Баланың жасы
|
Неше рет келді
|
дәрігер/фельдшер
|
мейірбике
|
1
|
Перзентханадан шығарғаннан кейінгі алғашқы 3 күн
|
1 – дәрігер мен мейірбикенің үйде бірлесіп қарауы
|
2
|
7 күн, 21 күн, 28 күн толғанда
|
-
|
Үйде
|
3
|
14 күн толғанда
|
1 - үйде
|
-
|
4
|
1 ай мен 12 ай аралығы
|
айына 1 рет қабылдауда
|
айына 1 рет үйде
|
5
|
1 жас пен 2 жас арлығы
|
тоқсаныға 1 рет - қабылдауда
|
тоқсаныға 1 рет -үйде
|
6
|
2 жас пен 3 жас арлығы
|
жылына 2 рет – қабылдауда (6 ай сайын)
|
жылына 2 рет – үйде (6 ай сайын)
|
7
|
4 жас пен 5 жас арлығы
|
жылына 1рет - қабылдауда
|
жылына 1рет-үйде
|
Медицина қызметкері патронаж кезінде ДДҰ ұсынған бала жастағы ауруларды ықпалдастыра қарау (бұдан әрі – БЖАЫҚ) қағидаттарына сәйкес 5 жасқа дейінгі балалардың ауруларының негізгі ауруларының алдын алу, диагностика және емдеу негізінде мынадай шараларды жүзеге асырады:
1) нәресте мен 2 айға толмаған сәби (қауіпті белгілердің, дамуында көзге байқалатын кемістіктердің және басқаларының ерте анықталуы) денсаулығының жай-күйіне дұрыс баға беру;
2) нәресте мен 2 айға толмаған сәбиге күтім жасауды (балалар кереуеті, бағып-күтуге қажетті керек-жарақтар, киім, ойыншық) бағалау;
3) ана денсаулығының жай-күйін (лактостаз/емшек қабынуы, босанғаннан кейінгі торығу, бала емізетін ананың тамақтану пирамидасын және т.б.) бағалау;
4) сүттің шығу жағдайын тексеру, емізу техникасын үйрету (кеудеге «4-3-4» жағдайында дұрыс салып, жатқызу), тек емізудің артықшылықтарына үйрету;
5) «2 айға толмаған» кезеңін қосқанда, баланы күтіп-бағуға үйрету;
6) психомоторлық және әлеуметтік дамуын (балаға ойын және қарым-қатынас жасау арқылы жете көңіл бөлу) бағалау;
7) БЖАЫҚ ерте жастағы балаларға күтім жасау ұсынымдарына сәйкес қосалқы коректендіруді енгізу;
8) мешел ауруы мен микронутриентті жетіспеушіліктің (темір, А витамині, мырыш) алдын алу;
9) баланың айналасындағы жағдайдың санитарлық жай-күйі және қауіпсіздігі: бөлмесінің гигиенасы (кереуеті, төсек-орны, ойнайтын жері), киімі, ойыншықтары, ыдыстары мен күтім жасауға арналған бұйымдары;
10) ауырған жағдайда жаттығу, массаж, дренажды массаж кешеніне үйрету;
11) ата-аналарды немесе баланы тікелей күтіп-бағатын өзге адамдарды науқас баланы күтіп-қарау, «қауіптіліктің жалпы белгілері», «науқас баланы тамақтандыру мәселесі», «қай уақытта тез қайтып келу керек» секілді ұғымдарға үйрету;
12) отбасында балаға жарақат салу, зорлық-зомбылық көрсету және қомсынып қараудың алдын алу, отбасының бала денсаулығына жауапкершілігін қалыптастыру;
13) ананың немесе баланы тікелей күтіп-бағатын адамдардың бұрын белгіленген ұсынымдарды орындауын бақылау;
14) Қазақстан Республикасының ұлттық алдын алу екпесі күнтізбесіне сәйкес балаға уақытылы екпе жасалуын бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |