АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым



бет35/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   95

29 ҚСҚЕХС 10 бойынша субъект АҚШ долларына деноминацияланған қаржылық құралдар және еуроға деноминацияланған қаржылық құралдары сияқты қаржылық активтерді өтеуге дейін ұсталғандардың әр алуан санатына жекелей өтеуге дейінгі ұсталғандардың санатына сыныптастыру шарттарын қолдана ала ма?

Жоқ. «Көздеу компрометациясы» 29 ҚСҚЕХС 10 шарттарында нақты құрастырылған. Егер субъект инвестицияның өтеуге дейін ұсталғандардың шамалы сомасын сатады немесе қайта сыныптастырады, ол өтеуге дейін ұсталғандар ретінде кез келген қаржылық активтерді сыныптастыра алмайды.

B.20 Өтеуге дейінгі ұсталған инвестицияны анықтау: шоғырлану барысында «көздеу компрометациясы ережелерін қолдану»

Субъект 29 ҚСҚЕХС 10 шарттарын жеке әр алуан экономикалы бірлік субъектілерінің ұстауымен, мысалы, жеке субъектілер әр елдерде әр алуан құқықтық немесе экономикалық ортада болғандығынан, қаржылық активтерді өтеуге дейін ұсталғандарға қолдана ала ма?

Жоқ. Егер субъект шоғырландырылған қаржылық есеп беруде өтелгенге дейінгі ұсталғандар ретінде сыныптастырылған инвестицияның шамалы сомасынан артығын сатса, немесе қайта сыныптастырса, егер 29 ҚСҚЕХС 10 шарттары орындалмаса, шоғырландырылған қаржылық есеп беруде өтеуге дейінгі ұсталғандар ретінде кез келген қаражаттық активтер сыныптастырыла алмайды.

B.21 Қарыздар мен дебиторлық қарызгерлікті анықтау: үлестік құралдар.

Үлестік құрал, мысалы, бекітілген, немесе анықталатын төлемдерді алдын ала қарастыратын артықшылықты акциялар оның ұстаушысымен қарыздар, немесе дебиторлық қарызгерлік санатына сыныптастырыла ма?

Иә. Егер туынды емес үлестік құрал эмитентпен міндеттілік ретінде көрінеді, бекітілген, немесе анықталатын төлемдері бар және белсенді нарықта бағасы белгіленбейді, ол қарыз және дебиторлық қарызгерлікт санатында басқа шарттар орындалуының жағдайындағана ұстаушы болып сыныптастырыла алмайды. 27 ҚСҚЕХС 13 - 27 ҚСҚЕҚС 27 қаржылық құралы эмитентінің көзқарасы тұрғысынан міндеттер, немесе үлестік құралдар ретінде қаржылық құралдарды сыныптастыру бойынша Нұсқаманы алға тартады. Егер құрал 28 ҚСҚЕХС сәйкес үлестік құрал анықтамасына дауап берсе, онда ол қарыздар мен дебиторлық қарызгерлік санаттарында ұстаушылармен сыныптастырыла алмайды.

B.22 Қарыздар мен дебиторлық қарыздың анықтамасы: басқа банктегі банк депозиттері.

Банктер шұғыл депозиттерді орталық, немесе басқа банктерде орналастырады. Кей жағдайда депозиттік куәлік сатылуы мүмкін болады, кейде сатылмайды. Егер, тіпті сатылатын жағдайда депозитор банк оны сатуды көздейді, ал кей жағдайда олай болмайды. Осындай депозит 29 ҚСҚЕХС 10 қарыздар мен дебиторлық қарызгерлікке жата ма?

Мұндай депозит депозиттік куәліктің сатылуына қарамастан банк-депозиторлар жақын арада, немесе тезірек сатуды көздеп отырғанда қарыздар мен дебиторлық қарызгерлік анқтамасына жауап береді және сол уақыттары саудаға арналған депозит қаржылық актив сияқты сыныптастырылуы қажет.

B.23 Амортизациялық құнды анықтау: қарыздың бекітілген немесе нарықтық өзгермелі мөлшерінің мәңгілік қарыздық құралдары.

Кей уақыттары субъектілер қарыздың негізгі сомасын өтеу міндеттері болмаған эмитенттерге байланысты амортизациялық құн өлшенуі керек болған қарыздық құралдарды сатып алады немесе шығарады. Пайыздар не бекітілген бойынша, немесе өзгермелі мөлшер бойынша төленетін болады. Егер пайыз мөлшері бекітілген немесе нарықтық өзгермелі мөлшер ретінде анықталған болса, амортизациялық құнды анықтау мақсаты үшін алғашқы мойындалу барысында тез арада нөлде амортизацияланғандар және бастапқы төленгендер немесе алынғандардың арасында айырмашылықтар болуы мүмкін бе?

Жоқ. Қарыздың негізгі сомасын қарастырмағандықтан, егер, пайыз мөлшері бекітілген, немесе нарықтық өзгермелі мөлшерде анықталғандықтан, алғашқы құн мен өтеу сомасының арасында амортизацилық айырмашылық болмайды. Пайыздар бекітілген, немесе нарықтық мөлшерде төленетін болғандықтан мәңгі төленетін болады, амортизациялық құн әрбір кезеңдерде қарыздың негізгі сомасына тең болады (29 ҚСҚЕХС 10).

B.24 Амортизациялық құнды анықтау: төмендетілетін пайыздық миөлшердегі мәңгілік қарыздық құралдар.

Егер мәңгілік қарыздық құралдың көрсетілген пайыздық мөлшері уақыт өткен сайын төмендейтін болса, амортизациялық құн әр кезеңде негізгі сомаға тең бола ма?

Жоқ. Экономикалық көзқарас тұрғысынан қарағанда, кейбір, немесе барлық пайыздық төлемдер негізгі соманы өтеуді көрсететін болады. Мысалы, пайыздық мөлшер 16 пайыз көлемінде алғашқы он жылға және нөл пайыз көлемінде келесі кезеңдерде бекітілуі мүмкін. Мұндай жағдайларда алғашқы құн нөлге дейін алғашқы он жыл ішінде нәтижелі пайыздық мөлшер тәсілін қолдана отырып, пайыздық төлемнің бөлшегі негізгі соманы өтеудегі төлемді көрсететін болғандықтан амортизацияланады. Амортизацияланған сома 10 жылдан кейінгі уақыттары нөлге тең болады, себебі ақша қаржыларының болашық төлемінің ағысы келесі жылдары нөлге тең болғанда, дисконтталған сома да нөлге тең болады.

B.25 Амортизацияланған құнның есебінің мысалы: қаржылық актив.

Әділ құнның бағасынан шығып, өтеудің бекітілген меріміне ие болған қаржылық активтер амортизациялық құн бойынша өлшенуі керек. Амортизациялық құн қалай есептеледі?

29 ҚСҚЕХС сәйкес, амортизациялық құн нәтижелік пайыздық мөлшер тәсілін қолдануымен есепке алынады. Қаржылық құралға жататын нәтижелі пайыздық мөлшер – бастапқы мойындалымдағы таза теңгерімдік құнға дейін аса қысқа кезеңде болса, орынды болар еді, немесе қаржылық құралының күтілген уақытының бойында болашақ ақша ағындары есебінің дәлме-дәл дисконтталуында қолданылатын мөлшер. Есептеу келісім және басқа сыйлықтар мен төмендетулер бойынша шығынға тікелей байланысты пайыздың нәтижелі мөлшерінің бөлінбейтін бөлігі болып табылатын төленген, немесе алынған сомалар мен барлық сыйақыларды қосады. Төменде келтірілген мысалда нәтижелі пайыздық мөлшер әдісін қолдана отырып, амортизацияланған құн есебі көрсетіледі. А субъектісі өтеуге дейін бес жыл қалған уақытында әділ құны 1,000 а.б. бойынша қарыздық құралды алады (келісім бойынша шығындарды қосып алғанда). Құралдың 1,250 а.б. негізгі сомасы бар және жыл сайынғы пайыздық мөлшер бойынша төлемдері 4.7 пайызды құрайды (1,250 а.б. × 4.5% = жылына 59 а.б.). Сонымен қатар, келісімшартта қарыз алушының опционын, құралды айыппұл санкциясысыз мерзімінен бұрын өтеу үшін алдын ала қарастырады. Құралды алу сәтінде субъект қарыз алушы құралды мерзімінен өтеп бітірмейтінін күтеді.



Пайыздық төлемдер мен бірқалыпты мөлшер бойынша қарыздық құралдың бар уақытындағы теңгерімдік құны бойынша бастапқы дисконт түсімін тарату, бөлу үшін, көрсетуге болады, пайыздар мөлшер бойынша 10 пайыз жыл сайын саналуы керек. Төменгі кестеде әрбір есеп беру кезеңіндегі қарыздық құралдың пайыздық кірісі және ақша ағынының амортизациялық құн туралы ақпараттары келтіріледі.

Жыл

(a)

(b=a×10%)

(c)

(d=a+b–c)

Амортизацияланған құн жыл басына

Пайыздық пайда

Ақша ағымы

Амортизацияланған құн жыл соңына

20Х0

1,000

100

59

1,041

20Х1

1,041

104

59

1,086

20Х2

1,086

109

59

1,136

20Х3

1,136

113

59

1,190

20Х4

1,190

119

1,250+59



0Х2 жылдың бірінші күнінде субъект ақшалай қаражат ағынының бағалауын қайта қарастырады. Оның болжамы бойынша, негізгі соманың 50 пайызы 20Х4 жылы өтеледі.29 ҚСҚЕХС AG20 сәйкес, несие құралының бастапқы сальдосы 20Х2 жылы түзетіледі. Түзету сомасы субъект 20Х2 жылы аламын деп болжайтын соманы дисконттау және одан кейінгі жылдары тиімді пайыздық мөлшерлеме қолдану (10 пайыз) арқылы есептелінеді. Соның нәтижесінде, жаңа бастапқы сальдо 20Х2 жылы 1,138 а.б. құрайды. Түзету көлемі 52 ВБ (138 ВБ-1,086 ВБ) 20Х2 жылғы пайда немесе зарара құрамында есептелінеді. Төмендегі кестеде өтемпұлданған құн туралы, пайыздық түсім мен есептеу сомасын өзгертуді ескере отырып, түзеткеннен кейінгі ақшалай қаражат туралы ақпарат берілген.

Жыл

(a)

(b=a×10%)

(c)

(d=a+b–c)

Амортизацияланған құн жыл басына

Пайыздық пайда

Ақша ағымы

Амортизацияланған құн жыл соңына

20Х0

1,000

100

59

1,041

20Х1

1,041

104

59

1,086

20Х2

1,086+52

114

625+59

568

20Х3

568

57

30

595

20Х4

595

60

625+30



Егер қарыздық құралдың құнсыздануы, айталық, 20Х3 жылы болатын болса, онда құнсызданудан туындаған шығын бастапқы нәтижелі пайыздық мөлшер бойынша дисконтталған (10 пайыз) болашақ ақша ағынының теңгерімдік құны (595 а.б.) мен дисконтталған құнының арасындағы айырмашылық ретінде есептелетін болады.

B.26 Амортизацияланған құнды есептеуiнiң мысалы ретінде қадам сайынғы пайыздық төлемдер мен қарыздық құралдар.



Кей уақыттары субъектілер құралдарды ертеректе анықталған қарыздық құрал мерзімінің уақытындағы прогрессияда («қадамдық пайыздар») жоғарылайтын, немесе төмендейтін пайыздық мөлшерімен сатып алады. Егер қадамдық пайызымен, бірақ келтірілген туынды құралынсыз қарыздық құрал 1,250 а.б. бағасымен шығарылса және 1,250 а.б. өтеу сомасына ие болса, қарыздық құралдың мерземенің уақытындағы әрбір есептік кезеңде амортизациялық құны 1,250 а.б. тең бола ма?

Жоқ. Алайда бастапқы құн мен өтеу сомасының арасында ешқандай айырмашылық жоқ, субъект бірыңғай мөлшер бойынша қарыздық құралдың болу мерзімінің теңгерімдік құнымен нәтижелі пайыздық мөлшер тәсілін қолданады (29 ҚСҚЕХС, 10-параграф).

Келесі мысал нәтижелі пайыздық мөлшер әдісін қолдану ретінде қарыздық құралдың болу мерзімінде төмендеп, немесе жоғарылайтын ертеректе белгіленген пайыздық мөлшерлі құралдың құнын амортизациялауда есептелетіні көрсетіледі («Қадамдық пайыз»).

2000 жылдың 1 қаңтарында А субъектісі 1,250 а.б. бағасында қарыздық құрал шығарады. Негізгі сома 1,250 а.б. тең және қарыздық құрал 2004 жылдың 31 желтоқсанында өтелетін болады. Пайыздық мөлшер келісімшартпен негізгі сомаға пайыздық қатынаста арттырылатын болады: 2000 жылы 6.0 пайыз (75 а.б.), 2001 жылы 8.0 пайыз (100а.б.), 2002 жылы 10.0 пайыз (205 а.б.), 2003 жылы 12.0 пайыз (150 а.б.) және 2004 жылы 16.4 пайыз (205 а.б.). Бұл жағдайда ақша қаражаттарының болашақ есептік ағыны өтеу мерзіміне дейін анық дисконтталатын пайыздық мөлшер 10 пайызды құрайды. Сондықтан да ақша қаражаттарының пайыз бойынша төлемдері әр кезеңдегі амортизациялық құнды анықтау үшін қарыздық құрал мерзім бойынша бөлінеді. Әрбір уақыттары амортизацияланған құн кезең басында 10 пайыз нәтижелі пайыздық мөлшерге көбейтіледі және туынды амортизациялық құнға қосылады. Кез келген ақша қаражаттарының төлемдері кезең ішінде нәтижеден алынады. Сәйкесінше, амортизацияланатын құн әр кезеңде тең болады.



Жыл

(a)

(b=a×10%)

(c)

(d=a+b–c)

Амортизацияланған құн жыл басына

Пайыздық пайда

Ақша ағымы

Амортизацияланған құн жыл соңына

20Х0

1,250

125

75

1,300

20Х1

1,300

130

100

1,330

20Х2

1,330

133

125

1,338

20Х3

1,338

134

150

1,322

20Х4

1,322

133

1,250+205



B.27 Стандартты келісімшарттар: құрастырылған нарықтың болмауы

Қаржылық активті сатып алудағы келісімшарт, егер құрастырылған нарық мұндай келісімшарттар үшін қолданылмаса, стандартты келісімшарт бола ала ма?

Иә. Сәйкес нарықта қабылданып орнатылған ережелер мен келісімдер уақыт ағынында актив жеткізілуін талап ететін шарттары 29 ҚСҚЕХС 10-параграфына сүйенеді. Нарық термині қолданылатын 29 ҚСҚЕХС 10 ресми биржа қорымен және ұйымдастырылған биржадан тыс нарықпен шектелмейді. Дұрысы, нарық қалыпты жағдайда қаржылық активтерді айырбастайтын ортаны білдіреді. Тиісті кезең болып тараптардың операцияны аяқтауға соңғы құжаттарды даярлау мен орындауға қажетті түрде негізделген кезеңі аталады.

Мысалы, нарық болып жеке эмитенттердің шығарған қаржылық құралдары саудаланатын нарық болады.

B.28 Стандартты келісімшарттар: форвардтық келісімшарттар.



АВС субъектісі екі айдан кейін бір миллион қалыпты М акциясын 10 а.б. бағасында сатып алуға келісімшартқа отырады. Мұндай типтегі келісімшарттар биржада саудаланбайды. Келісімшартқа сәйкес, АВС акцияның физикалық жеткізілімін және контрагентке 10 миллион а.б. ақша қаражатымен төлеуді қабылдайды. М акциясымен сауда жасаудың орташа ауқымы ашық нарықта күніне 100,000 акцияны құрайды Жеткізілімнің стандартты мерзімі үш күн. Осы форвардтық келісімшарт стандарттық келісімшарт ретінде қарастырыла ма?

Жоқ. Бұл келісімшарт туынды құрал ретінде есепке алынуы керек, себебі оның есебі сәйкес нарықта қабылданған ережелер мен шарттар орнатылуындай болмауынан жүргізіледі.

B.29 Стандартты келісімшарттар: қандай стандартты ережелер қолданылады?

Егер субъектінің қаржылық құралдары бірден артық белсенді нарықта саудаланса және есептеу ережелері әр белсенді нарықта әр түрлі болады, стандартты келісімшарттағы қаржылық құралдарды сатып алудағы келісімшарт болатынын анықтауда қандай ережелер қолданылады?

Нақты түрде сатылым жүргізіліп жатқан әрекеттегі нарықта ережелер қолданылады.

Мысалы: XYZ субъектісі АВС субъектісінің бір миллион акциясын АҚШ-тың биржа қорынан, мысалы, брокер арқылы сатып алады. Келісімшарт бойынша есептік мерзім алты жұмыс күнінен кейін басталады. Әдетте, АҚШ биржасындағы акциялармен саудаластық үш жұмыс күнінен кейін басталады. Сондықтан атаулы мәміле бойынша есеп алты жұмыс күнінен кейін басталады, сатып алу стандартты сауда операцияларының шарттарына жауап бермейді.

Дегенмен, егер XYZ алты жұмыс күнінде орындалу мерзімі бар, шетел валютасында бірдей операциялар орындаса, келісімшарт қалыпты сату талабын орындауы тиіс.

B.30 Стандартты келісімшарттары: акцияларды сатып алуды опцион сатып алуымен жүзеге асыру.

А Субъектісі ашық нарықтан XYZ субъектісінен кез келген уақыттары үш айдың ішінде бір акцияға 100 а.б. бағасымен сатып алуына мүмкіндік беретін опцион сатып алады. Егер А субъектісі опционды орындайтын болса, онда ол кәлісім бойынша 14 күн ішінде опциондар нарығында қабылданған құқықтар мен ережелерге сәйкес есеп жүргізуі керек. XYZ акциялары үшінші күнге есебі қабылданған белсенді нарықта саудаланады. Опционның стандартты орындауы жолымен акция сатып алу болып табыла ма?

Иә. Опцион бойынша есеп опциондар нарығында қабылданған ережелер мен шарттар арқылы реттеледі, сондықтан да орындалғаннан кейін опцион акцияны жеткізудің жолының есебімен 14 күн ішінде ол стандартты мәмілені танытатын болғандықтан.

B.31 Қаржылық міндеттерді есепті келісімге отырған сәттен және есептеу мерзімінен бастап есепті қолдану міндеттерімен мойындау мен мойындауды тоқтату

29 ҚСҚЕХС қаржылық активтерді келісімге отырған сәттен және есептеу мерзімінен бастап есепті қолдана отырып, мойындау мен мойындауды тоқтатуға қатысты маңызды ережелерді орнатады. Осы ережелер қаржылық міндеттер ретінде сыныптастырылатын, мысалы, депозит және сауда міндеттері бойынша кооперациялар, қаржылық құралдар операцияларына қолдануға лайықты ма?

Жоқ. 29 ҚСХҚЕС қаржылық міндеттер сыныптастырылған қаржылық құралдарының операциялары жағдайында келісімге келу және есептеу мерзімі бойынша есепке қатысты қандай да бір аса маңызды талаптарды қамтымайды. Сондықтан да 29 ҚСҚЕХС 18 және 29 ҚСҚЕХС 41 сәйкес, мойындау мен мойындауды тоқтатуға қатысты жалпы талаптар қолданылады. 29 ҚСҚЕХС 16-параграфында субъектіге қаржылық құралдарды "оның құжаттың келісімшарттық ережелері тарабына ауысуы болған уақыттағы" мерзімде танылу керектігін білдіреді. Мұндай келісімшарттар, әдетте, бір тарап өз міндеттерін орындауды, немесе 29 ҚСҚЕХС әрекетінен босатылмаған келісімшарт туынды құрал болғанда танылады. 29 ҚСҚЕХС 41-параграфында қаржылық құралдарды тану олардың өтелуінен кейін, яғни келісімшартта көрсетілген міндеттің орындалуы, немесе күші тоқтатылғаннан кейін, немесе оның мерзімі өтіп кеткенде тоқтатылады.



С бөлімі: Енгізілген туынды құралдар

С.1 Енгізілген туынды құралдар



Егер енгізілген опциондық емес туынды құрал негізгі қарыздық құралдан бөлінген болса, негізгі қарыздық құрал және енгізілген туынды құралдар шартымен қалай теңдестіріледі? Мысалы, негізгі қарыздық құрал бекітілген пайыздық мөлшерлемесінің құралы, өзгермелі пайыздық мөлшерінің құралы немесе пайыздың нөлдік мөлшерінің құралы бола ала ма?

Негізгі қарыздық құралдың шарттары гибридтік құралдардың көрсетілген немесе тұспалданған негізгі шарттарында көрінеді. Тұспалданған немесе көрсетілген шарттарда субъект өзінің пайымынан шыққан шартты анықтайды. Алайда, субъект гибридтік құрал аясында әлі де болса теңдестірілмей, келтірілген туынды құралды бөлуді қамтамасыз ету үшін, негізгі қарыздық құралдың шарттары көрсетілмеген, немесе анықтау керек болған компоненттерді теңдестірмеуіне болады, яғни субъект ақша қаражаттарының ағынын оның болмауынан құра алмайды. Мысалы, егер бес жылдық қарыздық құрал жылына 40,000 а.б. мөлшерінде бекітілген пайыздық мөлшерді қарастырса, және өтеу уақытында акция бағасының индекстік өзгерісінің ауқымына байланысты көбейтілген 1,000,000 а.б. мөлшерінде негізгі соманың төлемін бекітілген пайыздық мөлшердегі негізгі келісімшартта теңдестіру орнына ауыспалы, тербелмелі мөлшерлі орнын толтыру бөлігіне ие болып, келтірілген айырбас акцияларының негізгі шартын теңдестіру дұрыс болмас еді. Бұл мысалда негізгі шарт өзінен бекітілген мөлшерлі және жыл сайынғы 40,000 а.б. мөлшеріндегі төлемде көрсетеді, себебі гибридтік құралдармен тербелмелі пайыздық мөлшер бойынша ақша қаржыларын төлеуі қарастырылмаған.

Бұдан өзге келтірілген опциондық емес туынды құрал шарттары, мысалы, форвардтар мен айырбастар гибридтік құралдың алғашқы мерзімінде нөлдік әділ құнды иеленгендіктен, келтірілген туынды құрал анықталған болуы керек. Егер енгізілген опциондық емес туынды құралдарды басқа жағдайларда бөлу шешімін тапса, бір гибридтік құрал негізгі қарыздық құралдар мен енгізілген туынды құралдардың шексіз сандық комбинациясына бөлшектенген болар еді. Сондықтан енгізілген туынды құралды гибридтік құралдың бастапқы мерзіміндегі әділ құнында нөлден ерекшеленуі шарттарында бөлу ойға қонымсыз болар еді. Енгізілген туынды құралдың шарттары қаржылық құралдың шығарылымы сәтіндегі бар болған шарттардан тыс анықталады.

C.2 Кірістірілген туынды құралдар: кірістірілген туынды құралдарды бөлу.



C.1 сұрағына берілген жауап кірістірілген опциондық емес туынды құралдың шарттары гибридтік құралдың бастапқы мойындалуында кірістірілген туынды құралдың әділ құны нөлге тең болғанда анықталуы керек. Кірістірілген опциондық туынды құралды бөлу барысында кірістірілген опциондық шарттары, не кірістірілген туынды құралдың әділ құны нөлге тең болғанда, немесе оның ішкі бағасы гибридтік құралды шығару мерзімінде нөлге тең болуында (яғни, туынды құрал орындалудың тиімді бағасына ие болуында) анықталуы қажет пе?

Жоқ. Кірістірілген опциондық туынды құралды гибридтік құралдың экономикалық сипаты, негізінен, төменде айтылатын, гибридтік құралдың опциондық бөлігі үшін орнатылған орындалудың бағасына тікелей байланысты болады. Себебі, опциондық туынды құралды (гибридтік құралда кірістірілген кез келген пұттарды, кол, кэп, флор, кэпцион, флорцион немесе свопциондарды қосып алғанда) бөлу гибридтік құралда құжаттандырылған опциондық бөлігінің көрсетілген шарттарының негізінде жүзеге асуы керек. Нәтижесінде кірістірілген туынды құрал гибридтік құралдың алғашқы мойындалуындағы нөлге тең болуында әділ құн немесе ішкі құнға ие болу міндетті болмайды.

Егер субъект кірістірілген опциондық туынды құралды кірістірілген туынды құралдың әділ құны нөлге тең болғанда, әдетте орындау бағасы опцион әр уақытта «ақшасыз» болуында анықталуы тиіс болғанындай ретпен теңдестірілуі керек. Бұл опционның бөлігінің орындалуының нөлдік ықтималдылығы ойға қонымды болады. Алайда, гибридтік құралдың опциондық бөлгінің орындалуының ықтималдылығы, әдетте нөлге тең болғанда, бұл гибридтік құралдың экономикалық сипатының ықтималдығына келісе алмайды. Ұқсас түрде, егер субъект кірістірілген опциондық туынды құралдың шарттарын кірістірілген туынды құралдың ішкі құны нөлге тең болуында теңдестірген болса, орындау бағасын (немесе орындау мөлшерін) гибридтік құралдың алғашқы мойындауындағы базалық өзгерістегі теңдік бағасын (немесе мөлшерде) қабылдау дұрыс болар еді. Бұл жағдайдағы опционның әділ құны уақытша құнынан құралған болар еді. Алайда, мұндай жіберілім гибридтік экономикалық ықтималды сипатымен, соынмен қатар, опциондық бөліктің орындалуының ықтималдылығымен, егер, гибридтік құралдың алғашқы мойындалуындағы базалық өзгермелі орындаудың бағасына (немесе мөлшерінде) тең болуында келіспеген болар еді.

Кірістірілген опциондық туынды құралдың экономикалық табиғаты форвардтық туынды құралдан түптеп келгенде айырмашылығы болады, себебі форвардтық шарты мына төмендегідей: базалық актив бағасы мен форвардтық бағаның арасындағы тең айырмашылық орнатылған болашақ мерзімге жүргізіледі, сол уақытта опционның шарты базалық актив бағасы мен опцион орындалуының бағасының арасындағы айырмашылық тең болуында орнатылған мерзім немесе болашақтағы уақытта келісілген орындалу бағасы мен базалық актив бағасының арасындағы қарым-қатынасқа байланысты пайда болуы немес пайда болмауы да мүмкін. Осылайша, опциондық туынды құралдың бағасын реттеу гибридтік құралдың табиғатының өзгеруіне алып келеді. Басқа қырынан алып қараса, опциондық емес кіріктірілген туынды құралдың шарттары әділ құн гибридтік құралды шығару сәтінде нөлден басқа кез келген ауқымға тең болуындағы түрде анықталады, бұл мөлшер өзінен қарыз сомасын немесе несиені танытқан болар еді. Сәйкесінше, С.1 сұрағына жауап талқыланғаннан да опциондық емес туынды құралды кірістірілген негізгі қарыздық құралдан гибридтік құралдың алғашқы танылымындағы әділ құн нөлге тең болмағанда ажыратуға болмайды.

C.3 Кірістірілген туынды құралдар: ауыстырылатын облигациялар есебі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет