Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет96/126
Дата24.04.2016
өлшемі2.72 Mb.
#79035
түріАнықтамалық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   126

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе негізгі орта білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.


Кодификатор


Лауазымдық міндеттері. Заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер мен құжаттарды іріктеу, сақтау, жүйелеу және есеп жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізеді. Ұйым қызметкерлеріне қажетті заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді береді. Заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің нұсқаларына қабылданған өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес қажетті белгілер енгізеді. Заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді көбейтуге өтінімдер дайындайды және оларды ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне жібереді. Күші жойылған құжаттардың тізбесін жасайды. Құжаттардың берілуіне – қайтып келуіне есеп жүргізеді. Жұмыста заманауи техникалық құралдарды пайдалану жөнінде қажетті шаралар қабылдайды.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілері, іс қағаздарын жүргізу мәселелеріне қатысты әдістемелік және басқа да материалдары; заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық құжаттарды сақтау ережесі; сыныптауышты әзірлеу қағидаттары мен оларды пайдалану тәртібі; техникалық құралдарды пайдалану ережесі; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібінің ережесі; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесі; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.


Комендант


Лауазымдық міндеттері. Ғимараттарды, сондай-ақ оларға қатысты құрылыстар мен қоршаған аумақты тиісті дәрежеде ұстау жөніндегі жұмыстарды басқарады. Ғимараттардың ішкі жайларын жинап-тазалауды ұйымдастырады және тазалықтың сақталуын қадағалайды. Ғимарат жайларын күзгі-қысқы пайдалануға дайындайды. Есіктердің, терезелердің, құлыптардың, перделердің және т.с.с. уақтылы жөнделуін ұйымдастырады. Өзінің қарамағындағы мүліктің сақталуын және жұмыс істейтін қалыпта ұсталуын қамтамасыз етеді. Қолдағы мүлікті есепке алады, мезгіл-мезгіл тексереді және оны есептен шығару жөнінде актілер жасайды. Көмекші жұмысшылар мен үй жинаушыларға мүкаммал, шаруашылық қызметін көрсету бұйымдарын алады, оларды береді және тиісті жедел есепке алуды жүзеге асырады. Санитарлық талаптардың және өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын бақылайды. Санитарлық және өртті қадағалау жазбаларының кітабын жүргізеді.

Білуге тиіс: қызметтік, тұрмыстық немесе тұрғын үй-жайларды ұстауға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілері; еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесі; өрт қауіпсіздігінің талаптары.


Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.




Коммивояжер

Лауазымдық міндеттері. Ұсынысты қалыптастырады және әр түрлі тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) олар өндірілетін жерден қашықта орналасқан өңірлерде өткізуді, сондай-ақ осы тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыстар алуды және орналастыруды қамтамасыз етуге үлес қосады. Тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) сатушының тапсырмасы бойынша және соның есебінен тапсырманың сипатын, сондай-ақ оларды орындағаны үшін сыйақы алудың мөлшері мен тәртібін айқындайтын шарт негізінде делдалдық функцияларды жүзеге асырады. Талаптарын ескере отырып, ұсынылатын тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) әлеуетті сатып алушыларын (тапсырыс берушілерін) анықтайды. Дәл осы тауарларда (көрсетілетін қызметтерде) бұрын байқалмаған қажеттілік бар екеніне және дәл осы тауарлар (көрсетілетін қызметтер) оның проблемаларын ұтымды шешіп беретініне немесе қажетін қанағаттандыратынына сатып алушының (тапсырыс берушінің) көзін жеткізе отырып, сатып алушыға (тапсырыс берушіге) өзінде бар үлгілер, каталогтар және басқа да жарнамалық басылымдар бойынша ұсынылатын тауарды (көрсетілетін қызметтерді) жарнамалайды. Осы өңірдегі тиісті тауарлар (көрсетілетін қызметтер) нарығының конъюнктурасын сипаттайтын ақпарат (сұраныс, ұсыныстар, бағалар, тұтынушылардың талаптары) жинайды. Бұдан былай байланыстар, келіссөздер жүргізу және мәмілелер жасау үшін қолайлы негіз дайындай отырып, тиімді сатып алушыларды (тапсырыс берушілерді) табады, олармен іскерлік байланыстар орнатады. Тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы есептер дайындайды.


Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілері; ұсынысты қалыптастыру, тауарларды (қызмет көрсетуді) өткізуді ынталандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру негіздері; жарнама түрлері және жарнама қызметін ұйымдастыру негіздері; ұсынылатын тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) негізгі қасиеттері, сапалық және тұтынушылық сипаттамалары, қолданылып жүрген бағалары және олардың прейскуранттары; нарықты зерделеу нысандары мен әдістері; іскерлік қарым-қатынас дағдылары; нарықтық экономика негіздері; психология негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесі; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс, жұмыс стажына талап қойылмайды.
Көшірме жасаушы
Лауазымдық міндеттері. Калькаға немесе қағаздың арнайы сортына тушь пен қарындашпен дайындалған сызба, кесте және басқа да техникалық құжаттаманың көшірмелерін түсіреді. Қажет болған жағдайда көшірмелерді бояулармен немесе түрлі-түсті тушьпен бояйды. Құрал-жабдықтар мен аспаптардың жағдайын қадағалайды, олардың сақталуы мен дұрыс күтілуін қамтамасыз етеді. Көшірмені заманауи көшіргіш машиналарда немесе компьютер көмегімен жүзеге асырады.

Білуге тиіс: техникалық құжаттамамен жұмыс бойынша ережелер және нұсқаулықтар; техникалық сызбаның негіздері; көшіру кезінде қолданылатын құрал-жабдықтар мен аспаптар, оларға күтім жасау мен сақтау ережелері; көшірмені түсіру үшін кальканы немесе қағаздың арнайы сорттарын дайындау ережелері; еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесі; өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет