Несептің жалпы анализі
Мөлшері - 150-200 мл.
Мөлдірлігі - тұнық.
Түсі - сары сабан түсті.
Иісі - өзіне тән онша өткір емес болады.
Реакциясы - әлсіз қышқыл.
Салыстырмалы тығыздығы -1003 тен 1024 дейін, ол несептегі әр түрлі еріген заттардың концентрациясынан тәуелді болады.
Несепті химиялық зерттеу. Қалыпты жағдайда несепте: ақуыз, өт пигменттері, глюкоза (қант) анықталмайды. Ақуыздар гломерулонефритте, өт пигменттері бауыр ауруларында, қант қантты диабетте пайда болады.
Несеп тұнбасын микроскопиялық зерттеу.
Жалпақ эпителий 1-2 көру алаңында.
Эритроциттер - кездеспейді, гематурия.гломерулонефритте,бүйрек туберкулезында , бүйрек тасы ұстамасында (приступ) болады.
Лейкоциттер - 3 -5 көру алаңында, 8 ден аспайды. Пиелонефриттің негізгі белгісі.
Тұздар – анықталмайды.Бүйрек тас ауруында пайда болады.
Нечипоренко әдісі бойынша зәрді зерттеу.
Нечипоренко бойынша зәрдің формалық элеметтері анықталады, сынамалы тәсілі бойынша ертеңгі дәреттің ортаңғы бөлігі алынады, 1 мл несепте: эр. - 1000. лейкоцит - 4000, гиалин цилиндрі – 220 есептейміз.Гломерулонефритте, бүйрек туберкулезында, бүйректің ісікті ауруларында кездеседі.
Функциональды әдістер.
Зимницкий әдісі бойынша зәрді зерттеу.
Зимницкий әдісімен бүйректің қызметін анықтау үшін несепті тексереді, қалыпты жағдайда 1010-1024, бір тәулік бойы 3 сағат сайын, тәуліктік диурезді 8 рет бөліп жинап (4 рет күндіз, 4 рет түнде), әр байқаудың мөлшерімен салыстырмалы тығыздығы анықталады. Зерттейтін күні ішетін сүйықтығы 1-2 литрден аспау керек.Гломерулонефритте, бүйрек жетіспеушілігінде тығыздығы көтеріледі, зәр мөлшері азаяды.
Несепті қантқа жиыстыру.
Мақсаты: Несепте глюкоза бар жоғын анықтау.
Таңғы сағат 6-да қуығын босатуын сұрайды (ол есепке алынбайды). Келесі несеп тәулік бойы жиналады (келесі таңғы сағат 6-ға дейін). Келесі күні жалпы жиналған несепті өлшеп, араластырып, 100 мл ыдысқа құйып алып, жолдаманы ыдысқа жапсырып, зертханаға жіберіледі.Қалыпты жағдайда болмайды,қант диабетінде көтеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |