Өтемпұл
19. Тозу мен өтемпұл активті оның өтелінетін құнын тиімді қызмет мерзіміне жүйелі түрде бөлу болып табылады. Материалдық емес актив жағдайында «өтемпұл» термині әдетте «тозу» терминінің орнына қолданылады. Екі термин де бірдей мағынаға ие.
Құнсыздану
20. Осы Стандарт «құнсыздануды» тозу (өтемпұл) арқылы активтің балашақтағы экономикалық пайдасын немесе сервистік потенциалын жоғалтуды, активтің болашақ экономикалық пайдасын немесе сервистік потенциалын жүйелі мойындаудан тысқары жоғалту ретінде анықтайды. Осылайша, ақшалай қаражат туындататын активтің құнсыздануы оны бақылаушы субъект үшін, осы активте іске асырылған келешектегі экономикалық пайданың немесе сервистік потенциалдың азаюын білдіреді. Мысалы, субъект қазіргі күнде жіберу мүмкіндігінен 25% қолданылып отырған муниципалдық жабық тұрақты иеленуі мүмкін және басшылық оның жіберу мүмкіндігінен 75% жоғары пайдаланғанда ол коммерциялық кіріс мөлшерін беретіндігін есептеп шығарды. Оны қолдану деңгейін төмендету тұрақтың төлемақысын айтарлықтай көтерген жоқ. Берілген актив құнсызданған ретінде қарастырылады, себебі оның теңгерімдік құны оның орнын толтыратын құнынан асып тұр.
Құнсыздануы мүмкін активті анықтау
21. Активтің теңгерімдік құны оның орнын толтыратын құнынан асып кеткен кезде, құнсызданған болып есептелінеді. 25-27 параграфтар құнсызданудан болған шығын туындауының кейбір белгілерін сипаттайды. Осындай белгілер анықталған кезде, субъект орнын толтыратын құнның ресми бағалауын жүргізуі тиіс. 23-параграфта сипатталған жағдайлардан тыс кезде, осы Стандарт құнсызданудан болған шығын туындауының белгілері болмаған жағдайда орнын толтыратын құнның ресми бағалануын талап етпейді.
22. Субъект әрбір есеп беру күніне активтердің болуы мүмкін құнсыздануын айқындап отыруы тиіс. Осындай кез-келген белгіні айқындау барысында субъект активтің орнын толтыру құнын бағалауы тиіс.
23. Ешқандай құнсыздану белгісі болмаса да, субъект жыл сайын белгісіз тиімді қызмет мерзіміндегі материалдық емес активті немесе әзірше қолдануға қол жетімді емес материалдық емес активті оның теңгерімдік құнын орнын толтыру құнымен салыстыру арқылы құнсыздануға тестілеуден өткізіп отыруы тиіс. Мұндай құнсыздануға тестілеу жылдық кезең ішіндегі кез-келген уақытта жүргізіле береді, тек жыл сайын осы уақытта қайталанып тұруы шарт. Түрлі материалдық емес активтерді құнсыздануға тестілеу түрлі уақыттарда жүргізілуіне болады. Дегенмен, осындай материалдық емес актив бастапқыда ағымдағы кезең ішінде мойындалған болса, ол құнсыздануға осы ағымдағы жылдық кезеңнің аяғына дейін тестілеуден өтуі тиіс.
24. Материалдық емес актив әлі қолданыста болмаған кезде, оның теңгерімдік құнының орнын толтыруға жеткілікті келешектегі экономикалық пайда немесе сервистік потенциал туындату мүмкіндігіне қатысты белгісіздік, ол қолдануға қол жетімді болғанға қарағанда әдеуір жоғары. Сондықтан, осы Стандарт субъектінің ең кемі жыл сайын қолдануға қол жетімді емес активтің теңгерімдік құнының құнсыздануына тестілеу жүргізіп отыруын талап етеді.
25. Активтің болуы мүмкін құнсыздануының белгілерін айқындау үдерісінде субъект кем дегенде келесі факторларды қарастыруы тиіс:
Ақпараттың сыртқы көздері
-
Кезең ішіндегі активтің нарықтық құны, уақыт өткеннен кейінгіге немесе әдеттегі қолдануға қарағанда айтарлықтай елеулі мәнге кеміді;
-
Субъект үшін жағымсыз салдарлары болған елеулі өзгерістер кезең ішінде орын алған немесе жақын болашақта технологиялық, нарықтық, экономикалық немесе заңдық жағдайларда немесе актив тағайындалған нарықта болады деп күтілуде;
-
Кезең ішінде нарықтық пайыздық мөлшерлемелер немесе инвестиция түсімділігінің басқа да нарықтық көрсеткіштері артқан және осы арту активті пайдалану құндылығын есептеу барысындағы қолданылатын шегіріс мөлшерлемесіне ықпал етуі мүмкін және оның орнын толтыратын құнды айтарлықтай азайтады;
Ақпараттың ішкі көздері
(d) Активтің ескіру немесе сыртқы бүліну белгілері бар;
(e) Субъект үшін жағымсыз салдарлары болған елеулі өзгерістер ішінде орын алған немесе жақын болашақта активті пайдаланудың ағымдағы немесе болжамды деңгейінде немесе тәсілінде күтіледі. Осындай өзгерістердің қатарына: активтің тұрып қалуы, актив қолданылатын қызметті тоқтату немесе қайта құрылымдау жоспары, бұрыннан көзделген шығып кету күні туғанға дейінгі активті өткізу жоспары, сондай ақ активтің тиімді пайдалану мерзімін белгісіздіктің орнына соңғысы ретінде қайта бағалау жатады;
(eA) Оның аяқталуына дейін, немесе жарамды жағдайға келтіргенге дейін, активті соғуды, немесе тоқтату туралы шешім; және
(f) Активті қолданудың экономикалық нәтижелері нашарлағанын немесе болжауға қарағанда нашарлайтынын көрсететін ішкі есептілік мәліметтері бар.
26. 25-параграфта келтірілген тізім толық емес. Субъект өзінен осы активтің орнын толтыратын құнды анықтауды талап ететін, актив құнсыздануының басқа да болуы мүмкін белгілерін айқындауы мүмкін.
27. Ішкі есептіліктен алынған активтің болуы мүмкін құнсыздануының куәлігі келесі болуы мүмкін:
(a) Актив алуға арналған ақшалай қаражат ағыны немесе бастапқыда қарастырылғанға қарағанда, әдеуір жоғары оны пайдалану және қызмет көрсету үшін, одан әрі ақшалай қаражат ағынының қажеттілігі;
(b) Ақшалай қаражат қозғалысының нақты таза нәтижелері немесе активтен болатын операциялық кіріс/шығын бюджетпен қарастырылғанға қарағанда, айтарлықтай нашар болуы;
(c) Бюджетпен қарастырылған ақшалай қаражат қозғалысының таза нәтижелерінің айтарлықтай кемуі, немесе осы активтен туындайтын, бюджетпен қарастырылған зарардың айтарлықтай өсуі; немесе
(d) Болашақ кезеңдер үшін бюджеттік көрсеткіштерді ағымдағы кезең көрсеткіштерімен біріктіргенде туындайтын активтер бойынша ақшалай қаражаттың зарары немесе таза жылыстауы.
28. 23-параграфта көрсетілгендей, осы стандарт тиімді қызметтің белгісіз мерзіміндегі немесе әлі пайдалануға қол жетімсіз материалдық емес активке кем дегенде жыл сайын құнсыздануға тексеріс жүргізілуін талап етеді. 23-параграф талаптарының қолданылу уақытына қарамастан, активтің орнын толтыратын көлемін бағалау қажеттігін анықтау барысында елеулілік қағидаты қолданылады. Мысалы, егер бұрынырақ жасалған есептеу, активтің құны оның теңгерімдік құнынан едәуір асатынын көрсетсе және осы айырмашылықты жоятын ешқандай оқиғалар орын алмаса, онда субъектіге активтің орнын толтыратын құнын қайта бағалау қажет болмайды. Осылайша, алдыңғы талдау активтің орнын толтыратын құны 25-параграфта берілген көрсеткіштердің біреуіне (немесе бірнешеуіне) сезімтал емес екендігін көрсетеді.
29. 28-параграфтың ережелерін көрсететін мысал, кезең ішіндегі нарықтық пайыздық мөлшерлеменің немесе басқа да инвестиция түсімділігінің нарықтық көрсеткіштерінің артуы кезінде, субъектіден активтің орнын толтыратын құнды ресми бағалау келесі жағдайларда талап етілмейді:
(a) Егер активті қолдану құндылығын есептеу барысында қолданылатын шегеріс мөлшерлемесі осы нарықтық мөлшерлемелерге тәуелді болатындығы екіталай болса. Мысалы, қысқа мерзімді пайыздық мөлшерлемелердің артуы, тиімді пайдалану мерзімі көп калған активке қолданылатын шегеріс мөлшерлемесіне айтарлықтай ықпал етпеуі мүмкін.
(b) Егер активті қолдану құндылығын есептеу барысында қолданылатын шегеріс мөлшерлемесіне нарықтық мөлшерлеменің ықпалы болуы мүмкіндігі болса, бірақ орнын толтыратын құнға бұрынырақ жүргізілген талдау төмендегіні көрсетсе;
(i) Орнын толтыратын құнның айтарлықтай кемуі екіталай болып табылады, себебі келешектегі ақшалай қаражат түсімі де артуы мүмкін (мысалы, кейбір жағдайларда субъект өзінің кірісін (ең алдымен, валюталық кіріс) нарықтық мөлшерлеме артуын ескере отырып, түзете алуы мүмкін екендігін көрсете алады); немесе
(ii) Орнын толтыратын құнның кемуі құнсызданудан болатын елеулі зарарға әкелуі екіталай.
30. Егер активтің болуы мүмкін құнсыздануының белгілері болса, онда ол активтің қалған тиімді қызмет мерзімін, төлемпұл әдісін немесе өтелімдік құнын, оған қатысты құнсызданудан болатын ешқандай зарар мойындалмаған күнде де, осы активке қолданылымды Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес қайта қарап, түзету қажеттігін көрсетеді.
Орнын толтыратын құнды бағалау
31. Осы Стандарт орнын толтыратын құнды: сатуға шығатын шығынды және оны қолдану құндылығын шегергендегі активтің әділ құнын екі көлемнің ең үлкені ретінде анықтайды. 32-70 параграфтарда орнын толтыратын құнды бағалауға қойылатын талаптар бекітіледі. Осы талаптарда «актив» термині қолданылады, бірақ олар жеке активке де, туындатушы бірлікке де бірдей дәрежеде қолданылады.
32. Сатуға шығатын шығынды және оны қолдану құндылығын шегергендегі активтің әділ құнын да анықтау барлық кездері қажет бола бермейді. Егер осы сомалардың кез-келгені активтің теңгерімдік құнынан жоғары болса, бұл актив құнының төмендемегенін және басқа соманы бағалау қажеттігінің жоқтығын білдіреді.
33. Сатуға шығатын шығынды шегергендегі әділ құн актив, активтік нарық айналымында болмаған жағдайда да анықталуы мүмкін. Дегенмен, сатуға шығатын шығынды шегергендегі әділ құнды, жақсы хабардар болған, осындай операцияны жүзеге асыруға ниетті тараптар арасында мәміле жасау барысында активті сатудан түсуі мүмкін соманы сенімді бағалау үшін, негіз болмауына байланысты, анықталуы мүмкін болмайды. Мұндай жағдайда субъектінің активті пайдалану құндылығын оның орнын толтыратын құн ретінде қабылдауына құқығы бар.
34. Активті пайдалану құндылығы оны сатуға шығатын шығынды шегергендегі әділ құнынан айтарлықтай асады деп пайымдауға негіз болмаса, осы соңғы көлем оның орнын толтыратын құн ретінде қабылдануы мүмкін. Көптеген жағдайларда бұл шегеруге арналған активтерге қолданылымды болып та орын алады. Бұл шегеруге арналған активті қолдану құндылығы оны шегеруден болатын таза түсімдерден тұратындығына байланысты, себебі активті ұзақ мерзімге қолданудан болатын келешектегі ақшалай қаражат қозғалысы оны орындағанға дейін айтарлықтай болуы екіталай.
35. Орнын толтыратын құн, актив әдеуір дәрежеде басқалалардан туындайтын активтерге және активтер тобына тәуелді емес ақшалай қаражат қозғалысын туындатпайтын кездегі жағдайлардан басқа, жеке активке анықталады. Бұл жағдайда орнын толтыратын құн келесі жағдайлардан тыс, актив жататын (85-90 параграфтарды қараңыз) туындатушы бірлік үшін анықталады, немесе:
(a) сатуға шығатын шығынды шегергендегі әділ құн активтің теңгерімдік құнынан асады; немесе
(b) актив туындатушы бірліктің бөлігі болып табылады, бірақ өз алдына қашалай қаражат ағынын туындата алмайды, активті пайдалану құндылығы оның сатуға шығатын шығынды шегергендегі әділ құнына жақын және осы сатуға шығатын шығынды шегергендегі әділ құнды анықтауға болады.
36. Кейбір жағдайларда орташа көрсеткіштер мен қысқартылған есептеулер сатуға шығатын шығынды шегергендегі әділ құнға немесе пайдалану құндылығына қолданылымды жіті есептеу нәтижелеріне жуықтастырылған, жеткілікті деңгейде сенімді мәліметтерді қамтамасыз ете алады.
Тиімді пайдаланудың белгісіз мерзіміндегі материалдық емес активтің орнын толтыратын құнды бағалау
37. 23-параграфқа сәйкес, тиімді пайдаланудың белгісіз мерзіміндегі материалдық емес актив, оның болуы мүмкін құнсыздану белгілерінің болуына қарамастан, оның теңгерімдік құнын орнын толтыратын құнымен салыстыру арқылы жыл сайынғы негізде құнсыздануға тестілеу жүргізуге жатады. Дегенмен, алдыңғы кезеңде жүзеге асырылған осындай активтің орнын толтыратын құнының ең соңғы есептеулері төменде келтірілген өлшемдердің барлығы орындалуы тиіс жағдайда, ағымдағы кезеңдегі құнсыздануға тестілеу жүргізу барысында қолданылуы мүмкін:
(a) Егер материалдық емес актив айтарлықтай дәрежеде ақшалай қаражат ағынынан тәуелсіз, басқа активтер немесе активтер тобы туындататын, ұзақ мерзімдік қолданудан болатын ақшалай қаражат ағынын туындатпайтын болса және сондықтан да өзі жататын туындатушы бірліктің бөлігі ретінде құнсыздануға тестіленетін болса, немесе осындай бірлікті құратын активтер, орнын толтыратын құнды соңғы рет есептеуден кейін айтарлықтай өзгерістерге ұшырамаса;
(b) Орнын толтыратын құнды соңғы рет есептеудің нәтижелері активтің теңгерімдік құнынан асатын көлем болып табылса; және
(c) Орнын толтыратын құнды, және осы уақыттан бастап өзгерген жағдайларды соңғы есептеу уақытынан бастап болған талдаудың негізінде, ағымдағы орнын толтыратын құн активтің теңгерімдік құнынан төмен болатыны күмәнді болса.
Сатуға шыққан шығынды шегергендегі әділ құн
38. Сатуға шыққан шығынды шегергендегі активтің әділ құнының ең тура көрсеткіші, осы активтің шегерілуіне тікелей қатысты қосымша шығындарды ескере отырып түзетілген, жақсы хабардар және осындай мәміле жасауға ниетті тараптар арасындағы міндетті күші бар сату туралы шарт бойынша анықталған баға болып табылады.
39. Егер міндетті күші бар сату туралы шарт жоқ болса, онда оны сатуға шыққан шығынды шегергендегі активтің әділ құны шығуға шыққан шығынды шегергендегі оның нарықтық бағасы болып табылады. Тиісті нарықтық баға сатып, алушының ағымдағы бағасы болып табылады. Сатып алушының ағымдағы бағасы болмаған жағдайда, экономикалық жағдайларда мәміле күні мен бағалау күні арасында айтарлықтай өзгерістер орын алмаған жағдайда, сатуға шыққан шығынды шегергендегі активтің әділ құнды бағалау негізі ең соңғы мәміленің бағасы болып табылады.
40. Егер міндетті күші бар сату туралы шарт немесе актив үшін белсенді нарық жоқ болса, сатуға шыққан шығынды шегергенде, субъектінің есеп беру күніне, жақсы хабардар және осындай мәміле жасауға ниетті және бір-біріне тәуелсіз тараптар арасындағы, шығып кету шығынын шегергендегі, мәмілені жасау барысында активтің шығып кетуінен алуы мүмкін соманы ең шынайы көрсететін ақпарат әділ құнды анықтау үшін, негіз болып табылады. Осы соманы анықтау барысында субъект осы саланың шеңберіндегі ұқсас активтермен болған соңғы операциялардың нәтижелерін ескереді. Сатуға шыққан шығынды шегергендегі әділ құн күштеп жасалған сатуды көрсетпейді.
41. Міндеттемелер ретінде мойындалатындардан өзгеше шығып кету шығындары сатуға шыққан шығынды шегергендегі әділ құнды анықтау барысында шегеріледі. Осындай шығындар қатарына заңгерлік қызмет, елтаңбалық алым және соған ұқсас операцияға салынатын салық, активті бұзуға және активті сату алдындағы дайындыққа шыққан тікелей қосымша шығындар жатады. Дегенмен, жұмыстан шығарда берілетін жәрдемақы мен актив шығып кетуінен кейін болатын қызметті тоқтату мен қайта құрылымдауға байланысты шығындар, активтің шығып кетуіне тікелей қосымша шығын болып табылмайды.
42. Кейбір кездері активтің шығып кетуі, сатып алушының өзіне міндеттеме қабылдауын талап етеді, сондықтан актив үшін де, міндеттемелер үшін де, сатуға шыққан шығынды шегергендегі әділ құнның бір ғана мәні болады. 89-параграфта осындай жағдайларда не істеу керектігі түсіндіріледі.
Пайдалану құндылығы
43. Активтің пайдалану құндылығын есептеу барысында келесі элементтер көрсетілуі тиіс:
(a) Субъектінің активтен аламын деп болжайтын келешектегі ақшалай қаражат ағынын бағалау ;
(b) Осы ақшалай қаражат ағының көлемі мен түсім мерзіміндегі болуы мүмкін ауытқуларға қатысты болжамдар;
(c) Пайыздың ағымдағы нарықтық тәуекелсіз мөлшерлемесімен ұсынылған ақшалай қаражаттың уақытша құны;
(d) Осы активке тән белгісіздікпен байланысты баға; сондай ақ
(e) Субъект келешекте активтен түсілімін болжайтын ақшалай қаражат ағынын анықтау барысында нарыққа қатысушылар көрсететін өтімділік секілді басқа да факторлар.
44. Актив пайдаланудың құндылығын бағалау келесі сатыларды қамтиды:
(a) Активті ұзақ мерзімге пайдалану мен оның соңына шығып кетуіне байланысты келешектегі түсімдер мен ақшалай қаражат жылыстауын бағалау; және
(b) Осы келешектегі ақшалай қаражат соңына тиісті шегеріс мөлшерлемесін қолдану.
45. 43(b), (d) және (e) параграфтарында көрсетілген элементтер келешектегі ақшалай қаражат ағынын түзету ретінде немесе шегеріс мөлшерлемесін түзету ретінде көрсетілуі мүмкін. Келешектегі ақшалай қаражат ағынының көлемі мен мерзімінің болуы мүмкін өзгерістерін көрсету үшін, субъектінің қандай тәсілді қолданғанына қарамастан, оның нәтижесі келешектегі ақшалай қаражат ағынының болжамды шегеріс құнын көрсету болып табылады, яғни барлық болуы мүмкін нәтижелердің орташа сараланған нәтижесі болып табылады. Қолдану бойынша анықтамалықта активті пайдалану құндылығын анықтау барысында шегеріс құны негізінде бағалау әдісін қолдануға қатысты қосымша ұсыныстар келтірілген.
Ақшалай қаражаттың болашақ ағынын бағалау үшін негіз
46. Пайдалану құндылығын анықтау барысында субъект келесіні ескеруі тиіс:
(a) Активтің қалған тиімді пайдалану мерзімінде болатын экономикалық жағдайлар спектріне қатысты басшылықтың ең жақсы бағалауын беретін айғақтарымен негізделген және бекітілген жорамалдарға сүйеніп, ақшалай қаражат ағынын болжау. Сыртқы көздерден алынған мәліметтерге көп көңіл бөлінуі тиіс;
(b) Басшылық бекіткен ең соңғы қаржылық сметаларға/болжамдық бағалауға сүйеніп, бірақ болжамға сәйкес, келешектегі актив өнімділігін жақсарту немесе арттыру бойынша қайта құрылымдаумен немесе басқа шаралармен байланысты туындайтын ақшалай қаражат қозғалысының кез-келген есептік келешектегі ағымы мен жылыстауын алып тастай отырып, ақшалай қаражат ағынын болжау. Осы сметаларға/болжамдық бағалауға негізделген болжамдар ең көп ұзақтығы бес жылдық мерзімді қамтуы тиіс, бұған одан көп мерзімде аяқталатын жағдайлар жатпайды; және
(c) Мерзім шеңберінен тыс, ең соңғы сметаларға/болжамдық бағалауға негізделген ақшалай қаражат ағынын болжау, өсудің жоғарылаған қарқыны ақталуы мүмкін кезден басқа, келесі жылдарда бірқалыпты немесе төмендейтін өсу қарқынының көмегімен, сметаларға/болжамдық бағалауға негізделген болжамдарды тарату арқылы бағалануы тиіс. Осындай өсу қарқыны тауарлар, салалар, субъект қызмет атқаратын мемлекеттер немесе мемлекет, немесе одан да жоғары қарқын ақталатын жағдайдан басқа, актив пайдаланылатын нарық үшін ұзақ мерзімді орташа өсу қарқынынан аспауы тиіс.
47. Басшылық ағымдағы ақшалай қаражат ағыны негізделген жорамалдардың негізділігін, бұрынғы ақшалай қаражат ағынын болжау мен нақты ақшалай қаражат ағынының арасындағы сәйкессіздіктерді туындатқан себептерді зерттеу арқылы бағалайды. Басшылық келешектегі ақшалай қаражат ағынының ағымдағы бағалауы туындайтын жорамалдар бұрынғы нақты нәтижелерге сәйкес келуін қамтамасыз етуі тиіс, бұл жағдайда осы нақты ақшалай қаражат ағыны құрылған сәтте болмаған келешектегі оқиғалар мен жағдайлар бұған қайшы келмеуі тиіс.
48. Әдетте, ұзақтығы бес жылдан астам мерзімдегі келешек ақшалай қаражат қозғалысын нақты, айқын және сенімді қаржылық сметалары/болжамдық бағалаулары болмайды. Осы себептен, субъектінің басшылығы, егер ол осы болжамдардың сенімділігіне күмән келтірмей, бұрынғы тәжірибесіне сүйеніп, ақшалай қаражат қозғалысын одан көп мерзімге болжай алатынын көрсете алса, онда келешектегі ақшалай қаражат қозғалысын ұзақтығы бес жылдан астам мерзімдегі ең соңғы қаржылық сметаларға/болжамдық бағалауларына сүйеніп есептей алады.
49. Активтің тиімді пайдалану мерзімі аяқталғанға дейінгі ақшалай қаражат ағынының болжамы, келесі жылдарға өсу қарқынын пайдаланатын қаржылық сметаларға/болжамдық бағалауларына негізделген ақшалай қаражат ағынын болжауды тарату арқылы бағаланады. Бұл қарқын, егер тек қарқын өсуінің өнімі мен салалардың өмірлік кезеңінің кестесі туралы шынайы ақпаратқа сәйкес келмейтін болса, тұрақты немесе төмендейтін болып табылады. Егер бұл орынды болса, қарқын нөлге теңестіріледі, немесе болымсыз шамаға ие болады.
50. Қолайлы жағдайлар бар болғанда, бәсекелестер нарығына ену мүмкіндігі болып, ол қарқынды шектейді. Осылайша, субъектілер тауарлар, салалар, субъект қызмет атқаратын мемлекеттер немесе мемлекет, немесе актив, пайдаланылатын нарықтар ұзақ мерзім ішіндегі (айталық, жиырма жылға) өсудің орташа және тарихи қарқынын асыру қиыншылықтарына тап болады.
51. Қаржылық сметалар/болжамдық бағалауларынан ақпарат пайдаланғанда субъект осындай ақпарат негізделген және расталатын жорамалдарды көрсететіндігін және де активтің тиімді пайдалану мерзімінің ішінде болатын экономикалық жағдайлар жиынтығына қатысты басшылықтың ең жақсы бағалауын ұсынатындығын ескеруі тиіс.
Ақшалай қаражаттың болашақ ағынын бағалау құрылымы
52. Ақшалай қаражаттың болашақ ағынын бағалау құрылымына төмендегілер кіруі керек:
(a) Әрі қарай активті қолданудан түсетін ақшалай қаражаттың түсімін болжау;
(b) Әрі қарай активті қолданудан түсетін ақшалай қаражат ағынының туындауы үшін міндетті түрде пайда болуы мүмкін (активті қолданысқа дайындауға жұмсалатын ақшалай қаражаттың ағынын қоса алғанда) және активке тікелей жатқызылатын немесе негізделген және дәйекті түрде бөлінетін ақшалай қаражат ағынының болжамдары; және
(c) Активтің пайдалы қызмет мерзімінің аяғына қарай оны жою барысында алуды (немесе төлеуді) болжамдайтын, ақшалай қаражаттың таза ағыны (егер ондай болатын болса).
53. Болашақ ақшалай қаражат ағынының бағасы мен шегеріс ұтысы жалпы инфляция әсерінен болған, бағаның жоғарылауы туралы жүйелі жорамалды қамтиды. Осылайша, егер жалпы инфляция әсерінен болған, бағаның жоғарылау әсері шегеріс ұтысына кіретін болса, онда болашақ ақшалай қаражаттың ағыны шартты түрде бағаланады. Егер жалпы инфляция әсерінен болған, бағаның жоғарылау әсері шегеріс ұтысына кірмейтін болса, онда болашақ ақшалай қаражаттың ағыны нақты түрде бағаланады (бірақ оның ішіне болашақ бағаның өзіне тән жоғарылауы мен төмендеуі кіреді).
54 Ақшалай қаражат ағынын болжаудың қатарына активке күнделікті қызмет көрсету, сонымен қатар, тікелей немесе негізді және дәйекті түрде активке қолдануға бөлінетін, болашақ үстеме шығындар кіруі мүмкін.
55. Активтің теңгерімдік құнына актив қолдануға немесе сатылымға дайын болған уақытта пайда болатын, ақшалай қаражаттың барлық ағыны кірмейді, болашақ ақшалай қаражаттың ағынын бағалауға, актив қолданысқа немесе сатылымға дайын болғанға дейін пайда болады деп жорамалданған, кез келген қосымша, ақшалай қаражаттың ағыны жатқызылады. Мысалы, ол құрылыс үдерісі барысындағы ғимарат немесе аяқталмаған жобаны дайындау жағдайларында орын алады.
56. Екі жақты есепті болдырмас үшін, болашақ ақшалай қаражат ағынын бағалауға төменде көрсетілгендер кірмейді:
(a) Ақшалай қаражаттың қарастырылып жатқан активтен тыс (мысалы, дебиторлық қарыз сияқты қаржы активтері) ақшалай қаражаттың ағынынан айтарлықтай деңгейде тәуелсіз ақшалай қаражат ағынын туындататын активтерден түсуі; және
(b) Міндетті қарыз болып танылған, қарыз болып саналатын (мысалы, несие берушінің қарызы) ақшалай қаражат ағындары.
57. Болашақ ақшалай қаражаттың ағындары актив үшін оның қазіргі жағдайында бағалануы керек. Болашақ ақшалай қаражат ағынынын бағаларына, егер олар төмендегі жағдайлардан шығатын болса, болашақ ақшалай қаражат түсімдері немесе ағындары кірмеуі керек:
(a) Субъект әлі кіріспеген, болашақ қайта қараулар; немесе
(b) Активтің орындалуын жақсарту немесе толықтыру.
58. Болашақ ақшалай қаражат ағындары қазіргі жағдайдағы актив үшін бағаланатын болғандықтан, қолданыстың құндылығы көрсетілмейді:
(a) Субъект әлі кіріспеген, болашақ қайта құрылымдаудың арқасында пайда болатын ақшалай қаржының келешек ағындары немесе соған сай шығын көлемін үнемдеу (мысалы, қызметкерлерге кететін шығынды азайту) немесе пайдалар; немесе
(b) Осындай ағындардың байланысынан пайда болатын, сәйкес ақшалай қаражаттың түсімін, немесе активтің өнімділігін жақсартатын немесе жоғарылататын болашақ ақшалай қаражаттың ағындары.
59. Қайта құрылымдау – (а) басшылық тарапынан жоспарланатын және бақыланатын, (b) субъектінің қызмет аясын немесе істі жүргізу әдістерін айтарлықтай өзгертетін бағдарлама. «Бағалау резервтері, шартты міндеттемелер мен шартты активтер» 19 ҚСҚЕХС субъектінің қай уақытта қайта құрылымдауды жүргізу қажет екендігін түсіндіретін ұсыныстарды қамтиды.
60. Субъект қайта құрылымдауды жүргізе бастағанда, кейбір активтер осы үдерістің ықпалына түсуі мүмкін. Субъект қайта құрылымдау міндеттілігін алғаннан кейін:
(a) Қолданудың құндылығын анықтау мақсатында, субъектінің ақшалай қаражаттың болашақ түсімі мен ағынын бағалау шығынын үнемдеуі мен қайта құрылымдаудан түсетін басқа да пайда көздерін көрсетеді (басшы тарапынан бекітілген, ең соңғы қаржы сметасына/болжаулы бағалауларға негізделе отырып);
(b) оның қайта құрылымдауға кететін болашақ ақшалай қаражаттың ағынын бағалауы, 19 ҚСҚЕХС сәйкес қайта құрылымдауға кететін қорға енгізіледі.
61. Активтің орындалуын жақсартатын немесе жоғарылататын ақшалай қаражат ағындарының субъектіде пайда болуынан бұрын, болашақ ақшалай қаражаттың түсімін бағалауға ақшалай қаражат ағындарымен байланысты, экономикалық пайданы ұлғайтудың арқасында пайда болатын, есеп айырысатын болашақ ақшалай қаражаттың түсімі кірмейді.
62. Болашақ ақшалай қаражат ағындарының түсімін бағалауға, экономикалық пайда деңгейін ұстап тұру немесе оның берілген жағдайындағы активтен пайда болуы күтілетін қызмет көрсету мүмкіндігі үшін қажетті болашақ ақшалай қаражат ағындары жатады. Егер туындайтын бірлік пайдалы қызмет көрсетудің әр түрлі бағалау мерзіміндегі активтерден тұратын болса және олардың барлығы берілген бірлік қызметі үшін өте маңызды болса, онда активтердің қызмет ету мерзімі азырақ активпен алмастыру, осы бірлікпен байланысты, болашақ ақшалай қаражат түсімін бағалау мәнмәтінінде берілген бірліктің күнделікті қызмет көрсету бөлігі ретінде қарастырылады. Осылайша, егер жеке актив қызмет көрсетудің мерзімін әр түрлі бағалау мерзімі бар бөліктерден тұрса, онда қызмет көрсету мерзімі азырақ бөліктермен алмастыру, берілген активпен туындайтын, келешек ақшалай қаржы түсімін бағалау мәнмәтінінде күнделікті қызмет көрсетудің бөлігі деп қарастырылады.
63. Төмендегілер болашақ ақшалай қаражат түсімін бағалауға кірмеуі тиіс:
(a) Қаржылай қызметтен түсетін ақшалай қаражат түсімі, ағыны; немесе
(b) Пайдаға түсетін немесе төленетін салық.
64. Бағаланатын болашақ ақшалай қаражат түсімі, шегеріс ұтысын анықтайтын әдіспен сәйкес келетін жорамалдарды көрсетеді. Болмаса, кейбір жорамалдардың әсері екі рет ескеріледі немесе ескерілмейді. Ақшаның уақытша құны болжамды келешек ақшалай қаржы түсімін шегеру арқылы ескерілетін болғандықтан, бұл ақшалай қаражат түсіміне қаржы қызметінен түсетін ақшалай қаражаттың түсімі мен жылыстауы кірмейді. Тура осылайша, шегерістің ұтысы салықты шегерудің алдындағы сома негізінде анықталады, келешек ақшалай қаражат түсімі де осындай негізде бағаланады.
65. Қызмет көрсету мерзімінің соңына қарай активтің шығып кетуі барысында алынатын (немесе төлем) таза ақшалай қаражат түсімінің бағалау көлемі, субъект, шығып кетуге жұмсалатын шығынды ескере отырып, бұл жағдайдан жақсы хабары бар, осындай келісімге отыруды қалайтын және де бір бірінен тәуелсіз тараптардың келісім шарт жасауы барысында осындай активтің шығып кетуінен аламын деп күтіп отырған сома болуы қажет.
66. Қызмет көрсету мерзімінің аяғында активтерді жою барысында алуға (төлеуге) жатқызылған таза ақшалай қаражат түсімінің бағалау шамасы сатуға қажет шығындарды есептемей, алынған әділ құн ретінде анықталады, осы таза ақшалай қаражат түсімін бағалау барысында төменде көрсетілген жағдайлар ескерілмеуі тиіс:
(a) Субъект қызмет көрсету мерзімі жеткен, осындай актив қолданылатын ұқсас жағдайларында қолданылған ұқсас активтерге арналған бағалау мерзіміне басым бағаны қолданады; және
(b) Субъект бұл бағаларды, жалпы инфляция салдарынан болатын, келешектегі арнайы көтерілуі мен түсуін реттейді. Бірақ, егер активті үздіксіз пайдалану нәтижесінде пайда болатын, болашақ ақшалай қаражат түсімін бағалау мен шегеру ұтысы жалпы инфляцияның әсерін ескермесе, бұл әсер актив шыққаннан кейінгі таза ақшалай қаражат түсімін бағалау барысында да ескерілмейді.
Шетел валютасындағы болашақ ақшалай қаражаттың түсімі
67. Келешек ақшалай қаражат түсімі қай валютада туындаса, сол валютамен бағаланады, содан соң, сәйкес валюта бағамына сай шегеріс ұтысының көмегі арқылы шегеріледі. Субъект шегерілетін бағаны қолдану құнының есеп айыру мерзіміне, көрсетілген айырбас бағамы бойынша ауыстырады.
Шегеру мөлшерлемесі
68. Шегерудің мөлшерлемесі (мөлшерлемелері) берілген нарық бағасын көрсететін, салықты есептеуің алдындағы мөлшерлеме (мөлшерлемелер) болуы керек:
(a) Ағымдағы қауіпсіз пайыз мөлшерлемесі ұсынған уақытша ақша құны; және
(b) Болашақ ақшалай қаражатты бағалау барысында түзетулер енгізілмеген, арнайы берілген активке тән қауіптер.
69. Берілген активке тән, инвесторлар көлемі, уақытша және қауіп құрылымы субъектінің берілген активтен алуды болжайтынына баламалы инвестицияны қалаған жағдайда, пайда мөлшеріне тең, ақшалай қаражат пен тәуекелдердің уақытша бағасының ағымдағы нарықтық бағалауын көрсететін мөлшерлеме. Бұл мөлшерлеме ұқсас активтер үшін ағымдағы нарықтық операциялардағы болжамды мөлшерлеме негізінде бағаланады. Бірақ, активті қолданудың құндылығын бағалауда қолданылатын шегеру мөлшерлемесі (мөлшерлемелері), келешек ақшалай қаражат түсімін бағалау барысында түзетулер енгізілген қауіптерді көрсетпеуі керек. Болмаса, бірнеше жорамалдардың салдары екі рет ескерілетін болады.
70. Егер активке тән мөлшерлеме тікелей нарықтан алынуы мүмкін болмаса, субъект, шегерудің мөлшерлемесін бағалау үшін, алмастырушыны қолданады. Қолдану бойынша нұсқауда осындай жағдайларда шегеру ұтысын бағалауға қатысты қосымша ұсыныстар бар.
Достарыңызбен бөлісу: |