Қанның жалпы анализы



бет2/5
Дата04.06.2024
өлшемі22.92 Kb.
#502299
1   2   3   4   5
№4 зертханалық зерттеу (копия)

Қан ағу уақыты - 2-5 мин тромбоцитопенияларда, геморрагиялық синдромда ұзарады, гемофилияда қалыпты немесе кішкене ұзарады.

  • Қан ұюы уақыты - 6-8 мин, гемофилияда ұзарады



    Қан ағу уақытын анықтау
    Мақсаты: гемостаздын көрсеткіштерін анықтау
    Жүргізу әрекеті: Қанды сол қолдың саусағынан алады. Спиртке малынған мақта шаригімен саусақты өңдеп болған соң, залалсыз ланцетпен 4-ші саусақты тесу қажет. Тесілген жерде қан өздігінен ағуы қажет. Тесілген жерді қысып қан шығаруға болмайды. Бірінші тамшыны құрғақ мақтамен сүртеді де, 30 секунд сайын салфетканы батырып отырады, қан тоқтаған уақыт қан ағу уақыты деп есептеледі. Ол 2 – 5 минутқа тең. Тромбоцитопения кезінде, тромбогеморрагиялық синдромның ауыр түрінде, гемофилия ауруы кезінде бұл көрсеткіш ұзарады.


    Қанның ұю уақытын анықтау.
    Мақсаты: гемостаздын көрсеткіштерін анықтау
    Жүргізу іс әрекеті: Саусақты спиртпен өңдеген соң сол жерді инемен тесіп, алғашқы тамшыны спиртке малынған мақтамен сүртеді. 3 – 4 тамшыны шыныға тамызып, үлкен тамшы болады, секундомерді қосу керек. 30 секунд сайын тамшының үстінен скарификатормен жүргізіп отыру керек, фибрин жіпшелері скарификаторға алғашқы ілінген уақытты ұюдың басы деп есептейді. Сол уақытты белгілеу керек. Екі минут өткен соң қан ұйий бастайды. Сол жерде ұйыған қан түйіршігі пайда болады. Бұл ұю процесінің соңы болып есептеледі. Бұл уақытты да белгілеу керек. Ұю процесінің басталғаннан ұйыған қан түйіршігі пайда болған уақыт аралығы қанның ұю ұзақтығы деп атайды.


    Қанды биохимиялық зерттеу әдісі
    Биохимиялық зерттеуге қан ертенгісін ашқарынға 7 – 9 00 дейін көк тамырдан 7-10мл алынады, немесе тамақтан кейін 12 сағат өткенде, 4 сағат қана сақталады, 40С-3-7тәулік.
    Жалпы ақуыз - 65 - 85г/л . Ақ уыз фракциялары: альбуминдер- 40 - 50 г/л
    глобулиндер -20 - 30 г/л
    Билирубин - 8,55 - 20,52 мкмоль/л. Вирусты гепатитте көтеріледі.
    Холестерин – 3 - 5,18 ммоль/л атеросклерозда, қант диабетінде, ішімдікте, туберкулезде және т.б жағдайларда көтеріледі.
    Глюкоза (қант) - 3,5 - 5,7 ммоль/л. Көтерілуі - гипергликемия, азаюы - гипогликемия.Қант диабетінде болады.
    Амилаза – 16 - 30 г/сағ, панкреатит, перитонитте, бүйрек жетіспеушілігінде көтеріледі. ұйқы безінің некрозында, тиреотоксикозда, күйік ауруында төмендейді
    Креатинин - ер адамдарда 44 - 97 мкмоль/л, әйелдерде 44-115 мкмоль/л, бүйрек жетіспеушілігінде көтеріледі.
    Мочевина - 2,5 - 8,32 ммоль/л, бүйрек ауруларында, подаграда көтеріледі.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет