Мойындау және мойындауды тоқтату (16-44-параграфтар)
Бастапқы мойындау (16-параграф)
AG49. 16-параграфта жазылған қағидаттарға сәйкес субъект, қаржы активтерін сату ретінде өткізуді ескеруге мүмкіндік бермейтін туынды құралдарды қоспағанда (AG64-параграфты қараңыз), өзінің қаржылық жағдай туралы есебіндегі тиісінше активтер, немесе міндеттемелер түріндегі туынды құралдар бойынша өзінің барлық шарттық құқықтары мен міндеттемелерін мойындайды. Егер қаржы активтерін өткізу мойындауды тоқтату үшін, белгіленген талаптарға сай келмесе, онда осы активті алушы тарап оны өзінің активі ретінде танымайды (AG65-параграфты қараңыз).
AG50. Төменде 16-параграфта жазылған қағидатты қолдану мысалдары келтірілген:
(а) Субъект шарттық қатынастарға кірген жағдайда қосымша талаптармен шектелмеген дебиторлық және несиелік берешек актив, немесе міндеттеме ретінде танылады, олардың нәтижесінде онда ақша қаражатын, немесе ақша міндеттемесін алуға арналған заңды құқықтар туындайды;
(b) Тауарлар, немесе қызмет көрсетулер сатып алуға, немесе сатуға арналған нақты келісім нәтижесінде туындайтын активтер мен міндеттемелер, әдетте, тараптардың тым болмаса біреуі келісімнің өз бөлігін орындағанға дейін танылмайды. Мысалы, нақты тапсырыс алған субъект, әдетте, келісім жасау сәтінде активті танымайды (ал тапсырысты орналастырған субъект міндеттемені танымайды); мұның орнына ол тауарды тиеп жөнелту, жеткізу немесе қызмет көрсету сәтіне дейін мойындауды кейінге қалдырады. Егер қаржылық емес активтері сатып алу немесе сату туралы осындай нақты келісім 4-6 параграфтарда айқындалғандай осы Стандартты қолдану аясында тұрса, оның таза әділ құны осындай келісім жасалған күнгі актив немесе міндеттеме түрінде танылады (төмендегі (с) қараңыз). Осылармен қатар, егер бұрын танылған нақты келісім әділ құнды хеджирлеу кезінде хеджирленетін бап ретінде айқындалса, онда таза әділ құнның хеджирленетін тәуекелдікке ілесетін кез келген өзгерісі хеджирлеу басталғаннан кейін актив, немесе міндеттеме ретінде танылады (104 және 105-параграфтарды қараңыз);
(с) Осы Стандартты қолдану аясындағы форвордтық шарт (2-6-параграфтарды қараңыз) есеп айырысу күніндегі емес, келісім жасау күніндегі актив, немесе міндеттеме ретінде танылады. субъект форвардтық шартты жасаған кезде талап ету құқықтарының және міндеттемелердің әділ құны жиі сәйкес келеді, сондықтан форвардтық келісімшарттың таза әділ құны нөлге тең. Егер талап ету құқықтарының және міндеттемелердің әділ құны нөлге тең болса, онда шарт актив, немесе міндеттеме түрінде танылады;
(d) Осы Стандартты қолдану аясындағы опциондық шарттар (2-6-параграфтарды қараңыз) иеленуші, немесе сатушы шарт бойынша тараптың бірі болған кезде актив, немесе міндеттеме ретінде танылады;
(е) Жоспарланған болашақ мәмілелер, олардың орындалу мүмкіндігіне қарамастан, субъектінің активтері және міндеттемелері болып табылмайды, себебі субъект шарттық қатынастарға кірген жоқ.
Қаржы активін мойындауды тоқтату (17-39-параграфтар)
AG51. Төмендегі диаграммада жүйелілік көрсетілген, онда қаржы активін мойындауды тоқтату қажеттілігі және дәрежесі бағаланады.
Талаптарға қатысты субъект қаржы активі бойынша ақша ағындарын алуға арналған шарттық құқықтарды өзінде қалдыратын, бірақ осы ақша ағындарын бір, немесе бірнеше алушыға аудару туралы міндеттеме қабылдайтын келісім (20(b)- параграф)
AG52. Мысалы, егер субъект арнайы мақсаттағы субъектіні, немесе трастілік субъектіні білдірсе және инвесторларға өзіне тиесілі шығыс қаржы активтеріне қатысу үлестерін ұсынса және осы қаржы активтеріне қызмет көрсетуді қамтамасыз етсе, (20(b)-параграфта жазылған жағдай (субъект қаржы активі бойынша ақша қаражатының ағындарын алуға арналған шарттық құқықтарды өзінде қалдырған, бірақ бұл ретте өзіне ақша қаражаттары ағындарын бір, немесе бірнеше алушыға аудару жөнінде шарттық міндеттеме қабылдаған кезде) орын алады. Бұл жағдайда қаржы активтері 21 және 22-параграфтардағы шарттарды мойындауды тоқтатуға әкеледі.
AG53. 21-параграфтың ережелерін қолданатын субъект, мысалы, активтің бастапқы иеленушісі болып табыла алады, немесе әңгіме қаржы активін сатып алған және ол бойынша ақша қаржысының ағындарын ол бойынша байланысты, үшінші тарап мәртебесі бар инвесторларға қайта жолдайтын арнайы мақсаттағы субъект кіретін топ туралы болуы мүмкін.
Иеленуге байланысты тәуекелдіктер мен пайдаларды бағалау (22-параграф)
AG54. Төменде субъект мыналарды иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктердің және пайдалардың едәуір бөлігін өткізген кездегі жағдайлардың мысалдары келтірілген:
(а) Қаржы активін сату талаптарымен шектелмеген;
(b) Қаржы активін оны әділ құны бойынша сатып алу құқығымен бірге осындай кері сатып алу сәтінде сату; және
(с) Қаржы активін «ақшадан тыс» терең жатқан сатып алу немесе сату опционымен (яғни, оның орындау мерзіміне дейін «ақшада» болуы неғайбіл болатындай «ақшадан тыс» тым алыста болатын опционмен) бірге сату.
AG55. Төменде субъектінің активтерді иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктердің және пайдалардың едәуір бөлігін өзінде қалдырудың мысалдары келтірілген:
(а) Сату және кері сатып алу мәмілесі, оның талаптары бойынша кері сатып алу белгілеген баға бойынша, немесе сату бағасы бойынша және қарыз берушінің кірістері бойынша жасалады;
(b) Бағалы қағаздармен несие беру туралы келісім;
(с) Қаржы активін активті кері сатқан субъектінің нарықтық тәуекелдігін өткізетін жиынтық кіріске своппен бірге сату. Қаржы активін «Ақшадан тыс» терең жатқан сатып алу, немесе сату опционымен (яғни, оның орындау мерзіміне дейін «ақшада» болуы неғайбіл болатындай «ақшадан тыс» тым алыста болатын опционмен) бірге сату; және
(е) Қысқа мерзімді дебиторлық берешекті сату, оның талаптары бойынша субъект алушыға ықтимал шығындарды өтеуге кепілдік береді.
AG56. Егер субъект өткізу нәтижесінде өткізілген активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін ауыстыру орын алғанын анықтаса, ол өткізілген актив жаңа мәміленің шеңберінде кері сатып алу мәні болатын жағдайды қоспағанда, осы активті болашақ кезеңде танымайды.
Бақылауды өткізуді бағалау
AG57. Егер алушы субъектіде өткізілген активті сатудың нақты мүмкіндігі болса, субъектіде өткізілген активті бақылау сақталмаған. Егер алушы субъектіде өткізілген активті сатудың нақты мүмкіндігі болмаса, субъектіде өткізілген активті бақылау сақталған деп есептеледі. Алушы субъектінің оған өткізілген активті сатуға нақты мүмкіндігі, егер осы активті ашық нарықта, егер оны активті өткізген субъектінің қайтару қажеттілігі туындаса, осы активті кері сатып алуды жасай алғандықтан жүзеге асырылса, болады. Мәселен, алушы субъекті оған өткізілген активті сату үшін, нақты мүмкіндігі болады, егер оған қатысты субъектіге оны сатып алуға мүмкіндік беретін опцион болса, дегенмен, осы опционды орындау талаптары кезінде, алушы субъекті өткізілген активті нарықта бірден сатып ала алады. Егер субъекті осындай опционды өзінде қалдырса және активті өткізген субъекті осы опционды орындаса, өткізілген активті нарықта бірден сатып ала алмаса, алушы субъектінің оған өткізілген активті сату үшін, нақты мүмкіндіктері болмайды.
AG58. Алушы субъектінің, егер ол активті байланысты емес үшінші тарапқа және өткізу рәсіміне қосымша шектеулер қоймастан бір жақты тәртіппен сатқан жағдайда, оған өткізілген активті сату үшін, нақты мүмкіндіктері болады. Маңызды мәселе, алушы субъектінің өзінің шарттық құқықтарына сәйкес активті басқара алатынынан немесе шартта қандай тиым салулар көзделетінінен емес, іс жүзінде нақты не істей алатынынан тұрады. Атап айтқанда:
(а) Егер оны жүзеге асыруға мүмкін болатын нарық жоқ болса, нақты тұрғыдан алғанда өткізілген активті сату үшін, шартта көзделген құқықтың маңызы аз болады; және
(b) Егер олар еркін жүзеге асырылмайтын болса, өткізілген активті сату үшін, мүмкіндіктің нақты маңызы болмайды. Осы себеп бойынша:
(і) Алушы субъектідегі өткізілген активті сатуға арналған мүмкіндіктер басқа тараптардың іс-әрекеттеріне қатысты болмайды (яғни, мүмкіндіктер бір жақты болуы тиіс); және
(іі) Алушы субъектіде оған өткізілген активті сатып алуға мүмкіндіктері болуы тиіс, бұл ретте өткізу рәсіміне қатысты шектеу талаптарын, немесе «түсіндірмелер» (яғни, қарыздық активке, немесе оған осы активті кері сатып алу құқығын беретін опционға қызмет көрсетуге қатысты талаптарды) қоюға мәжбүр болады.
AG59. Өткізілген активті алушы субъектінің сату мүмкіндігінің аз болуы активті өткізген тараптың оны бақылауды өзінде қалдырғанын білдірмейді. Дегенмен, егер сатуға арналған опцион, немесе кепілдік өткізілген активті алушы субъектінің сатуына кедергі жасамаса, онда бұл оны өткізген тараптың осы активті бақылауды өзінде қалдырғанын білдіреді. Мысалы, егер сатуға арналған , немесе кепілдік олардың алушы субъекті өткізген активті сатуға кедергі жасайтындай пайдалы, себебі іс жүзінде алушы субъекті осындай сатуды ұқсас опционды, немесе басқа шектейтін талаптарды қоса бермей, осы активті үшінші тарапқа сатуы белгісіз. Сондықтан алушы өткізілген активті кепілдіктерде, немесе сатуға арналған опционда көзделген төлемдерді алу мақсатында ұстайтын болады. Осындай жағдайларда активті өткізілген тараптың осы активті бақылауды өзінде қалдырды деп есептеуге болады.
Мойындауды тоқтатуға сай келетін активтерді өткізу
AG60. Субъект өткізілген активтер бойынша пайыздық төлемдердің бір бөлігіне құқықты оларға қызмет көрсету үшін, өтемақы ретінде өзіне қалдыра алады. Пайыздық төлемдердің қызмет көрсету шарты аяқталғаннан, немесе өткізілгеннен кейін субъект үміттенуін тоқтататын бөлігі қызмет көрсету бойынша активке, немесе міндеттемеге бөлінеді. Пайыздық төлемдердің субъект үміттенуін тоқтатпайтын бөлігі алуға арналған стрипті білдіреді. Мысалы, егер қызмет көрсету шарты аяқталғаннан, немесе өткізілгеннен кейін субъект бұрынғыша барлық пайызды алуға үміттенсе, онда бүкіл пайыздық спрэд алуға арналған стрипке айналады. 29-параграфты қолдану мақсатында дебиторлық берешектің қаржылық жағдай туралы есептік құнын осы активтің мойындауы тоқтатылатын бөлігі және мойындауы жалғастырылатын бөлігі арасында бөлу үшін, қызмет көрсету бойынша активтің және алуға арналған стриптің әділ құны пайдаланылады. Қызмет көрсету үшін, сыйақының белгіленген мөлшері болмағанда, немесе алынатын сыйақы субъект активке қызмет көрсету шығындарын өтемеген жағдайда, қызмет көрсету құны әділ құны бойынша міндеттеме ретінде көрсетіледі.
AG61. Активтің мойындауы тоқтатылатын бөлігінің және мойындауы жалғастырылатын бөлігінің әділ құнының мәндерін бағалау кезінде ұйым 29-параграфты қолдану мақсатында 50, 52 параграфты және 30-параграфқа қосымша ретінде AG101-AG115 параграфтарында жазылған әділ құнды бағалауға қойылатын талаптарды басшылыққа алады.
Мойындауды тоқтатудың ықпалында болмайтын активтерді өткізу
AG62. Төменде 31 параграфта тұжырымдалған қағидаттың қалай қолданылатыны көрсетілген. Егер өткізілген актив бойынша дебиторлық берешекті төлемеу жағдайында, субъект ұсынған кепілдік субъект өткізілген активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін өзінде қалдырғандықтан, осы активті мойындауды тоқтатуға кедергі жасаса, осы актив бұрынғыша толық көлемде танылады, ал алынған қарама-қарсы ұсыныс міндеттеме ретінде көрсетілуі тиіс.
Өткізілген активтерге одан әрі қатысу
AG63. Төменде субъектінің өткізілген активті және оған ілеспе міндеттемені 32-параграфқа сәйкес қалай бағалайтыны бойынша мысалдар келтірілген.
Барлық активтер
(а) Егер өткізілген актив бойынша дебиторлық берешекті төлемеу жағдайында, субъект ұсынған кепілдік оны осы активте қатысуын тепе-тең жалғастырылатын мойындауды тоқтатуға кедергі жасаса, онда өткізу күні ол мынадай өлшемдердің ең төмені бойынша бағаланады: (і) активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнының және (іі) қарама-қарсы ұсынысты өткізу кезінде алынған, субъектіге төлеуге тура келуі мүмкін ең жоғары соманың («Кепілдік берілген соманың»). Ілеспе міндеттеме бастапқыда кепілдік берілген сома және кепілдіктің өзінің әділ құны (әдетте кепілдік үшін алынған қарама-қарсы ұсынысқа тең) бойынша бағаланады. Одан кейін кепілдіктің әділ құнының бастапқы мәні пайдада, немесе шығында уақытша негізге тепе-тең танылады 9 ҚСҚЕХС қараңыз), активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны құнсызданудан кез келген шығынның мөлшеріне азаяды.
Амортизациялық құны бойынша бағаланатын активтер
(b) Егер субъектінің сатуға арналған опцион жөніндегі міндеттеме, немесе субъектінің сатып алуға арналған опцион бойынша құқығы өткізілген активті мойындауды тоқтатуға кедергі жасаса және субъекті осы активті амортизациялық құны бойынша бағаласа, ілеспе міндеттеме осы өзіндік құн және өткізілген активтің опционды қолдану мерзімі аяқталған күнгі амортизацияланған құны арасындағы кез келген айырманың амортизациясына түзетілген нақты құны бойынша бағаланады (яғни, алынған қарама-қарсы ұсынысқа). Активтің амортизацияланған құны және қаржылық жағдай туралы есептік құны өткізу күні 98 а.б., ал алынған қарама-қарсы ұсыныс 95 а.б. құрайды делік. Активтің амортизацияланған құны опционды орындау күні 100 а.б. құрайды. Ілеспе міндеттеменің бастапқы қаржылық жағдай туралы есептік құны 95 а.б. құрайды, ал 95 а.б. және 100 а.б. арасындағы айырма тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін қолданумен пайдада, немесе шығында көрсетіледі. Егер опцион орындалатын болса, онда ілеспе міндеттеменің қаржылық жағдай туралы есептік құны және орындау бағасы арасындағы кез келген айырма пайдада, немесе шығында танылады.
Әділ құны бойынша бағаланатын активтер
(с) Егер сатып алуға арналған опцион, субъект өзінде қалдыратын құқық өткізілген активті мойындауды тоқтатуға кедергі жасаса және субъект осы активті әділ құны бойынша бағаласа, онда осы активті бағалау бұдан әрі әділ құны бойынша жалғасуы тиіс. Ілеспе міндеттеме (і), егер осы опцион «ақшада» болса, немесе «ақшасы болса», опционды бағалау бағасы минус опционның уақытша құны бойынша, немесе (іі) егер опцион «ақшадан тыс» болса, өткізілген активтің әділ құны минус опционның уақытша құны бойынша бағаланады. Ілеспе міндеттемені бағалауды түзету активтің және ілеспе міндеттеменің таза қаржылық жағдай туралы есептік құны сатуға арналған опцион бойынша құқықтың қаржылық жағдай туралы есептік құнын білдіретін жағдайды қамтамасыз етеді. Мысалы, егер шығыс активінің әділ құны 80 а.б. құраса, онда опционды орындау бағасы 95 а.б., ал опционның құны - 5 а.б., ілеспе міндеттеменің қаржылық жағдай туралы есептік құны - 75 а.б. (80 а.б. - 5 а.б.) және өткізілген активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны 80 а.б. (яғни оның әділ құнын) құрайды.
(d) Егер субъект жазып берген сатуға арналған опцион өткізілген активті мойындауды тоқтатуға кедергі жасаса және бұл ретте субъект осы активті әділ құны бойынша бағаласа, онда ілеспе міндеттеме опционды орындау бағасы плюс осы опционның уақытша құны бойынша бағаланады. Активті әділ құны бойынша бағалау әділ құнның, немесе опционды орындау бағасының неғұрлым төмен мәнімен шектелген, себебі субъектінің өткізілген активтің әділ құнын опционды орындау бағасынан жоғары ұлғайтуға ешқандай құқығы жоқ. Бұл активтің және ілеспе міндеттеменің таза қаржылық жағдай туралы есептік құны сатуға арналған опцион бойынша міндеттеменің әділ құнын білдіретін жағдайды қамтамасыз етеді. Мысалы, егер бастапқы активтің әділ құны 120 а.б. құраса, онда опционды орындау бағасы 100 а.б., опционның уақытша құны - 5 а.б. болса, ілеспе міндеттеменің қаржылық жағдай туралы есептік құны - 105 а.б. (100 а.б. + 5 а.б.), ал активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны - 100 а.б. (бұл жағдайда - опционды орындау бағасы) болады.
Eгер сатып алуға арналған сатып алынған опцион және сатуға арналған жазылған опцион нысанындағы «мойындау» өткізілген активті мойындауды тоқтатуға кедергі жасаса, ал субъект осы активті әділ құны бойынша бағаласа, оның оны әділ құны бойынша одан әрі бағалағаны дұрыс. Ілеспе міндеттеме (і), егер сатып алуға арналған опцион «ақшада» болса, немесе «ақшасы болса» сатып алуға арналған опционның уақытша құны шегеріле отырып, сатып алуға опционды орындау бағасы және опционның әділ құны ретінде не (іі), егер сатып алуға арналған опцион «ақшадан тыс» болса, сатып алуға арналған опционның уақытша құны шегеріле отырып, активтің әділ құнының және опционның әділ құнының сомасы ретінде бағаланады. Ілеспе міндеттемеге түзету активтің және ілеспе міндеттеменің қаржылық жағдай туралы есептік таза құны субъект ұстаған және жазып берген опциондардың әділ құнын білдіретін жағдайды қамтамасыз етеді. Субъект әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активін өткізген және бір мезгілде орындау бағасы 120 а.б. болатын орындау бағасымен опционды сатып алған және орындау бағасы 80 а.б. болатын сатуға арналған опционды жазып берген делік. Сондай-ақ активтің әділ құны өткізу күні 100 а.б. болады делік. Сатуға арналған опционның және сатып алуға арналған опционның уақытша құны тиісінше 1 а.б. және 5 а.б. болады. Субъект бұл жағдайда активті 100 ш.б. мөлшерінде (активтің әділ құны) және міндеттемені 96 а.б. [(100а.б. + 1 а.б.) - 5 а.б.] мөлшерінде мойындайды. Нәтижесінде активтің таза құны 4 а.б. тең болады, бұл субъект ұстаған және жазып берген опциондардың әділ құнын білдіреді.
Барлық өткізулер
AG64. Қаржы активін өткізу мойындауды тоқтатуға сай келмеген кезде, активті өткізетін тараптың осындай өткізуге жататын шарттық құқықтарын, немесе міндеттемелерін, егер туынды құралды да және өткізілген активті, не осындай өткізуге байланысты туындаған міндеттемені де мойындау бірдей құқықтарды, немесе міндеттемені екі рет мойындауға әкеп соқса, бөлек туынды құрал ретінде есепке алуға болмайды. Мысалы, өткізуші тарап өзінде қалдыратын сатып алуға арналған опцион қаржы активтерін өткізуді есепте сату ретінде көрсету үшін кедергі болуы мүмкін. Осы жағдайда сатып алуға арналған опционды туынды актив ретінде бөлек мойындауға болмайды.
AG65. Қаржы активін өткізу мойындауды тоқтатуға сай келмесе, алушы субъект өткізілген активті өзінің активі ретінде мойындауға құқылы емес. Сатып алушы тарап ақша қаражатын, немесе өзге төленген қарама-қарсы ұсынысты мойындауды тоқтатады және өткізуші тараптан дебиторлық берешекті мойындайды. Егер активті өткізуші тараптың өткізілген активті бақылауды толық көлемде белгіленген сомаға (мысалы, РЕПО келісімі бойынша) қайтадан сатып алуға құқығы және міндеттемесі болса, алушы субъект оған тиесілі соманы несие немесе дебиторлық берешек ретінде есепке алады.
Мысалдар
AG66. Төменде келтірілген мысалдар осы Стандартта белгіленген мойындауды тоқтату қағидаттарын қолдануды көрсетеді.
(а) Қайта сатып алу келісімі және бағалы қағаздармен несие. Егер қаржы активін сату оны белгіленген бағасы, немесе сату бағасы плюс қарыз берушінің кірісі бойынша кері сатып алу көзделетін келісім шеңберінде болса, егер ол оны өткізуші тарапқа қайтару көзделетін келісім бойынша қарызға алынатын болса, онда оны мойындау тоқтатылады, себебі өткізуші тарап осы активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін өзінде қалдырады. Егер алушы субъектіге активті сатып алуға, немесе салуға құқық берілсе, онда оны өткізуші тарап осы активті өзінің қаржылық жағдай туралы есебінде қайта сыныптастырады, мысалы, қарызға алған актив, немесе сатып алынған дебиторлық берешек ретінде.
(b) РЕПО келісімі және бағалы қағаздармен несие - біршама дәрежеде ұқсас активтер. Егер қаржы активін сату осындай, немесе белгіленген, немесе сату бағасы бойынша едәуір дәрежеде ұқсас активті кері сатып алу туралы келісім бойынша, егер қаржы активі осындай, немесе белгіленген, немесе сату бағасы бойынша едәуір дәрежеде ұқсас активті қайтару көзделетін келісім бойынша қарызға алынса, немесе қарызға берілсе, онда оны мойындау тоқтатылмайды, себебі өткізуші тарап осы активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін өзінде қалдырады.
(с) РЕПО келісімі және бағалы қағаздарды қарызға өткізу - ауыстыру құқығы. Егер белгіленген, немесе сату бағасына тең баға плюс қарыз берушінің кірісі бойынша кері сатып алу көзделетін РЕПО келісімі, немесе несиені бағалы қағаздармен беру жөніндегі осындай мәміле актив өткізілген субъектінің оны басқа ұқсас және кері сатып алу күні өткізілген актив сияқты әділ құны бар активтермен ауыстыру құнын алуына әкеп соқса, онда кері сатып алу, немесе бағалы қағаздармен несие туралы келісім бойынша қарызға сатылған, немесе өткізілген активті мойындау тоқтатылмайды, себебі активті өткізуші субъект осы активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін өзінде қалдырады.
(d) Әділ құны бойынша кері сатып алу туралы ұсыныстан бірінші бас тарту құқығы. Егер субъект қаржы активін сатса және өткізілген активті әділ құны бойынша кері сатып алу туралы ұсыныстан бірінші бас тарту құқығын ғана өзінде қалдырса, онда оны кейіннен алушы субъект сатқан жағдайда сатушы субъект осы активті мойындауды тоқтатады, себебі ол онымен бірге осы активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін де өткізді.
(е) Жалған сату мәмілесі. Қаржы активін сатқаннан кейін, оны кері сатып алуды кейде жалған сату деп айтады. Осындай кері сатып алу бастапқы мәміленің мойындауды тоқтату жөніндегі талаптарға сай келуі шартымен мойындауды тоқтатпайды. Дегенмен, егер қаржы активін сату туралы келісім бір мезгілде сол активті белгіленген бағасы, немесе сату бағасы бойынша кері сатып алу туралы келісімнен тұрса, онда осындай активті мойындау тоқтатылмайды.
(f) «Ақшада» терең тұрған сату және сатып алу опциондары. Егер өткізілген қаржы активін оны өткізген тарап сатып алса, ал сатып алуға арналған опцион «ақшада» терең жатса, онда осындай өткізу мойындауды тоқтатуға сай келмейді, себебі активті өткізуші тарап осы активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін өзінде қалдырады. Осылайша, егер қаржы активі «ақшада» терең жатса, онда осындай өткізу мойындауды тоқтатуға сай келмейді, себебі активті өткізуші тарап осы активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін өзінде қалдырады.
(g) Сатып алушының және сатушының «ақшадан тыс» алыс опциондары. Сатып алушы тараптағы «ақшадан тыс» алыста тұрған сатуға арналған опцион немесе өткізуші тараптағы «ақшадан тыс» алыста тұрған сату алуға арналған опцион болған кезде ғана өткізілген қаржы активі тоқтатуға жатады. Осы талап заңды, себебі активті өткізуші тарап осы активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін де өткізеді.
(һ) «Ақшамен» терең, не «ақшадан тыс» тұрмайтын сатып алу опционының объектісі болып табылатын, еркін айналыстағы активтер. Егер субъект нарықта еркін айналыстағы активті сатып алу опционы бар болса және осы опцион «ақшамен» терең, не «ақшадан тыс» тұрмайтын болса, онда осындай активті мойындау тоқтатылуы тиіс. Осы талап заңды, себебі субъект (і) осы активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін не өзінде қалдырған жоқ, не өткізген жоқ және (іі) оларды бақылаудан айырылды. Дегенмен, егер актив нарықта еркін айналмайтын болып табылса, оны мойындауды тоқтатуға актив құнының сатып алуға арналған опционның мәнін құрайтын бөлігі кедергі болады, себебі субъект осы активтері бақылауды өзінде қалдырады.
(і) Нарықта еркін айналыста болып табылмайтын, сату үшін субъект «ақшамен» терең, не «ақшадан тыс» тұрмайтын сатып алу опционын жазып берген актив. Егер субъект нарықта еркін айналыста болып табылмайтын активті өткізбесе және оны сату үшін субъект «ақшамен» терең, не «ақшадан тыс» тұрмайтын сатып алуға арналған опционды жазып бермесе, онда осындай опционның себебі бойынша субъект осы активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін өзінде қалдырмайды және сол сияқты өткізбейді. Егер сатуға арналған опцион актив алушы субъект оны сатпау үшін, жеткілікті түрде пайдалы болса, субъект активті бақылауды өзінде қалдырады және осы жағдайда активті мойындау онда өткізуші тараптың одан әрі қатысуына тепе-тең жалғастырылады (AG64-параграфты қараңыз). Егер сатуға арналған опцион актив алушы субъект оны сатпау үшін, пайдалылығы жеткіліксіз болса, субъект активті бақылауды өткізген болып табылады және бұл жағдайда активті мойындау тоқтатылады.
(j) Сатып алушы, немесе сатушы опционының әділ құны бойынша, немесе оны кері сатып алу туралы форвардтық келісімшарттың объектісі болып табылатын активтер. Осындай сату, немесе сатып алу опционының ғана, не орындау, немесе кері сатып алу бағасы қаржы активінің әділ құнына тең болатын кері сатып алумен сату туралы форвардтық келісімнің мәні болып табылатын қаржы активін өткізу нәтижесі оны мойындауды тоқтату болып табылады, себебі осы активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін өткізу орын алады.
(k) Ақшалай нысанда есеп айырыса отырып сатып алу, немесе сату опциондары. Субъект сату, немесе сатып алу опционының, не есеп айырысу ақшалай нысандағы қарама-қарсы талаптарды есепке алу арқылы жүргізілетін кері сатып алумен сату туралы форвардтық келісімнің мәні болып табылатын қаржы активті өткізуді осы активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін өзінде қалдыру, немесе өткізу фактісін белгілеу мақсатында мойындайды. Егер субъект осы активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін өзінде қалдырмаса, ол оны бақылауды жоғалтқанын, немесе жоғалтпағанын айқындайды. Сату, немесе сатып алу опционы бойынша, не кері сатып алумен сату туралы форвардтық келісім бойынша есеп айырысудың ақшалай нысандағы қарама-қарсы талаптарды есепке алу арқылы жүргізілу фактісі субъект бақылаудың автоматты түрде өткізілгенін білдірмейді (мәтін бойынша жоғарыдағы AG59 және (g), (h) және (і) параграфтарды қараңыз).
(l) Шоттардан есептен шығару туралы ереже. Шоттардан есептен шығару туралы ереже субъектіге өткізілуі белгілі бір шектелген талаптармен жалғасқан активтерді кері сатып алу құқығын беретін, талаптармен шектелмеген сатып алуға (кері) опционды білдірмейді. Осындай опционның субъектінің активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін өзінде қалдырмаған, не өткізбеген жағдай нәтижесінің болуы шартымен, ол кері сатып алу мәні болып табылатын соманың ғана мөлшерінде мойындауды тоқтатуға кедергі жасайды (егер активті алған субъектінің оны сатуға мүмкіндігі жоқ деп болжанса). Мысалы, қаржылық жағдай туралы есептік құны және қарыздық активті өткізуден түсімдер 100,000 а.б. болса, ал кез келген бөлек қарыз кері қайтарылып алынса, бірақ кері сатып алынуы мүмкін қарыздардың жалпы сомасы 10,000 а.б. аспаса, онда 90,000 а.б. сомасындағы қарыздар мойындауды тоқтатудың ықпалында болады.
(m) Жабатын опциондар. Субъект, мысалы, өткізілген активтерге қызмет көрсеткен, активті өткізген субъект өтелмеген активтердің сомасы осы активтерге қызмет көрсету бойынша шығындар қызмет көрсетуде пайдалармен салыстырғанда жүктемесі бар болғандағы белгілі бір деңгейге дейін төмендеген кезде, қалған өткізілген активті сатып алуға арналған жабылатын опционды иелене алды. Осындай жабылатын опционды орындау нәтижесінде субъектінің активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін өзінде қалдырмауы, не өткізбеуі, ал алушы субъектінің осы активті сатуға мүмкіндігінің болмауы шартымен, ол активтің сатып алуға арналған опционның мәні болып табылатын бөлігін ғана мойындауды тоқтатуға кедергі жасайды.
(n) Сақталған реттелген үлестер және несиелік кепілдіктер. Субъект алушыға осы активке қатысудың кейбір, немесе барлық үлесін реттеу арқылы оған өткізілген активтің кредиттің сапасын арттыру механизмін ұсына алады. Субъект балама ретінде алушыға нақты сомамен шектелуі, немесе шектелмеуі мүмкін несиелік кепілдік нысанында несиелік сапасын арттыру механизмін ұсына алады. Егер субъект активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін өзінде қалдырса, онда осы актив одан әрі толық көлемде танылады. Егер субъект активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін емес, кейбіреуін қалдырса және бұл ретте активті бақылауды жалғастырса, мойындауды тоқтату субъектіде төлеу үшін, талап етілуі мүмкін ақша қаражатына, немесе басқа активтерге қолданылмайды.
(o) Жиынтық кіріске арналған своптар. Субъект қаржы активін алушыға сата алады және онымен жиынтық кіріске арналған своп шартын жасай алады, ол бойынша негізгі актив бойынша пайыздық төлемдердің барлық ағындары субъектіге белгіленген, немесе өзгермелі пайыздық мөлшерлеме бойынша төлемнің орынына аударылады, бұл ретте бастапқы активтің әділ құнының ұлғаюын, немесе азаюын субъект өтейді. Осы жағдайда активті толық көлемде мойындауды тоқтатуға тиым салынады.
(p) Пайыздық своптар. Субъект алушыға белгіленген мөлшерлемесі бар қаржы активін өткізе алады және онымен пайыздық своп жасай алады, онда өткізілген қаржы активінің негізгі сомасына тең шартты сомадан өзгермелі пайыздық мөлшерлеме бойынша белгіленген және төлем алуға көзделеді. Пайыздық своп өткізілген активті мойындауды осы своп бойынша төлемдердің өткізілген актив бойынша жүргізілген төлемдерге байланыстырылмау шартымен тоқтатуға кедергі жасамайды.
(q) Амортизацияланған пайыздық своптар. Субъект алушыға шартты сомадан белгіленген және өзгермелі мөлшерлеме бойынша төлемдер алу көзделетін амортизацияланған пайыздық мөлшерлеме шартын жасай отырып, белгілі бір мерзімі ішінде өтелетін белгіленген пайыздық мөлшерлемесі бар қаржы активін өткізе алады. Егер своптың шартты сомасы өткізілген қаржы активінің кез келген нақты уақыт сәтінде өтелмеген сомасына тең болатындай түрде амортизацияланса, онда осындай своп, әдетте, субъектінің алдын ала ақы төлеудің едәуір тәуекелдігін өзінде қалдыруына әкеп соғады және осы жағдайда субъект өткізілген активті, не толық көлемде, не оның оған одан әрі қатысуын көрсететін бөлігінде жалғастырады. Және, керісінше, егер своптың шартты сомасын амортизациялау өткізілген активтің өтелмеген негізгі сомасына байланыстырылмаса, осындай своп субъектінің осы актив бойынша алдын ала ақы төлеу тәуекелдігін өзінде қалдыруға әкеп соқпайды. Тиісінше, бұл өткізілген активті мойындауды тоқтатуға осы своп бойынша төлемдер өткізілген актив бойынша жүргізілген пайыздық төлемдерге байланыстырылмауы шартымен кедергі жасамайды және своп субъектінің өткізілген активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдіктер мен пайдалардың едәуір бөлігін өзінде қалдыруға әкеп соқпайды.
AG67. Осы параграф субъектінің осындай қатысуы қаржы активінің бір бөлігіне қатысты болған кезде активке қатысуды жалғастыруға негізделген тәсілді қолдануды көрсетеді.
Субъектіде алдын ала төленген қарыздардың портфелі бар, олар бойынша купондық және тиімді пайыздық мөлшерлеме 10 пайыз, ал негізгі сома және амортизацияланған құн 10,000 а.б. болады делік. Субъект мәміле жасайды, оның талаптары бойынша 9,115 төлеу орнына алушыға кез келген негізгі сома бойынша кез келген түсімдерден 9,000 құқық плюс осы сомадан 9,5 пайыз мөлшерлемесі бойынша пайыздық мөлшерлеме ұсынылады. Субъект кез келген негізгі сомадан 1,000 плюс одан 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша пайыздық кіріс плюс негізгі 9,000 соманың қалған 0,5 пайыз мөлшерінде қосымша спрэд алуға құқығы болады. Алдын ала ақы төлеу желісі бойынша түсімдер субъект мен алушы арасында 1:9 пропорциясымен бөлінеді, бірақ кез келген төлемеулер субъектінің 1,000 құрайтын пайыздық үлесінен, ол аяқталғанша шегеріледі. Несиелердің мәміле күніндегі әділ сомасы 10,100, ал қосымша спрэдтің 0,5 пайыз мөлшеріндегі күтілетін әділ құны 40 құрайды.
Субъект оған иеленуге байланысты едәуір тәуекелдіктердің және пайдалардың кейбіреуі (мысалы, алдын ала ақының едәуір тәуекелдігі) өткізілгенін және бір мезгілде иеленуге байланысты едәуір тәуекелдіктердің және пайдалардың кейбіреуі сақталғанын (оның реттелген үлесті сақтауына байланысты), сондай-ақ өткізілген активті бақылауды өзінде қалдырғанын белгілейді. Осылайша, субъект өткізілген активтер одан әрі қатысуына негізделген тәсілді қолданады.
Осы Стандартты қолдану мақсатында субъект (а) 1,000 мөлшерінде қатысуға толық пропорционалды үлесін қалдыру, қосымша (b) алушының кредит бойынша шығынды қосымша қорғаныш үшін осы сақталған қатысу үлесін реттеу тұрғысынан алғанда мәмілені талдауы тиіс.
Субъект жүргізген есептеулер 9,115 мөлшерінде алынған қарама-қарсы ұсыныстың 9,090 (90 пайыз × 10,100) толық пропорционалды 90 пайыздық үлесті өтеу болып табылады. Алынған қарама-қарсы ұсынудың қалған бөлігі (25) алушыға кредит бойынша шығыннан қорғау құралы ретінде кредиттікті арттыру механизмін ұсыну мақсатында сақталған пайыздық үлесті реттеу үшін алынған өтеуді білдіреді. Осымен қатар, 0,5 пайыз мөлшеріндегі қосымша спрэд кредиттік сапаны арттыру үшін алынған қарама-қарсы ұсынуды білдіреді. Тиісінше, несиелік сапаны арттыру үшін алынған қарама-қарсы ұсыныстың жалпы сомасы 65 (25 + 40) құрайды.
Субъект ақша ағындарының 90 пайыздық үлесін сатудан пайданы немесе шығынды есептеуі тиіс. Егер өткізілген 10 пайыздың және сақталған 90 пайыздың әділ құнының жекелеген мәндерін өткізу күні айқындауға мүмкін болмаса, ұйым 28-тармақты басшылыққа ала отырып, активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнын былайша бөледі:
|
|
Есептік әділ құны
|
Пайыздық үлесі
|
Бөлінген қаржылық жағдай туралы есептік құны
|
Өткізілген үлес
|
9,090
|
90%
|
9,000
|
Сақталған үлес
|
1,010
|
10%
|
1,000
|
Жиынтығы
|
10,100
|
|
10,000
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |