдан қолайлы интерфейсін (ойластырылған, ұсынылған торап бетінің шамадан тыс мәтіні), веб-сервердің даму тұжырымдамасын әзірлейді. Клиенттер мен әріптестеріне сервер сайттарында жарнаманы орналастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Жариялау үшін материалдарды іріктейді, оларды редакциялайды және жинақтайды, түсініктемесін жасап, негізгі сөздерін айқындайды. HTML–құжаттарына белгі қояды. Веб-серверді, алынып тасталған әкімшілік қызметтерін, брэндмауэрды ретке келтіреді. Веб-сервердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Веб-сайттың дамуына қажет қолданбалы бағдарламаларды жасайды. Трафикке талдау жасайды (кірген статистикасына). Кірушілерге сауалнама жүргізеді. Веб-серверді Ғаламторда жарнамалауды ұйымдастырады. Дамуына қажет қолданбалы талдау бағдарламаларын жасайды. Бәсекелестер мен әлеуетті клиенттерді анықтау мақсатында Веб-серверге жүгінгендердің тұрақты есебін жасайды. Жарнама туралы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, ақпарат және ақпараттандыру, авторлық құқық және сабақтас құқық және т.б. туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның басшылығына жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Эргономикалық интерфейсті құруды қамтамасыз етеді. Көрсеткіштің барыншы қолайлылығы есебінен бағдарламалық өнімдердің бәсекеге қабілетті басымдықтарын жасайды. Бағдарламалық қамтамасыз етудің функционалдық талаптарын қалыптастырады, пайдаланушының аясын интерейстің дизайнерлік шешіміне көшіреді. Автоматтандыру жүйесін әзірлеуді жүзеге асырады, интерфейстің барынша қарапайымдылығын қамтамасыз етеді. Веб-беттерінде жасалынған барлық белсенді элементтерінің жұмыс істелуін тексереді. Бағдарламалары кейінге қалдыруды және кейінге қалдыруды жүргізеді. Сынақтау үлгілеріне қажетті деректердің көлемін және мазмұның анықтайды, бағдарламалардың сәйкестігін неғұрлым толық тексеруді қамтамасыз ету үшін. Дәрістелген бағдарламаларды кіргізуді жүзеге асырады және шығыс деректерін, техникалық тапсырмада қойылған міндеттемелер шарттарын анықтайтын. Бағдарламалармен жұмыс бойынша нұсқаулықарды әзірлейді, қажетті технологиялық және пайдаланушылық құжаттаманы ресімдейді. Енгізілген бағдарламалар және бағдарламалық құралдарды қолдауды жүзеге асырады. Тапсырылған жабдықтардың жұмыс істелуін тексеруді жүзеге асырады, бүлінген жабдықтарды дер кезінде жөндеуге жібереді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс: ақпараттық технологмя, жарнама туралы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, ақпарат және ақпараттандыру, авторлық құқық және сабақтас құқықтар және т.б. Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері; Ғаламтордың жұмыс принциптері мен хаттамалары; браузерлер; HTML, СSS6 JavaSprit тілдері; веб-серверді басқаратын операциялық жүйе; веб-дизайн негізі; графикалық бағдарламалар, бағдарлама тілдері, бағдарлама стандарттары (НТТР), деректер базасының серверлері; көп тапсырмалы жүйедегі бағдарламалау рәуіштер техникасын иелену; сервер арналған объект (ұсынылатын өнімдер); ғаламтор–браузерлердің түрлі ұядағы белгісі; ғаламтор жасауға бейімделген бағдарлама тілдері, сервердің кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздері; қолданыстағы шартты қысқартулар, шет тілдерінде библиографияда қолданылатын, компьютерлік тақырып бойынша шартты қысқартулар; ғаламтор-жарнама объектілерін құруды және түзету технологиясы (банерлер, кнопкалар, flash объектілері); экономика негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережелері; өртке қауіпсіздігінің талаптары.

Қосымша білім: ағылшын тілін құжаттаманы оқу деңгейінде білуге тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғарғы (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, веб-жүйелерді құру және қызмет көрсету бойынша кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет