Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті



бет22/68
Дата30.05.2023
өлшемі0.64 Mb.
#474475
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68
Антропоөзектік парадигма көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті (Д. Исабеков шығармаларының негізінде)

нәлет, аузыңды ұрайын, иттің баласы, қызталақ сияқты бейәдеби тілдік бірліктермен сөйлету арқылы олардың ішкі сезімін, адуынды тұлғасын, қатты ашу-ызасын әсерлі, шынайы жеткізеді.
Автордың тілдік қолданысында бұдан басқа әптің құрғыр, көргенсіз, боқмұрын, енеңді ұрайын, есалаң, оттама, иттің күшігі сияқты дөрекі сөздер көптеп кездеседі. Жазушының бұл тіркестерді пайдаланудағы негізгі мақсаты – оларды экспрессоид (эмоциялық бояуы күшті, әсерлі сөз) ретінде қолдану болса керек. Дөрекі сөздерді көңіл-күй лебіздерін білдіретін сөз орамдарының қатарына жатқызып жүрген ғалым С.Бизақов тіліміздегі қарғыс, зеку, ескертпе жасау, кею мен кекесін, лағынет пен назалану, боқтау, ғайбаттау мәнді сөздерді жинақтай келе: «Ғайбаттау – жеке адамның, белгілі бір топтың жақсы қасиеттерін көре алмаушылықтан туындайтын ашу-ыза мен қызғаныш сезімінің жағымсыз көрінісі. Балағаттауға адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіздікпен, анайы түрде кемсіту жатады» деп тұжырым жасайды [107, 270 б.]. Дегенмен бейәдеби элементтер әрдайым ашу-ыза, қарғыс пен наза мағынасында айтыла бермейді, контексте автордың стильдік мақсатына байланысты өзінің тура мағынасынан ауысып қолданылатын кездері де болады. Мәселен, жоғарыдағы мысалдағы «әтәңә нәлет», «аузыңды ұрайын» тіркестері еш зілсіз, кексіз, кекесінсіз айтылып, әзіл-қалжыңы жарасқан құрбы- құрдастардың бейнесін шынайы жеткізу үшін мақсатты түрде алынған.
Қалай десек те, қазақ тілінің сөздік қорынан айрықша орын алатын дөрекі сөздер өзінің сыр-сипаты жағынан да, стильдік қолданысы жағынан да, эмоционалды-экспрессивті реңкі жағынан да шығарманың ұлттық қасиетін айқындайтын тілдік бірліктер болып табылады. Көркем шығармада дөрекі сөздерді қолдану арқылы жазушы адресат пен адресанттың кейпін, сипатын оқырманға ұсынатынын Р. Сыздық былайша түсіндіреді: «Дөрекі, қарапайым элементтер, бөгде тілдік сөздер, әсіресе макаронизмдер кейіпкердің мінез- құлқын, алған тәлім-тәрбиесін, білім, мәдениет дәрежесін көрсету үшін келтіріліп, оның образын жасауға көмектеседі. Көркем шығарманың
«көркемдік» шарттарының бірі де – осында. Бұл шарт – тәсіл, стильдік тәсіл. Тәсілдің дұрыс қолданылуы – жазушының сөз құдіретін тану шеберлігіне алып барады» [60]. Десек те, бұндай қарапайым сөздерді орынсыз қолдану көркем шығарманың сапасына әсер етіп, көркемдігінен айырады. Қарапайым сөздер қашан да тілді көркемдемеген, олар тілге экспрессивті-эмоционалды бояу ғана берген.
Адам мен қоғамның өзгеріп, өсіп, дамуына сәйкес тіл де үнемі толығып, әртүрлі ішкі-сыртқы факторлардың әсерінен өзгерістерге ұшырап, кемелденіп, жетіліп отырататыны белгілі. Сондықтан тілді уақыт факторынан тыс қарастыру, танып-білу мүмкін емес. Уақыт факторы арқылы тілдегі кейбір ішкі өзгерістердің себеп-салдарын, сол өзгерістер арқылы тілімізге енген лексикалық, грамматикалық бірліктердің қолданылу аясы мен ерекшеліктерін анықтауға болады. Өткен ғасырларда халық өмірінде орын алған кейбір саяси- тарихи оқиғалардың көркем шығармаларда көрініс тауып отыруы да уақыт факторының белгілі бір деңгейдегі көрінісі болып табылады. Тарихи оқиғалар көркем шығарманың тақырыбы мен идеясына арқау болып қана қоймай, оның
ішкі тілдік сипатына да әсер етеді. Мәселен, Д.Исабековтің Ақпан, Қазан төңкерістері жылдарындағы немесе Кеңестік кезеңдегі өмір шындығын суреттеген шығармаларынан («Социализм зәулімі», «Дермене», «Тіршілік»,
«Ескерткіш», т.б.) автордың сол заманға тән тілдік бірліктерді жиі қолданғанын көруге болады. Автор кейіпкер тілі немесе баяншы сөзі арқылы оқырманды сендіру мақсатында сол заманға сай терминдерді шығармасында әдейі пайдаланған.
ХІХ ғасырдың бас кезінен ХХ ғасырдың екінші жартысына дейін қазақ тілінің лексикалық құрамында орыс сөздерінің актив қолданыста болғаны белгілі. Бұл құбылыс әкімшілік, сауда-саттық, сот-заң, ел билеу салаларынан бөлек, күнделікті өмір тіршілігіне, яғни тұрмыстық лексикаға да өз әсерін тигізбей қоймады. Д. Исабеков халықтың ауызекі сөйлеу тіліндегі осындай өзгерістерді шынайы көрсете білген. Автор қолданысында кірме элементтер, соның ішінде орыс тілінен енген сөздер екі түрлі тәсілмен берілген. Бірі – сыртқы түпнұсқа қалпын сақтап қалған кірме сөздер. Мысалы: Ол кезде Тоқсанбай қарттың жалғыз ұлы совхоз директоры еді; Тоқаңның ұлының машинасы шынжыр табан тракторға соғылып қабысып қалған ғой; Өкіметтің арнайы жасақтаған бригадасына жетпей жатқан комбайн мен машинаны екі күн жүріп алып келді де, бас-аяғы бір-ақ күнде ойпан-тойпан жегізіп, ертесіне бұлар қырман көтеріп шыға келді; Комбайнерге жүз сом, екі шоферға екі жүз сом бердім. («Дермене»). Үй-үйдің подвалында қызыл арақ ішіп жүрген ешкімге белгісіз Әштен осылайша аяқ астынан аудандағы ең аты-шулы адамдардың біріне айналып шыға келді Ескерткіш»). Автордың кірме сөздерді ұтымды қолдануындағы екінші тәсілі  оларды қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарына бағынған, игерілген тұлғада беру. Мысалы:  Сіз маған сенбей отырсыз ғой! Жүріңіз, іздеп жүрген милицияларға да жолықтырайын. Аулақ! Млисаң өзіңе! Сенейін, сенбейін, болар іс болды; Сөткесіне кісі басы жетпіс-ақ тиын. Дермене») Кемпірбай күнде ертеңмен Отардың үйіне барып: «Біздің баланың паселкесі келді медейді; Сен жүр, Киіпте ойнап-күліп. Қыдыр, ән сал, биле. Мен жүрейін бұл жақта күйіп-пісіп. («Ақырамаштан наурызға дейін»). Бүкіл әмірикә мен неміс елін алып қараңдаршы, Конрад деген фамилиядан аяқ алып жүре алмайсың Бонапарттың үйленуі»).
Автор бұл сөздерді өзгертпей, милиция, сутка, Киев, Америка, посылка
деп, немесе тәулік, сәлемдеме деп аударып берсе де болар еді. Бірақ автордың мақсаты оқиғаны құр сөзбен баяндау емес, оны шынайы, нанымды жеткізу, кейіпкерлердің болмысын барынша тереңірек аша түсу, сондай-ақ шығарманың көркемдік қуатын арттыра отырып оқырманға әсер ету.
Жоғарыдағы «Дермене» повесінен алынған диалогта милиция сөзін екі кейіпкер екі түрлі тұлғада (милиция – млиса) айтуының да өзіндік мәні бар. Сөздерді бұлай алмастырып қолданудағы негізгі мақсат – кейіпкерлердің жас ерекшеліктерін, кәсібін, лауазымын, білімін, мәдениет дәрежесін, тұрғылықты мекенін (ауылдық не қалалық екенін) айқын аңғарту. Бір шығарманың бойында бір сөздің бірнеше вариантын жарыстыра қолдану автордың сөздерді орынсыз,
талғамсыз жұмсауы емес, керісінше оның сауаттылығы мен талғампаздығының, әр кейіпкерді жіті бақылауында ұстай білетіндігінің көрінісі. Көркемдік мақсатқа орай алынған мұндай бөгде стильдік элементтер оқиғаның қай дәуір, қандай ортада өтіп жатқандығын, соған тән бояуларды көрсетеді. Кейіпкер тіліне әлеуметтік-типологиялық мінездеме береді [33, 60 б.]. Дегенмен, көркем шығармада бөгде тілдік сөздерді қолдану уәжі әрқашан бірізді бола бермейді. Алдыңғы мысалда автор қазақ азаматтарын орысша сөйлету арқылы олардың жеке ерекшеліктерінен ақпарат берсе, «Ескерткіш» әңгімесінен алынған мына мысалда ағылшын сөзі таза коммуникациялық функцияда жұмсалған:
«Олар комбинат алдына келгенде өз көздеріне өздері сенбей тұрып қалды. Бәрі тұр, тіпті, тұғыр да орнында, тек ескерткіш жоқ! Аудармашы мен шетелдік бір-біріне қарады. Сонан соң көздерін уқалап тұғыр үстіне қайта үңілді.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет