Антропометрия Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау Дайындаңыз



бет16/25
Дата03.01.2022
өлшемі64.2 Kb.
#450286
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Антропометрия

Қауіпсіз болуы тиіс

  • Таза қол, таза ыдыс, таза су мен тамақ, дұрыс сақтау

Баланы тамақтындырғанда

  1. Тәуліктің ыңғайлы уақытын таңдаңыз.

Баланың белсенді, қарыны ашқан кезде (омыраумен емізбестен бұрын),

Күнде бір уақытта тамақтандыруға тырысыңыз



Анасының балаға көбірек уақыт бөле алатын кезінде

  1. Баланы баынша көп жеуге ынталандырыңыз. Мейірімділік пен қамқорлық танытыңыз.

  2. Белсенді тамақтандыру. Бала өзігінен тамақ жеп үйренгенде, оның бұл әрекетін құптаңыз, бірақ тек қасында отырмай, көбірек жеу үшін баланы мақтаңыз, белсенді ынталандыра түсіңіз. Тамақтану кезін ананың да, баланың да белсенді қатысуы керек.

  3. Баланың отбасылық дастарған басында тамақтануы оның дамуына себепші болады!

Нәрестені алғашқы тазалау

Қажетті құралдар: 2 жаялық, 2 зажим, қайшы, бір рет қолданатын кіндік қысқыш, 1% тетрациклин жақпа майы, тыныс жолындағы шырышты соратын резин груша немесе электротсос, залалсыздандырылған мақта шариктер, сантиметрлік лента, салмақ өлшейтін таразы.

1-ші кезең

  1. Туылған сәбиді жылы жаялыққа қабылдап алып, денесін құрғатып сүртеміз де, басына телпегін кигіземіз.

  2. Тыныс жолынан (қажеттілігіне қарай) резин грушаның немесе электротсостың көмегімен шырышты сорып аламыз.

  3. Сәбиді анасының кеудесіне салып, үстіндегі жаялығын құрғағына ауыстырып, сыртынан көрпешесімен жабамыз.

  4. Кіндік сақинасынан 10 см қашықтықта бірінші зажимді қыстырып ұстаймыз.

  5. Сол қолымызға құрғақ мақта шарик алып, кіндік бойындағы қанды қыстырылған зажимнен кіндік сақинасына қарай 4-5см-ге сығып ығыстырамыз да, оны да қысып ұстаймыз.

  6. Кіндікке қыстырылған (1) зажимнен қолымызды босатып, екінші зажимді аламыз да, оны бірінші зажимнен кіндік сақинасына қарай 2см қашықтықта қыстырамыз.

  7. Кіндікті қысып ұстаған мақта шарикті тастап, сол қолымызға екі зажимді алшақтата ұстаймыз да, оң қолымызға алған қайшымен ортасын қиямыз. Зажимнің біреуі кіндікітің сәби бөлігінде, екіншісі бала жолдасы бөлігінде қалады.

  8. Гонобленнореяны алдын алу үшін сәбидің көзіне тетрациклин жақпасын жағамыз.

  9. Сәбиді анасының бауырында қалдырамыз.

2-ші кезең

  1. Сәбиді анасының бауырынан алып,жөргек үстеліне жатқызамыз.

  2. Қолымызды өңдеп, резин қолғапты киеміз.

  3. Алдымен кіндік сақинасын, сосын кіндік бойын зажимге бағыттап спиртке батырылған шарикпен өңдейміз.

  4. Кіндік сақинасынан 7мм қашықтықта бір рет қолданатын зажимді орналастырамыз.

  5. Зажимнің айналасын мұқият тексеріп, «сырт» еткізіп жабамыз.

  6. Зажимнің жоғарғы жиегінен кіндік қалдығын қиып тастаймыз.

  7. Қиылған жердің қанын құрғақ мақта шарикпен сығып тазартамыз.

  8. Сантиметрлік лентамен сәбидің бойын,бас,кеуде айналымын өлшейміз.

  9. Электронды таразыға жаялық төсеп, үстіне сәбиді жатқызып, салмағын өлшейміз.

  10. Сәбидің қолына,анасының аты жөні,босану тарихының нөмері,сәбидің туылған күні,уақыты,жынысы,бойы,салмағы,босануды қабылдаған акушерканың аты-жөні жазылған білезігін тағамыз.

  11. Сәбиді таза құрғақ жайлыққа жөргектеп,анасынын бауырына саламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет