Қанның жалпы анализы



бет1/5
Дата04.06.2024
өлшемі22.92 Kb.
#502299
  1   2   3   4   5
№4 зертханалық зерттеу (копия)


Қанның жалпы анализы


Эритроциттер - әйелдерде 3,9 - 4,7х1012 /л , ер адамдарда 4 - 5х1012/л.
Эритроциттің санының азаюын эритропения дейді, ал гемоглобинмен қатар азайса - анемия дейді. Эритроциттің диаметрімен формасы өзгерсе ол патологиялық процессті көрсетеді, эритроциттің өзгерген көлемі В12- жетіспеушілік анемияда, ішек рагында, лейкоздарда кездеседі.
Пойкилоцитоз - формасы әр түрлі, анизоцитоз - көлемі әр түрлі болып өзгереді.
Ретикулоциттер - жас эритроциттер. Қалыпты жағдайда - 0,2-1% құрайды, жедел постгеморрагиялық анемияда көбееді.
Гемоглобин – ерлерде 132-160г/л, әйелдерде 120-140г/л.
Түс көрсеткіш - әр эритроциттің гемоглобинмен қанығу дәрежесін көрсететін белгі. Сау адамда 0,85 -1,15 шамасында болады. Темір жетіспеушілік анемияда 0,4 ке дейін азаяды, В12 жетіспеушілік анемияда –1,3-1,5 дейін көтеріледі,
Эритроциттер тұну жылдамдығы (ЭТЖ) 4-10 мм/сағ, әйелдерде 4-15 мм/сағ тең болады. ЭТЖ септикалық қабыну, бауыр ауруларында, жүктілікте, қатерлі ісіктерде және т.б жағдайларда көбееді.
Лейкоциттер. 4 - 9х109/л болады.
Лейкоцитоз - лейкоцит санының көбеюі тамақтан кейін, бұлшық еттерінің жұмысынан кейін, жүктілік кезде, жедел қабыну процестерде, инфекционды ауруларда, миокард инфарктысында, күйктерде, лейкоздарда, қатерлі ісіктерде т.б
Лейкопения – лейкоцит санының азаюы. Иммунитеттің төмендегенін білдіреді.
Тромбоциттер: 180 - 320х109/л.
Тромбоцитоз - көбеюі, жедел постгеморрагиялық анемияларда, қатерлі ісіктерде, спленоэктомияда т.б жағдайларда кездеседі.
Тромбоцитопения - тромбоциттер санының азаюы. Верльгоф ауруында, гипопластикалық анемияда, жедел лейкоздарда т.б кездеседі.


Лейкоцит формуласы. Лейкоцит түрлерінің пайыздық ара қатынасы лейкоцит формуласы деп аталады. Барлық лейкоциттер саны 100% болып саналады.
Нейтрофилдер - 50-70% құрайды. Жас нейтрофилдер: таяқша ядролық-2-5% , жас 0-1%.
Жетілген нейтрофилдер - сегментоядролық: 51-67%. Нейтрофилдер ағзада бактерияларға қарсы қорғаныс қызметін атқарады. Іріңді ауруларда-пневмония, аппендицит,фурункулездарда болады.
Эозинофилдер - 2 - 4% құрайды. Эозинофилия - көбеюі ішек құрттарында, есекжемде, аллергоздарда, бронх демікпесінде.
Базофилдер - 0,5 - 1% . Қан жүйесі ауруларында:Жедел лейкозда, бруцеллезде болады.
Лимфоциттер - 23 - 25% құрайды. Лимфоцитоз - инфекционды ауруларда, вирустарға қарсы кездеседі.
Моноциттер - 4-8% құрайды. Қорғаныс функцияға, фагоцитозға қатысады. Моноцитоз - туберкулезде кездеседі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет