АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым


Қабылданған сыртқы қолдау



бет75/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   95

Қабылданған сыртқы қолдау
1.10.8 Субъект Ақша Қабылдаулары мен Төлемдері, кезең ішінде ақшалай қабылданған жалпы сыртқы көмекті бөлек ашып көрсетуі мүмкін.
1.10.9 Субъект Ақша Қабылдаулары мен Төлемдері Есептеуі арқылы, не қаржылық есептеулерге тіркелетін жазбаларда, субъект үшін тауарлар мен қызмет көрсетулерді сату, не міндеттемелерді тікелей бекітуге арналған кезең ішінде үшінші тараптармен төленген жалпы сыртқы көмекті бөлек ашып көрсетеді:
(a) есеп беру субъектісі қатысты экономикалық субъектінің бір бөлігі болып табылатын үшінші тараптармен төленетін жалпы төлемдер; және
(b) есеп беру субъектісі қатысты экономикалық субъектінің бір бөлігі болып табылмайтын үшінші тараптармен төленетін жалпы төлемдер.
Бұл ашып көрсетулер тек есеп беру кезеңінде субъект үшінші тарап арқылы, не қабылдаушы арқылы сондай төлемдердің жасалғандығы туралы, не өзгеше сол төлемді қадағалағандығы туралы кеңес беріледі.
1.10.10 Сыртқы көмек бірден көп қамтамасыз етушілер арқылы жасалатын кезде, қамтамасыз етушілердің белгілі санаттары, не Ақша Қабылдаулары мен Төлемдері бойынша Есептеуде, немесе қаржылық есептеулерге тіркелетін жазбаларда бөлек ашып көрсетілуі тиіс.
1.10.11 Сыртқы көмек қарыздар мен гранттар нысанында қабылданған кезде, кезең ішінде қарыздар мен гранттар ретінде қабылданған тұтас құн, не Ақша Қабылдаулары мен Төлемдері бойынша Есептеуде, немесе қаржылық есептеулерге тіркелетін жазбаларда бөлек ашып көрсетілуі тиіс.
1.10.12 Сыртқы көмек есеп беру субъектісіне тікелей ақшалай нысанда қамтамасыз етіледі. Сәйкесінше, үшінші тарап қабылдаушы субъектісінің пайдасына тауарлар мен қызмет көрсетулерді сату міндетін бекіту арқылы сыртқы көмекті қамтамасыз ете алады. Кейбір жағдайларда:
(a) үшінші тарап есеп беру субъектісі құрамдас болып табылатын экономикалық субъектісінің бір бөлігі бола алады – бұл мысалы, ақша нысанындағы сыртқы көмек «дара есеп» не орталықтандырылған қазыналық қызмет арқылы өзге субъектілер мен басқару органдарының өзінің жеке департаменттерінің шығындарын меңгеретін кездегі заң шығармашылығында белгілі департаментпен жүргізілетін бағдарламаның пайдасына қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдайларда, қазыналық не орталық агенттік сыртқы көмекті қабылдайды және тиісті өкілеттік, не құжат негізінде сыртқы көмек тәсілі арқылы департамент үлесіне төлемдер құнын қамтамасыз етеді; немесе
(b) үшінші тарап есеп беру субъектісі құрамдас болып табылатын экономикалық субъектісінің бір бөлігі болмауы мүмкін, мысалы, қолдау агенттігі жергілікті даму банкіне мемлекеттік агенттік үлесіне қарыз төлемін жасайды, құрылыс компаниясы жол салу үшін, белгілі мемлекеттік агенттікке қорларды қамтамасыз еткеннен гөрі, тікелей төлем жасайды, немесе денсаулық операциясын, не жергілікті немесе әкімшілік тәуелсіз басқару органына қорлар қамтамасыз ету арқылы, білім беру бағдарламасынабелгілі бір кезең ішінде қажетті жабдықтар бойынша қолдау көрсетуі мүмкін.
1.10.13 Субъект үлесіне үшінші тарап арқылы ақша нысанында қабылданған сыртқы көмек құнының ашып көрсетілуі есеп беру субъектінің операциялары кеңістігін салыққа, не ішкі көздерге немесе сыртқы көмекке тәуелді екендігін көрсетеді. Осы Стандарттың 1.3.24-параграфындағы талаптарға сәйкес, үшінші тарап арқылы төленетін тек Ақша Қабылдаулары мен Төлемдері Есептеуі нысанында, есеп беру ұйымына есеп беру кезеңінде осындай төлемдердің жасалуы кеңес берілген жағдайда жүзеге асырылады. Қабылданған сыртқы көмектің арнайы санаттарының ашып көрсетілуі де мақұлданған, бірақ талап етілмеген (2.1.66 - параграфын қараңыз).
1.10.14 Арнайы көпжақты қаржыландырушылар, екіжақты қаржыландырушылар, халықаралық көмек субъектілері, ұлттық көмек субъектілері немесе есеп беру субъект лайық ауқымды санаттар секілді санаттарды қамтамасыз етушілердің ашып көрсетілуі, көмек тұрақтылығын бағалауға маңызды болатын қамтамасыз етушілердің арнайы санаттарына субъектілерінің тәуелділігі шегін айқындайды. Осы Стандарт көмек қамтамасыз етушінің әрбірін немесе әрбір қамтамасыз етілетін құнды айқындауды талап етпейді. Дегенмен, әрбір қамтамасыз етілетін құнның қамтамасыз етілген валютада ашып көрсетілуі құпталады. (2.1.70 - параграфын қараңыз).
1.10.15 Әдетте, сыртқы көмек субъектінің есеп беру валютасынан өзге валютада аталады. Шетелдік валютада жасалатын мәмілелерден туындайтын, үшінші тараптар арқылы жүзеге асырылатын ақша қабылдаулары, не төлемдері осы Стандарттың 1.7.2 - параграфына сәйкес қабылдаулар мен төлемдер жасалатын күнгі шетелдік валюта мен есеп беру валютасы аралығындағы айырбас мөлшерлемесі бойынша шетелдік валюта құнын қабылдау арқылы субъектінің есеп беру валютасында есептеледі, не есеп беріледі.
1.10.16 Ұлттық басқару органдары, әдетте, көпжақты және екіжақты сыртқы көмек агенттіктерімен сыртқы көмек келісімшарттарын жасасуға берілген эксклюзивті құқықтан бас тартады. Мұндай жағдайлардың көбісінде, іс шара жобасы басқа субъект арқылы алынып қойылған болады. Ұлттық басқару органы субъектіге алынған қорларды жеңілдете, не тағайындай алады. Жеңілдетілген, не таңайындалған қорлар туралы ережелер мен талаптар алынған сыртқы көмек агенттігінігімен бірдей, немесе бастапқы алынғаннан өзгеше бола алады. Кейбір жағдайларда, кішкентай сыйақы не пайда ұлттық басқару органдарының әкімшілік құндарын жабуға бекітіліп таратылуы мүмкін. Сыртқы көмек келісімшартын жасасатын және келісімшарт пайдаларымен қатар, ережелері мен талаптарын туынды келісімшарт тәсілі бойынша өзге субъект арқылы өткізетін субъект, қабылданған ретте сыртқы көмек туралы жазба, не есеп беруді танитын болады. Ол, сонымен қатар, өзінің қаржылық есептеулеріндегі қабылданған төлемдердің сыныптастырылуына сәйкес екінші субъектіге арналған төлемдерді есептейді.
1.10.17 Қарыз, не грантты қабылдаушы қарыз, не грант пайдалары мен ережелері және талаптарын өзге субъект арқылы өткізетін кезде, бастапқы субъект қолданушы үлесіне қарыз, не грантты жүргізе алады. Ережелері мен талаптары айтарлықтай бірдей болған мәмілелерді байланыстыру осы Стандарттың 1.3.13 - параграфының ережелеріне сәйкес басқарушының қаржылық есептеулеріне тиімді болуы мүмкін.
Ашылған сыртқы көмек
1.10.18 Субъект қаржылық есептеулеріне тіркелетін жазбаларында есеп беру күнінде қолжетімділікке ие ашылған сыртқы көмек бойынша қарыздар мен гранттардың теңгерімін тек қабылдаушыға есеп беру күнінде, болашақ операцияларды қаржыландыру үшін, қолжетімділікке ие қарыздар мен гранттардың құндары байланыстырушы келісімшарт арқылы айқындалған және анықтайтын, кез келген ауқымды ережелер мен талаптар қанағаттандырылған немесе сол құнды бағалау тиімділігі мүмкін болған жағдайда, келесілерді есеп беру валютасында ашып көрсетуі тиіс:
(a) Толық сыртқы көмек қарыздары; және
(b) Толық сыртқы көмек гранттары.
Ашылған көмек құнын бағалайтын не анықтайтын маңызды ережелер мен талаптар ашып көрсетілуі қажет.
1.10.19 Байланыстырушы келісімшарт(тар)ға сәйкес ағымды жүзеге асырылатын сыртқы, әлі ашылмаған көмек құны маңызды болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда, көмек қарыз(дар)дың, не грант(тар)дың құны байланыстырушы келісімшартқа сәйкес айқындалады және сол құнды бағалауда қанағаттандырылуы қажет болатын кез келген ауқымды ережелер мен талаптардың қанағаттандырылуы әбден мүмкін. Бұл келісімшарт ережелеріне сәйкес жалғасуы болжанылған және жалғасымды талаптарға байланысты ағымды жобалардға арналған жобаны қаржыландырудың ашылған теңгерімдеріне қатысты орын алуы мүмкін. Мұндай ашылған теңгерімдер шетел валютасында қамтамасыз етілген кезде, ашылмалы және жабылмалы теңгерімдер осы Стандарттың 1.7.3 - параграфындағы ережелерге сәйкес есеп беру күніндегі айырбас мөлшерлемесі құнын шетелдік валютаға қолдану арқылы анықталады.
1.10.20 Кейбір жағдайларда, қаржыландырушы субъект жалғасымды көмек көрсету бастамасын қоюы, бірақ байланыстырушы келісімшартта болашақ кезеңдерде қамтамасыз етілетін қарыз(дар) мен грант(тар) көмегінің құнын анықтамауы мүмкін –мысалы, бұл қабылдаушымен қорғала алатын қаржыландырудың өзге көздерінің не қаржыландырушы ұлттың жылдық бюджетіне қамтамасыз етілетін көмек құны тәуелді болғанда орын алуы ықтимал. Басқа жағдайларда, көмек құны айқындала алады, бірақ оның есеп беру күнінде туындауының жоғары ықтималдығы сынды қанағаттандырылуы бағалана алмайды – мысалы, бұл өзге агенттіктермен қамтамасыз етілетін көмек құнына қамтамасыз етілетін жедел жәрдем пәні болатын немесе айқындалған орындау белгісіне қол жеткізу негізінде қамтамасыз етілетін төлемді көмек теңгеріміне қатысты орын алуы мүмкін.
Бұл жағдайларда, ашылған құндардың ашып көрсетілуі жасалмайды. Кейбір жағдайларда, сыртқы көмекті бағалауға әсер ететін немесе анықтайтын маңызды ережелер мен талаптардың қанағаттандырылуын бағалауда білікті баға беру қажет болады.
Тауарлар мен қызмет көрсетулерді қабылдау
1.10.21 Тауарлар не қызмет көрсетулер нысанында қабылданған сыртқы көмек құнын ашып көрсетуді таңдайтын субъект, сол құнның анықталған негізін қаржылық есептеулерге тіркелетін жазбаларда да ашып көрсетуі керек.
1.10.22 Осы Стандарттың 2.1.90 - параграфы бойынша тауарлар не қызмет көрсетулер нысанында қабылданған сыртқы көмек құнын субъектінің қаржылық есептеулерге тіркелетін жазбаларда да ашып көрсетуі талап етіледі. Осы Стандарттың 1.3.38 - параграфы мақұлданған ашып көрсетулер қаржылық есептеулерге тіркелетін жазбаларда қамтылған кезде, олардың түсінікті және қаржылық ақпараттың сапалық сипаттамаларын қанағаттандырулары талап етіледі. Осындай ашып көрсетулерді жасауды таңдайтын субъектілерден қаржылық есептеулерге тіркелетін жазбаларда анықталған құнның негізін ашып көрсетулері талап етіледі. Мұндай ашып көрсетулер, мысалы, құнның қаржыландыру құндылығына қатысты анықталғандығын, не әділ құнның әлемдік, не отандық нарықтағы бағаларға қатысты менеджменттік бағалау арқылы, немесе басқа негізде анықталғандығын қолданушылардың бағалауына мүмкіндік береді.
Қайта жоспарланған не тоқтатылған қарызды ашып көрсету
1.10.23 Субъект кез келген қатысты ережелермен қоса, кезең ішінде қайта жоспарланған не тоқтатылған сыртқы көмек құнын қаржылық есептеулерге тіркелетін жазбаларда ашып көрсетуі керек.
1.10.24 Өзінің сыртқы көмек бойынша қарызын қайтаруда қиыншылықтарға тап болатын субъект қарыздың қайта қарстырылуын немесе тоқтатылуы жолын іздестіруі ықтимал. Қайта жоспарланған, не тоқтатылған сыртқы көмек қарызының құнын кез келген қатысты ережелер мен талаптармен бірге ашып көрсету, қаржылық есептеулердің қолданушыларына қайта қарастыру, не тоқтатылудың орын алғандығы жайлы үрей тудыруы мүмкін. Бұл субъекті мен онда туындайтын өзгерістердің қаржылық жағдайын бағалауға тиімді үлесті қамтамасыз етеді.
Маңызды талаптар мен ережелердің сәйкессіздігін ашып көрсету
1.10.25 Субъект сыртқы көмек бойынша қарыздар мен гранттар келісімшартының маңызды ережелері мен талаптарын немесе бұрын қамтамасыз етілген көмекке жауап ретінде міндеттемелік туындатқан көмектің тоқтатылуына әкелген сәйкессіздік кезеңінде орындалмаған кепілдемелер қаржылық есептеулерге тіркелетін жазбаларда ашып көрсетуі керек.
Тоқтатылған не қайтарылатын сыртқы көмек құны ашып көрсетілуі тиіс.
1.10.26 Сыртқы көмек келісімшарттары, әдетте, кейбір үрдістік ережелер мен талаптар сынды көмек қорларының жалғасымды бағалауын орындайтын ережелер мен талаптарды қамтиды.
1.10.27 1.10.25-параграфымен талап етілген ашып көрсетулер оқырмандардың субъектінің болашақ операцияларын қолдау үшін, жарамды қорларға жағымсыз әсерін тигізген сәйкессіздік мысалдарын анықтауын ынталандырады. Ол, сонымен қатар, болашақта туындауы мүмкін келісімшартты орындамаушылықтың қайта бекітілуіне арналған бағалау мағлұматын қамтамасыз етеді. Маңызды ережелер мен талаптардың сәйкессіздігінің ашып көрсетілуі кейбір жағдайда мақұлдана алады, бірақ талап етілмейді (2.1.83 - параграфын қараңыз).

PUBLIC SECTOR



Өтпелі ережелер мен 1.10 бөлімшесінің жарамдылық күні
1.10.28 Халықаралық Қоғамдық Сектор Есептілік Стандартының 1.10.1 - ден 1.10.34 -дейінгі параграфтары 2009ж. 1 қаңтарынан бұрын не кейінгі кезеңдерді қамтитын жылдық қаржылық есептеулерге тиімді болады.
1.10.29 1.10.1 - ден 1.10.27 - дейінгі параграфтарына сәйкес ашып көрсетілген құндарға арналған салыстырма сызбаларды ашып көрсетсе, осы Стандарттың 1.10.1 - ден 1.10.34 - дейінгі параграфтарын қабылдаудың бірінші жылында субъектілерден талап етілмейді.
1.10.30 1.10.1 - ден 1.10.34 - дейінгі параграфтарының бірінші рет қабылдау күнінен бастап, екі жылдық кезеңге арналған 1.10.18 - параграфында айқындалған сынды ашылған сыртқы көмектің құнын субъектілердің қаржылық есептеулерге тіркелетін жазбаларда бөлек ашып көрсетілуі талап етілмейді.
1.10.31 1.10.29 және1.10.30 - параграфындағы өтпелі ережелерді қабылдаған кезде, сол туралы ашып көрсетуі тиіс.
1.10.32 Осы Стандарттың 1.10.1 – ден 1.10.27-дейінгі параграфтарындағы талаптарды қабылдаудың бірінші жылында субъект салыстырма ақпаратты ашып көрсету талабын қанағаттандыруды ынталандыруға қажетті саналы түрде бағалайтын, не жарамды ақпаратқа ие болмауы мүмкін. Ол, сонымен қатар, 1.10.18 параграфымен талап етілген ашылған сыртқы көмек құнының жабылуын ашып көрсетуді ынталандыруға қажетті ақпаратты иемденбеуі мүмкін.
1.10.33 Осы Стандарттың 1.4.16-параграфы осы Стандарттың бастапқы қабылдануы негізіндегі бұрынғы кезеңдерге арналған салыстырма ақпараттың ашып көрсетілуін қамтамасыз етеді. Кейбір субъектілер осы Стандарттың 1.10.1-ден 1.10.27 дейінгі параграфтарындағы талаптарында айқындалған сияқты сыртқы көмектің қабылдаушыларымен ақпаратты ашып көрсетуге қатысты талаптарды қамтуға байланысты өзгерістері енгізілмесе, бұрынғы ҚЕХС Ақшалай негізін қабылдаған болуы мүмкін.
1.10.29-параграфы бойынша осы Стандарттың 1.10.1-ден 1.10.27 дейінгі параграфтарындағы талаптарында айқындалған сыртқы көмек туралы салыстырма ақпаратты ашып көрсету талабына байланысты, сол параграфтарды қабылдаған бірінші жылдан бастап жеңілдік қамтамасыз етіледі.
1.10.30-параграфы бойынша 1.10.18-параграфының бастапқы қабылданғанынан кейін екі жылдық мерзімге арналған талаптардан туындайтын жеңілдік қамтамасыз етіледі.
1.10.34 Қолданушылардан осы Стандарттың талаптары орындалғандығы туралы ақпараттандырылуын кепілдендіру үшін, 1.10.31-параграфы бойынша субъектілер осы өтпелі ережелерді қолданысқа енгізгендігі жайында ашып көрсетілуі талап етіледі

1 қосымша

Осы Стандарттың 1 Бөлімінің талаптарын көрсету

Бұл Қосымша ерекше көрнекілік сипатқа ие және стандарттардың бөлігі болып табылмайды. Ол Түсімдер мен төлемдер туралы есептен алынған фрагментті және ағымдық, сондай-ақ кезекті мерзімдерде сыртқы көмек аумағында несиелер мен гранттарға ие болатын үкіметке қатысты түсіндірме жазбахаттардағы сәйкес жарияланымдарды көрсетеді. Бұл қосымшаның мақсаты төмендегілерге қатысты кассалық әдіс бойынша жалпы тағайындалатын қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну кезінде стандарттарды қолдана отырып, олардың мәнін ашып көрсетуге көмек білдірумен түсіндіріледі:
(a) сыртқы көмекке ие болатын Үкімет;
(b) өзінің жеке банктік шотын бақылайтын және сыртқы көмекке ие бола алмайтын Үкіметтік субъект; және
(c) орталық субъектінің мекеме тұлғасы атынан ақшалай түсімдер мен төлемдерді басқара алатындай «бірыңғай шот» жүйесі аумағында қызмет атқаратын, сыртқы көмекке ие бола алмайтын Үкіметтік мекемелер.

1А қосымша

Х ҮКІМЕТІНІҢ ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ

200Х жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ақшалай түсімдер мен төлемдер туралы шоғырландырылған есеп.

(тек қана түсімдер)




Түсіндірме жазбахат

2прямая со стрелкой 7600Х

2прямая со стрелкой 75прямая со стрелкой 7400Х–1



















(мың ақшалай бірлік)




Субъектімен бақыланатын Түсімдер/

(Төлемдер)

Үшінші тараппен туындалған төлемдер

Субъектімен бақыланатын Түсімдер/

(Төлемдер)

Үшінші тараппен туындалған төлемдер

ТҮСІМДЕР
















Салық салу
















Табыс салығы




Х

-

Х

-

ҚҚС




Х

-

Х

-

Мүлік салығы




Х

-

Х

-

Басқа да салықтар




Х

-

Х

-







Х

-

Х

-

Сыртқы көмек

10













Көп жақты көмек көрсету бойынша агенттік




Х

Х

Х

Х

Екі жақты көмек көрсету бойынша агенттік




Х

Х

Х

Х







Х

Х

Х

Х

Басқа гранттар мен көмек




Х

Х

Х

Х



















Басқа қарыздар
















Алынған қарыздардантүскен түсімдер

3

Х

Х

























Капиталдық түсімдер (капитал түсімдері)
















Ғимараттар мен жабдықтарды сатудан түскен түсімдер




Х

-

Х

-



















Сауда қызметі
















Сауда қызметінен түскен түсімдер




Х

-

Х

-



















Басқа да түсімдер

4

Х

Х

Х

Х



















Ақшалай түсімдердің жалпы сомасы



Х

Х

Х



Х


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет