Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет93/126
Дата24.04.2016
өлшемі2.72 Mb.
#79035
түріАнықтамалық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   126

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс, жұмыс стажына талап қойылмайды.




Сақтандыру агенті

Лауазымдық міндеттері. Жеке және мүліктік сақтандыру шарттарын жасау бойынша операцияларды жүзеге асырады. Аумақтық шарттарды және белгілі сақтандыру қызметтеріне сұранысты зерделейді. Әлеуетті клиенттер контингентінің өңірлік құрамын талдайды, әртүрлі ұйымдастырушылық- құқықтық нысандарды ұсынатын ұйымдардың жеке және заңды тұлғаларына қызмет көрсетеді. Шарт жасау немесе жасалған сақтандыру шарттарының (өмірді және денсаулықты, жылжитын және жылжымайтын мүлікті, кәсіпкерлік және коммерциялық қызметті және басқа сақтандыру шарттарын) мерзімін ұзарту мақсатында әлеуетті және тұрақты клиенттермен негізді келіссөздер жүргізеді. Клиенттермен жұмыс барысында бақылау жүргізеді, қабылдау, еске сақтау ерекшеліктерін, жүріс-тұрыс ынталығын бағалайды және сақтандыру қызметтеріне шарттар жасаған кезде өзара түсінушілікті қамтамасыз етеді. Сақтандыру қызметтеріне шарт жасау кезінде клиенттің денсаулығының жағдайын, жасын, жынысын, білімін, еңбек стажын, материалдық қамсыздану дәрежесін және клиентті сипаттайтын басқа да субъективті қасиеттерін ескере отырып, тәуекел өлшемдерін және дәрежесін белгілейді. Сақтандыру шарттарын жасайды және ресімдейді, сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы қарым-қатынасты реттейді, олардың орындалуын қамтамасыз етеді, сақтандыру төлемдерін қабылдауды жүзеге асырады. Сақтандыру төлемдерінің дұрыс есептелуін, сақтандыру құжаттарының ресімделуін және сақталуын қамтамасыз етеді.


Халықтың түрлі топтарын материалдық және моральдық қолдауды күшейту қажеттілігін, сонымен қатар бәсекелестікпен, банкроттықпен, жұмыссыздықпен және қазіргі кезде орын алып жатқан басқа да әлеуметтік-экономикалық процесстермен байланысты тәуекелдің өсуін ескере отырып, көрсетілетін сақтандыру қызметтеріне қызығушылық пен сұраныстың құрылуына жәрдемдеседі. Клиенттерге сақтандыру шарттары туралы түпкілікті ақпарат алуға көмек көрсетеді. Әлеуетті сақтандырушыларды және сақтандыру объектілерін айқындау және есебін жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізеді, сақтандыру объектілерінің құнына баға береді. Жасалған шарттардың әрекет ету мерзімі ішінде сақтандыру қызметтеріне шарттық қарым-қатынастарға түскен жеке және заңды тұлғалармен байланыста болады. Сақтанушыға залал келтірілген жағдайда тәуекел өлшемдері мен дәрежесін ескере отырып, залалды бағалайды және оның мөлшерін белгілейді. Сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу, сақтандыру өтемдерін төлеу туралы даулы мәселелер бойынша шарттың талаптарына сәйкес сақтандыру оқиғасы орын алған жағдайда клиенттерден келіп түскен шағымдарды және талаптарды қарайды. Сақтандыру шарттарының бұзылу себептерін анықтайды және олардың алдын алу және болдырмау бойынша шараларды жүзеге асырады. Өз тәжірибесінде және сақтандыру органдары мен қызметтерін құру кезінде пайдалану мақсатында игерілмеген сақтандыру қызметінің түрлерін және олардың даму перспективаларын зерттейді. Уақтылы және белгіленген талаптарға сәйкес қажетті құжаттамаларды ресімдейді, сақтандыру шарттарын жасаумен байланысты құжаттардың есебін жүргізеді және сақталуын қамтамасыз етеді. Басқа сақтандыру агенттерімен қарым-қатынастарды жүзеге асырады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілері, сақтандыру қызметін регламенттейтін әдістемелік және басқа материалдар; сақтандыру қызметтерінің түрлері және әртүрлі сақтандыру түрлерінің шарттары; өңірлік ерекше жағдайларды ескере отырып, сақтандыру қызметінің дамуының құқықтық негіздері; әлеуметтік кепілдіктердің қолданыстағы жүйесі; сақтандыру қызметіне шарттар жасау кезінде тәуекел дәрежелерін анықтау және келтірілген залалды бағалау тәсілдері; нарықтық экономика негіздері; психология және еңбекті ұйымдастыру негіздері; іскерлік қарым-қатынас этикасы; сақтандыру қызметтеріне шарт жасау және ресімдеу тәртібі; халықты және шаруашылық субъектілерін сақтандыруды ұйымдастырудың отандық және шетелдік тәжірибесі; Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері, өрт қауіпсіздігі талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс, жұмыс стажына талап қойылмайды.


Сауда агенті


Лауазымдық міндеттері. Сатып алу-сату мәмілелелрін жасау туралы келіссөз жүргізуді жүзеге асырады, өз атынан немесе араларындағы қатынасты реттейтін шарт негізінде мүддесін білдіретін басқа тұлғаның атынан сатып алу-сату мәмілелерін жасайды. Қарапайым құқығы бар сауда агенті немесе ерекше құқығы бар сауда агенті ретінде сатып алу-сату мәмілелерін жасайды. Төлем қабілетсіздігі немесе өзіне байланысты басқа да жағдайларға байланысты өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда ықтимал шығындарды өтей отырып, өз жасасқан мәмілелелрден туындайтын міндеттемелерді орындау бойынша кепіл функцияларын орындайды. Мәміле жасау кезінде сататын тауардың иесі бола отырып, өз есебінен және өз атынан тауарларды (қызметтерді) сатып алу-сатуды жүзеге асырады. Атуарлар (қызметтер) нарығының конъюктурасын зерттеу негізінде өндіретін өнімге, көрсететін қызметтерге әлеуетті сатып алушыларды (тапсырыс берушілерді) табу және сепке алу бойынша жұмыс жүргізеді, олардың жарнамасын ұйымдастырады. Халық сұранысының өзгеру жай-күйі мен үрдісін талдайды, сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) қажеттіліктерін зерттейді, тауарларлдың (қызметтердің) техникалық және тұтынушылық сипаттамалары мәселелері бойынша консультация өткізеді, олар сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) қажеттілктерін қанағаттандыруға ықпал етеді. Сауданың прогрессивті әдістерін енгізу бойынша жұмысты жүзеге асырады. Тауарлардың (қызметтердің) бағасын белгілейді және оларды өткізу (сату) және қызмет көрсету шарттарын айқындайды.сатып алу-сату шарттарын ресімдейді және олардың орындалуын бақылайды. Сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) өнімдерді жасаушылардың немесе қызметтерді көрсетушілердің шоттарын төлеуін бақылайды. Сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) сатып алу-сату шарттарын орындау бойынша наразылықтарын есепке алады. Шарт талаптарының бұзылу себептерін айқындайды, олардың алдын алу және жолын кесу бойынша шаралар қабылдайды. Сатып алу-сату шарттары бойынша ресімделетін құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс: тауарларды өткізу және сату, қызметтерді көрсетуді ұйымдастыруды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және басқа да материалдар; қаржы, шаруашылық, салық заңнамасының негізі, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; сауда және өткізудің прогрессивті нысандары мен әдістері; экономикалық қызмет түрлерінің, өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтедің әлеуетті сатып алушылары (тапсырыс берушілері) болып табылатын ұйымдардың даму перспективасы және қажеттіліктері; сатып алу-сату шарттарын жасау және қажетті құжаттарды ресімдеу тәртібі; коммерциялық мәмілелерді жасау шарттары және тауарларды (қызметтерді) тұтынушыларға жеткізу әдістері; қолданыстағы бағалар мен прейскуранттар; сыртқы және ішкі нарық конъюктурасы; тауарлардың ассортименті, номенклатурасы және үлгі өлшемдері, кодтарды, артикулдарды және белгілерін оқу ережесі; тауарлардың (қызметтердің) сапасына қойылатын техникалық шарттар мен стандарттардың талаптары, олардың негізгі қасиеттері, сапалық және тұтынушылық сипаттамалары; әлеуетті сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) мекенжайлары; тауарларды өткізу және халыққа қызмет көрсетуді ұйымдастырудың озық отандық және шетелдік тәжірибесі; психология, экономика және еңбекті ұйымдастыру негіздері; іскерлік қарым-қатынас этикасы; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері, өрт қауіпсіздігі талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс, жұмыс стажына талап қойылмайды.

Мұрағатшы
Лауазымдық міндеттері. Кәсіпорында мұрағат ісін жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асырады. Мұрағатқа келіп түсетін құжаттарды сақтауды және сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Құрылымдық бөлімшелерден сақтауға келген, іс жүргізумен аяқталған құжаттарды қабылдайды және тіркейді. Іс номенклатураларын әзірлеуге қатысады, олардың мұрағатқа тапсыру кезінде қалыптасуының және ресімделуінің дұрыстығын тексереді. Қолданылып жүрген ережелерге сәйкес сақтау бірліктеріне шифр береді, істерді жүйелендіреді және орналастырады, олардың есебін жүргізеді. Тұрақты және уақытша сақтау мерзім бірліктерінің тізімдеме жинағын, сонымен қатар құжаттарды мемлекеттік сақтауға беру, сақтау мерзімі өткен материалдарды есептен шығару мен жою үшін актілерін даярлайды. Құжаттар бойынша анықтама аппаратын құру бойынша жұмысты жүргізеді, олардың ыңғайлы және тез іздестіруін қамтамасыз етеді. Мұрағаттық құжаттардың ғылыми және тәжірибелік құндылығының сараптамасы бойынша жұмысқа қатысады. Құжаттардың жайын, олардың қалпына келтірілуінің уақтылығын, мұрағат жайларында олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайдың болуын қадағалайды. Мұрағат жайларында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылайды. Келіп түскен сұрауларға сәйкес мұрағаттық көшірмелерді және құжаттарды береді, мұрағат құжаттарында бар мағлұматтардың негізінде қажетті анықтамалар жасайды, мұрағат жұмысы туралы есептілікті даярлау үшін мәліметтерді әзірлейді. Жұмыста қазіргі уақытқа сай техникалық құралдарды пайдалану бойынша қажетті шараларды жүзеге асырады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының ұйымда мұрағат істерін жүргізу бойынша нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және басқа материалдар; құжаттарды мұрағатқа қабылдау және тапсыру, оларды сақтау және пайдалану тәртібі; іс жүргізу жүйесі; құжаттарды тұрақты және уақытша сақтау сипаттамалары және құжаттарды жою туралы актілерді жасау тәртібі; істерді ресімдеу және оларды сақтау мен пайдалануға дайындау тәртібі; есеп жүргізу және есептілікті жасау тәртібі; кәсіпорын құрылымы; еңбекті ұйымдастыру негіздері; техникалық құралдарды пайдалану ережелері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібі; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері, өрт қауіпсіздігі талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс, жұмыс стажына талап қойылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет