Шоғырландырылған қаржылық есептілік
Анықтамалар
Осы Стандартта көрсетілген белгілерде келесі терминдер қолданылады:
-
Шоғырландырылған қаржылық есептілік – өз алдына жеке субъектінің есептілігі ретінде ұсынылған экономикалық бірліктің қаржылық есептілігін ұсынады.
Субъектімен жүзеге асырылатын бақылау – басқа субъектінің қаржылық және операциялық саясатын басқару қабілеттілігін білдіреді, сонымен бірге, оның әрекетінен пайда табуды білдіреді.
Бақыланушы субъект – басқа субъектінің бақылауында жүрген субъект (бақылаушы субъектімен аталушы).
Бақылаушы субъект – бір немесе одан да көп бақыланушы субъектілерді бақылауды жүзеге асырады.
Экономикалық бірлік өз алдына бақылаушы субъектіні және бір немесе одан да көп бақыланушы субъектілерді қосатын субъектілер тобын ұсынады.
Экономикалық бірлік
-
Осы Стандартта қаржылық есептілік мақсатында «экономикалық бірлік» термині бақылаушы субъект және бірнеше бақыланушы субъектілерді қосатын субъектілер тобын білдіру үшін қолданылады.
-
Экономикалық бірлікті білдіру үшін, кейде, «Әкімшілік субъект», «Қаржылық есеп беруші субъект», «Шоғырландырылған субъект» және «Топтар» сияқты басқа терминдер қолданылады.
-
Экономикалық бірлік әлеуметтік, сонымен бірге, комерциялық мақсат ретінде еруші субъектілерді қоса алады. Мысалы, тұрғын-коммуналдық шаруашылықтың үкіметтік министрлігі экономикалық бірлік бола алады, яғни номиналдық баға бойынша тұрғын үй ұсынатын субъектілер және коммерциялық негізде тұрғын ғимараттарды ұсынушы субъектілер болуы мүмкін.
Шоғырландырылған қаржылық есептіліктің аумағы
-
1.6.7. және 1.6.8-параграфтарында көрсетілгеннен басқа бақылаушы субъект, 1.6.6-параграфына нұсқама берілетіннен басқа ішкі және сыртқы барлық бақыланушы субъектілерді біріктіретін шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну керек.
-
Егер ол өз қызметінен кірісті бақылаушы субъектісімен алуға қарсы тұратын қатты сыртқы ұзақ мерзімді шектеулерді қалыптыстыратын болса, бақыланушы субъект бірлестік (шоғырландыру) үдерісінен алынуы керек.
-
Қолданушылардың ақпараттық қажеттіліктері бақылаушы субъектінің шоғырландырылған қаржылық есептілікте қанағаттандырылған болса, өз кезегінде толық бақыланушы субъект болып табылатын бақылаушы субъект шоғырландырылған қаржылық есептілікті мұндай қаржылық есептіліктің қолданушыларының болуы екі талай болады.
-
Толық меншікте тәжірибелік тұрғыда тұрған бақылаушы субъект бұған аз бөлік иелерінен келісім алу талабымен шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынбауы керек.
-
Бақылаушы субъектінің үкіметтік немесе басқа мемлекеттік қаржылық есептіліктің қолданушылары, әдетте, толық экономикалық бірліктермен бақыланатын қаржы құралдары туралы ақпараттарға қызығушылық білдіреді және қажеттілігі бар. Жеке заңды тұлғалардың арасында заңды шекараларды есепке алмай, бірыңғай субъект туралы экономикалық бірлік туралы қаржылық есептілікті ұсынатын шоғырландырылған қаржылық есептілік осы қажеттіліктерді қанағаттандырады.
1.6.10 Осы Стандарттың 1.3.4-параграфы есеп беруші субъектінің қаржы түсімдері және төлемдері туралы есеп құруын талап етеді. 1.6.5-параграфының талаптарына сәйкес, бақылайтын барлық субъектілер бойынша қаржы түсімдерін, қаржы төлемдерін және қаржы қалдықтарын шоғырландыратын бақылаушы субъект болып табылатын үкіметпен немесе басқа мемлекеттік есеп беруші субъектімен дайындалған қаржы түсімдері және төлемдері туралы есептер. Осы Стандарттың 1-бөлімі талап ететін түсіндірме хаттағы ашу да, шоғырландырылған негізде ұсынылуы қажет. Осы есептіліктің 5-қосымшасы қаржылық есептіліктегі субъектіні анықтау кезінде бақылау түсінігін қолдануды көрнекілейді.
1.6.11 Осы Стандарт қаржы түсімдері және төлемдері туралы есептер қосымшасына қаржылық есептілікті дайындауға тыйым салмайды. Қосымша есептер мысалы, жеке ұжымдық қорларға байланысты түсімдер және төлемдер туралы қосымша ақпаратты ашу немесе қаржы құралдарының жеке түрлері туралы қосымша бөлімдерін ұсына алады. Осы Стандарттың 2-бөлімі субъектінің түсінігіне кеңейтілген қосымша ашуларға анықтама береді. Қажет болған жағдайда қосымша есептер мен ашулар шоғырландырылған ақпаратты ұсынады.
-
Қаржылық есептіліктің мақсаттары үшін есеп беруші субъект (қаржылық есептіліктің субъекті) үкіметтік мекемелер, агенттіктер және Мемлекеттік Коммерциялық Кәсіпорындарды (МКК) қоса бірнеше бақыланушы субъектілерден құралуы мүмкін. Қаржылық есептіліктің субъектілерінің шектеулерін анықтау әлеуеттік субъектілердің үлкен көлемділігінен қиындау болуы мүмкін. Мұндай қағида бойынша қаржылық есептіліктің субъектілері заңнамаға сәйкес жиі анықталады. Кейбір жағдайларда, осы Стандарт бойынша талап етілетін қаржылық есептіліктің субъектісі заңнамаға сәйкес анықталған субъектіден ерекшеленуі мүмкін және есептілікке заңнаманың талаптарын қанағаттандыру үшін, қосымша ашулар қажет болуы мүмкін.
-
Басқа субъектінің толық меншігінде жүрген бақылаушы субъектінің өзі (мысалы, мемлекеттің толық меншігіндегі мемлекеттік агенттік сияқты) шоғырландырылған қаржылық есептілікті үнемі ұсынуға міндетті емес, өйткені мұндай есептілік бақылаушы субъектімен қажет болмауы мүмкін және басқа қолданушылардың қажеттіліктері оның субъектісін бақылаушы шоғырландырлған қаржылық есептілікпен аса қанағаттандырылуы мүмкін. Бірақ, қоғамдық сектор үшін көптеген бақылаушы субъектілер толық, немесе соған жақын басқа субъектілердің меншігінде, мемлекеттің қызмет жолдамасы, немесе сектор кілтін ұсынады. Мұндай жағдайларда нақты қолданушылардың ақпараттық қажеттіліктері мемлекеттік деңгейде ғана шоғырландырылған қаржылық есептіліктің көрсетілуімен қанағаттана алмайды, ал осы Стандарттың мақсаты мұндай субъектілердің шоғырландырылған қаржылық есептілікті құрудан босатылуы болып табылмайды. Көптеген мемлекеттерде бұл мемлекетпен танылады және мұндай субъектілердің қаржылық есептілікке талаптары заңнамамен бекітіледі.
-
Кейбір мемлекеттерде басқа субъектінің меншігінде толығырақ жатқан бақылаушы субъект (мысалы, жеке сектордан кейбір белгісіз меншік бөлігі бар мемлекеттік кәсіпорын) шоғырландырылған қаржылық есептіліктің көрінісінен босатылады. Тәжірибе жүзінде толық меншікте жүру бақылаушы субъекттің 90% немесе одан да аса дауыс меңгеретіндігін білдіреді. Осы Стандарттың мақсаты ретінде аз бөлік – бұл бақыланушы субъект арқылы тура немесе жанама меңгермейтін бақылаушы субъектісінің бөлшекке келетін бақыланушы субъектінің бөлімі болып табылады.
-
Кейбір жағдайларда экономикалық бірлік өзіне аралық бақылаушы субъектілердің тізімін қоса алады. Мысалы, денсаулық сақтау министрлігі жоғары бақылаушы субъект бола алады, жергілікті және өңірлік деңгейде аралық бақылаушы субъектілерден болуы мүмкін. Есепке алу және есептілікке талаптар әр заңды дикцияларда нақтыландыруға болады, мұндай субъектілер шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындауға міндетті (немесе міндеттерден босатылған). Егер аралық бақылаушы субъектіге шоғырландырылған есептілікті дайындау бойынша талаптар талап етілмесе, ол экономикалық бірліктің жалпы тағайындаудағы қаржылық есептілік қолданушыларының болуы мұндай есептің аралық бақылаушы субъектілермен дайындалуы және басылымы сыйақыланады.
Шоғырландыру рәсімдері
-
Шоғырландырудың келесі рәсімдері қолданылады::
(a) Экономикалық бірлік шектеуіндегі субъектілер арасындағы қаржы операциялары және қаржы құралдарының қалдықтары толық алыну керек;
(b) Шоғырландыру кезінде қолданылатын қаржылық есептілік әр түрлі есептік күндерге құрылса, бақылаушы субъектінің қаржылық есептілігін құру күнімен және осы күндер аралығында өткен қаржы операцияларын әрекетін есепке алу үшін, түзету жүргізу қажет. Қандай жағдайда да есептік күндерінің арасы үш айды асырмау қажет; және
(c) Аналогты қаржы операциялары үшін шоғырландырылған қаржылық есептілік бірыңғай есепке алу саясаты негізінде құрылу керек. Егер шоғырландырылған есептілікті дайындау кезінде бірыңғай есепке алу саясатын қолдану орындалмаған болса, бұл факт әр түрлі есепке алу саясаты қолданылған шоғырландырылған қаржылық есептіліктің баптарына пропорционалды бөлігін көрсете отырып, бірге ашылуы тиіс.
-
1.6.16-параграфында анықталған шоғырландыру процедуралары бірыңғай экономикалық бірліктер ретінде экономикалық субъект шектеуінде барлық субъектілер үшін шоғырландрылған қаржылық есептілікті құру үшін, негізді қамтамасыз етеді.
-
Шоғырландырылған қаржылық есептілік экономикалық бірліктер және басқа сыртқы субъектілер арасында тек операцияларды көрсету керек. Сәйкесінше, экономикалық бірліктер шектеуінде субъектілер арасындағы операциялар қосарланған есепті болдырмауды алады. Мысалы, мемлекеттік мекеме басқа мемлекеттік мекемеге физикалық актив сата алады. Яғни жалпы мемлекеттік есептік субъектінің таза қаржы эффектісі нөлге тең, бұл операция жалпы мемлекеттік есептілік субъектінің қаржы түсімдер мен төлемдерінің көлемін ұлғайтуды болдырмауға себеп болу керек. Үкіметтік субъект қаржыларды мемлекеттік қаржылық мекемеде ұстай алады. Бұл сальдолар жалпы мемлекеттік деңгейде шектеледі, өйткені олар сальдоны экономикалық бірліктер шектеуінде ұсынады. Шет елде қызметті жүзеге асырушы Мемлекеттік Коммерциялық Кәсіпорын (МКК) аналогты, жолда тұрған есептілік күнге төлемдердің мемлекеттік мекемелері пайдасына жүргізіле алады. Мұндай жағдайларда операцияны жоюдан бас тарту, экономикалық бірліктің қаржы қалдықтарын азайтуға және оның қаржы төлемдерін ұлғайтуға әкелер еді.
-
Экономикалық бірліктегі жеке субъектілер қаржы түсімдері мен төлемдерінің сыныптастырылуы үшін, олардың қаржылық есептілікте көрсету әр түрлі саясатты қолдана алады. Егер бұл орындалуға болатын жағдай болса, осыған ұқсас операциялардың нәтижесі болып табылатын қаржы түсімдері, немесе төлемдер аналогты түрде шоғырландырылған қаржылық есептілікте сыныптастырады және ұсынылады.
Шоғырландыруды ашу
-
Келесі ашулар шоғырландырылған қаржылық есептілікте ұсынылуы қажет:
-
Айқын бақыланушы субъектілердің тізімі, оған атауды, тіркеу мемлекетін қоса (егер ол бақылаушы субъект мемлекетінен ерекше болса); және
-
Шоғырландырылған есептілікке қосылмайтын бақыланушы субъект бойынша себептер.
Ауыспалы қағидалар
-
Осы Стандартты қабылдайтын бақылаушы субъектілер көп келісіммен бақыланушы субъектілерді осы субъектілер арасында иемдене алады. Сәйкесінше, экономикалық бірлікте шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау мақсатындағы барлық келісімдер мен қалдықтарды анықтауда қиындықтар тууы мүмкін. Осы себептен 1.8.2-параграфы экономикалық бірлік ішінде субъектілер арасындағы келісімдер мен қаржы құралдарының барлық қалдықтары туралы талаптарды ауыспалы кезең уақытында алады. Бірақ, 1.8.3-параграфы, егер субъектілер ауыспалы қағидаларды қолданса, олар бұл фактіні ашу қажет, яғни экономикалық бірліктер ішінде субъектілер арасында жүзеге асырылған қалдықтар мен келісімдердің барлығы алынған жоқ.
1.7 Шетел валютасы
Анықтамалар
1.7.1 Осы Стандартта Келесі терминдер көрсетілген мәндерде қолданылады:
Жабу курсы - есептік күнге “споталық” валюта курсы.
Айырбастау курсындағы өзгерулер салдарындағы ерекшелік – әр түрлі айырбастау курстары бойынша есептілік валютасында көрсетілген шетел валюталарының есепте сол және сол бірліктер санын көрсетумен негізделген ерекшелік.
Айырбастау курсы – екі валютаны айырбастау кезінде қолданылатын коэффициент.
Шетел валютасы – субъектінің есептілігі жүргізілетін ерекше валюта.
Есептік валюта – қаржылық есептілікті ұсыну үшін қолданылатын валюта.
Шетел валютасындағы қаржы түсімдері, төлемдер және қалдықтарды есепке алу тәртібі
1.7.2 Шетел валютасындағы операция нәтижесінде туындайтын қаржы түсімдері және төлемдер түсім мен төлем күніне есептік және шетел валютасы арасында айырбастау курсының шет ел валютасында көрсетілуі тиіс.
1.7.3 Шет ел валютасындағы қаржы құралдарының қалдықтары туралы есептер жабу курсы негізінде құрылуы керек.
1.7.4 Шет елдік бақыланушы субъектінің қаржы түсімдері мен төлемдері түсу және төлеу күніне есептік және шетел валюталары арасындағы айырбастау курсына сәйкес қайта саналуы қажет.
1.7.5 Субъект кезеңге қаржы құралдарының бастапқы сальдо және соңғы сальдо арасында тармақтарды реттеу түрінде қосылған валюталар курстары арасындағы ерекшелік сомасын ашу керек.
1.7.6 Егер есептік валюта ұлттық валютадан өзгеше болса, ерекше валютаны қолдану себебі ашық болу керек.
1.7.7 Үкіметтік және үкіметтік субъектілер шет ел валюталарында келісімді жүзеге асыра алады, мысалы, шет ел валютасы көлемінде сатып алу бағасы анықталатын қызметтер мен тауарларды тұтыну немесе шетел валютасынан қарыз алмасу. Олар шетел операцияларын осылай жүзеге асыра алады және осы шет ел операцияларынан қаржы құралдарын аудара алады. Шет қаржылық есептілікке шет ел операцияларын қосу үшін субъект есептік валютада қаржы түсімдері, төлемдер және қалдықтарды көрсету қажет.
-
Шет ел валютасы айырбастау курстарының өзгеруінің нәтижесінде туындайтын жүзеге асырылмаған пайдалар мен шығындар қаржы түсімдері және төлемдер болып табылмайды. Бірақ шетел валютасында қаржы құралдарына айырбастау курсындағы өзгерістер әсері қаржы түсімдері және төлемдері туралы есепте, яғни есептілік кезеңнің басы және соңында қаржы құралдарын салыстыру үшін ұсынылады. Бұл сома қаржы түсімдері мен төлемдерінен жеке ұсынылады және кезең соңында туған айырмашылықты өзіне қосады.
-
1-бөлімнің 1-7 параграф аралығында күшіне ену күні және ауыспалы қағида
Күшіне ену күні
-
Қоғамдық сектор үшін Қаржылық есептіліктің Халықаралық стандартының 1-бөлімі 1 және 7-параграфтары 2004 жылдың 1 қаңтарынан немесе басталатын кезеңдерді баса жылдық қаржылық есептілік үшін күшіне енеді. Мезгілінен бұрын қолдану құпталады.
Ауыспалы қағидалар – Шоғырландырылған қаржылық есептілік
1.8.2 Осы Стандартты бірінші қабылдау күнін келесі күннен басталатын есептік кезеңдегі экономикалық бірліктер шектеуінде, субъектілер арасында қаржы келісімдері мен құралдарының қалдықтарына қатысты 1.6.16(a) параграфындағы талаптарды орындауға субъектілер міндетті емес.
1.8.3 Егер субъекттер 1.8.2-параграфында анықталған ауыспалы қағиданы қолданатын болса, олар экономикалық бірліктер шектеуінде субъектілер арасында қалдықтар мен келісімдердің барлығы алынбауы туралы ақпаратты ашуға тиіс болады.
1.9. Қаржылық есептілікте бюджеттік ақпараттарды ұсыну
Анықтамалар
1.9.1 Төменде келтірілген терминдер көрсетілген мәндермен осы Стандартта қолданылады:
Есепке алу негізі – кассалық әдіс бойынша қоғамдық сектор үшін Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартында және Қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарындағы деректермен олардың анықтамаларына сәйкес есепке алудың кассалық әдісі немесе төлем жүргізу әдісі.
Жылдық бюджет – бір жылға бекітілген бюджет. Ол бюджеттік кезеңнен кейін кезеңдерге басылымға шыққан алдын ала бағалар, немесе болжамдарды қоспайды.
Қарж бөлу – бұл басшылардың аналогты органдарымен, немесе заңнамамен анықталған мақсаттарға қаржылардың бөлінуі туралы заңнамалық органмен ұсынылған рұқсат.
Бекітілген бюджет– бюджеттік кезең үшін күтілетін кірістер мен түсімдерге байланысты басқа шешімдерде және үкімет қаулыларында және бөлінген қаржы туралы заңды жобаларда, заңдарда бекітілген шығындарды жүзеге асыруға құзыреттілік.
Бюджеттік негіз – заңнамалық органмен бекітілген және бюджетте қабылданған төлем жүргізу әдісі, кассалық әдіс немесе басқа есепке алу әдісі.
Негіз бюджетімен бірге– фактілі сомалар, есепке алудың сол әдісін, сыныптастырудың сол әдісін қолдана отырып ұсынылған, сол субъектілер және сол кезеңдер үшін, бекітілген бюджет.
Қорытынды бюджет өз алдына құзыреттіліктің заңнамалық, немесе аналогтық органдарымен рұқсат етілген бюджеттік кезеңге қолданылатын басқа өзгерістер және қосымша қаржы бөлу, трансферттер, ауыспалы сомалар, барлық резервтерге түзетілген бастапқы бюджетті ұсынады.
Көпжылдық бюджет өз алдына бір жылдан артық мерзімге бекітілген бюджетті ұсынады. Ол бюджеттік кезеңмен жүретін басылымға шыққан алдын ала бағалаулар мен болжамдарды қоспайды.
Бастапқы бюджет бюджеттік кезеңге бастапқы бекітілген бюджет болып табылады.
Бекітілген бюджеттер
-
Осы Стандартпен анықталған, бекітілген бюджет заңнамалық құзыретті орган, немесе басқа сәйкес құзырет органы болып табылатын заңнамалық органмен бекітілген, тоқтаулар, немесе шығындар бюджеттік кезеңде күтілген экономикалық талаптар мен ағымдағы жоспарларға негізделген жылдық немесе көпжылдық бюджеттік кезеңде күтілетін кірістер мен түсімдерді болжамды күтеді. Бекітілген бюджет өз алдына міндетті түрде орын алмайтын басқарумен қабылданған мүмкін шаралар мен болашақ хабарлар туралы жіберулерге негізделген болжамды бағалау немесе болжамды ұсынбайды. Аналогты түрде бекітілген бюджет, болжам, немесе жоспар формасында бола алатын, немесе сол және басқаға сәйкестендірілетін, мысалы, бір жылға болжам оған бес жылдық жоспарды қоса, мүмкін қаржылық ақпараттардан айрықша болады.
-
Кейбір заңды дикцияларда бюджеттер қолдау үдерісі шектеуінде заң жүзінде бекітілуі мүмкін. Басқа заңды дикцияларда қолдау бюджет туралы заңды қол қоюсыз ұсынуы мүмкін. Қолдау үдерісіне тәуелсіз қолдау бекітілген бюджеттердің негізгі түрі болып, нақты мақсаттар жоғары заңнамалы құзыретті органмен, немесе басқа сәйкес құзыретті органмен анықталған және келісілген аналогтық органда, немесе мемлекеттік қазынашылықта қаржы құралдарын алу құзыреттілігі болып табылады. Бекітілген бюджетті анықталған баптар бойынша шығындарды бекітуге құзыреттілікті қояды. Толығырақ, субъект өз қызметін жүзеге асыруға міндетті шектеуде шығындарды бекіту құзыреттілігі құқықтық шексіздік болып саналады. Кейбір заңды дикцияларда субъект жауапкершілік алатын бекітілген бюджет бастапқы бюджет болуы мүмкін, ал басқа заңды дикцияларда ол қорытынды бюджет болуы мүмкін.
-
Егер бюджет кезең басына дейін бекітілмесе, бюджеттік жылға қолдану үшін бастапқы бюджет болып алғашқы бюджет саналады.
Бастапқы және қорытынды бюджет
-
Бастапқы бюджет, заңнамаға сәйкес өткен жылдан автоматты түрде ауыстырылатын қаржы бөлінген құралдардың қалдықтарын қоса алады. Мысалы, өткен жылдың міндеттерін жабу үшін, бөлінген қаржының автоматты түрде ауысқанын қажет ететін құқықтық нормаларды кейбір заңды құзыреттерге қосатын мемлекеттік бюджеттік үдерістерді айтуға болады. Міндеттер ағымдағы шартта негізделген ықтимал болашақ міндеттерді қамтиды. Кейбір заңды дикциялар жауапкершілік, немесе қарызға жатуы мүмкін тауарлар, немесе қызметтер әлі алынбаған жеткізулер мен шарттарға тапсырыстарды орындамауды қосады.
-
Қосымша қаржы бөлу төтенше жағдай салдарынан туған шығындар толық деңгейде қарастырылмаған алғашқы бюджет жағдайында қажет болады: соғыс немесе адасу. Сонымен бірге кезең уақытында бюджеттік кірістің жеткіліксіздігі бақылануы мүмкін және қаржылық кезең уақытында қаржылық мүмкіндіктерге өзгертулер енгізу үшін, бюджеттік баптар, немесе бюджеттік санаттар арасында ішкі трансферттер жүзеге асырылуы мүмкін. Субъектіге бөлінген қаржылық құралдары, немесе қызметтің нақты бір түрі, қаржылық тәртіпті мойындау мақсатында кезең үшін алғашқы бөлінген сомалары азаюы мүмкін. Қорытынды бюджет осындай барлық өзгертулер мен түзетулерді қосады.
Бюджеттің фактілі сомалары
-
Осы Стандарт бюджетті қолдану нәтижесінде алынған сомаларды бейнелеу мақсатында «фактілі» немесе «фактілі сома» терминін қолданады. Кейбір заңды дикцияларда «бюджетті фактілі қолдану» термині қолданылуы мүмкін, немесе сол мәндегі аналогты терминдер, яғни «фактілі» немесе «фактілі сома».
Бірге қойылған фактілі және бюджеттік сомаларды ұсыну
-
1.9.17-параграфының талаптарын меңгеру талаптары кезінде өзінің бекітілген бюджетін (бюджеттерді) басылымға беруші субъект қоғамның алдында жауапкершілік алатын бюджеттік сомалардың орналастырылуын ұсыну қажет және жеке қосымша қаржылық есептілік түрінде фактіні сомалар, немесе осы Стандартқа сәйкес осы уақытта ұсынушы қаржы түсімдері және төлемдері туралы есепте қосымша бюджеттік қатарлар түрінде ұсыну керек. Бюджеттік және фактті сомаларды орнату заңнамалық қағида негізінде жеке ұсынуы керек:
(a) Бастапқы және қорытынды бюджеттердің сомалары;
(b) Негіз бюджетімен бірге фактілік сомалар; және
(c) Түсіндірме хаттарды ашу, қоғам алдындағы жауапты субъект бюджеттер арасындағы айқын ерекшелікті түсіндіру және қаржылық есептілікпен бірге шыққан басқа ресми басылымға берілетін құжаттармен мұндай түсініктің қосылуы жағдайынан басқа фактінің сомалармен, ал бұл құжаттарға қиылыс түрткісі түсіндірме хаттарда келтіріледі.
Қолдану аясы
-
Осы Стандарт бекітілген бюджетті (бюджеттерді) басып жағаруға шешім қабылдаса немесе міндетті барлық субъектілерге қолданылады. Осы Стандарт бекітілген бюджеттердің басылымдалуын талап етпейді және қаржылық есептілік басылымға берілмейтін бекітілген бюджеттермен салыстырмалылықты немесе ақпаратты ашуды талап етпейді.
-
Кейбір жағдайларда бекітілген бюджеттер қоғамдық сектор субъектісімен бақыланатын қызметтердің барлық түрін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын болады. Басқа жағдайларда қоғамдық сектордың басқа субъектісі, немесе үкіметтің қаржылық есептілігіне кіретін субъектілермен, немесе қызметтер түрінің біркелкілігі қызметтердің кейбір түрлері бойынша жеке бекітілген бюджеттерді басылымға шығару талап етіледі. Бұл мысалы, үкіметтің қаржылық есептілігі меншік бюджетін құратын және функционалдық автономды иемденетін мемлекеттік агенттіктер, немесе бағдарламаларын жаулаған жағдайда орын алуы мүмкін немесе жалпы мемлекеттік сектордың құрамына кіретін бюджет тек негізгі мемлекеттік сектор үшін құрылған жағдайда орындалады. Осы Сектор қаржылық есептілікті көрсететін, берілген субъектілердің бекітілген бюджеттері немесе олардың құрамы басылымға жататын жағдайлар барлық субъектілерге қатысты болады.
Бюджеттік және фактілі сомаларды бірге қою
-
Бастапқы және қорытынды бюджет сомалар және басылымға жататын бюджетпен бірге қойылған негізде фактілі сомаларын қаржылық есептілікте ұсыну жауапкершілік циклін аяқтайды және бекітілген бюджетке сәйкес ресурстар алынады және қаржылық есептілік қолданушыларына қолданылдарын шығаруға мүмкіндік береді. Бастапқы және қорытынды бюджеттің фактілі сомалары және бюджеттік сомалары арасындағы (есепшілік есепке алуда «ауытқу» ретінде жиі аталатын) ерекшеліктер қаржылық есептілікте оның толыққандылығы үшін, ұсынылуы мүмкін.
-
Фактілі сомалар және бюджеттік сомалар арасындағы айқын ерекшеліктерді түсіндіру, қолданушыларға субъектінің қоғам алдында жауапкершілік алатын бекітілген бюджеттен айқын ауытқулардың себептерін түсінуге көмектеседі.
-
Субъектіге талаптар міндеттер міндеттелуі мүмкін, немесе ол өзінің бастапқы бюджетін, қорытынды бюджетін, немесе бастапқы бюджет тәрізді қорытынды бюджетті де басып шығаруға шешім қабылдай алады. Бастапқы бюджет тәрізді қорытынды бюджетті де басып шығару талап етілген жағдайда, заңнама, қағида немесе басқа ресми құжат 1.9.8 (с) параграфына сәйкес, фактілі сомалар, немесе қорытынды бюджет сомаларымен немесе бастапқы бюджет сомалары және фактілі сомалар арасындағы айқын ерекшеліктерді түсіндіру талап етілуіне қатысты тапсырманы жиі ұсынады. Егер акцент қорытынды бюджетті қарастыру жасалған болса, мысалы, фактілі және бастапқы бюджет арасындағы ерекшеліктерге қатысты болса, егер акцент бастапқы бюджетті орындауға немесе фактілі және қорытынды бюджет ерекшеліктеріне келтірілсе, егер акцент қорытынды бюджетті қарастыруға жасалған болса, мұндай тапсырмалар болмаған уақытта айқын ерекшеліктер анықталуы мүмкін.
-
Көп жағдайда қорытынды бюджет және фактілі сома бірдей болады. Бұл есептік кезеңге бюджетті орындау мониторингісі жүзеге асырылатындығына байланысты, ал бастапқы бюджет есептік кезең уақытында өзгерген жағдайлар мен тәжірибелердің, өзгерген талаптардың көрсеткіштері үшін ақырындап қарастырылады. Осы Стандарттың 1.9.23-параграфы бастапқы және қорытынды бюджет арасында өзгерістер туындауының себептеріне түсініктемені ашуды талап етеді. Егер өз бекітілген бюджетін (бюджеттерін) басылымға беретін субъектілер талаптарды қамтамасыз еткен болса, осы ашулар жоғарыдағы 1.9.8-параграфымен талап етілетін ашулармен бірге бекітілген бюджетке сәйкес орындау және атқаруға қоғам алдында жауапкершілікке ие болады.
-
Басшылықтың талқылауы және талдауы, операциялар талдауы немесе басқа ресми басылымдалатын есептер, есептік кезең уақытында субъектінің орындаулары мен жетістіктері туралы түсіндірме ұсынатын, бюджеттік сомалардан кез келген айқын ерекшеліктерге түсініктеме қосатындар қаржылық есептілікпен бірге жиі басылымға шығады. Осы Стандарттың 1.9.8(с) параграфына сәйкес, егер тек ол қаржылық есептілікпен бірге басқа ресми құжаттар мен есептер басылымға қосылмаса, фактілі және бюджеттік сомалар арасындағы айқын ерекшеліктердің түсінігі қаржылық есептілікке түсіндірме хаттарға қосылады, Сонымен бірге, қаржылық есептілікке түсіндірме хаттар сәйкес негіздеуге әкеле алатын есептер немесе құжаттарда шығарады.
-
Бекітілген бюджеттер тек қаржылық есептілікке қосылған кейбір суъектілер немесе қызметтер түрлеріне басылымға берілген жағдайда 1.9.8-параграфының талаптары тек бекітілген бюджетте көрсетілген суъектілерге немесе қызметтер түрлеріне қолданылады. Бұл мысалы, бюджет тек барлық есеп беруші субъектінің құрамына кіретін, мемлекеттік мекемелердің секторы үшін дайындалады, 1.9.8-параграфы талап ететін ашулар тек орталық үкіметтің мемлекеттік мекемелер секторына қатысты жүзеге асырылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |