АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым



бет81/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   95

Біріккен кәсіпорындар

      1. Белгілі бір мерзімге сәйкес субъектінің қаржылық түсімдері мен төлемдерінің мөлшерін және есептік мерзімге субъектінің ақшалай қаражаттарының қалдықтарын объективті ұсыну үшін, қажетті біріккен кәсіпорындар туралы ақпаратты ашып көрсеткені үшін, субъект марапатталады.

      2. Қоғамдық сектордың көптеген субъектілері әр түрлі сипаттағы қызметті жүзеге асыру үшін, біріккен кәсіпорындарды құрады. Қызмет сипаты өте ауқымды, ол коммерциялық операциялардан бастап, қоғамға тегін қызмет көрсетумен аяқталады. Біріккен кәсіпорындардың шарттары келісімшартта, немесе басқа да келісімдік құжаттарда мазмұндалады, және тәртіп бойынша, мұнда әрбір біріккен кәсіпорыннан алынатын бастапқы төлем, олардың табыстарының, немесе басқа да кез келген табыстарының үлесі (қолда бар болса), сонымен қатар, олардың әрқайсысының шығындары анықталады. Кассалық әдістің негізінде есепті құрастыратын субъектілер төмендегілерге қатысты ақпаратты ұсынады:

(a) Біріккен кәсіпорындағы акцияларды сатып алуға және біріккен кәсіпорынның қызметін жалғастыру үшін, шығындалатын ақшалай төлемдер, ақшалай қаражаттар; және

(b) Біріккен кәсіпорыннан түсетін ақшалай түсімдер мен ақшалай қаражаттар.



Біріккен кәсіпорындар туралы ақпаратты ашып көрсету ең маңызды біріккен кәсіпорындардағы қаржылық мүдделердің тізімі мен сипатынан тұрады. Қоғамдық сектор үшін Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты «Біріккен қызметке қатысу туралы қаржылық есептілік» 8 (ҚСҚЕХС), есептеу әдісі негізінде біріккен кәсіпорындармен қабылдануы мүмкін әр түрлі формалар мен құрылымдар бойынша басшылықты, сонымен қатар потенциалдық қосымша ашып көрсетулерге қатысты басшылықты ұсынады.

Гиперинфляция шарттарындағы қаржылық есептілік

      1. Гиперинфляция шарттарында жергілікті валютада қараусыз қаржылық есептілікті ұсынудың пайдасы жоқ. Мұндай жағдайда, ақша сатып алу қабілеттілігін жоғалтады, ол өз кезегінде бірдей есептік мерзімнің аумағында әр түрлі уақытта орын алатын операциялар мен оқиғалардан түсетін сомалардың салыстырылуын жаңылыстыруға әкеп соқтырады.

      2. Осы Стандарт инфляцияның гиперинфляция сатысына ауысқан кездегі қарқынның абсолюттік мәнін белгілемейді. Осы Стандартқа сәйкес қаржылық есептілікті қайта қарастыру қажеттілігі туралы шешім сараптамалық бағалау негізінде қабылданады. Гиперинфляцияның болуын қарастырылатын мемлекеттегі экономикалық жағдайдың сипаттамасы анықтайды:

  1. Халықтың негізгі бөлігі өз жинақтарының ақшалай емес активтерде немесе тұрақты шетел валютасына қатысты ұстауды қалайды. Жергілікті валюта бірден сатып алынатын қабілеттілікті қолдау үшін инвестицияланады;

  2. Халықтың негізгі бөлігі ақшалай қаражаттарын жергілікті валютаға емес, тұрақты шетел валютасына қатысты бағалайды: осы валюта бойынша бағаны көрсетуі мүмкін;

  3. Несие бойынша сату мен сатып алулар мерзім қысқа болса да, несиелеу мерзімінің қарсаңында валютаның сатып алу қабілеттілігінің күтілетін төмендеуін өтейтін бағалар бойынша орындалады;

  4. Пайыз шамасы, еңбекақы төлемі және бағалар баға индексіне байланысты; және

  5. 3 жылға арналған инфляцияның кумулятивті көрсеткіші 100%-ға жақындайды немесе одан асып түседі.

Қаржылық есептілікті қайта қарастыру

      1. Гиперинфляция шарттарында жергілікті валютадағы есептілікті құрайтын субъект келесі жағдайларға байланысты марапатталады:

(a) Есептік мерзімде әрекет ететін өлшеу бірлігіне сәйкес ақшалай түсімдер мен төлемдер және басқа да қаржылық есептер туралы есепті қайта қарастыру;

(b) Өткен мерзімге сәйкес салыстырмалы ақпаратты, сонымен қатар есептік мерзімде әрекет ететін өлшеу бірлігіне сәйкес бұрын өтіп кеткен мерзімдерге қатысты кез келген ақпаратты қайта қарастыру; және

(c) Жалпы сатып алу қабілеттілігіндегі өзгерісті көрсететін бағалардың жалпы деңгейінің индексін қолдану. Қандай да бір экономиканың валютасында есептілікті құрайтын барлық субъектілер бірыңғай индексті қолданғаны жөн.

      1. Субъект келесі ақпаратты ашып көрсеткені үшін марапатталады:

(a) Ақшалай түсімдер мен төлемдер туралы және басқа да қаржылық есептер, сонымен қатар, өткен мерзімдердегі, сәйкесінше, көрсеткіштер есептік валютаның жалпы сатып алу қабілеттілігінің өзгерісін ескере отырып, қайта қарастырылды және есептік мерзімде әрекет ететін өлшеу бірлігіне сәйкес қайта есептелді, және

(b) Есептік мерзім бағаларының сәйкестілігі мен деңгейі және ағымдық және өткен есептік мерзімдерге байланысты индекстердің өзгерістері.



      1. Бағалар әр түрлі саяси, экономикалық және әлеуметтік факторлардың әсер етуі нәтижесінде уақыт өте келе өзгереді. Сұраныс пен ұсыныстың өзгеруі мен технологиялық өзгерістер сияқты ерекше факторлар бір-біріне байланыссыз бағаның жеке айтарлықтай артуына немесе төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Одан басқа, жалпы экономикалық факторлар жалпы деңгейде бағалардың өзгерісіне, сондай-ақ ақшаның жалпы сатып алу қабілеттілігінің өзгерісіне әкеп соқтыруы мүмкін.

      2. Экономикасы гиперинфляция жағдайындағы мемлекеттерде қаржылық есептілік есептік мерзімде әрекет ететін өлшем бірліктерінде ұсынылған жағдайда ғана пайдалы болып есептеледі. Осыған байланысты Стандарт 2.1.53 және 2.1.54 параграфтарында келтірілген ақпаратты ашып көрсетуді марапаттайды. Мұндай ақпарат қайта қарастырылмаған қаржылық есептілікке қосымша түрінде емес, алғашқы материал түрінде ұсынылған жағдайда марапатталады. Ақшалай түсімдер мен төлемдер туралы және басқа да қаржылық есептерді қайта қаралғанға дейін жеке ұсынуға рұқсат етілмейді.

      3. Ақшалай түсімдер мен төлемдер туралы есептердегі барлық тармақтар есептік мерзім жағдайы бойынша өлшем бірліктеріне сәйкес құрылады. Сондықтан, үшінші тараппен жүзеге асырылатын және ақшалай түсімдер мен төлемдер туралы және басқа да қаржылық есептерде ашып көрсетілген кез келген төлемдерді қоса алғандағы барлық төлемдер ақшалай төлемдер мен түсімдерді бастапқы күннен тіркеуден бастап бағалардың жалпы индексінде өзгеру есебімен қайта қарастырылуы тиіс.

      4. Қоғамдық сектордың көптеген субъектілері бюджетпен салыстыруды жеңілдету үшін, өздерінің қаржылық есептілігіне бюджеттік ақпаратты енгізеді. Егер мұндай жағдай орын алған кезде бюджеттік ақпаратты осы Стандартқа сәйкес қайта қарастыру қажет.

Салыстырмалы ақпарат

      1. Егер бұрынғы мерзіммен салыстырулар айтарлықтай мәнге ие болатын болса, кезекті есептік мерзімдегі салыстырмалы ақпарат бағалардың жалпы индексін қолдану арқылы қайта қарастырылады, бұл жағдайда салыстырылатын қаржылық есептілік есептік мерзімнің соңына дейін әрекет ететін өлшем бірліктермен ұсынылған жөн. Бұрынғы мерзімге қатысты ашып көрсетілетін ақпарат есептік мерзімнің соңына дейін әрекет ететін өлшем бірліктермен көрсетіледі.

Шоғырландырылған қаржылық есептілік

      1. Экономикасы гиперинфляция жағдайындағы мемлекеттің валютасында есеп беретін бақылайтын субъект бақыланатын субъектілерге, сонымен қатар экономикасы гиперинфляция жағдайындағы мемлекеттің есеп беруші валютасына ие болуы мүмкін. Егер Ақшалай түсімдер мен төлемдер туралы және басқа да қаржылық есептер бірыңғай негізді қолдану арқылы құрылуы тиіс болатын болса, мұндай бақыланатын кез келген субъектінің қаржылық есептілігі оны бақылайтын қаржылық субъектімен әзірленетін шоғырландырылған қаржылық есептілікке енгізілмес бұрын есеп берілетін валютаға сәйкес мемлекеттің бағаларының жалпы индексін пайдалану арқылы түзетілуі тиіс. Мұндай бақыланатын субъект шетелдік бақыланатын субъект болып табылатындықтан, оның қайта қарастырылған қаржылық есептілігі мерзім соңына қарай курс бойынша қайта есептеледі.

      2. Қаржылық есептерді әр түрлі есептік мерзімдермен шоғырландыру жағдайында ақшалай емес немесе ақшалай болсын барлық салалар шоғырландырылған қаржылық есептілікті құру мерзіміне әрекет ететін өлшем бірліктеріне айналдырылуы тиіс.

Бағалардың жалпы индексін таңдау және пайдалану

      1. Осы Стандартпен марапатталатын тәсілге сәйкес қаржылық есептілікті қайта қарастыру жалпы сатып алу қабілеттілігіндегі өзгерісті көрсететін бағалардың жалпы индексін пайдалануды талап етеді. Белгілі бір мемлекеттің валютасы бойынша есеп беретін барлық субъектілер бірдей индексті қолданғаны жөн.

      2. Осы Стандартта марапатталатын ашып көрсетулер қаржылық есептілікте гиперинфляцияның ықпалын ескеру үшін, пайдаланылатын негізді нақты түсіндіру үшін қажет. Сонымен қатар, олар қорытындысында алынған негіз бен соманы түсіну үшін, қажетті қосымша ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған.

Үкіметтік емес ұйымдармен (ҮУҰ) көрсетілетін көмек

      1. Үкіметтік емес ұйымдармен (ҮУҰ) көрсетілетін көмекке қатысты субъект мүмкіндігінше осы Стандарттың 1 Бөлімінің 1.10.1 - 1.10.27 параграфтарында көрсетілген ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын талаптарды қолдануы керек және төменде келтірілген 2.1.66 - 2.1.93 параграфтарға сәйкес ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.

      2. Үкіметтік емес ұйымдармен (ҮУҰ) көрсетілетін көмекке қатысты 1.10.1 – 1.10.27 параграфтарына сәйкес ақпаратты ашып көрсету есеп беруші субъектілерге міндетті емес, себебі, осы талаптарды сақтауға қажетті ақпаратты жинауға кететін шығындар мен оларды талқылау осы ақпаратты алудан туындайтын пайдадан асып түсуі мүмкін. Алайда, төменде келтірілетін сыйақы беру бойынша 2.1.66 - 2.1.93 параграфтарға сәйкес ақпаратты ашып көрсетумен қатар 1.10.1 - 1.10.27 параграфтарына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдармен (ҮУҰ) көрсетілетін көмек туралы ақпаратты ашып көрсету есеп беруші субъектінің өз қызметінің осы субъектілердің көмегіне байланыстылық дәрежесін бағалауға қосымша көмек көрсетуі мүмкін. Сәйкесінше, егер мүмкін болған жағдайда, есеп беруші субъектілер осы Стандартта көрсетілген ашып көрсетулерді ҮУҰ-дан алынған көмекке қатысты қолданатын болса, марапатталады.

Сыртқы көмекке ие болушылар

      1. Субъект маңызды санаттар бойынша келесідей ақпаратты қаржылық есептіліктің түсіндірме жазба хатында ашып көрсеткені үшін марапатталады:

  1. Қарыз және гранттар түрінде ұсынылған сомаларды жеке көрсете отырып, есептік мерзім қарсаңындағы сыртқы көмек алынатын мақсаттар; және



  1. Есептік мерзімнің қарсаңында сыртқы көмектің есебінен орындалған төлемдерге қатысты мақсаттар.

      1. Субъект төмендегілерді қоса отырып, көптеген мақсаттарды жүзеге асыру үшін сыртқы көмекті алуына болады:

  1. «Даму мақсаттарындағы көмек» ретінде белгілі әл-ауқаттылықтың экономикалық дамуы мен өсімінің мақсаттары;




  1. «Төтенше жағдайлар кезіндегі көмек» ретінде белгілі төтенше жағдайларда көмек көрсету мақсаттары;




  1. «Төлемдік теңгерімді қолдау бойынша көмек» ретінде белгілі төлемдік теңгерімнің немесе айырбастау курсының жағдайы;




  1. «Әскери көмек» ретінде белгілі әскери және/немесе қорғаныс мақсаттары;




  1. «Саудалық қаржыландыру» ретінде белгілі экспорттық-импорттық банктермен немесе басқа да мемлекеттік мекемелермен ұсынылатын экспорттық несиелер мен қарыздарды қоса алғандағы сауда операциялары.




      1. Осы Стандарттың 1-Бөлімі гранттар немесе қарыздар түрінде алынған жалпы сомаларды жеке көрсете отырып, есептік мерзім қарсаңында алынған сыртқы көмектің жалпы сомасын ашып көрсетуді талап етеді. Гранттар мен қарыздар түрінде алынған сыртқы көмектің маңызды санаттарын ашып көрсету тұтынушыларға белгілі бір мерзімде ұсынылатын көмек мақсаттарын және сәйкесінше сомаларды, сонымен қатар, субъектінің алдағы уақытта ұсынылған көмекті қайтару бойынша міндеттемесінің бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді.

      2. Есептік мерзім қарсаңында сыртқы көмектің есебінен орындалған төлемдердің мақсаттарын ашып көрсету алынған көмекті пайдалану кезінде субъектінің жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.

      3. Субъект қаржылық есептілігінің түсіндірме жазбахатында есептік мерзім қарсаңындағы сыртқы көмектің әрбір донорын және ұсынылған валюта бойынша қарыздар мен гранттар түрінде көрсетілген сомаларды жеке белгілей отырып, пайдаланылмаған сомалардан басқа ұсынылған көмектің сомаларын ашып көрсеткені үшін марапатталады.

      4. Сыртқы көмектің әрбір доноры мен қарыздар немесе гранттар түрінде ұсынылған сомаларды ашып көрсету көмек көздерінің диверсификация дәрежесіне нұсқайды. Бұл қаржылық есептіліктің оқырмандарына субъектінің көмек көрсету жоспарында белгілі бір мекемелерге байланыстылығын, көмек көрсетілетін байланыс пен валютаның дәрежесін, сонымен қатар көмектің грант немесе қарыз түрінде көрсетілгенін анықтауға мүмкіндік береді. Осы параграфта ұсынылатын ашып көрсету мерзім қарсаңында пайдаланылмаған сомаларды алып тастайды. 2.1.72-параграфы кейбір жағдайларда сыртқы көмектің пайдаланылмаған сомалары туралы ақпараттың ашылуын марапаттайды.

      5. Есептік мерзімде пайдаланылмаған және осы Стандарттың 1- Бөлімінің 1.10.18-параграфына сәйкес ашып көрсетілген сыртқы көмектің бөлігіне қатысты субъектінің төменде келтірілген ақпаратты қаржылық көмектің түсіндірме жазбахатында ашып көрсетуі марапатталады:

  1. Гранттар мен несиелер және әрбір донормен ұсынылған сома түрінде бөлінетін сыртқы көмектің әрбір доноры туралы;



  1. Пайдаланылмаған несиелер мен гранттық қаражаттарға бағытталған мақсаттар туралы;



  1. Сыртқы көмектің пайдаланылмаған қаражаттары ұсынылатын валюта туралы; және



  1. Есептік мерзім қарсаңында пайдаланылмаған несиелік және гранттық қаражаттардың сомаларындағы өзгерістер туралы.



      1. Осы Стандарттың 1.10.18-параграфы кейбір жағдайларда сыртқы көмектің пайдаланылмаған қаражаттарының қалдықтарын ашып көрсетуді талап етеді. 2.1.72-параграфымен марапатталатын ашып көрсетулер қаржылық есептіліктің оқырмандарына алдағы уақытта пайдаланылмаған қаражаттарға бағытталатын мақсаттарды, пайдаланылмаған қаражаттар ұсынылатын валютаны, сонымен қатар, есептік мерзім қарсаңында пайдаланылмаған несиелік және гранттық қаражаттардың өсу немесе азаю сомаларын анықтауға мүмкіндік береді.

      2. Есеп беруші субъектінің мүмкіншіліктеріне байланысты ашып көрсетулер мерзім басындағы пайдаланылмаған несиелер мен гранттардың қалдықтары, есептік мерзім қарсаңында бекітілген, немесе ұсынылған жаңа несиелер мен гранттардың сомасы, мерзім қарсаңында жойылған, немесе күшін жоғалтқан несиелер мен гранттардың жалпы сомасы, сонымен қатар, қарыздар мен гранттардың пайдаланылмаған бөлігі бойынша соңғы сальдо туралы пайдалы ақпаратты ұсына алады. Мұндай ашып көрсетулер тұтынушыларға пайдаланылмаған көмек бойынша қалдықтың өзгеру шамасын ғана емес, осы өзгерістің компоненттерін анықтауға да мүмкіндік береді.

      3. Егер пайдаланылмаған сыртқы көмектің сомасындағы өзгерістерді ашып көрсету субъект есептілігінің валютасында жүзеге асырылады, шетел валютасында көрсетілген сыртқы көмек осы Стандарттың 1-Бөлімінің талаптарына сәйкес әрбір шарттың мерзіміне қатысты айырбастау курсының шетел валютасының сомасына қолдану тәсілі арқылы субъектінің есептілік валютасында көрініс табуы тиіс.

      4. Субъект қаржылық есептілігінің түсіндірме жазбахатында сыртқы көмекке рұқсатты анықтайтын немесе рұқсатқа әсер ететін немесе көмекті пайдалану бағытын шектейтін сыртқы көмекті ұсыну туралы келісімнің шарттарын ашып көрсеткені үшін марапаталады.

      5. Сыртқы көмек туралы кейбір келісімдер сыртқы көмек мақсаттарының пайдаланылуын немесе тауар мен қызмет сатып алынатын көздерді шектейді. Мұндай типтегі сыртқы көмекті ұсыну шарттары белгілі бір жерде белгілі бір объектілердің құрылысы үшін белгілі бір ресурстарды сатып алуға ғана қаражат бөлінетіндігін, немесе сыртқы көмекті ұсыну туралы келісімнің аумағында тауарлар, немесе қызметтер белгілі бір мемлекетте, немесе мемлекеттерде сатып алынуы керектігін белгілеуі мүмкін.

      6. Кейбір жағдайларда сырты көмек белгілі бір мерзімге немесе субъектінің келесі жағдайларды орындағанынан кейін бөлінуі мүмкін:

(a) Сыртқы көмекті ұсыну туралы келісімде көрсетілген әрекеттерді орындау, мысалы, жүргізілетін саясатқа белгілі бір өзгерістерді енгізу;
(b) Ағымдық жоспарлық көрсеткіштерге қол жеткізу, мысалы, бюджет дефициті бойынша мақсатты көрсеткіштерге, ауқымды экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу немесе қаржылық сектордың активтерін қайтару немесе басқару мекемесін құру.


      1. Сыртқы көмектің рұқсатын анықтайтын немесе рұқсатына әсер ететін шарттарды ашып көрсету сыртқы көмекті ұсыну мерзімдері туралы және/немесе оған байланысты субъектінің белгілі бір әрекетті орындау дәрежесі, қызметтің белгілі бір көрсеткіштеріне қол жеткзу туралы көрініс береді, сонымен қатар, осы қызмет пен көрсеткіштерді сипаттайды.

      2. Субъект қаржылық есептіліктің түсіндірме жазбахатында келесі ақпаратты жария еткені үшін марапатталады:

(a) Үшінші жақтың қарыздар және/немесе пайыздардың негізгі сомасын өтеу бойынша кепілдігі болатын сыртқы көмектің несиелік қаражаттарының қалдығы, осы несиелермен байланысқан кез келген шарттар, сонымен қатар, кепілдікпен байланысты туындалатын кез келген қосымша шарттар.
(b) Үшінші жақтың шарттарды орындауға қатысты сыртқы көмек аумағында несиелері, гранттарды ұсыну сомасы мен шарттары, сонымен қатар, кепілдікпен байланысты туындалатын кез келген қосымша шарттар.


      1. Субъектімен алынған сыртқы көмек аумағындағы несиелер бойынша қалдық және олар бойынша пайыздардың төлемі барлық сомаға да, белгілі бір сомаға да кепілдік бере алады. Сонымен қатар, несие шарттары қабылдаушының белгілі бір әрекеттерді қолданып, қарастырылған нәтижелерге қол жеткізуін талап етеді, мысалы, орындалуы үшінші жақпен кепілдік берілген белгілі бір формаға сәйкес тарифті бекіту. Сыртқы көмек аумағындағы гранттар орындалуы үшінші жақпен кепілдік берілген ұқсас шарттарға негізделуі мүмкін.

      2. Үшінші жақпен кепілдік берілген сыртқы көмек аумағындағы несиелер мен гранттардың сомаларын ашып көрсету сыртқы көмекті ұсыну туралы келісімнен пайда алу үшін басқа субъектімен көрсетілетін қолдау дәрежесіне нұсқайды. Кепілдігі бар сыртқы көмек аумағындағы несиелер мен гранттардың шарттары, сонымен қатар осы кепілдіктің орындалуына мүмкіндік беретін кез келген қосымша шарттар туралы ақпаратты ашып көрсету кепілдік алу салдарынан туындайтын қызмет нәтижелеріне немесе шарттарына қатысты қосымша таптардың бар-жоғын көрсетеді.

      3. Субъект қаржылық есептіліктің түсіндірме жазбахатында сақталмаған сыртқы көмек бойынша несиелердің, гранттардың немесе кепілдіктердің басқа да маңызды шарттарын, сонымен қатар мұндай шарттарды орындамау салдарын ашып көрсеткені үшін марапатталады.

      4. Осы Стандарттың 1-бөлімінің 1.10.25-параграфы бұрын ұсынылған көмекті қайтару бойынша міндеттемелердің пайда болуына немесе көмектің жойылуына әкеп соқтыратын шарттар сақталмаған жағдайдағы маңызды шарттардың ашып көрсетілуін талап етеді. Сыртқы көмекті ұсыну туралы келісімдер орындалуы тиіс басқа да маңызды шарттардан, сонымен қатар, кейбір процессуалды шарттардан тұруы мүмкін. Мұндай маңызды шарттарды сақтамау салдары сомалардың азаюы немесе мерзімдердің қысқартылуы болуы мүмкін.

      5. Сақталмаған басқа да маңызды шарттарды анықтау көбінесе, сараптамалық бағалауды талап етеді. Мұндай бағалау субъектінің ерекше міндеттемелерінің контекстінде және қаржылық есептіліктің сапалы сипаттамалырна қойылған сілтемелер арқылы қолданылуы тиіс. Бұл субъектінің болашақ операцияларын қолдау үшін бөлінетін қаражаттарды ұсыну сомасы мен мерзімдерінде көрініс табатын шарттардың орындалмау ықтималдылығына байланысты.

      6. Субъект қаржылық есептіліктің жазбахатында сыртқы көмектің аумағында қарызды өтеу шарттары туралы қысқаша ақпаратты ашып көрсеткені үшін марапатталады. Шетел валютасында қарыз міндеттемелері бойынша болашақ төлемдер туралы ақпаратты ашып көрсету кезінде субъект оларды есептік мерзімнің курсы бойынша есептілік валютасында көрсеткені үшін марапатталады.

      7. Сыртқы көмек аумағында ұсынылатын несиелер бойынша қарыздық міндеттемелер туралы келісімдер льготалық мерзім, пайыздық ставка, қарыздық қызмет көрсету бойынша болашақ төлемдер, несиенің қалған мерзімі, төлемдер орындалатын валюта, негізгі қарызды өтеу бойынша талаптар (несиелік мерзімнің аяғына дейін немесе болашақтағы басқа мерзімге кейін қалдыру бойынша негізгі қарыз сомасын өтеу жағдайында) және қарызды өтеу бойынша басқа да маңызды шарттар сияқты параметрлерге қатысты шарттардан тұрады.

      8. Қарыздық қызмет көрсету бойынша төлемдер субъект үшін айтарлықтай шығындармен түсіндіріледі және ағымдық және қосымша операцияларды қаржыландыру үшін, қажетті ақшалай қаражататрдың сомасына әсер етуі мүмкін. Сыртқы көмек аумағында ұсынылған несиелер бойынша сыртқы қарыз шарттарын ашып көрсету қаржылық есептіліктің оқырмандарына қарыздық қызмет көрсету бойынша төлемдердің (негізгі қарыз, қызмет көрсету пайыздары немесе қызмет көрсету комиссиялары бойынша) қашан басталатынын анықтауға, сонымен қатар, төлемге ұшырайтын негізгі қарыз, қызмет көрсету пайыздары немесе қызмет көрсету комиссиялары бойынша соманы анықтауға мүмкіндік береді.

      9. Қарызды өтеу шарттары туралы ақпаратты ашып көрсету есептеуді қажет етуі мүмкін, мысалы, жылжымалы пайыздық мөлшерлемесі бар қарыз міндеттемелеріне атысты пайыздық мөлшерлемені атауға болады. Есептелген пайыздық мөлшерлеме, әдетте, жабу мерзіміне сәйкес қолданылатын пайыздық мөлшерлемеге қатысты анықталады. Осы Стандарттың 1-бөлімінің 1.3.30 - 1.3.37 параграфтарының талаптарына сәйкес, егер субъект есептері бар ақпаратты ашып көрсету туралы шешімді қабылдайтын болса, ашып көрсетуге осындау есептеулерді жүргізуде таңдалған және қолданылатын есеп саясаты ұшырайды. Бұл қаржылық есептілікті дұрыс түсіну қажеттілігі кезінде орындалады.

      10. Субъект қаржылық есептіліктің түсіндірме жазбахатында тауар мен қызмет түрінде алынған сыртқы көмектің құнын ашып көрсеткені үшін марапатталады.

      11. Сыртқы көмекті ұсыну туралы келісімнің аумағында субъект тауар және қызмет түрінде маңызды ресурстарды алуы мүмкін. Бұл сыртқы көмекті ұсыну туралы келісімге сәйкес субъектіге жаңа немесе бұрын қолданыста болған тауарлар берілген жағдайда орындалады. Мысалы, тауарларға, машиналар, компьютерлер немесе басқа жабдықтар жатады. Бұл сонымен қатар, сыртқы көмекті ұсыну туралы келісімге сәйкес үкіметке азаматтар арасында бөлу үшін, азық-түлік көмегін көрсету жағдайымен түсіндіріледі. Кейбір алушылар үшін сыртқы көмекке қатысты тауар мен қызметтер негізгі формада болуы мүмкін.

      12. Тауарлар мен қызмет түрінде алынатын сыртқы көмек құнын ашып көрсету қаржылық есептіліктің тұтынушыларына есептік мерзім қарсаңында алынған сыртқы көмектің толық көлемін жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге кейбір жағдайларда және кейбір алушылар үшін мұндай тауарлар мен қызмет көрсету құнын анықтау күрделі, еңбекті көп қажет ететін және қымбат процесс болып табылады. Бұл көбінесе, ішкі нарықтағы берілген тауар мен қызмет көрсету бағасы оңай анықталмайтын және ұсынылатын тауарлар мен қызмет көрсетулер халықаралық нарықта кең таралмаған жағдайда ерекше сипатқа ие, бұл төтенше көмекке қатысты.

      13. Осы Стандарт тауар мен қызмет құнын анықтау үшін қолданылуы тиіс негізге нұсқамайды. Сондықтан олардың құны тауарлар алушыға берілген кезде қажуды шегергеннен кейін физикалық активтердің бастапқы құны немесе сыртқы көмекті көрсету бойынша азық-түлік агенттігіне төленген баға ретінде анықталуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл жіберуші немесе алушы ұйыммен, немесе үшінші жақпен орындалған құнды бағалауға қатысты анықталуы мүмкін. Тауар мен қызмет түрінде сыртқы көмектің құны ашып көрсетілетін жағдайда, осы Стандарттың 1-бөлімінің 1.10.21-параграфы осы құнды анықтау үшін, қолданылатын негізді ашып көрсетуді талап етеді. Мұндай құн шынайы сипатталған жағдайда, ол шынайы құн анықтамасына жауап беруі тиіс, яғни – бұл хабардар етілген, мүдделі және бір-бірімен тәуелсіз тараптар арасындағы активтердің айырбасталуы немесе міндеттемелердің өтелуі жүзеге асырылуы мүмкін сома.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет